Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидаларын бекіту туралы

Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидаларын бекіту туралы

2022 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы ҚР Премьер-Министрінің 26.07.2022ж. № 117-р Өкіміне сәйкес  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулы орталық депозитарийде талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін шотта ескерілетін активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу тәртібін көздейді, оның ішінде:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен орталық депозитарий арасында жасалатын активтерді сенімгерлік басқару шарты туралы жалпы ережелер;

осындай активтерді сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша инвестициялық кірісті есептеу тәртібі мен мерзімдері;

талап етілмеген ақшасы алдыңғы жылы орталық депозитарийдегі талап етілмеген ақшаға арналған шотта есепке алынған тұлғаларға бөлінуге жататын инвестициялық кіріс сомасын айқындау тәртібі.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

 +7 (727) 237-10-89, email: press@finreg.kz