Нормативтік құқықтық актілерге банк секторында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актілерге банк секторында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік Басқармасының мына қаулыларын қабылдады:

«Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары мен банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту негіздерін, Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»;

«Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы;

«Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі – Қаулылар).

Қаулылар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулыларда мыналар көзделген:

- өтініш берушінің банк ашуға рұқсат беру және тиісті өтініштердің нысандарын өзгерту жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдерінің әрқайсысында құжаттарды беру тәртібі;

- Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының басшы қызметкерлері болып табылатын адамдарға қатысты қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру кезінде бас тарту негіздерін қолдану бойынша нақтылау;

- банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды сатып алуға рұқсат беруден бас тартудың қосымша негіздерін енгізу арқылы, мысалы:

1) банктің/банк холдингінің еншілес ұйымдарды құру/сатып алу кезінде Банктер туралы заң талаптарын сақтамауы;

2) өтініш берілген күннің алдындағы аяқталған соңғы екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындысы бойынша банкте/банк холдингінде шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негізде шығынды қызметтің болуы;

3) тиісті мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге банктің/банк холдингінің келісімінің болмауы;

- өтініш беруші бір мезгілде банк холдингі мәртебесін алған жағдайда еншілес ұйымды сатып алуға рұқсат беру кезінде тиісті өтініштердің нысандарын өзгерту.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты