Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату тәртібін өзгерту туралы

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату тәртібін өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы 2022 жылғы 12 қыркүйекте Агенттіктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату мәселелерін регламенттейтін заңға тәуелді актілеріне өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулыда мыналар көзделеді:

- уақытша әкімшілікке кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына (сақтандыру ұйымдарына) беру жөніндегі міндет жүктеледі;

- сақтандыру портфелін беру «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың (бұдан әрі – СТКҚ) қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады;

- Агенттік сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша СТКҚ-ның міндеті көзделген;

- сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігі мен тарату комиссиясының құрамына міндетті түрде СТКҚ қызметкерлерінің қатысуы көзделеді.

Қаулыны қабылдау сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру төлемдерінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ СТКҚ-дан сақтандыру төлемдерін алу процесін оңтайландыруға және тұтынушылардың сақтандыру төлемін алуды күту кезеңін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен кейін Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты