Агенттік бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылармен тоқсан сайынғы кездесу өткізді

Агенттік бағалы қағаздар нарығына  кәсіби қатысушылармен тоқсан сайынғы кездесу өткізді

2022 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасы Мәдина Әбілқасымова бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылармен қор нарығының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі нәтижелерін, сондай-ақ алдағы бірқатар міндеттерді талқылап, кездесу өткізді. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері қатысты.

Агенттік Төрағасы сыртқы күйзелістер мен қалыптасқан макроэкономикалық процестердің кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін қор нарығындағы қарыз алу құнына теріс әсерін, сондай-ақ Агенттік Үкіметпен бірлесіп осыған байланысты қабылдап жатқан шараларды атап өтті.

Кездесу барысында реттеушінің отандық қор нарығын дамыту бойынша ағымдағы жылы қабылдаған негізгі бастамалары баяндалды. Бұл бастамалар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 12 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде іске асырылады.

Атап айтқанда, Заңда мынадай негізгі бағыттар көзделеді:

- Агенттіктің реттеу аясына нарықта ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсететін субъектілердің және инвестициялық консультанттардың қызметін реттеуді енгізу арқылы қор нарығындағы инвесторлардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту;

 - акционерлік қоғамдардағы корпоративтік рәсімдерді жетілдіру және Greenmail-ға қарсы іс-қимыл;

- жеке сектордың қаржыландыруын тарту үшін қор нарығының арна ретіндегі рөлін арттыру;

- Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің функционалын кеңейту және эмитенттердің ақпаратты ашуы жүйесін жеңілдету есебінен бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетілдіру;

- бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды реттеу және қадағалау тәсілдерін, оның ішінде бұл қатысушылардың жүйелік маңыздылығына және қызметінің ауқымына байланысты оларды теңбе-тең реттеуді енгізу арқылы қайта қарау;

- Халықаралық своптар мен деривативтер қауымдастығының (ISDA) бас келісімдері шеңберінде қазақстандық компаниялардың тәуекелдерін хеджирлеу үшін құқықтық жағдайлар жасау;

- секьюритилендірудің көптраншты мәмілелерін жасау және секьюритилендірудің жекелеген рәсімдері бойынша құқықтық айқындылықты енгізу мүмкіндіктерін ұсыну есебінен секьюритилендіру нарығын дамыту.

Бүгінгі күні Агенттік жоғарыда аталған Заңды іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді жүргізуде.

Сонымен бірге тұрақсыз геосаяси ахуал жағдайларында қор нарығын одан әрі дамыту жөнінде ағымдағы мәселелер қосымша талқыланды, сондай-ақ қызметтің кейінгі басымдықтары айқындалды.

Аталған жұмысқа Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы да, сондай-ақ кәсіби қоғамдастық та белсенді қатысуда.

 

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/327709?lang=kk

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz