Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.
Жоба бағалы қағаздары қор биржасында айналыста жүрген эмитенттер үшін корпоративтік басқару кодексінің болуы туралы талапты белгілеуге бағытталған. Бұдан басқа, қор биржасының мүшелері болып табылатын тұлғалардың тізбесін және жеке тұлғалар болып табылатын білікті инвесторларға арналған қаржы құралдарының тізбесін кеңейту болжанады.
Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14129594 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz