Сақтандыру топтарына қолданылатын ерте ден қою шараларының өзгеруі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысымен сақтандыру ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар айқындалды. Мұндай факторлардың анықталуы ахуалдың одан әрі нашарлауына жол бермес үшін реттеушінің ескерту шараларын қабылдауына әкеп соғады.
2022 жылғы 14 ақпанда Агенттік Басқармасы сақтандыру тобының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды жетілдіруді көздейтін қаулы қабылдады. Атап айтқанда, меншікті капиталды жарғылық капиталдың шамасына қатысты азайту факторы қаржы жылының нәтижелері бойынша шығынды қызметтің болуы жөніндегі факторға ауыстырылды.
Қызметтің нәтижелері сақтандыру тобының меншік капиталының шамасына тікелей әсер етеді, себебі меншікті капиталдың көрсеткіштері сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығының негізгі индикаторы болып табылады. Осыған ұқсас индикатор сақтандыру ұйымдары үшін де белгіленген.
Шығынды қызметті бақылау басқа факторлармен қатар сақтандыру тобының қаржылық жай-күйінің нашарлауына және сақтандыру тобына кіретін компаниялардың қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына неғұрлым тиімді әрі шұғыл ден қоюды қамтамасыз етеді.
Бұған дейін жоба жария талқылауға шығарылды, өзгерту және толықтыру бойынша пікірлер келіп түскен жоқ.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237-10-90, press@finreg.kz