Агенттік макроэкономикалық болжамдарға шолуды жариялады

Агенттік макроэкономикалық болжамдарға шолуды жариялады

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуетті мәндерінің ауқымы мен экономиканың негізгі салалары бойынша ЖІӨ өсімінің декомпозициясы бар зәкірлік макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша макроэкономикалық болжамдарға шолуды жариялады.

Осы шолудың мақсаты ашық қолжетімділіктегі беделді халықаралық қаржы ұйымдары мен мемлекеттік органдар болжамдарының консенсусын ұсыну болып табылады.

Шолу ұсынымдық сипатта жасалған, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС 9) талаптарына сәйкес күтілетін кредиттік зиянды есептеу және провизияларды қалыптастыру кезінде пайдалану үшін қаржы ұйымдарына арналған. Бұл шолу 2022-2023 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының талдауын және олардың әлеуетті мәндерінің ауқымын, сондай-ақ экономика салалары бөлінісінде ЖІӨ өсуі бойынша консенсус-болжамның декомпозициясын қамтиды.

Нақты болжамдарды қолдану қажеттілігі олардың күтілетін кредиттік шығындар мен олар үшін бағалау резервтерін есептеуге әсер етуімен анықталады. Шығындарды барабар есептеу кредиттік тәуекелді бағалау кезінде негізгі фактор болып табылады, ол өз кезегінде банк секторы үшін неғұрлым елеулі болып табылады. ҚЕХС 9 «Қаржы құралдары» халықаралық стандарты кредиттік портфельге кредиттік тәуекелдің әсерін бағалайды және ұйымның болашақ ақша ағындарының сомаларын, туындау мерзімдерін және белгісіздігін бағалауға мүмкіндік береді (International Financial Reporting Standards Foundation, 2021).

Бұл құжат ұсынымдық болып табылады, алайда резервтерді қалыптастыру кезінде елеулі негізсіз ауытқулар аудиттелген қаржылық есептілікті зерделеу кезінде қосымша тексеру рәсімдеріне ұшырайтын болады.

Шолумен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/256432?lang=ru

 

Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-90,email:press@finreg.kz