Микроқаржыландыру нарығын одан әрі дамыту туралы

Микроқаржыландыру нарығын одан әрі дамыту туралы

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі тапсырманы орындау үшін ҚР Ұлттық Банкіне және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне микро және шағын бизнесті кредиттеу үшін әсіресе ауылдағы микроқаржы ұйымдарының әлеуетін кеңейту мәселесі бойынша шешімдер топтамасын дайындау тапсырылды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығының, Агроөнеркәсіптік кешен кредиттік серіктестіктері қауымдастығының, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының және кредиттік серіктестіктердің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылар микроқаржы нарығын және кредиттік серіктестіктерді одан әрі дамыту туралы ұсыныстарды, нарық субъектілерін микро және шағын бизнесті қаржыландыруға тартуды тежейтін реттеушілік кедергілер мен өзге де заңнамалық шектеулерді талқылады.

Кездесуде микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерді қорландырудың тұрақты базасын қамтамасыз ету үшін апекстік ұйым құру тәсілдері қаралды. Кездесуге қатысушылардың ерекше назары ел өңірлері мен ауылдық жерлерде қаржылық қызметтердің кең аясының қолжетімділігі үшін ірі микроқаржы ұйымдарын екінші деңгейдегі банктерге айналдыру тетігін іске қосуға және жағдай жасауға аударылды.

Кездесуге қатысушыларға Агенттіктің реттеушілік төрелікті болдырмау мақсатында микроқаржы ұйымының түріне қарай талаптарды саралау арқылы микроқаржыландыру субъектілерінің қызметін барабар реттеуді енгізу жөніндегі жоспарлары туралы хабарланды.

Кездесуге қатысушылар ұсынған жүйелі шаралар кешенін іске асыру үшін келісілген шешімдерді әзірлеу жөніндегі одан әрі жұмыс мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, арнайы жұмыс істейтін жұмыс тобы шеңберінде жалғастырылатын болады

Баспасөз қызметі+7 (727) 237 1090

press@finreg.kz