Микроқаржы ұйымдарын лицензиядан айыру туралы

Үстел үстіндегі «Лицензиясынан айырылды» деген қызыл мөр басылған құжат.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үш микроқаржы ұйымын лицензиядан айырды. Бақылау және қадағалау іс-шаралары барысындақаржылық қызметтерді тұтынушылар құқықтарының бұзылуына алып келген заңнама талаптарының жүйелі түрде бұзылғаны анықталды.

Агенттіктің 2026 жылғы 23 қарашадағы бұйрықтары негізінде төмендегі микроқаржы ұйымдары лицензиядан айырылды:

1.«ECKZ» МҚҰ» ЖШС – №80 бұйрық

2.«Taj Finance» МҚҰ» ЖШС – №81 бұйрық;

3.«М БулақМҚҰ» ЖШС – №82 бұйрық

Лицензиядан айырылған күннен бастап ұйымдардың микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде жаңа микрокредиттер беруге құқығы жоқ. Микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуге заңда көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

Лицензиядан айырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде МҚҰ атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын білдіретін сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Қарыз алушылардың қолданыстағы шарттар бойынша міндеттемелері сақталады және шарттар мен заңнама талаптарына сәйкес орындалуға тиіс.

Агенттік микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктер мен әне ломбардтардың қызметіндегі жосықсыз практикаларды анықтауды және жолын кесуді жалғастырады. Қадағалаудың басымдығы – микрокредиттер беру және берешекті өндіріп алу кезінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Анықталған бұзушылықтар үшін Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолданатын болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты