Агенттік басшысы Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде сөз сөйледі

Женщина выступает перед аудиторией на фоне большого экрана с финансовой инфографикой о банковском секторе.
 

Алматыда «Қазақстанның қаржы нарығы: жаңа экономикаға арналған жаңа архитектура» ортақ тақырыбымен Қазақстан қаржыгерлерінің дәстүрлі XIV конгресі өтті. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшылары, қаржы нарығына қатысушылар қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова қатысушыларды алдағы Ұлттық валюта – теңге күнімен, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

Агенттік басшысы конгреске айтулы күн – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы ерекше мән беретінін атап өтті. Отыз бес жылда Қазақстанның қаржы секторы маңызды сынақтардан, ауқымды қайта құрудан өтті және азаматтардың жинақтарының сақталуын, кәсіпкерлікті дамытуды және инвестициялар тартуды қамтамасыз ете отырып, ұлттық экономиканың ажырамас бөлігіне айналды.

Мәдина Әбілқасымова осы жаңа кезеңнің негізгі факторларының бірі әлемдік қаржы жүйесінің болашағын айқындайтын ауқымды технологиялық өзгерістер екенін атап өтті. Жасанды интеллект қазірдің өзінде клиенттерге қызмет көрсету, тәуекелдерді бағалау және инвестициялық шешімдер қабылдау тәсілдерін өзгертуде. Токендеуқаржы құралдарын шығару және айналысқа жіберу, капитал тарту және қаржы операцияларының тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бұл процестер Қазақстанның қаржы нарығын дамыту үшін де жаңа перспективалар ашады.

«Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы еліміздің технологиялық дамуына қосымша серпін берді. Қазақстан қаржы секторының айтарлықтай цифрландыру тәжірибесі бар, ол нарықтың барлық сегменттерінде озық технологияларды кеңінен енгізу үшін негіз жасайды.

Біздің стратегиялық міндетіміз – ұлттық қаржы нарығын сапалы өзгертуді қамтамасыз ету, оның инвестициялар тартудағы, технологиялық жаңғыртудағы және Қазақстанның орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру», - деп хабарлады М. Әбілқасымова.

Қаржы секторының орнықтылығы оның дамуының шешуші шарты болады. ХВҚ болжамы бойынша әлемдік экономика 2026 жылы 3,1%-ға және 2027 жылы 3,4%-ға өседі Бұл ретте ЖИ-мен байланысты активтердің құнын түзету, мемлекеттік облигациялар кірістілігінің және жүйелік киберқауіптердің өсу тәуекелдері күшейтіледі. Бұл тәуекелдер қаржыландыру құнын арттыруы, инвестициялық ағындарға әсер етуі және қаржылық сервистердің жұмысын бұзуы мүмкін. Сондықтан біздің басымдықтарымыз – капитал қоры мен өтімділікті сақтау, тәуекелдерді ерте анықтау, киберорнықтылықты нығайту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

«Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету – қаржылықреттеушінің негізгі міндеті. Қазақстанның банк секторы жинақтардың сенімділігін және экономиканы қаржыландыруды кеңейтуді қамтамасыз ете отырып, капитал мен өтімділіктің айтарлықтай қорын сақтайды.

2026 жылғы тоғыз айда банктердің активтері 8,6%-ға 76,8 трлн теңгеге дейін, экономикаға берілген кредиттер 7,2%-ға 43,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды Меншікті капиталдың жеткіліктілігі 20,3%-ды, мерзімі90 күннен асатын қарыздардың үлесі 3,9%-ды құрайды

Орнықтылықты сақтау банктік бизнес өскен сайын жиналуы мүмкін тәуекелдерді уақтылы анықтауды талап етеді Ол үшін Қазақстанда озық халықаралық тәсілдер мен цифрлық технологияларды біріктіретін тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесі құрылған», - деп атап өтті Агенттік басшысы.

Банктерді реттеу мен қадағалауды нығайту S&P бағалауларында расталды. Қыркүйек айында агенттік банк секторы бойынша BICRA салалық тәуекел көрсеткішін «7»-ден «6»-ға дейін жақсартты, бұл шешімді қадағалау реформаларының нәтижелілігімен тікелей байланыстырды.

S&P Қазақстанның егеменді рейтингін тұрақты болжаммен «BBB−-ден «BBB»-ге дейін көтерді. Макроэкономикалық факторлармен қатар агенттік банктердің орнықтылығының нығаюын және жүйелік тәуекелдердің төмендеуін атап өтті Бұл бағалаулар жүргізілген реформалардың елдің қаржылық сенімділігіне қосқан үлесін растайды.

«Мемлекет басшысы экономиканың негізгі салаларын ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін әзірлеу міндетін қойды. Қатаң ақша-кредит жағдайларына қарамастан, бизнес-кредиттер портфелі бір жылда 11,9%-ға ұлғайып,16,4 трлн теңгеге жетті.

Қабылданған шаралардың арқасында банктік кредит беру құрылымының өзгеруі байқалады. 2026 жылғы
9 айының қорытындысы бойынша бизнеске жаңа кредиттер беру көлемі өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,5%-ға өсті, ал халыққа кредит беру 4,3%-ға қысқарды. Осылайша, тұтынушылық кредит берудің барынша өсуі бизнеске кредит берудің барынша өсуіне қарай ауысты.

Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» ауқымды бастамасын іске асыру барлық өңірде әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту үшін елдің қаржы ресурстарын жұмылдыруды талап етеді. Жолдауда Президент «Банктер бизнеске инвестициялық кредит беруге барынша белсенді түрде қатысуға тиіс. Бұл – олардың негізгі миссиясы» деген нақты міндет қойды. Банктер экономиканың ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын жобаларды қаржыландыруда негізгі серіктес болуға тиіс. Ол үшін құрылыс мерзімдеріне сәйкес келетін жағдайларда, жобаның қуатын арттыру және инвестициялардың қайтарымдылығы шарттарында капиталдың орнықты ағынын қамтамасыз ету қажет.», – деді М. Әбілқасымова.

Агенттік қосымша пруденциялық шараларды пысықтауда. Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған кредиттер бойынша қамтамасыз ету ретінде болашақ реттелетін кірістерді пайдалану мүмкіндігі қаралуда.

Институционалдық инвесторлардың қаражатын тартатын нақты инвестициялық жобаларға арналған облигациялық қарыздар банктерді ұзақ мерзімді қорландырудың қосымша көзі бола алады. Сондай-ақ, банктердің синдикатталған қаржыландыруға қатысуы кеңейтілетін болады. Бұдан басқа, қолдауды басым ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларға шоғырландыра отырып, «Даму» арқылы мөлшерлемелерді субсидиялауды сақтау ұсынылады. БЖЗҚ қаражаты есебінен қаржыландыру бағдарламасын жетілдіруді және оның шарттарын талап етеді.

«Келесі басымдық - қаржы нарығында жасанды интеллектті цифрландыру және дамыту. Агенттік Қаржы нарығында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытудың 2027-2030 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеуде. Біздің міндетіміз – Қазақстанның қаржы секторының бәсекеге қабілетті және технологиялық жағынан дамыған болып қалуы, ал ЖИ клиенттерге қызмет көрсету мен тәуекелдерді бағалаудан бастап қадағалауға дейінгі барлық негізгі бағыттарда қолданылуы– деп хабарлады М. Әбілқасымова

2026 жылы қаржы өнімі мен оны сату практикасы деңгейінде тұтынушылар құқықтарының бұзылуының алдын алуға бағытталған іс-қимылды қадағалау енгізілді. Іс-қимылды қадағалау тәуекелге бағдарланған тәсілді, қаржы өнімдерін басқаруды, азаматтардың жолданымдарымен жұмыс істеудің үш деңгейлі жүйесін қамтиды.

Жеке бағыт – 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысын бастайтын қаржы омбудсманының қызметін цифрландыру. Ол тұтынушылардың қаржы ұйымдарымен дауларын соттан тыс реттеу үшін бірыңғай алаңға айналады

Азаматтардың оның қызметтеріне ыңғайлы қол жеткізе алуы үшін Қаржы омбудсманы офисінің базасында FinKomek – бірыңғай терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін дербес ЖИ-ассистенті бар цифрлық платформа жұмыс істейтін болады. Ол проблемалық берешектi реттеудi, жолданымдарды беру мен сүйемелдеудi, сақтандыру залалын тәуелсiз бағалауды, қаржы өнiмдерiн iрiктеудi және кредиттiк тарихты бақылауды қамтиды.

«Жеке блокты алаяқтықтан қорғау құралдары құрайды: ерікті түрде өз-өзіне тыйым салу, жоғары мониторинг режимі, сенімді тұлғаларды хабардар ету және қатерлер анықталған кезде шоттарды жедел бұғаттау. Сервистер тізбесі біртіндеп кеңейіп, азаматтарға қаржылық мәселелерді бірыңғай цифрлық арна арқылы шешуге мүмкіндік береді», – деп қосты Агенттік басшысы.

Биыл Агенттік банктік емес нарықтарды кешенді дамытуға назар аударды. Банк заңнамасын жаңартқаннан кейінгі келесі қадам – капитал мен сақтандыру нарығының экономиканы қаржыландыруға және азаматтар мен бизнесті қорғауға қатысуын кеңейту. Ол үшін екі нарықты дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламалары мен жаңа салалық заңдардың жобалары дайындалды.

Капитал нарығындағы негiзгi мiндет акциялар мен облигациялар шығару арқылы ұзақ мерзiмдi құралдарды тартатын компаниялар шеңберiн кеңейту. Акциялар мен облигациялар нарығы екі мәнді қарқынмен өсіп, соңғы 5 жылда іс жүзінде екі есе өсіп, шамамен 100 трлн теңгені құрады. Одан әрі даму үшін эмитенттер санын ұлғайту, инвесторлардың сұранысын кеңейту және сауда-саттықтың өтімділігін арттыру қажет. Бұл міндеттер Капитал нарығын дамыту бағдарламасында біріктірілген.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – банктік кредит берумен қатар экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландырудың толыққанды көзіне айналуға қабілетті капиталдың терең және өтімді нарығын қалыптастыру. ЕО және IOSCO стандарттарын ескере отырып, заңнамалық және реттеуші базаны кешенді жаңартуға бағытталған Капитал нарығы туралы жаңа заң жобасы әзірленді. Туынды қаржы құралдары мен цифрлық қаржы активтерін қоса алғанда, капитал нарығының барлық құралдарына реттеуді кеңейту, Орталық депозитарий базасында бірыңғай терезе енгізу, сондай-ақ KASE реттеуші комитеті арқылы өзін-өзі реттеуді дамыту көзделеді. Инвесторларды қорғауға және нарықтың ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылды.

Инвестициялық құралдарды дамыту сақтандыруды қорғауды кеңейтумен қатар жүруге тиіс. Азаматтар үшін бұл ауырған, мүлкінен айырылған немесе зейнеткерлік жасқа жеткен кезде қаржылық орнықтылықты сақтау мүмкіндігі. Бизнес үшінбұл – қызметті тоқтатуға және міндеттемелерді орындауды бұзуға қабілетті тәуекелдерді жабу.

Сақтандыру нарығы өзінің қаржылық базасының тұрақты өсуі мен нығаюын көрсетеді. 2021-2025 жылдары сақтандыру ұйымдарының активтері 2 есе өсіп, 3,9 трлн теңгеге жетті, ал олардың ЖІӨ-ге қатынасы біртіндеп ұлғаюда.

«Сақтандыру секторының әлеуетін ашу және оның экономикаға үлесін арттыру үшін 6 стратегиялық бағыт бойынша 18 бастаманы көздейтін Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленді, оның 12-сі Сақтандыру нарығы туралы жаңа заң шеңберінде іске асырылатын болады»,- деді Агенттік басшысы.

Салалық заңнаманы кешенді жаңартуға және реттеуді Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығының (IAIS
25 халықаралық қағидатына сәйкес келтіруге бағытталған Сақтандыру нарығы туралы жаңа заңның жобасы әзірленді.

Негізгі новеллалар міндетті және жүктелген сақтандыру туралы заңнаманы шоғырландыруды, міндетті сақтандырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруды және тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыруды енгізуді көздейді. Бұл өзгерістер екі нарықта да тәуекелге бағдарланған қадағалауды жаңартумен қатар жүреді.

«Біз инвестициялардың жаңа ауқымын қамтамасыз етуге және экономиканың технологиялық жаңаруын қолдауға қабілетті қаржы нарығын қалыптастырамыз. Құрылған құқықтық және цифрлық негіз нақты нәтижелерге, атап айтқанда іске асырылған жобаларға, бизнестің өсуіне және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға жеткізуге тиіс.

Бұл – біздің ортақ жауапкершілігіміз және кәсіби міндетіміз. Қаржы қоғамдастығының тәжірибесі мен әлеуеті бізге алға қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді деп сенемін», – деп түйіндеді Агенттік Төрағасы.

Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресі дәстүрлі түрде қаржы жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау алаңы болып табылады. Бағдарлама шеңберінде Қазақстанның капитал нарығын қайта іске қосу, сақтандыру нарығын, криптоиндустрияны дамыту, сондай-ақ цифрлық активтерді дәстүрлі қаржы жүйесіне интеграциялау мәселелерін талқылау көзделген.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz