Үшінші жыл сайынғы Risk Management Case Competition 2026 өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ) жоғары оқу орындарының студенттері арасында тәуекел-менеджмент бойынша RISK MANAGEMENT CASE COMPETITION 2026 үшінші жыл сайынғы кейс-чемпионаттың өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қатысуға барлық жоғары оқу орындарының білім алушылары шақырылады. Қатысушылар ұсынылған іріктеу (Dataset кейс) негізінде машиналық оқыту алгоритмдерін пайдалана отырып, жол-көлік оқиғалары тәуекелінің скоринг-моделін әзірлеу бойынша практикалық кейсті шешуге тиіс.
Жарыс үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. 2-ден 5 адамға дейінгі құрамда жоғары оқу орындары арасындағы аралық командалардың қатысуына жол беріледі.
Қатысушылар практикалық тәжірибе, сарапшылармен жұмыс істеу, кәсіби байланыстарды кеңейту және FRM және CII бағдарламалары бойынша оқу гранттары үшін бәсекелесу мүмкіндігіне ие болады.
2026 жылғы 9 ақпанда сағат 23.59-ға дейін (Алматы қ. уақыты бойынша) сайтында тіркеліп, қосымша ақпарат алуға болады.