Банктік емес қаржы секторына арналған ESG талаптары бойынша семинар

2025 жылғы 12 желтоқсанда 09 сағат 30 минуттан 11 сағат 30 минутқа дейін KPMG Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен Достық даңғылы 180, Көктем БО, KPMG Алматы кеңсесі мекенжайы бойынша офлайн форматта семинар өткізеді.
Семинардың тақырыбы – «Банктік емес қаржы секторы үшін ESG-талаптары бойынша KPMG бизнес-таңғы ас».
Семинардың құрылымы:
- ESG Қаржы нарығын реттеудің жаңа міндетті аясы ретінде;
- Негізгі ESG- талаптар мен ҚНРДА-ның күтулері;
- Сақтандырудағы, инвестициялар және микроқаржыландырудағы ESG-тәуекелдер;
- Қаржылық емес есептілік және деректер;
- ESG-ді қызметке енгізу бойынша практикалық қадамдар;
- Ұсынымдар және келесі қадамдар.
Семинарға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет.
Қызмет бағыты