Қазақстанда банк секторын реттеудің халықаралық стандарттарын енгізу аяқталуда

н конгломераттардың капиталына қойылатын талаптарды енгізу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйелеріне және корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды енгізу жөніндегі қаулылардың жобалары бекітілетін болады»,-деді Агенттік Төрағасы.
2023 жылғы желтоқсанда Агенттік банктердің капиталына жеке қадағалау үстемеақысын енгізді, ол SREP және AQR нәтижелерін 0%-дан 6%-ға дейінгі мөлшерде және қадағалап стресс-тестілеу нәтижелерін 0%-дан 3%-ға дейінгі мөлшерде ескереді. Үстемеақы Агенттік тарапынан тәуекелдерді қадағалап бағалауды көрсететін банктің қосымша капиталын білдіреді.
«Банктердің орнықтылығын арттыру үшін жүйелік емес банктер капиталының консервациялық буферіне қойылатын талап 2,0%-дан 2,5%-ға дейін арттырылды, ол бұзылған жағдайда дивидендтер төлеуге шектеулер енгізіледі. 2024 жылдың соңына дейін Агенттік жаңа пруденциялық норматив – 3% деңгейінде леверидж коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.
Банктердегі тәуекелдерді басқару процестерінің тиімділігін арттыру үшін 2022 жылы капиталдың жеткіліктілігін (ICAAP) және өтімділікті (ILAAP) ішкі бағалау әдіснамасы бекітілді. Аталған әдіснама шеңберінде банктердің ішкі (экономикалық) капиталының болуы мен оны есептеуге қойылатын талап енгізілді, оның мақсаты банк қызметіне тән барлық қабылданған және әлеуетті тәуекелдерді өтеу болып табылады. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап банктер Базель стандарттарына сәйкес барлық елеулі тәуекелдерді өтеу үшін қажетті ішкі (экономикалық) капиталды есептеуді жүзеге асырады»,-деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.
FSAP бағдарламасының қорытындысы бойынша сарапшылар жұмыс істемейтін кредиттердің (NPL) кеңейтілген анықтамасын енгізуді, банктердің өзара байланысты тараптармен, оның ішінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдармен (САБҰ) мәмілелер жасауын қадағалауды қатаңдатуды ұсынды. Ағымдағы жылы Агенттік тиісті заңнамалық түзетулер әзірлейді.
Тұтастай алғанда, жоғарыда көрсетілген реформаларды іске асыру Қазақстан қаржы секторының орнықтылығын одан әрі арттыру мақсатында банк секторын реттеу мен қадағалауды Базель стандарттарына сәйкес келтіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz