Агенттік жыл сайынғы қадағалап стресс-тестілеудің 2022 жылғы нәтижелерін ұсынды


Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы наурызда аяқталған Қадағалап стресс-тестілеудің (ҚСТ) нәтижелерін ұсынды.
Қадағалап стресс-тестілеу – бұл Агенттік екінші деңгейдегі банктердің қаржылық жай-күйіне түрлі жағымсыз экономикалық сценарийлердің әлеуетті әсерін бағалау үшін пайдаланатын құрал. Ол банк жүйесіндегі осалдықтарды анықтауға, банктердің жалпы орнықтылығын және жағымсыз экономикалық жағдайларға қарсы тұру қабілетін бағалауға көмек береді.
Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Қизатов стресс-тестілеуге елдің банк жүйесінің жалпы активтерінің 71%-ын құрайтын 10 банк қатысқаны жөнінде айтты.
Нәтижелер жоғары стрестік сценарий жағдайында k1 капитал жеткіліктілігінің көрсеткіші 2022 жылдың басындағы 17,6%-дан 2023 жылдың соңында 13,2%-ға дейін өзгергенін көрсетті.
«Осылайша, қолайсыз сценарий басталған жағдайда де қатысушы банктер капиталының жеткіліктілігі талап етілетін 5,5%-дық ең төмен нормативтік деңгейден де жоғары деңгейде сақталады», - деп атап өтті Олжас Қизатов.
Агенттік Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп ҚСТ үшін базалық және стрестік макроэкономикалық сценарийлер әзірледі. Базалық сценарий түрлі сарапшылар және мекемелер жасаған бірнеше базалық сценарийлердің кіріспе деректері ретінде пайдаланылатын консенсус-болжамды білдіреді. Стрестік сценарий болжамды дағдарысты сипаттайды және қаржы жүйесінің қолайсыз жағдайлардағы орнықтылығын бағалау үшін қолданылады
Бұл сценарийлерде банктер балансының барлық негізгі баптарына әсер ететін 59 бірегей макроиндикатордың болжамы қамтылады. Стрестік сценарийге сәйкес Қазақстанның нақты ІЖӨ-нің жылдық өсу қарқыны құлдыраудың болжамды кезеңінде 2023 жылғы III тоқсандағы құлдырауынан -2,5%-ға экономиканы қалпына келтіру кезеңіндегі 1,7%-ға дейін өзгерді.
Болжамдардың шынайылығы 2023 жылдың басында Агенттік 2022 жылы әзірлеген базалық сценарийдің болжамдары деңгейінде қалыптасқан нақты көрсеткіштермен расталады.
ҚСТ өткізу үшін Агенттік қатысушы банктерге барлық қажетті материалдарды, соның ішінде егжей-тегжейлі нұсқаулар мен деректер үлгілерін ұсынды. Стресс-тестілеу басталғанға дейін банктер оқудан өтті, оның барысында Агенттік банктердің қызықғушылығын туғызатын барлық мәселелер бойынша консультациялар берді. Бұл банктердің ҚСТ-ға қатысуын жеңілдетті және нақты әрі салыстырмалы нәтижелермен қамтамасыз етті.
Нәтижелерді талдаудан кейін банктер өздерінің ішкі модельдерін, процестерін және деректерді басқару жүйелерін жетілдіру бойынша жеке кері байланыс пен ұсынымдар алды. Бұл ұсынымдар, ең алдымен, әрбір банктің және жалпы банк жүйесінің орнықтылығын нығайтуға бағытталған
Олжас Қизатов банк жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Агенттіктің қадағалау тетіктерінде тұрақты қадағалап стресс-тестілеудің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Біз стресс-тестінің барынша жан-жақты нәтижелерін жариялай отырып, осы қадағалау іс-әрекетінің айқындығын біртіндеп арттыруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті ол.
2023 жылғы қыркүйектен бастап Агенттік AQR аясына сәйкес 11 банк бойынша жыл сайынғы қадағалап стресс-тестілеуді бастайды. ҚСТ-ны 2023 жылғы желтоқсанда аяқтау және 2024 жылдың басында қорытынды нәтижелерді бекіту жоспарланып отыр
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz
29 мамыр 2023
Отчет