Қазақстанда микроқаржы ұйымының (МҚҰ) қызметі тоқтатылған жағдайда қарыз алушылардың міндеттемелері сақталады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ведомство азаматтарға микрокредит бойынша берешек ұйым лицензиясынан айырылғаннан кейін де күшін жоймайтынын ескертті.
Агенттіктің мәліметінше, Азаматтық кодекске сәйкес, егер шартта өзгеше көзделмесе, қарыз алушы негізгі қарызды және есептелген пайыздарды толық өтеуге міндетті.
Егер МҚҰ лицензиясынан айырылса немесе қызметін тоқтатса, микрокредит бойынша міндеттемелер:
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда жеті ұйым өз еркімен лицензиясынан бас тартқан.
Сонымен қатар:
Агенттік түсіндіргендей, ұйым қызметін тоқтатқаннан кейін оның кредиттік портфелі 24 ай бойы сол ұйымда сақталады.
Осы мерзім аяқталғаннан кейін ғана талап ету құқықтары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауындағы ұйымдарға берілуі мүмкін.
Агенттік қарыз рәсімдер алдында компанияның лицензиясының бар-жоғын міндетті түрде тексеруге кеңес береді.
Ол үшін:
Маманның айтуынша, қаржылық міндеттемелерді қабылдамас бұрын өз мүмкіндігіңізді дұрыс бағалау қажет.
Жауапкершілікпен қабылданған қаржылық шешімдер артық борыш жүктемесі мен қаржылық тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: Dknews.kz