Меню

Страницы

Статья

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Н.А. Тұрсынхановтың баяндамасы

Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы және Бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заң бойынша

CFO SUMMIT XIII саммитіндегі баяндамасы 2026 жылғы 4 наурыз, The Ritz-Carlton, Алматы

 

Қайырлы күн, құрметті әріптестер,  

CFO SUMMIT саммитіне қатысушылар!

Баршаңызды осы кәсіби алаңда көруге қуаныштымын, қош келдіңіздер.

 Өткен жылы Агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен және қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп Банктер туралы жаңа заңды дайындау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Бұл құжат банк секторының орнықты дамуына және оның экономиканы қаржыландырудағы рөлін арттыруға негіз қалап, қаржы заңнамасын жаңғыртудың маңызды кезеңі болды.

Соңғы жылдары банк секторы айтарлықтай реформаланды: SREP базасында тәуекелге бағдарланған қадағалау моделі енгізілді, активтердің сапасын бағалау (AQR) тұрақты түрде жүргізіледі, жүйелі негізде қадағалап стресс-тестілеу (ҚСТ) іске асырылуда, сондай-ақ банктердің орнықтылығын бақылаудың барынша терең, талдамалық және проактивті моделіне көшуге мүмкіндік беретін SupTech-құралдар дамуда. Банктер туралы жаңа заң бұл өзгерістерді заңнамалық деңгейде бекітті және корпоративтік басқару мен тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптарды күшейтті.

Биыл басымдық елдің ұзақ мерзімді инвестициялық дамуының негізгі элементі ретінде бағалы қағаздар нарығына ауысады.

Мемлекет басшысы біздің алдымызға ауқымды және стратегиялық маңызды міндет қойды – озық халықаралық практикалар мен қазіргі экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнаманың құрылымын кешенді қайта қарау.

Осы міндетті іске асыру мақсатында Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын және Бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заңды әзірлеуге кіріседі.

Дамубағдарламасынәзірлеудіңнегізгімақсаты – халықаралықстандарттарға және экономиканыңқажеттіліктеріне сәйкес келетінкапиталнарығыныңзаманауибәсекеге қабілетті және орнықтымоделін құру.

Жаңа заңды қабылдау капиталды экономиканың нақты секторына тиімді түрде қайта бөлуге қабілетті икемді және орнықты экожүйені құруға бағытталған. Біздің жұмысымыз 20 арнаулы блокты қамтитын 7 негізгі бағыт бойынша құрылады, ол бағыттар төмендегідей.

 Бірінші бағыт – инвесторлық базаны кеңейту. Қатысушылардың әртараптандырылған құрамы өтімділіктің негізі болып табылады. Сапалы өсу үшін бізге институционалдық, бөлшек және шетелдік сегменттерді күшейту қажет.

Институционалдық сұраныс бөлігінде біз зейнетақы активтерін басқаруды реформалауға, оның ішінде басқарушы компаниялардың мандатын кеңейтуге бастама жасаймыз. Қаржы ұйымдарының корпоративтік құралдарға инвестицияларының лимиттері қайта қаралып, квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін рұқсат етілген активтердің тізбесі кеңейтілетін болады. Бөлшек инвестор үшін қаржылық сауаттылық пен цифрлық инклюзия басымдықтар болып қала береді.

Шетелдік инвесторларды тартуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Ұлттық Банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесіп, Euroclear-мен «direct link» желісін жедел іске қосуға, кейіннен Орталық депозитарийде (ОД) тікелей шоттар ашуға барлық күш-жігер жұмсалатын болады. Біздің мақсатымыз – жай қатысу емес, Қазақстанның JP Morgan, MSCI және FTSE халықаралық «Emerging Market» индекстеріне толыққанды енуі. Қолдаудың практикалық құралы ретінде біз нарық бойынша арнаулы «нұсқаулықтарды» (investor guides) енгізуді жоспарлап отырмыз. Аталған шараларды қабылдау бізге қажетті «ұзақ ақша» пулын қалыптастыруға, құбылмалылықты төмендетуге және нарықтың тереңдігін арттыруға мүмкіндік береді, бұл оны банктік қаржыландыруға нақты балама етеді.

Екінші бағыт – жеке сектор компанияларының қор нарығына шығуын ынталандыру. Ағымдағы теңгерімсіздік айқын: 39 трлн теңге болатын акциялар нарығын капиталдандыру кезінде корпоративтік борыш көлемі 16,2 трлн теңгені ғана құрайды. Біздің міндетіміз – жеке бизнесті биржалық құралдарды белсенді пайдалануға тарту.

Біз «бірыңғай терезе» тұжырымдамасына және эмиссия процестерін толық цифрландыруға көшуді жоспарлап отырмыз. Бюрократиядан арылту шеңберіндегі маңызды қадам – Агенттіктің бағалы қағаздарды тіркеу функцияларын Орталық депозитарийге (ОД) беру.

ШОБ-тың қор нарығына шығуын ынталандыру мақсатында Агенттік эмитенттердің қызметін тепе-тең реттеуді енгізуді де жоспарлап отыр. ЖШС мен АҚ арасында аралық құқықтық нысанды құру, сондай-ақ эмитенттер қызметінің ауқымына қарай листингтік талаптарды саралау мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ біз бизнестің қор нарығына шығуын міндеттей отырып оларды қолдау және мөлшерлемелерін субсидиялау шараларын ұсыну мәселесін пысықтауға ниеттіміз. Компаниялардың мемлекеттік ресурстар есебінен өсуі олардың жария институттар ретінде қалыптасуымен қатар жүруі керек. Бұл әлеуетті инвесторлар үшін нарықтың ашықтығын арттырып қана қоймай, пайыздық төрелікті банктердің кредит беру мөлшерлемелерімен теңестіруге мүмкіндік береді.

Үшінші бағыт – қор нарығының инфрақұрылымын жетілдіру. Жаһандық үрдістерге ілесу және меншікті технологиялық тәуелсіздігі – қор нарығының өсуінің негізгі факторлары. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін біз инфрақұрылымның негізгі ойыншылары: KASE биржасын, Орталық депозитарийді, Клирингтік орталықты (КАСС) және қазақстандық кастодиандарды жаңарту процесін бастауды жоспарлап отырмыз.

KASE сауда жүйесі шеңберінде цифрлық қаржы активтерінің (ЦҚА) шығарылымы мен айналысына арналған жаңа платформаны іске қосу, сондай-ақ биометрия бойынша қор нарығына қатысушының кіруінен AI-сервистерге дейінгі рәсімдерді толық автоматтандыруды көздейтін «жіксіз клиенттік» жолға көшу жоспарлануда.

KACC функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін біз «Клирингтік қызмет туралы» бейіндік Заң әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Бұл оған ESMA (ЕО реттеушісі) мойындауына және батыс нарықтарынан инвестициялардың әкелінуі мен қосымша өтімділікті арттыруға мүмкіндік береді. ЦҚА нарығының іске қосылуымен ОД технологиялық жаңғырту да жүргізілетін болады. ОД базасында бірыңғай корпоративтік іс-қимыл орталығын құру жоспарлануда.

Кастодиандық қызметті дамыту өнімдер мен қызметтердің тізбесін кеңейтуді ғана емес, сонымен қатар активтердің ауқымды аясын сақтау үшін сенімді әмбебап инфрақұрылымды құруды көздейді. Бұл шараларды іске асыру кастодиандық қызметтерді сапалы жаңа деңгейге шығаруға және үздік әлемдік практикаларға сәйкес келуге мүмкіндік береді.

Төртінші бағыт – қор нарығының жаһандық капитал нарықтарына ықпалдасуын арттыру. Қолайлы географиялық орналасуы мен дамыған инфрақұрылымы капитал нарығының өңірлік хабын дамыту үшін Қазақстанға артықшылық береді.

ASEAN+3 және Tabadul бастамалары шеңберінде Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ, ЕАЭО және Таяу Шығыстан қатысушыларды тарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Ол үшін қаржы құралдары мен қатысушылардың өзара рұқсат етілуін оңайлату, валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құралдарын дамыту, сондай-ақ шетелдік алаңдармен биржалық және депозитаралық көпірлерді кеңейту мәселелері пысықталады.

Негізгі міндет реттеушілік кедергілерді жою болып табылады. Осыған байланысты KASE және ОД-мен бірлесіп бейрезиденттер  үшін ЭЦҚ енгізу және KYC хаттамаларын шетелдік алаңдармен біріздендіру мәселелері пысықталатын болады.

Бесінші бағыт – қор нарығында жаңа қаржы өнімдері мен инновацияларды енгізу. Бұл капиталды инвестициялау үшін барынша икемді және әртараптандырылған құралдарды ұсына отырып, инвесторлардың әр түрлі санаттарының өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Осы бағыт шеңберінде инвестициялаудың ұжымдық нысандарын (ИПҚ, ETF, ETN), цифрлық қаржы активтерін дамыту, дәстүрлі қаржы құралдарын токендеу, активтерді секьюритилендіру тәсілдерін өзгерту, исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін жағдай жасау, сондай-ақ көміртегі бірліктерінің ұйымдасқан саудасын енгізу бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

Жаһандық үрдістерді ескере отырып, қаржы құралдарына құқықтарды есепке алу жүйесін технологиялық жаңғырту, платформалық шешімдерді, алгоритмдік сауданы және қолданыстағы инфрақұрылымға жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді жаңарту мәселелері пысықталатын болады.

Алтыншы бағыт – корпоративтік басқаруды дамыту. Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің болуы нарықтың ашықтығын арттыруға және инвесторлар тарапынан сенімді қалыптастыру есебінен инвестициялардың әкелінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл бағытты іске асыру екі вектор бойынша жүргізілетін болады. Ірі бизнес деңгейінде халықаралық стандарттарға (OECD, IFRS) бағдар жасау құқығын ұсына отырып, ақпаратты ашу бойынша заңнамалық талаптарды оңтайландыру басым бағыт болып табылады.

Шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерінің қаржы құралдарын биржаға орналастыруын қарастыруына қатысты негізгі назар ашықтықты арттыруға бағытталатын болады. Осы мақсатта мемлекеттік органдармен және нарық қатысушыларымен бірлесіп ШОБ субъектілері үшін қаржылық есептілікті жария ету талаптарын енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан шешімдер қабылдағаны үшін ШОБ басшылары мен меншік иелерінің инвесторлар алдындағы жауапкершілігін енгізу мәселесі пысықталатын болады.

Жетінші бағыт – реттеушілік модельді кешенді қайта іске қосу. Жетекші халықаралық және қазақстандық сарапшылармен бірлесіп, қолданыстағы заңнаманың өзектілігіне бағалау жүргізіледі және бағалы қағаздар нарығын реттеуге бірыңғай, жүйелік базалық тәсіл қалыптастырылады. Жұмыс үш негізгі міндетке шоғырландырылатын болады. Бұл – ішкі қор нарығы мен АХҚО-ның синергиясын қамтамасыз ету, KASE өкілеттіктерін кеңейту және жүйелік тәуекелдерді бағалауға басымдық бере отырып қадағалау тәсілдерін қайта қарау.

Осы жұмыстың шеңберінде Агенттік пен AFSA қатысуымен ҚҰБ басшылығымен үйлестіруші орган құрылады, қаржы құралдары мен биржа мүшелеріне рұқсат беру бойынша KASE функциялары кеңейтіледі, сондай-ақ KASE базасында сотқа дейінгі төрелік және медиация орталығын құру жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Өз кезегінде, Агенттік жүйелік тәуекелдерді бағалауға және тәуекелге бағдарланған қадағалауға ден қоятын болады. 

Бұл іс-шараларды іске асыру қор нарығын реттеу икемділігін арттыруға мүмкіндік береді, инновациялар енгізу үшін қолайлы жағдай туғызады және капитал нарығын дамытуға ықпал етеді. 

Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы және Жаңа заң шеңберінде жұмыс жүргізілетін қор нарығын дамытудың негізгі бағыттары осы.

Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы 2026 жылдың қыркүйегіне дейін әзірленеді, ал бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа Заңның жобасы осы жылдың соңына дейін дайындалады.

Бүгінгі таңда Агенттік нарық қатысушыларымен белсенді жұмыс істеуде.

Агенттік ұсыныстарды қабылдауға дайын. Осы бастамаларды сәтті түрде іске асыру үшін нарыққа барлық қатысушылардың пікірін, олардың тәжірибесін және даму перспективасына қатысты пайымдарын ескеру өте маңызды.  

Назарларыңызға рақмет!

 

 

Дата публикации
04 марта 2026
Дата обновления
04 марта 2026
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы