СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Тәуекелді жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның позициясы *Басқа мемлекеттік органға ұсынымдар жіберген кезде |
Орындау мерзімі |
|
1. |
ҚНРДА-ның микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен коллекторлық агенттіктерге тексеру жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттарында тексеруші топ мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша нұсқама жүргізу жөніндегі талап көзделмеген.
|
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің қызметін бақылау мен қадағалаудың ішкі рәсімдері жөніндегі нұсқаулықта қадағаланатын субъектілерді тексеруге шықпас бұрын танысу парағына қол қою арқылы тексеруші топ мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша нұсқама жүргізу рәсімін көздеу |
ҚНРДА бұйрығы |
|
Орындалды, 23.12.2024ж. №Б-401 бұйрық |
|
2. |
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі нормалар жоқ. |
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттарға ҚНРДА-да тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінде бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі нормаларды енгізу |
ҚНРДА бұйрығы |
|
2025 жыл ішінде |
|
3. |
Қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері жөнінде түсіндіру және оқыту іс шараларын жеткілікті деңгейде жүргізбеу |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жадынаманы таратуды жүзеге асыру |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жадынама |
|
2025 жыл ішінде |