Жиі қойылатын сұрақтар
| «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында депозитарлық қызметті және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын жалғыз ұйым «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңның 38-бабына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарды растау орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстау жүйесінде тіркелген тұлғаның дербес шотынан үзінді көшірме ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңның 1-бабының 65) тармақшасына сәйкес номиналды ұстау жүйесі – номиналды ұстау қызметтерін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесілі бағалы қағаздар туралы мәліметтерді қамтитын, оларды белгілі бір уақыт сәтіне сәйкестендіруді, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналысына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға қойылған тіркелген шектеулердің сипатын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес өзге де мәліметтерді қамтитын есепке алу жүйесі. Аталған баптың 5) тармақшасына сәйкес бағалы қағаздарды номиналды ұстау – номиналды ұстау шартына немесе Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және олардың есебінен белгілі бір заңдық әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алу және растау әрі осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен мәмілелерді тіркеу. Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңның 57-бабының 1-тармағына сәйкес клиенттердің шоттарын бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде жүргізу құқығына ие брокер және (немесе) дилер номиналды ұстау қызметтерін көрсетуге құқылы. Сонымен қатар, № 9 Қағидалардың 95-тармағына сәйкес брокер және (немесе) дилер клиенттің бірінші талабы бойынша талапты (сұрауды) алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде клиентке оның ақша қаражатын, қаржы құралдарын және өзге де активтерін есепке алу жүйесіндегі деректердің кастодианның және (немесе) орталық депозитарийдің деректерімен сәйкестігін салыстыру актісінен үзінді көшірмені танысу үшін ұсынады. Осыған байланысты, дербес шоттардың, брокерлік шоттардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлестерінің, инвестициялық пайлардың бар-жоғы, сондай-ақ аталған активтерге қойылған ауыртпалықтардың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-нан сұрата аласыз. |
| Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 220-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы жинақтары бар шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. № 521 Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасында өтініш үшінші тұлға арқылы берілген жағдайда, № 521 Қағидалардың 7, 13 және 17-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға (сенім білдірілген адам, заңды өкіл) нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынатыны белгіленген. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, дербес деректерді жинау, өңдеу осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен меншіктенуші және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлғамен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 167-бабының 1-тармағына сәйкес, бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірілген адамға) берген жазбаша уәкілеттігі сенімхат деп танылады. ҚР АК 169-бабының 1-тармағында сенім білдірілген адам өзіне уәкілеттік берілген әрекеттерді жеке өзі жасауға тиіс екені көзделген. Осылайша, дербес деректерді жинау және өңдеу үшін тиісті түрде ресімделген сенімхат болған кезде субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі қажет. Сонымен қатар, № 39/НҚ бұйрығының 189-тармағына сәйкес, «БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру» көрсетілетін қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген. Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге жеке тұлғаның келісімінің болмауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға өтініш берген кезде нотариалды куәландырылған сенімхаттың (немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесінің) болуын қамтамасыз ету, субъектінің (немесе оның заңды өкілінің) дербес деректерді өңдеуге келісімін ұсыну, сондай-ақ алушының банктік деректемелерін көрсете отырып, № 521 Қағидалардың 7, 13, 17 және 27-тармақтарының талаптарына сәйкес өтінішті ресімдеу қажет. |
| «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер (Ұлттық Банктің Төрағасы мен оның орынбасарларын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарларын қоспағанда) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және интервалдық үлестік инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, сондай-ақ коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуға және (немесе) өткізуге құқылы. Бұл ретте, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 1-бабының 89) тармақшасына сәйкес, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы – эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы, олар бойынша мәмілелер қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 1-бабының 53) тармақшасына сәйкес, қор биржасы – акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға, ол сауда-саттықты осы сауда ұйымдастырушысының сауда жүйелерін пайдалана отырып тікелей өткізу арқылы ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағында қор биржасы болып «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) табылады. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, мемлекеттік қызметшілер KASE-те қаржы құралдарын сатып алуға құқылы екенін хабарлаймыз. |
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-БҚР туралы заң) 45 – бабының 2-1-тармағына сәйкес Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының аумағында депозитарлық қызметті және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады.
БҚР туралы заңның 38-бабының 1-тармағына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның дербес шотынан үзінді көшірме беру арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, бағалы қағаздардың болуы туралы ақпарат алу мәселесі бойынша Орталық депозитарийге (Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30/8 үй, тел. +7 (727) 355-47-60) жүгіну қажет.
Бұл ретте шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар кастодиан және (немесе) шетелдік есептік ұйым мен номиналды ұстаушы (клиенттері болып табылатын брокер немесе кастодиан) арасында жасалған шарттар шеңберінде кастодианды және (немесе) шетелдік есептік ұйымды есепке алу жүйесінде де ескерілуі мүмкін екенін атап өтеміз. Тиісінше, меншікте шетелдік бағалы қағаздардың болуы (болмауы) туралы ақпаратты брокерлік қызмет көрсетуге немесе номиналды ұстаушының қызметтеріне шарттар жасалуы мүмкін номиналды ұстаушылардан алуға болады. Қазақстандық номиналды ұстаушылардың (брокерлер, кастодиандар және т. б.) байланыс деректері Агенттіктің ресми интернет-ресурсында жарияланған
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/financial-organizations/48?lang=kk
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда "форекс брокер" дегнен ұғым көзделмеген.
Сонымен бірге, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 45-бабының 1-тармағына сәйкес бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлерi жүзеге асырылады: брокерлiк, дилерлiк, инвестициялық портфельдi басқару, катодиандық, трансфер-агенттік, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі, бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру.
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 63-бабының 3-2-тармағына сәйкес брокер және (немесе) дилер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өз клиенттеріне ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) шетелдік валюта және қор нарықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасауға байланысты мәселелер бойынша консультациялық, ақпараттық көрсетілетін қызметтер және (немесе) клиенттердің есебінен және мүдделерінде осы нарықтарда мәмілелер жасасу бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында жоғарыда көрсетілген қызметтерді жеке тұлғаларға тек брокерлер және (немесе) дилерлер көрсетуге құқылы.
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 47-1-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылуы мүмкін және қызметін жүзеге асыруы мүмкін трансфер-агенттерді, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлерді және (немесе) дилерлерді қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар нарығындағы лицензиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы №40 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларында белгіленген.
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 54 және 58-баптарының ережелеріне сәйкес директорлар кеңесi мүшелерiнiң саны кемiнде үш адам болуға тиiс. Қоғамның директорлар кеңесі құрамының кем дегенде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуға тиіс. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу үшін кворум қоғамның жарғысында айқындалады, бірақ директорлар кеңесі мүшелері санының жартысынан кем болмауға тиіс.
Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны жарғыда белгіленген кворумға қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау үшін директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға міндетті. Директорлар кеңесінің қалған мүшелері акционерлердің мұндай кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ғана шешім қабылдауға құқылы.
Осылайша, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 54-бабы 5-тармағының және 58-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін акционерлік қоғамның директорлар кеңесі директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау үшін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру жөніндегі міндетті шешімді қоспағанда, өзінің құзыретіне жатқызылған қандай да бір шешімдер қабылдауға құқылы болмайды.
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 23 және 24-баптарына сәйкес қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы №307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларының 40-1-тармағына сәйкес қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған кезде, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа жүзеге асырылады; 2) қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған кезде, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 3-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын бұзушылықтарды анықталған, қоғамның лауазымды адамдардырының құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған, сондай-ақ уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамада көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда, Агенттік эмитентке шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы болады.
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабына сәйкес эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария етуге міндетті. Эмитенттер міндетті түрде жария етуге тиіс болатын ақпараттың тізбесі Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2 және 5-тармақтарында көзделген. Эмитенттің ақпаратты жария ету тәртібі, эмитент жария етуге жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы №189 қаулысымен бекітілген Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларында, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарда, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерінде белгіленеді.
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 35-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес акционерлік қоғам акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті және акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Есепті кезең ішінде қоғамның аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып саналады.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізудің басқа мерзімдері, оларды ұзарту не ауыстыру негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген.