Сенімді құпиясөз жасау нұсқаулығы
Құпия сөзіңіз::
- Ескі/ағымдағы құпиясөзіңізден өзгеше болуы
- 10 немесе одан да көп таңбадан тұруы
- Құрамында әріптер (бас және кіші әріптер), цифрлар, арнайы таңбалар
(!@#$%^&*()/\”;.,-+~) болуы керек
Құпия сөзіңіз::
- Сіздің атыңызға немесе есептік жазбаңыздың атына негізделмеуі
- Сөздіктердегі әдеби сөз болмауға
- Түрлі сайттағы бірнеше есептік жазба үшін пайдаланылмауға (бір сайт
бұзылған кезде хакерлер алынған құпиясөздерді басқа да ресурстарға пайдалануға тырысады) тиіс
Құпиясөздерді пайдалану жөніндегі пайдалы кеңестер:
- Браузерлерде «құпиясөзді сақтау» функциясын пайдаланбаңыз
- Құпиясөзіңізді бірнеше ай сайын өзгертіп отырыңыз
- Құпиясөзіңізді қағазға (мысалы, стикерге) немесе файлға жазбаңыз
- Кейбір әріптерді бас әріппен (кездейсоқ), цифрлар мен таңбаларды (оның ішінде тыныс белгілерін) қосыңыз
- Құпиясөзді жасаған кезде сөз тіркесінен барлық дауысты дыбыстарды алып тастаңыз
- Өзіңіз жақсы білетін сүйікті әніңіздің немесе сөз тіркесінің бірінші әріптерінен құпиясөз жасаңыз