Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасы
«Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19643 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Қаулыға
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 189 қаулысымен
бекітілген
Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алқалы орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) уәжді пайымдауды қабылдайтын органы, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның Басқармасы бекітеді;
2) қадағалау бөлімшесі - уәкілетті органның қаржы ұйымдарының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның уәжді пайымдауының жобасын қалыптастыратын бөлімшесі;
3) уәжді пайымдау - уәкілетті органның алқалы органының негізделген кәсіби пікірі, ол Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, Заңда және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі - Банктер туралы заң), «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), «Микроқаржылық қызмет туралы» заңдарында көзделген жағдайларда қадағалап ден қою шараларын қолдану және шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
3. Қаржы ұйымдары депозиторларының, кредиторларының, сақтанушыларының, клиенттерінің, инвесторларының және корреспонденттерінің заңды мүдделерін қорғау, қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету, қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу және Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрейзидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметіне байланысты тәуекелдерді ұлғайту, сондай-ақ ертерек араласу және уақтылы қадағалау әрекеттерін қабылдау мақсатында уәкілетті орган дәлелді пікірді Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына және Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қатысты қалыптастырады және пайдаланады.
Қағидаларды қолдану кезінде:
Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар деп Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары да;
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының меншікті капиталы деп «Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 73 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38502 болып тіркелген) талаптарына сәйкес есептелген, резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері түсініледі.
Уәжді пайымдауды пайдалану кезінде Заңның 13-5-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген қағидаттар сақталады.
4. Уәкілетті орган уәжді пайымдауды Заңның 13-5-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда пайдаланады.
2-тарау. Уәжді пайымдауды қалыптастыру тәртібі
5. Уәжді пайымдаудың жобасын әзірлеуді қадағалау бөлімшесі жүзеге асырады.
6. Уәжді пайымдаудың жобасы Заңның 13-5-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа негізделеді.
Қадағалау бөлімшесі уәжді пайымдаудың жобасын әзірлеу кезінде орынды және сенімді ақпаратты пайдаланады. Бұл ретте ауызша ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.
Ақпарат, егер ол уәжді пайымдауды қалыптастыру үшiн маңызы бар мән-жайлардың бар екендiгi туралы қорытындыларды растайтын, терiске шығаратын не күмән туғызатын фактiлер туралы мәлiметтердi қамтыса, ол орынды деп танылады.
Егер ақпаратты қадағалау бөлімшесі әртүрлі көздерден заңды тәсілмен алса, ол сенімді деп танылады және уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін маңызы бар мән-жайлардың болуын немесе болмауын қадағалау бөлімшесі анықтайтын, сондай-ақ құжатпен расталатын фактілер туралы мәліметтерді білдіреді.
7. Қадағалау бөлімшесі уәжді пайымдаудың жобасын әзірлеу кезінде қадағалап ден қою шараларын қолдану үшін Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың түсіндірмелерін олар болған кезде назарға алады. Көрсетілген түсіндірмелерді алу үшін қадағалау бөлімшесі тиісті сұрату жібереді.
Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның уәкілетті орган белгілеген, сұратуды алған күннен бастап кемінде 5 (бес) жұмыс күнін құрайтын мерзімде түсіндірмелерді ұсынбауы олардың жоқтығы деп есептеледі.
8. Қадағалау бөлімшесі уәжді пайымдаудың жобасын Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаға жібереді, ол оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қадағалау бөлімшесіне уәжді пайымдаудың жобасымен келісетіні не келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынады.
Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның белгіленген мерзімде уәжді жауап ұсынбауы осы тұлғаның уәжді пайымдаудың жобасымен келісуі деп саналады.
9. Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлға уәжді пайымдаудың жобасымен келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынған жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша қадағалау бөлімшесі уәжді пайымдау жобасын алқалы органның қарауына шығару қажеттігін айқындайды.
Қадағалау бөлімшесі уәжді пайымдау жобасын алқалы органның қарауына шығарған кезде, оған Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның уәжді пайымдау жобасымен келісетіні немесе келіспейтіні туралы уәжді жауабын (ол болған жағдайда) қоса алғанда, материалдар (құжаттар) қоса беріледі.
10. Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның өтінішхаты бойынша алқалы орган алқалы органның отырысына Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның өкілдерін және (немесе) уәкілетті органда аккредиттелген, қаржы нарығында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдерін шақырады.
11. Уәжді пайымдаудың жобасын және оған қоса берілген материалдарды (құжаттарды) қарау нәтижелері бойынша алқалы орган төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) уәжді пайымдау;
2) уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану үшін негіздердің болмауы немесе жеткіліксіз болуы туралы шешім.
3-тарау. Уәжді пайымдауды пайдалану тәртібі
12. Іскерлік беделді бағалау бойынша уәжді пайымдау алқалы органның:
1) банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкін филиалының, банк холдингінің, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына кандидатта;
2) банктің, банк холдингінің, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінде;
3) банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі құратын, сатып алатын еншілес ұйымның басшы қызметкерінде (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидатта);
4) банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысуды иеленетін ұйымның басшы қызметкерінде (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидатта);
5) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін өтініш берушіде (жеке тұлға үшін) не өтініш берушінің басшы қызметкерінде (заңды тұлға үшін) мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады.
13. Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның іскерлік беделін бағалау кезінде мынадай жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар қаралады:
1) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, оның ішінде қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы.
Осы тармақша шеңберінде іскерлік беделді бағалау кезінде Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу фактісінің болуы ескеріледі;
2) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаға қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
3) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жеке тұлғаның жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға, оның ішінде қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты қылмыстық процеске айыпталушы не сотталушы ретінде қатысуы;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының не өзге мемлекет заңнамасының Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлға айналысқан (айналысатын) кәсіби қызмет реттелетін талаптарының бұзылуы;
5) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық кәсіби стандарттардың әдеп, мүдделер қақтығысын болдырмау бөлігіндегі талаптарын орындаудан жалтаруы;
6) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлға заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы ретіндегі қызметі және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) мәртебесінде болған кезеңде немесе оның осы заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы ретіндегі өкілеттіктері тоқтатылғаннан және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) мәртебесі жойылғаннан кейін 2 (екі) жыл ішінде осы тұлға лауазымды тұлғасы және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) болып табылған заңды тұлғаның төлемге қабілетсіз деп танылуы;
7) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғамен жасалған еңбек шартының теріс себептер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы;
8) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның өзіне (өзінің жеке басына, кәсіби қызметіне, онымен үлестес тұлғаларға) немесе өзінің мүлкіне қатысты анық емес ақпаратты ұсынуы не осындай ақпаратты ұсынудан жалтаруы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері сондай-ақ шет мемлекеттердің аумағында орын алатын (орын алған) жағдайларға, фактілерге және (немесе) мән-жайларға қолданылады.
14. Қаржылық жағдайды бағалау бойынша уәжді пайымдау алқалы органның банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысында, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алатын өтініш берушіде орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады.
15. Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғаның қаржылық жағдайын бағалау кезінде мынадай жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар қаралады:
1) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғаға қатысты Заңның 13-5-бабы 2-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген рұқсат ету құжаттарын беруге арналған өтініш беру күні немесе оны қарау кезеңінде орындалмаған борышты өндіріп алу туралы соттың шешімі бар болса не Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғаның мерзімі өткен немесе мерзімдерін бұза отырып орындалған 100 000 000 (жүз миллион) теңгеден астам мөлшерде міндеттемелері бар болса;
2) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген заңды тұлға қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты кредиторлар алдындағы өздерінің міндеттемелеріне қайта құрылымдау жүргізген;
3) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген заңды тұлғаға қатысты жедел оңалту рәсімі, оңалту рәсімі немесе төлемге қабілетсіздікті реттеу рәсімі қолданылған;
4) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жеке тұлға жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты қылмыстық процеске айыпталушы не сотталушы ретінде қатысса;
5) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлға Банктер туралы заңның 81-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген уәкілетті органның талаптарына сәйкес олардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны қосымша капиталдандыруды қамтамасыз етуге жеткілікті мүлікке және (немесе) ақшаға ие болмаса;
6) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген заңды тұлғаның міндеттемелерінің меншікті капиталға қатынасы 5-тен (бестен) астам, қаржы ұйымы үшін – 10-нан (оннан) астам болса.
16. Қызметкердің банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басшы қызметкерлерінің функцияларына тән қызметті жүзеге асыру белгілерінің болуы туралы уәжді пайымдау мынадай жағдайларда басшы қызметкер болып табылмайтын қызметкердің тиісті ұйымның басшы қызметкерінің функцияларына тән қызметті іс жүзінде жүзеге асыруы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады:
1) егер осындай шешімдер қабылдау және (немесе) осындай құжаттарға қол қою Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымның ішкі құжаттарында басшы қызметкердің құзыретіне жатқызылса, қызметкер жүйелі негізде (күнтізбелік жыл ішінде екі және одан да көп рет) дербес түрде шешімдер қабылдайды және (немесе) көрсетілген ұйымның атынан көрсетілген ұйымның үшінші тұлғалар алдындағы құқықтары мен міндеттерінің туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соғатын құжаттарға қол қояды;
2) қызметкер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымның қызметкерлеріне, оның ішінде басшы қызметкерлеріне орындау үшін міндетті нұсқаулар береді не Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымның ішкі құжаттарында шешімдер қабылдау басшы қызметкердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді онымен алдын ала келісуді талап етеді;
3) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымның ішкі құжаттарында тиісті өкілеттіктерді жүзеге асыру басшы қызметкердің құзыретіне жатқызылса, қызметкер лимиттерді бекітеді, тәуекел-дәрежесінің өлшемдерін белгілейді немесе өзгертеді, қызметтің стратегиялық бағыттарын, сондай-ақ көрсетілген ұйымның қаржылық, кредиттік, инвестициялық, операциялық немесе өзге де саясатын айқындайды;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымның ішкі құжаттарында осындай шешімдер қабылдау басшы қызметкердің құзыретіне жатқызылса, қызметкер жүйелі негізде (күнтізбелік жыл ішінде екі және одан да көп рет) операцияларды және (немесе) мәмілелерді мақұлдау, шарттарды өзгерту не жүргізуден бас тарту туралы шешімдерді дербес қабылдайды;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымның ішкі құжаттарында тиісті шешімдер қабылдау басшы қызметкердің құзыретіне жатқызылса, қызметкер көрсетілген ұйымның қызметкерлеріне қатысты кадрлық шешімдер қабылдайды не осындай шешімдерді, оның ішінде лауазымға тағайындау, қызметінен босату, сыйақы беру және тәртіптік шараларды қолдану туралы шешімдерді қабылдауға қатысты орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
6) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымның директорлар кеңесінің, атқарушы органының және (немесе) олардың комитеттерінің мүшесі болып табылмайтын қызметкер директорлар кеңесіне, атқарушы органға және (немесе) олардың комитеттеріне не олардың мүшелеріне орындау үшін міндетті нұсқаулар береді немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) көрсетілген ұйымның ішкі құжаттарында көрсетілген органдардың және (немесе) комитеттердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді алдын ала келісуді жүзеге асырады;
7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымның ішкі құжаттарында осындай шешімдер қабылдау басшы қызметкердің құзыретіне жатқызылса, қызметкер көрсетілген ұйымның не оның бөлімшелерінің бюджет қаражатын бөлу, қайта бөлу немесе пайдалану туралы шешімдерді дербес қабылдайды;
8) егер осындай өкілеттіктерді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы тармақтың бірінші бөлігінде ұйымның ішкі құжаттарында оның басшы қызметкерінің құзыретіне жатқызылса, қызметкер тиісті өкілеттіктерсіз көрсетілген ұйымның еншілес ұйымдарының не көрсетілген ұйым капиталына қомақты қатысатын өзге де заңды тұлғалардың стратегиясы, қаржылық немесе қызметінің өзге мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
Осы тармақта көзделген мән-жайлар анықталған жағдайда қызметкер атқаратын лауазымының атауына қарамастан, оның нақты жүзеге асыратын функциялары ескеріледі.
17. Тұлғаны банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға ретінде тану туралы уәжді пайымдау мынадай жағдайларда:
1) банк, банктің ірі қатысушысы, банк конгломератының қатысушысы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес заңды тұлғаны бақылайтын болса;
2) жеке немесе заңды тұлғаның ақшалай ағындары және (немесе) негізгі міндеттемелері банкпен және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасалған, банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әкелетін мәміле нәтижесінде туындаса;
3) банктік қарызды алу және (немесе) оны пайдалану мақсаты шаруашылық қызметтің сипатына және (немесе) қарыз алушы жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінің және (немесе) осындай тұлғаның бизнес-жоспарына қарай олардың қажеттілігіне сәйкес келмесе;
4) қарыз алушы заңды тұлға меншігінің құрылымы туралы ақпарат қарыз алушы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (акциялар номиналдық ұстауда болатын жағдайларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 10 (он) пайызынан асатын барлық түпкілікті бенефициарларды және (немесе) барлық қатысушыларды анықтауға мүмкіндік бермесе;
5) жеке немесе заңды тұлғаның қамтамасыз етуді есептегендегі күтілетін ақшалай ағындары банктік қарызды беру туралы шешім қабылданған күні (банк активтерінің сапасын жақсарту мақсатында банк шаралар қабылдайтын жағдайларды қоспағанда) ол қарыз бойынша міндеттемелерді өтеу үшін жеткіліксіз болса;
6) өкілеттіктеріне активтерді иеліктен шығару, кепіл нысанасын өзгерту және кепілді тоқтату туралы шешімдер, банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беру туралы шешімдер қабылдау кіретін банктің тиісті органының қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғамен мәміле бойынша шешімі (банк алдында кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерін өтеу, банктің кепіл нысанасын өндіріп алу, кепіл нысанасын соған тең кепілге ауыстыру жағдайларын қоспағанда) банктің ішкі құжаттарында көзделген жасалатын мәмілелерге банктің қоятын талаптары айтарлықтай бұзыла отырып қабылданса, банк үшін айтарлықтай тәуекелдерге әкелетін болса немесе әкелсе;
7) қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғамен жасалған банктік қарыз шартының талаптары қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарын орындау жөніндегі жауапкершілігін іскерлік айналым дағдыларына сәйкес келмейтін шектеуді көздесе, басталуы қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғаның міндеттемелерінің толық немесе бір бөлігін тоқтататын оқиғаларды көздесе және банк үшін айтарлықтай тәуекелдерге әкелетін болса немесе әкелсе;
8) банктің жеке немесе заңды тұлғамен жасайтын мәмілесінің талаптары Банктер туралы заңның 50-бабының 4-тармағында, Қағидалардың
22-тармағында көзделген жеңілдікті талаптары бар мәмілелерді тануға арналған өлшемшарттарға, сондай-ақ Агенттік Басқармасының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 66 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38456 болып тіркелген) бекітілген Банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидаларында белгіленген мәмілелерді жеңілдікті талаптары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттарына сәйкес келсе, алқалы органның тиісті тұлғаның банкпен ерекше қатынастар арқылы байланыстылығы белгілерінің болуы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды, егер сол бір тұлғамен мәміленің мөлшері, оның ішінде бірнеше мәміле мөлшері:
меншікті капиталының мөлшері қоса алғанда 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеге дейінгі банктер үшін – банктің шешім қабылданған күнгі меншікті капиталының 2 (екі) пайызынан асатын;
меншікті капиталының мөлшері 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеден асатын банктер үшін – банктің шешім қабылданған күнгі меншікті капиталының 1 (бір) пайызынан асатын болса, қадағалау бөлімшесі қарастырады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар мәмілелердің көрсетілген мөлшерлерінен ауытқуын көздейтін, мәмілені (мәмілелерді) жүзеге асыру жағдайына қолданылмайды.
Банкте және (немесе) тұлғада осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда тұлғамен жасасқан мәмілелерден тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың барабар және тиімді жүйесі болған кезде, мұндай тұлға банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып танылмайды.
18. Тұлғаны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға ретінде тану туралы уәжді пайымдау мынадай жағдайларда:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру тобының қатысушысы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес заңды тұлғаны бақылайтын болса;
2) өкілеттіктеріне активтерді иеліктен шығару туралы шешімдер, жеке немесе заңды тұлғамен мәмілелер, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті органының шешімі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі құжаттарында көзделген жасалатын мәмілелерге қойылатын талаптар айтарлықтай бұзыла отырып қабылданса және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін айтарлықтай тәуекелдерге әкелетін болса немесе әкелсе;
3) тұлғамен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты сақтандыру жағдайының басталуын және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды болдырмайтын талаптарды қамтитын болса;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке немесе заңды тұлғамен жасайтын мәмілесінің талаптары Сақтандыру қызметі туралы заңның
15-1-бабының 2-тармағында, Қағидалардың 22-тармағында көзделген жеңілдікті талаптары бар мәмілелерді тануға арналған өлшемшарттарға және Сақтандыру қызметі туралы заңның 15-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәмілелерді жеңілдікті талаптары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттарына сәйкес келсе, тиісті тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланыс белгілерінің болуы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) тұлғада осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда тұлғамен жасасқан мәмілелерден тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың барабар және тиімді жүйесі болған кезде, мұндай тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып танылмайды.
19. Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында және 18-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда тұлғаны банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп тану туралы уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде уәкілетті орган тәуелсіз сарапшының, оның ішінде банк немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тартқан сарапшының пікірін, егер ол бар болса, қарайды.
20. Қағидалардың 17 және 19-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, банк холдингтеріне (банк холдингі немесе банк холдингінің белгілері бар тұлға болып табылатын және Банктер туралы заңның 50-бабының 10-тармағының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
21. Қағидалардың 18 және 19-тармақтарының ережелері сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлға болып табылатын және Сақтандыру қызметі туралы заңның 15-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, сақтандыру холдингтеріне және банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтеріне қолданылады.
22. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өздерімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік талаптарын беру фактісін белгілеу туралы, сондай-ақ банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жасаған мәмілені жеңілдік талаптары бар мәмілелерге жатқызу туралы уәжді пайымдау мәміле мөлшері банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы мәмілелердің осындай түрі үшін белгілеген ішкі лимиттен тиісті экономикалық талдаусыз асып кеткен жағдайда алқалы органның банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік талаптарын бергенін көрсететін белгілердің болуы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады.
23. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау фактілерін анықтау мақсатында тұлғаларды өзара байланысты деп тану туралы уәжді пайымдау тиісті жағдайларды, фактілер мен мән-жайларды талдау негізінде қалыптастырылған, осындай тұлғалар арасындағы байланыстылық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады.
Уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде мынадай өлшемшарттар жиынтықта немесе жеке-жеке ескеріледі:
1) бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында қарыз, сатып алу-сату, сыйға тарту шарттарын және бағалы қағаздарға және (немесе) өзге де қаржы құралдарына меншік немесе иелік ету құқығының өтуіне байланысты өзге де азаматтық-құқықтық шарттарды жасасу туралы ақпараттың болуы, оның ішінде тараптар әрекеттерінің келісілу, өзара тәуелділік белгілері, мәмілелер талаптарының нарықтық емес сипаты не мәмілелердің экономикалық негіздемесінің болмауы;
2) қарыздарды, кепілдіктерді, қамтамасыз етуді не қаржылық қолдаудың өзге де нысандарын беруді қоса алғанда, контрагентпен байланысты немесе бұрын байланыста болған үшінші тұлғалар арқылы бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын сатып алуды нысаналы қаржыландыру туралы ақпараттың болуы;
3) бағалы қағаздармен және (немесе) өзге де қаржы құралдарымен әрекеттерді ықтимал үйлестіруді куәландыратын сәйкес келетін не өзара байланысты өлшемдері (уақыты, бағасы (кірістілігі), көлемі) бар операциялар жасау;
4) ортақ түпкілікті бенефициарлық меншік иелерінің, бақылаушы тұлғалардың не мүддесі үшін операциялар жасалатын өзге де тұлғалардың болуы;
5) номиналды ұстаушыларды, делдалдарды немесе үлестес ұйымдарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың оларды бір немесе бірнеше тұлғаның нұсқауы бойынша немесе мүддесі үшін әрекеттерді жүзеге асыру белгілері болған кезде пайдалануы;
6) осындай ауытқуды экономикалық негіздейтін мән-жайлар болмаған кезде нарықтық шарттардан айтарлықтай ерекшеленетін шарттарда мәмілелер жасау;
7) мәмілелердің сол бір тұлғалар арасында не сол бір делдалдарды пайдалана отырып жүйелі немесе қайталанатын сипатта болуы;
8) тұлғалар арасында жария емес ақпаратты қоса алғанда, инвестициялық шешімдер қабылдауға ықпал ете алатын мәліметтер алмасу туралы ақпараттың болуы;
9) бағалы қағаздармен және (немесе) өзге де қаржы құралдарымен операциялар жасау кезінде іс-қимылдарды үйлестіру үшін байланыс құралдарын, бағдарламалық-техникалық инфрақұрылымды және (немесе) қызметкерді қоса алғанда, екі және одан да көп адамның жалпы техникалық және (немесе) ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалануы.
24. Банктің дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын жиынтығында тікелей және (немесе) жанама иеленетін, пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаларды банктің ірі қатысушысы болып табылатын не банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп пайызын иеленетін тұлғалар, бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп тану туралы уәжді пайымдау Банктер туралы заңның 9-бабы 5-тармағының 8) тармақшасында және 6-тармағының 6) тармақшасында көзделген көрсетілген тұлғалардың банк шешімдеріне өзге тәсілмен бірлесіп ықпал ету белгілерінің болуы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады. Ол Банктер туралы заңның 9-бабы 5-тармағының 1)–7) тармақшаларында және 6-тармағының 1)–5) тармақшаларында көзделген белгілер болмаған және Қағидалардың 25-тармағында көзделген, көрсетілген тұлғалардың банк шешімдеріне бірлесіп ықпал ететінін куәландыратын бір немесе бірнеше мән-жай болған кезде, «Бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау қағидаларын бекіту және «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 56 Қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38360 болып тіркелген) (бұдан әрі - №56 қаулы) белгіленген жағдайларды, сондай-ақ осы тармақта және Қағидалардың 25-тармағында көзделген, көрсетілген тұлғалардың банктің шешімдеріне бірлесіп ықпал ету туралы куәландыратын мән-жайлар мен белгілерді ескере отырып қалыптастырылады.
Тұлғалардың банктің шешіміне өзге түрде бірлесіп ықпал ету жағдайларына қосымша, № 56 Қаулыда белгіленген дәлелді пайымдауды қалыптастыру кезінде көрсетілген тұлғалардың банктің шешіміне нақты бірлесіп ықпал ету белгілерінің болуын сипаттайтын мынадай мән-жайлар ескеріледі:
1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (кастодиандар, номиналды ұстаушылар) олардың дискрециялық дауыс беру құқығын бермей бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алу және сақтау жөніндегі функцияларды орындауы шеңберінде мүдделерін білдіру жағдайларын қоспағанда, банк акционерлерінің жалпы жиналысында және қаралатын мәселелер бойынша осындай тұлғалардың бірі сенімхат негізінде дауыс беру кезінде екі және одан да көп тұлғаның мүддесін білдіру;
2) тұлғаларды «Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38587 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 85 қаулы) бекітілген бір қарыз алушыға ең жоғары тәуекелге қойылатын талаптарға сәйкес осындай топқа біріктірілген банк қарыз алушыларының тобына жатқызу, бұл ретте осы топтағы қарыз алушылардың бірі банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылуы және банк акцияларын иелену кезінде корпоративтік шешімдер қабылдауға ықпал етудің немесе келісілген іс-әрекеттердің құжатпен расталуы шарт;
3) сол бір үшінші тұлға берген ақша және (немесе) өзге мүлік есебінен екі және одан да көп тұлғаның банк акцияларын сатып алуы;
4) «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есепке жазу бойынша ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38330 болып тіркелген) сәйкес банк акцияларын иеленетін банктің, банк холдингінің басшы қызметкерлерін, оның ішінде белгіленбеген сыйақы ретінде алынғанды қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып осындай деп танылған тұлғаға қатысты, банк акцияларын иелену кезінде корпоративтік шешімдер қабылдауға немесе келісілген іс-әрекеттерге құжатпен расталған ықпал ету болған кезде үлестестіктің болуы.
25. Қағидалардың 24-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайлармен қатар алқалы орган уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде мынадай белгілерді де ескереді:
1) банк акцияларын иелену кезінде корпоративтік шешімдерді немесе келісілген іс-әрекеттерді қабылдауға құжатпен расталған ықпал болған кезде Қағидалардың 24-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға қатысты тұлғаның үлестес болуы;
2) екі және одан да көп тұлғаларда банк акцияларын иелену туралы құжаттар деңгейінде қиылыспайтын иелік ету тізбектері арқылы, оның ішінде траст, қор және өзге де құрылымдар арқылы белгіленетін ортақ түпкілікті бенефициар иесінің болуы;
3) осындай бір мезгілде сатып алудың құжатпен расталған экономикалық негіздемесі болмаған кезде алқалы орган айқындайтын кезең ішінде екі және одан да көп тұлғаның банк акцияларын сатып алуы;
4) бухгалтерлік есепті жүргізуді, заңдық сүйемелдеуді не екі және одан да көп тұлғаға өзге де қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалардың орналасқан жерінің (мекенжайының) сәйкес келуі;
5) екі және одан да көп тұлғалар арасында банк қызметіне байланысты емес іскери қатынастардың болуы, оның ішінде өзге ұйымдардың жарғылық капиталына бірлесіп қатысу не жобаларды бірлесіп іске асыру.
Қағидалардың 24-тармағының екінші бөлігінде көзделген бір немесе бірнеше мән-жайлардың және (немесе) осы тармақта көзделген кемінде екі белгінің болуы тұлғалардың банк шешімдеріне бірлескен ықпалының болуы туралы дәлелді пайымдауды қалыптастыру үшін дербес негізді құрайды.
26. Қағидалардың 24-тармағында көзделген уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде уәкілетті орган банк акцияларын иелену құрылымы, акцияларды тікелей және жанама иелену, түпкілікті меншік иелері (бенефициарлық меншік иелері), тұлғалар арасындағы корпоративтік, қаржылық, шарттық, ұйымдастырушылық және өзге де өзара байланыстар, акционерлердің құқықтарын келісілген жүзеге асыруды көздейтін келісімдер не өзге де уағдаластықтар, банк акцияларын сатып алуды қаржыландыру көздері, ортақ басқару органдарының, басшы қызметкерлердің не бірнеше адамның шешімдерін айқындауға қабілетті өзге де адамдардың болуы, банк акциялары бойынша дауыс беру құқықтарын іске асыру туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де құжаттарды, акционерлердің құқықтарын іс жүзінде бірлесіп жүзеге асыруды не банк шешімдерін бірлесіп айқындау мүмкіндігін анықтау үшін маңызы бар мәліметтерді және мән-жайларды қоса алғанда, акционерлердің құқықтарын іс жүзінде бірлесіп жүзеге асырудың болуын не банк шешімдерін бірлесіп айқындау мүмкіндігін растайтын құжаттардың, мәліметтердің және өзге де материалдардың жиынтығын бағалауды жүзеге асырады.
27. Уәкілетті органның Қағидалардың 24-тармағында көзделген уәжді пайымдауды қолдану құқығы, оның ішінде Заңның 9-бабының 10-тармағына сәйкес банктің дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын иеленетін тұлғалар құрамының өзгергені туралы банктің уәкілетті органға хабарлау кезеңінде, тұлғалардың банк шешімдеріне дауыс беру арқылы не өзге тәсілмен бірлесіп ықпал етуі көрініс тапқанға дейін туындайды.
28. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын жиынтығында тікелей және (немесе) жанама иеленетін, пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаларды бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп не осы ұйымның дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан көп пайызын жиынтығында тікелей және (немесе) жанама иеленетін, пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаларды бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп тану туралы уәжді пайымдау Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында және 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген, көрсетілген тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өзге тәсілмен бірлесіп ықпал ету белгілерінің болуы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады. Ол Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабы 2-тармағының 1)–7) тармақшаларында және 3-тармағының 1)–5) тармақшаларында көзделген белгілер болмаған және Қағидалардың 29-тармағында көзделген, көрсетілген тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне көрсетілген тұлғалардың бірлесіп ықпал ететінін куәландыратын № 56 қаулымен белгіленген жағдайларды, сондай-ақ осы тармақта және Қағидалардың 29-тармағында көзделген мән-жайлар мен белгілерді ескере отырып қалыптастырылады.
Тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне бірлесіп ықпал ету жағдайларына № 56 қаулыда белгіленген өзгеше түрде дәлелді пікірді қалыптастыру кезінде көрсетілген тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне бірлесіп ықпал ету белгілерінің болуын сипаттайтын мынадай мән-жайлар ескеріледі:
1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының (кастодиандардың, номиналды ұстаушылардың) дискрециялық дауыс беру құқығын бермей бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алу және сақтау жөніндегі функцияларды орындау шеңберінде мүдделерін білдіру жағдайларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысында және қаралатын мәселелер бойынша бір үшінші тұлға сенімхат негізінде дауыс берген кезде екі және одан да көп тұлғаның мүдделерін білдіру;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының корпоративтік шешімдер қабылдауына құжатпен расталған ықпал немесе оның акцияларын иелену кезінде келісілген іс-әрекеттер болған кезде екі және одан да көп тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен өзара байланысының болуы;
3) екі және одан да көп тұлғаның көрсетілген тұлғалардың бірі болып табылмайтын бір үшінші тұлға берген ақша және (немесе) өзге мүлік есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуы;
4) «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есепке жазу бойынша ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38330 болып тіркелген) сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлерін, оның ішінде белгіленбеген сыйақы ретінде алынғанды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып осындай деп танылған тұлғаға қатысты, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иелену кезінде корпоративтік шешімдер қабылдауға немесе келісілген іс-әрекеттерге құжатпен расталған ықпал ету болған кезде үлестестіктің болуы.
29. Алқалы орган Қағидалардың 28-тармағының екінші бөлігінде көзделген мән-жайлармен қатар уәжді пікірді қалыптастыру кезінде мынадай белгілерді де ескереді:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иелену кезінде корпоративтік шешімдерді немесе келісілген іс-әрекеттерді қабылдауға құжатпен расталған ықпал болған кезде Қағидалардың 28-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға қатысты тұлғаның үлестес болуы;
2) екі және одан да көп тұлғаларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иелену туралы құжаттар деңгейінде қиылыспайтын иелік ету тізбектері арқылы, оның ішінде траст, қор және өзге де құрылымдар арқылы белгіленетін ортақ түпкілікті бенефициар иесінің болуы;
3) осындай бір мезгілде сатып алудың құжатпен расталған экономикалық негіздемесі болмаған кезде алқалы орган айқындайтын кезең ішінде екі және одан да көп тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуы;
4) бухгалтерлік есепті жүргізуді, заңдық сүйемелдеуді не екі және одан да көп тұлғаға өзге де қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалардың орналасқан жерінің (мекенжайының) сәйкестігі;
5) екі және одан да көп тұлғалар арасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне байланысты емес іскери қатынастардың болуы, оның ішінде өзге ұйымдардың жарғылық капиталына бірлесіп қатысу не жобаларды бірлесіп іске асыру.
Қағидалардың 28-тармағының екінші бөлігінде көзделген бір немесе бірнеше мән-жайлардың және (немесе) осы тармақта көзделген кемінде екі белгінің болуы тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне бірлескен ықпалының болуы туралы уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін дербес негізді құрайды.
30. Қағидалардың 28-тармағында көзделген уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иелену құрылымы, акцияларды тікелей және жанама иелену, түпкілікті меншік иелері (бенефициарлық меншік иелері), тұлғалар арасындағы корпоративтік, қаржылық, шарттық, ұйымдастырушылық және өзге де өзара байланыстар, акционерлердің құқықтарын келісілген жүзеге асыруды көздейтін келісімдер не өзге де уағдаластықтар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуды қаржыландыру көздері, ортақ басқару органдарының, басшы қызметкерлердің не бірнеше адамның шешімдерін айқындауға қабілетті өзге де адамдардың болуы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары бойынша дауыс беру құқықтарын іске асыру туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де құжаттарды, акционерлердің құқықтарын іс жүзінде бірлесіп жүзеге асыруды не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдерін бірлесіп айқындау мүмкіндігін анықтау үшін маңызы бар мәліметтерді және мән-жайларды қоса алғанда, акционерлердің құқықтарын іс жүзінде бірлесіп жүзеге асырудың болуын не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдерін бірлесіп айқындау мүмкіндігін растайтын құжаттардың, мәліметтердің және өзге де материалдардың жиынтығын бағалауды жүзеге асырады.
31. Уәкілетті органның Қағидалардың 28-тармағында көзделген уәжді пайымдауды қолдану құқығы, оның ішінде Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 7-тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиынтығында он және одан да көп пайызын иеленетін тұлғалар құрамының өзгергені туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органға хабарлау кезеңінде тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне дауыс беру арқылы не өзгеше түрде бірлескен ықпалы болғанға дейін туындайды.
32. Банктегі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын бағалау бойынша уәжді пайымдау алқалы органның банктегі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады және мыналарды бағалау үшін қолданылады:
1) банктің тәуекел бейінін және тәуекел дәрежесін (тәуекелдердің жол берілетін мөлшерін) таңдалған бизнес-модельге және даму стратегиясына сәйкестігі тұрғысынан;
2) банк бюджетінің банк стратегиясында, бизнес моделінде айқындалған экономикалық мақсаттарға және банк қабылдайтын тәуекелдерге сәйкестігі тұрғысынан стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды;
3) банктің негізгі қаржылық көрсеткіштерін болжау сапасын мыналар тұрғысынан:
бюджетті қалыптастыру кезінде пайдаланылатын жорамалдардың барабарлығы (активтердің, міндеттемелердің, капиталдың (пайданың немесе залалдың) жоспарлы көлемін асыра немесе кемітіп көрсету);
бюджеттің нақты көрсеткіштерге сәйкестігін талдаудың болуы;
4) банктің тәуекел дәрежесінің біріктірілген деңгейін және тәуекелдің әрбір түрі бойынша тәуекел дәрежесінің деңгейін айқындау әдістемесін мыналар тұрғысынан:
Тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейін (деңгейлерін) өтеу үшін меншікті капитал мен өтімділіктің қажетті деңгейінің болуы;
көп деңгейлі лимиттер жүйесі шеңберінде тәуекелдердің әр түріне сандық және сапалық лимиттердің шекті мәнінің барабарлығы;
5) банктің корпоративтік басқару жүйесінің сапасын мыналар тұрғысынан:
корпоративтік басқарудағы мүдделер қақтығысын реттеу шараларының болуы және сақталуы;
банктің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелері дайындаған жазбаша ақпараты болған елеулі тәуекелдер болған кезде мәмілелер жасау туралы немесе операцияларды жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдау фактілерінің болуы. Осы абзацтың ережелері мөлшері төмендегідей болатын мәмілеге немесе мәмілелер жиынтығына қолданылады:
шешім қабылдау күніне банктің меншікті капиталының 1 (бір) пайызынан астамы - меншікті капиталының мөлшері 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеге дейін (қоса алғанда) болатын банктер үшін;
шешім қабылдау күніне банктің меншікті капиталының 2 (екі) пайызынан астамы - меншікті капиталының мөлшері 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеден асатын банктер үшін;
6) банктің қызметіне тән тәуекелдерді жабу үшін:
тәуекелдерді бағалау сапасына;
меншікті капиталдың жеткіліктілігін бағалауда стресс-тестілеу нәтижелерінің болуына;
меншікті капиталдың жеткіліктілігін айқындау процесінде тиісті тәуекел бейінін қолдануға;
стрестік жағдайларда клиенттердің әлеуетті кетуін бағалау кезіндегі жорамалдардың барабарлығына және өтімді активтердің оларды өтеу мақсатында қажетті деңгейін бағалаудың барабарлығына қатысты меншікті капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігін айқындаудың ішкі рәсімдерін;
7) банктің қызметіне тән тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі саясаттарды, сондай-ақ рәсімдерді:
регламенттелген рәсімдерді сақтауға;
жасалатын мәмілелер бойынша ішкі саясатты сақтауға, оның ішінде ерекше жағдайлардың болуына, банк бекіткен рәсімдер мен саясаттарға сәйкес келмейтін мәмілелерді жасасу туралы директорлар кеңесін хабардар ете отырып, осындай ерекше жағдайларды құжаттамалауға қатысты іске асыруды;
8) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды:
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер үшін, оларға жеңілдікті талаптар беруге тыйым салуды қоса алғанда, тиісті шектеулердің болуына және сақталуына;
мәмілелерді жеңілдікті талаптармен жасасуға және кредиттік тәуекел шоғырлануының ұлғаюына жол бермеу мақсатында, қажетті ақпарат болған кезде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды анықтауға;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер туралы ақпаратты жария етуге қатысты айқындау бойынша рәсімдерді;
9) банк кепілге қабылдаған мүлікті:
кепілдің нарықтық құнын айқындау әдістемесінің дұрыстығына, даулы жағдайлар болған кезде тәуелсіз бағалауды қолдануды ескере отырып, банктік қарыз берген және резервтерді (провизияларды) қалыптастырған кезде есепке алынатын нарықтық құнның дұрыстығына;
кепіл нысанасын өндіріп алу бойынша мерзімдерді сақтауға;
кепіл шартының қолданыс мерзімінің қарыз алушының (қоса қарыз алушының, кепілдік берушінің, кепілгердің) қаржылық жағдайын ескере отырып берілетін қаржыландырудың құрылымына сәйкестігіне;
кепіл нысанасын өндіріп алу құқығын іске асыру мүмкіндігіне қатысты талдау бойынша рәсімдерді;
10) банктің кредиттік тәуекелін:
кредит берудің ішкі саясаттарының және рәсімдерінің болуына және сақталуына;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері бар активтерді анықтау бойынша, оның ішінде банктің директорлар кеңесіне көрсетілген активтер бойынша ақпаратты беру, оларды басқару бойынша шаралар қабылдау бойынша рәсімдердің болуына және сақталуына;
қарыз алушылардың бизнес-жоспарларын бағалау үшін пайдаланылатын жорамалдардың барабарлығына;
жеке банктік қарыздарды мониторингтеудің кезеңділігіне;
қаржылық жағдайының нашарлау белгілері бар қарыз алушыларға мониторинг жүргізудің жиілігі мен толықтығының жеткіліктілігіне;
кредиттік әкімшілендіру рәсімдерінің болуына және оларды банктің сақтауына;
шетел валютасында банктік қарыз алған қарыз алушының қарыз валютасы бағамының өзгеруіне барабар ден қою мүмкіндігінің болуына қатысты басқарудың тиімділігін;
11) банктің қарыз алушыларын:
банктің қарыз алушыларын рейтингтік бағалаудың (скорингтің) пайдаланылатын модельдерінің барабарлығына;
оларды өзекті күйде ұстау мақсатында, оның ішінде берілетін салмақтар, баллдар бөлігінде банктің қарыз алушыларын рейтингтік бағалаудың (скорингтің) пайдаланылатын модельдеріне өзгерістер енгізудің уақтылығына;
банктің қарыз алушыларын рейтингтік бағалау (скорингтің) модельдерін кезеңдік валидациялауды жүзеге асыруға қатысты ішкі рейтингтік бағалау (скорингтің) сапасын;
12) қалыптастырылған провизиялар (резервтер) мөлшерінің «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 61 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36994 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкестігін;
13) қаржы құралдарының әділ құнын олардың құнын барабар көрсетуге қатысты айқындау әдістемесін;
14) банктің қорландыру стратегиясының:
түрлері, валюталар, мерзімдері бойынша қорландыру көздерін әртараптандырудың жеткіліктілігі мен қажеттілігіне;
қорландырудың құрылымында жоғары шоғырландырудың болуына;
қорландырудың балама көздерінің болуына;
мерзімдері мен валюта бойынша активтер мен пассивтер арасындағы бақыланбайтын айтарлықтай айырмалардың болуына қатысты тиімділігін;
15) банктің өтімділігін:
көзделмеген әкетулерді ескере отырып өтімді құралдарға деген күнделікті қажеттілікті қоса алғанда, төлемдер бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау үшін өтімді активтер деңгейінің жеткіліктілігіне;
өтімді активтер құрамына ағымдағы нарықтық жағдайда қысқа мерзімде іске асыру үшін қолжетімді құралдарды қосудың негізділігіне;
қорландырудың әкетілуін жоспарлаудың дұрыстығына қатысты басқару рәсімдерін;
16) банктің тәуекелдердің ішкі және (немесе) сыртқы индикаторларының өзгеруіне уақтылы ден қоюға бағытталған:
ерте ескерту жүйесі көрсеткіштерінің, оның ішінде тәуекелдер деңгейінің ұлғаюына әлеуетті ықпал ететін банкке қолжетімді ақпаратты есепке алудың дұрыстығына;
ерте ескерту жүйесі шеңберінде анықталған тәуекел артқан кезде банктің іс-әрекетінің барабарлығына;
ерте ескерту жүйесінің белгіленген деңгейлерінен асқан кезде бекітілген іс-шаралардың уақтылығына және тиімділігіне қатысты ерте ескерту жүйесі жұмысының тиімділігін;
17) банктің:
жоспарда банктің қызметіне тән тәуекелдерді іске асыру кезінде өтімділікті және меншікті капиталдың жеткіліктілігін қалпына келтіру бойынша тиімді және негізді шаралар тізбесінің болуына;
стрестік сценарийлерді, алдын ала болжанбаған жағдайларды іске асырудың расталған ықтималдығына;
банк қызметін қалпына келтіру үшін қажетті ресурстарды, олардың барабарлығын айқындауға қатысты алдын ала болжанбаған жағдайларда қаржыландыру және қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарын;
18) банктің операциялық тәуекелін:
бизнестің негізгі бағыттары, көрсетілетін қызметтер, процестер және ақпараттық жүйелер бойынша операциялық тәуекелді бағалау рәсімдерінің болуына және сақталуына;
жаңа қаржылық қызметтерді және өнімдерді енгізу кезінде операциялық тәуекелді бағалау рәсімдерінің болуына және сақталуына;
операциялық тәуекелді тиімді анықтау мақсатында қажетті құралдардың және оны басқару жөніндегі шаралардың болуына;
операциялық тәуекелдің іске асуы салдарынан болған ірі залал фактілерін құжаттамалауға және оларды барынша азайту жөніндегі шараларды іске асыруға қатысты басқару рәсімдерінің тиімділігін;
19) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында банктің:
қаржы ұйымының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекеліне ұшырағыштығына;
клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімінің барабарлығына, клиенттің типі бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелін бағалау барабарлығына;
қаржылық мониторинг жүргізілуге тиіс операцияларды анықтауға;
қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бөлімшелердің өзара іс-қимылының тиімділігіне;
қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін барынша азайту үшін банк қабылдайтын шаралардың барабарлығы мен жеткіліктілігіне;
ұсынылатын қызметтердің, сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекеліне осалдығына қатысты тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін;
20) банкте:
қолданылатын сценарийлердің толықтығы, дұрыстығы және негізділігіне;
сценарийлер шеңберіндегі сыртқы және ішкі көрсеткіштердің болжамды өзгеруінің өзектілігіне;
стресс-тестілеу жүргізу модельдері мен өткізу рәсімдерінің барабарлығына;
стресс-тестілеу нәтижелерін банктің тәуекелдерді басқару жүйесінде және басқарушылық шешімдер қабылдауда (қажет болған кезде) қолдануына;
тәуекел-факторлардың өзгеруінің банктің активтері мен пассивтерінің құрылымымен өзара байланысы (ара қатыстылығы) болуына қатысты стресс-тестілеуді;
21) банктің қызметіне тән тәуекелдер бойынша басқарушылық ақпарат жүйесінің банктің алқалы органдарына ұсынылатын ақпараттың шынайылығы, толықтығы, уақтылығы, сондай-ақ көрсетілген ақпаратта басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тәуекелдердің толық көрсетілуіне қатысты сапасын;
22) үш қорғау желісінің:
екінші және үшінші қорғау желілері бөлімшелерінің тәуелсіздігі және қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне;
үш қорғау желісі қатысушыларының арасында мүдделер қақтығысын реттеу бойынша шаралардың болуы және сақталуына және (немесе) оның қатысушыларының функционалдық міндеттерді қоса атқаруына қатысты жұмыс істеу тиімділігін;
23) ішкі бақылау рәсімдерінің:
банктің ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне және (немесе) банктің ішкі құжаттарын Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына уақтылы сәйкестендірмеуге;
банктің белгіленген ішкі рәсімдерін сақтамай жасалған мәмілелердің елеулі көлемінің болуына қатысты сапасын;
24) банктің ішкі аудит бөлімшесінің:
ішкі аудит бөлімшесінің қызметін жоспарлау кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануына;
аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдарды ұсынуына;
ішкі аудит бөлімшесі берген ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу рәсімінің болуына қатысты тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізу кезіндегі қызметінің тиімділігін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ережелер Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына қолданылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 6), 16), 17) және 21) тармақшаларында көзделген ережелер банк конгломератына қолданылады.
33. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру тобында, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалында, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысында (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын бағалау бойынша уәжді пайымдау алқалы органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру тобында, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысында (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады және Қағидалардың 32-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 13), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларында (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы үшін) және 1), 2), 3), 6), 16), 17) және 21) тармақшаларында (сақтандыру тобы үшін) көзделген жағдайларда қолданылады.
34. Микроқаржы ұйымында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын бағалау жөніндегі уәжді пайымдау алқалы органның микроқаржы ұйымында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады және Қағидалардың 32-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында, 5) тармақшаның бірінші және екінші абзацтарында, 6), 7), 9), 10), 11), 13), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларында көзделген жағдайларда қолданылады.
35. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), микроқаржы ұйымының провизияларының (резервтерінің) барабарлығын бағалау бойынша уәжді пайымдау банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), микроқаржы ұйымының қалыптастырған провизияларының (резервтерінің) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, провизияларды (резервтерді) қалыптастыру бойынша әдістемелерге, оның ішінде оларды қалыптастыру бойынша әдістемелердің банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының, микроқаржы ұйымының тәуекелдеріне сәйкестігі және оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың шынайылығы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады.
36. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий қалыптастырған сақтандыру резервтерінің (бұдан әрі – сақтандыру резервтері) барабарлығын бағалау бойынша уәжді пайымдау сақтандыру резервтерінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемелеріне және олардың құрылымына, оның ішінде оларды қалыптастыру бойынша әдістемелердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тәуекелдеріне сәйкестігі және оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың шынайылығы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады.
Сақтандыру резервтерінің барабарлығын бағалау бойынша уәжді пайымдау мынадай (бірақ олармен шектелмей):
оның нәтижесінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен (бұдан әрі – № 304 қаулы) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22231 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 32 қаулысымен (бұдан әрі – № 32 қаулы) бекітілген пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер көрсеткіштерінің жақсаруына әкелген сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесі не сақтандыру резервтерін есептеу кезінде пайдаланылатын өлшемдер негізсіз өзгерген;
жасалатын қайта сақтандыру шартының талаптарында қайта сақтанушы үшін экономикалық пайда (орынды болуы) болмаған кезде қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтерінде қайта сақтанушының үлесі қалыптастырылған;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының төлем қабілеттілігінің төмендеуіне (немесе төмендеу ықтималдығы бар) және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының № 304 және № 32 қаулыларымен бекітілген пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуына әкелген сақтандыру резервтерін есептеу кезінде толық емес және (немесе) дәйексіз ақпарат қолданылған жағдайларда қолданылады.
37. Банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директордың тәуелсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі уәжді пайымдау мынадай жағдайларда Банктер туралы заңның 46-бабында және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – АҚ туралы заң) 1-бабының 20) тармақшасында белгіленген тәуелсіздік талаптарына тәуелсіз директордың сәйкес келмейтінін куәландыратын мән-жайлардың болуы туралы уәкілетті органның алқалы органының негізделген кәсіби пікірі болып табылады:
1) банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директордың үлестес тұлғасының бір пайыздан астам мөлшерде тікелей немесе жанама түрде, оның ішінде номиналды ұстаушы, сенімгерлік басқару, трасттық және өзге де құрылымдар арқылы:
– банк акцияларына және (немесе) банк акцияларын алу құқығына (базалық активі банк акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар);
– акцияларға, қатысу үлестеріне, пайларға не банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын ұйымдағы үлестік қатысудың басқа да нысандарына иелік етуін куәландыратын мәліметтер болған;
2) банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директордың және (немесе) онымен үлестес тұлғаның Банктер туралы заңның 50-бабының 4-тармағына сәйкес банк алдында жеңілдікті талаптармен берешегінің болуы туралы мәліметтер болған;
3) банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директордың не онымен үлестес тұлғаның және банктің және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның арасында жиынтық құны жеке алғанда Банктер туралы заңның 46-бабы 1-тармағы 2-тармақшасының 3-бөлігінде белгіленген мөлшерге жетпейтін, бірақ жүйелі сипатта болатын (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) консультациялық, заңгерлік, аудиторлық немесе өзге де кәсіби қызметтер көрсетуге тұрақты не ұзақ мерзімді шарттық қатынастардың бар екендігі туралы мәліметтер болған;
4) банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор не онымен үлестес тұлға банктен және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан демеушілік немесе қайырымдылық қолдау алған;
5) банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директордың банктің тәуелсіз директоры ретіндегі өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап бір жылдан кем кезең ішінде жұмысқа орналасқаны не банкке және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға консультациялық қызметтер көрсеткені туралы мәліметтер болған;
6) банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директордың банкке және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға нақты тәуелділігін, оның ішінде:
заңды ресімделген өкілеттіктері болмаған кезде банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) мүддесін білдіру, аталған тұлғаның тапсырмасы бойынша тәуелсіз директордың іс-әрекеттер жасауынан көрініс;
аталған адамның банктің лауазымды адамдарына және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға еңбек немесе азаматтық-құқықтық қатынастармен ресімделмеген бағыныстылығының немесе жеке тәуелділігінің болуын куәландыратын мәліметтер болған жағдайда;
7) тәуелсіз директордың банк акционерлерінің, банктің, банк холдингінің лауазымды тұлғаларының, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың не өзге де мүдделі тұлғалардың айқындаушы ықпалымен шешімдер қабылдағанын және (немесе) объективті пікірінің дербес қалыптасуы мен оны білдірудің жоқтығын куәландыратын шешім қабылдау кезінде осындай тұлғалармен өз ұстанымын келісуін куәландыратын, оның ішінде:
тиісті мәселелер бойынша ұстанымды олармен алдын ала келісу туралы мәліметтер болған кезде, банктің ірі қатысушысы өкілдерінің ұстанымына сәйкес келетін директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша көрсетілген тұлғаның жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) дауыс беруді;
оларға қатысты мүдделер қақтығысы немесе тәуелсіз директор пікірінің объективтілігі мен тәуелсіздігіне күмән келтіруге қабілетті банк акционерлері, банктің, банк холдингінің лауазымды тұлғалары немесе өзге де мүдделі тұлғалар тарапынан ықпал бар немесе туындауы мүмкін мәселелерді қарау кезінде дербес ұстаным білдірмей директорлар кеңесінің отырыстарына қатысуды куәландыратын мәліметтер болған жағдайда.
38. Аудиторлық есептерді мүдделер қақтығысының болуы тұрғысынан бағалау бойынша уәжді пайымдау мынадай жағдайларда аудиторлық ұйымның мүдделілігі аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің анықтылығы туралы пікірдің қалыптасуына әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысының болуы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады:
1) егер көрсетілген қызметтердің мәні ағымдағы аудит шеңберінде тексеруге жататын елеулі бағалау пайымдауларымен, резервтермен (провизиялармен) не есептілік баптарымен тікелей байланысты болған жағдайда, аудиттелетін кезең ішінде аудиторлық ұйым Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген аудиттелетін ұйымға «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 4), 6), 7), 9) және (немесе) 10) тармақшаларында көзделген қызметтерді көрсететін болса;
2) Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген аудиттелетін ұйымда осыған дейін басшы қызметкер болған тұлғаның аудит басталғанға дейін бір жылдан аз кезең ішінде аудиторлық топтың құрамына енгізілгені туралы мәліметтер болса;
3) аудиторлық топтың құрамына кіретін аудиторлық ұйым қызметкерлерінің Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген аудиттелетін ұйымның акцияларына тікелей немесе жанама түрде, оның ішінде номиналды ұстаушы, сенімгерлік басқару, трастық және өзге де құрылымдар арқылы, сондай-ақ жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары арқылы иелік ететінін куәландыратын мәліметтердің болуы;
4) аудиторлық ұйымға сыйақы төлеудің мөлшері немесе шарттары, оған мүліктік пайдалар беру, оған өзге де қызметтер көрсету не аудиторлық ұйым мен Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлға немесе онымен байланысты тұлғалар арасындағы шарттық қатынастарды жалғастыру аудит нысанасы болған мәселелер бойынша аудиторлық пікірдің немесе қорытындылардың мазмұнына, оның ішінде көрсетілген тұлғаның немесе онымен байланысты тұлғалардың аудиторлық ұйымның сыйақы алуға, өзге де мүліктік пайдалар алуға, қызметтер көрсетуге не шарттық қатынастарды жалғастыруға мүдделілігін пайдалана отырып, мұндай мазмұнды өзгертуге бағытталған іс-әрекеттерінің нәтижесінде тәуелді болғаны туралы құжатпен расталған мәліметтердің болуы;
5) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген аудиторлық есепті ұсыну мерзімі бір реттен артық ұзартылған не мұндай ұзартудың жиынтық мерзімі күнтізбелік 60 күннен асқанда, бір мезгілде мынадай шарттар болған кезде:
– мерзімді ұзартудың немесе аудиторлық есепті ұсынуды кешіктірудің Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның аудит нысанасы болған мәселелер бойынша аудиторлық пікірдің немесе қорытындылардың мазмұнына байланысты іс-әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен (оның ішінде аудиторлық ұйым сұратқан ақпаратты ашып көрсетпеуінен не аудиторлық есептің мазмұнын келіспеуінен) туындағанын куәландыратын құжатпен расталған мән-жайлардың болуы;
– мерзімі ұзартыла отырып немесе кешіктіріліп жасалған аудиторлық есептің түпкілікті мазмұнында мұндай ұзарту немесе кешіктіру кезеңінде аудиторлық ұйым мен Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлға арасындағы құжатталған хат-хабарда тіркелген маңызды ескертулердің, аудит ауқымын шектеулердің не аудит нысанасы болған мәселелер бойынша келіспеушіліктердің көрініс таппауы.
6) уәкілетті органның тексерулер және (немесе) Заңның 15-8-бабында көзделген тәуекелге бағдарланған тәсіл негізіндегі бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша аудиторлық есепте қамтылған пікір немесе қорытындылар мен ол жасалған күнге болған және аудиторлық ұйымға мәлім болған фактілер мен мән-жайлар арасындағы маңызды алшақтықтарды анықтауы, бұл ретте мұндай алшақтықтардың аудиторлық ұйымның мүдделілігімен құжатпен расталған байланысының болуы, оның ішінде:
– аудиторлық ұйымның уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерімен салыстырғанда тәуекелдерді, резервтерді (провизияларды) не активтердің құнсыздану шамасын жүйелі түрде (қатарынан екі және одан да көп есепті кезең ішінде) төмендетіп көрсетуі;
– аудиторлық есепте уәкілетті орган жоғары тәуекелді мәселелерге жатқызған есептілік баптары бойынша аудиттің түйінді мәселелерін мазмұнды сипаттаудың болмауы.
7) аудиторлық ұйымның алдында өткен кезеңдерде көрсетілген қызметтер үшін Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген аудиттелетін ұйымның мерзімі өткен дебиторлық берешегінің болуы туралы мәліметтердің болуы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бір және (немесе) одан да көп жағдайлармен жиынтықта қолданылады.
39. Банк жасайтын (жасауға болжанатын) мәмілені оның жоғары тәуекел белгілерінің болуы тұрғысынан бағалау бойынша уәжді пайымдау уәкілетті органның алқалы органының мұндай мәміледе жоғары тәуекел белгілерінің болуы немесе болмауы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін банк жасайтын (жасауға болжанатын) мәмілені оның жоғары тәуекел белгілерінің болуы тұрғысынан бағалау деп мәміленің шарттары мен сипаттамаларының, қарыз алушының қаржылық жағдайы мен қызметінің, міндеттемелерді өтеу көздерінің, қамтамасыз етудің сапасы мен жеткіліктілігінің, банкпен байланыстылығының, мәміле құрылымының, сондай-ақ оған тән кредиттік, операциялық, заңдық және бедел тәуекелдерінің жиынтығын, оның ішінде бір тұлғамен жасалатын (жасауға болжанатын) операциялардың (мәмілелердің) жиынтығын ескере отырып бағалау түсініледі.
Осы тармақта көзделген бағалауды жүргізу кезінде, соның ішінде банктен қаражатты шығаруды, көрінеу қайтарылмайтын қарыз беруді, жосықсыз әрекеттер жасауды, сондай-ақ тиісті тәуекелді іс жүзінде төмендетпестен не операцияның (мәміленің) экономикалық мазмұнын өзгертпестен, № 85 қаулыда көзделген пруденциялық нормативтер мен лимиттердің белгіленген мәндеріне, сондай-ақ Агенттік Басқармасының 2026 жылғы 7 тамыздағы № 119 «Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндерін бекіту туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39529 болып тіркелген) көзделген банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндеріне қол жеткізуге бағытталған операцияларды (мәмілелерді) жасауды немесе құрылымдауды куәландыруы мүмкін мән-жайлар ескеріледі.
Банк жасайтын (жасауға болжанатын) мәміледе жоғары тәуекел белгілерінің болуы мынадай мән-жайлардың бірі немесе жиынтығы анықталған кезде белгіленеді:
1) тендерлік кепілдіктерді, жеке тұлғаларға берілетін бөлшек қарыздарды және біртекті кредиттер портфеліне кіретін кредиттік карталары бойынша қарыздарды, овердрафт кредиттеу нысанындағы заңды тұлғаларға берілетін қарыздарды, сондай-ақ егер мұндай бағдарламалардың шарттарында қамтамасыз етілмеген кредиттер беру мүмкіндігі көзделсе, заңды және жеке тұлғалардың қызметін қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, қарыз беру қамтамасыз етусіз жүзеге асырылады;
2) кепілдіктер шығаруды, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды, вексельдермен операцияларды және «кері РЕПО» операцияларын қоса алғанда, банктік қарыз операцияларын ұсыну айналымдағы тауарларды, болашақта түсетін мүлікті, сақтандыру шарттарын, жеке және заңды тұлғалардың кепілдіктерін, материалдық емес активтерді, дебиторлық берешекті, қор биржасында айналысқа түспейтін заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе бағалы қағаздарын, сондай-ақ қағаз түріндегі астық қолхаттарын қоса алғанда, тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталатын активтермен қамтамасыз етілген, бұл ретте көрсетілген қамтамасыз етуді банк тек қосымша және (немесе) екінші кезектегі кепіл ретінде ғана қабылдайды;
3) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға, сондай-ақ уәкілетті органның уәжді пайымдауына сәйкес сондай деп танылатын тұлғаларға берілген қарыздардың өсу белгілері анықталған. Банктің еншілес ұйымдарын қаржыландыру ерекшелік болып табылады;
4) қарыз алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы, оның ішінде теріс меншікті капиталдың болуы, өткен кезеңдегі серпінде залалдардың өсуі, төлем қабілеттілігінің төмен деңгейі немесе қарыз қаражатына шамадан тыс тәуелділігі белгіленген;
5) іс жүзіндегі операциялық қызметтің расталмауын, меншік құрылымының айқын еместігін немесе күрделілігін, сот талқылауларының, атқарушылық іс жүргізулердің немесе өзге де заңдық даулардың болуын, аудиттелген қаржылық есептіліктің болмауын не теріс немесе ескертуі бар аудиторлық қорытындының болуын қоса алғанда, жоғары операциялық, заңдық немесе бедел тәуекелінің белгілері анықталған;
6) қарыз алушының ақша ағындары мен өтеу көздері тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталатыны, соның ішінде бір немесе шектеулі контрагенттер санына айтарлықтай тәуелділігі, міндеттемелерге қызмет көрсету үшін ақша ағындарының жеткіліксіздігі немесе тұрақсыздығы, қарыз қаражатын қаржылық жағдайды жақсартпастан, негізінен қазіргі бар берешекті қайта қаржыландыру үшін пайдалануы белгіленген;
7) құжатпен расталған мәліметтер (ішкі құжаттарды, есептерді, отырыс хаттамаларын, бұйрықтарды, қызметтік хат алмасуды, сұхбат нәтижелерін, тексерулердің бар материалдарын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) негізінде банктің шығынға ұшырау ықтималдығын арттыратын қамтамасыз етудің сапасы немесе мәміленің құрылымы белгіленген.
Осы тармақта көзделген жағдайларды, егер мәміленің, оның ішінде бір тұлғамен жасалған бірнеше мәміленің мөлшері:
меншікті капиталдың мөлшері 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеге дейін (қоса алғанда) болатын банктер үшін – шешім қабылданған күндегі банктің меншікті капиталынан 1 (бір) пайыздан асса;
меншікті капиталдың мөлшері 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеден асатын банктер үшін – шешім қабылданған күндегі банктің меншікті капиталынан 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан асса, қадағалау бөлімшесі қарастырады.
40. Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының, уәкілетті агенттердің және қаржы нарығына қатысушылардың (бұдан әрі – іс-қимылды қадағалау субъектілері) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну кезіндегі қызметін (операцияларын) жосықсыз практикалардың болуы тұрғысынан бағалау жөніндегі уәжді пайымдау іс-қимылды қадағалау субъектілерінің осындай қызметінде (операцияларында) төменде белгіленген жосықсыз практика белгілерінің болуы немесе болмауы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады:
сақтандыру қызметі бойынша – «Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерiн оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 болып тіркелген),
банк қызметі бойынша – «Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 91 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38748 болып тіркелген),
микроқаржылық қызмет бойынша – «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 92 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38746 болып тіркелген),
бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет бойынша – «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген).
41. Алқалы орган уәжді пайымдау қабылдаған жағдайда қадағалау бөлімшесі қадағалап ден қою шараларының жобасын немесе Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда шешім дайындайды.
16
25 қараша 2026 15:46
25 қараша 2026