«Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы

Жоба

 

 «Сақтандыру нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

 

 

1-тарау. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

  1. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) авария – ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақылауға болмайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы;

2) аджастер – функцияларына сақтандыру төлемі туралы өтінішті қарау, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау және тексеру және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметкері, сондай-ақ ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметтерін көрсететін заңды тұлға, осындай заңды тұлғаның қызметкері не осындай қызметтер көрсететін жеке тұлға;

3) актуарий – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған жеке тұлға;

4) актуарийдің кәсіби пайымы – актуарийдің кәсіби дайындығына, білімі мен актуарлық қызметті жүзеге асырудағы тәжірибесіне негізделген пайымы;

5) андеррайтер – функцияларына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметкері;

6) аннуитеттік сақтандыру бойынша кепілдік төлем – сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) және (немесе) сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушының пайдасына осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төлейтін ақша сомасы;

7) аннуитеттік төлемдер шарты – сақтанушы (жұмыс беруші) мен сақтандырушы арасында пайда алушының (қызметкердің) не зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың пайдасына жасалатын шарт, ол бойынша сақтандырушы қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша шартта белгіленген мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді;

8) ассистанс – сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық және өзге де жәрдем көрсету арқылы ақша түрінде және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсету;

9) ассистанс-компания – сақтандырушымен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) ассистанс беру туралы шарт жасасқан заңды тұлға;

10) аутсорсинг – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өз операцияларының және (немесе) бизнес-процестерінің бір бөлігін орындау қызметтерін өтеулі көрсету туралы шарт (аутсорсинг шарты) негізінде үшінші тұлғаларға беруі;

11) бақылау – мынадай шарттардың бірі:

бір тұлға дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарының елу пайыздан астамын тікелей және (немесе) жанама иеленген және (немесе) пайдаланған және (немесе) оларға билік еткен;

бір тұлғаның заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын тікелей немесе жанама сайлау мүмкіндігі болған;

Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компаниясының немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның қаржылық есептілігіне қосқан;

шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлға бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

12) басқару органы – акционерлік қоғамның директорлар кеңесі не заңды тұлғада тұрақты жұмыс істейін құзыреті бойынша ұқсас өзге де орган;

13) бастапқы жарна – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы болған кезде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы осы Заңда белгіленетін сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптарының (түрлерінің) тізбесіне сақтандырудың сыныбын (түрін) қосуға байланысты Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына бір рет төлейтін ақша сомасы;

14) бас ұйым – басқа заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын басқа ұйымға бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлға болып табылмайтын ұйым);

15) деректер витринасы – уәкілетті органның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және жаңартылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін қадағалау және (немесе) есептілікті ұсыну жөніндегі талаптарды орындау мақсатында сақтауға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға белгіленген форматта беруге арналған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құрылымдалған деректер жинағы;

16) еншілес ұйым – өзіне қатысты басқа заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйым бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлға болып табылмайтын ұйым);

17) жанама иелену – заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысының және (немесе) бірлесіп заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешіміне дауыс беретін акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену арқылы ықпал ету мүмкіндігі;

18) жолаушы – тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;

19) жолаушылар көлігі – жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдау үшін пайдаланылатын теміржол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль және қалалық рельсті көлік;

20) жолаушының мүлкі – тасымалдау кезінде зиян келтірілгені үшін тасымалдаушы жауап беретін жолаушының багажы және жолаушының өзімен алып жүретін қол жүгі;

21) заңды тұлға болып табылмайтын ұйым – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған (тіркелген), шет мемлекетте заңды тұлға мәртебесіне иеленуіне не иеленбеуіне қарамастан, азаматтық айналымда өз атынан әрекет ететін қор, серіктестік, траст, әріптестік не өзге де корпоративтік құрылым;

22) зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты (бұдан әрі – зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт) – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкердің пайдасына жасалатын сақтандыру шарты, ол бойынша сақтандырушы сақтандыру төлемін алушының пайдасына ай сайын сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті;

23) зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемі – Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының
1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлерге төленетін сақтандыру төлемі;

24) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия, исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

25) исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия – уәкілетті орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі исламдық сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру ұйымының филиалына берген «жалпы сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия;

26) капиталға жанама қатысу – заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысының және (немесе) бірлесіп заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін дауыс беретін акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету арқылы айқындау мүмкіндігі;

27) кәсіби актуарий – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясы бар актуарий;

28)  кәсіптік еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесі – қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілетінің төмендеу деңгейі;

29) кәсіптік тәуекел сыныбы – экономикалық қызмет түрлері бойынша қалыптасқан өндірісте жарақаттану және кәсіптік сырқаттану деңгейі;

30) көлік құралын пайдалану – көлік құралын жолдармен, сондай-ақ оларға іргелес жайластырылған немесе бейімделген және көлік құралдарының қозғалысы үшін пайдаланылатын аумақтар бойынша жүріп-тұру үшін пайдалану;

31) көлік құралының иесі – көлік құралын меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не кез келген басқа заңды негізде (мүліктік жалдау шартында, көлік құралын беру туралы құзыретті органның өкіміне байланысты және басқалар) иеленетін жеке немесе заңды тұлға;

32) көлiк оқиғасы – көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға (оның ішінде жол-көлік оқиғасы), сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян;

33) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркеуден өткен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлға болып табылмайтын оқшауланған бөлімшесі;

34) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы – мына:

сақтандыру лицензиясының негізінде сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы);

қайта сақтандыру лицензиясының негізінде қайта сақтандыру қызметін немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымының филиалы) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан оқшауланған бөлімшесі;

35) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері:

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты жоқ шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар;

шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;

шет мемлекеттер және өзге де шетелдік жария-құқықтық құрылымдар;

36) Қазақстан Республикасының резиденттері:

Қазақстан Республикасының азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары;

37) қайта сақтандыру – өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің барлығын немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;

38) қайта сақтандыру лицензиясы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына берген қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына берген исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия;

39) қайта сақтандыру ұйымы – қайта сақтандыру лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

40) қайта сақтандырушы – қайта сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымының филиалы;

41) қайта сақтанушы (цедент) – қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;

42) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

43) қауіпті өндірістік фактор – қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіретін физикалық құбылыс;

44) қосымша жарна – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға арналған сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы, зиянды өтеу резервін қалыптастыру үшін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы;

45) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты – сервистік компания мен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 1-тармағында аталған тұлға немесе «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында жасалған, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты;

46) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі – қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіге меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негізде иелік ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;

47) міндетті жарналар – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалыптастыру үшін кепілдендірілген сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы;

48) мінсіз іскерлік бедел – тұлғаның кәсіпқойлығы мен адалдығы, оның ішінде мынадай фактілердің болмауымен расталады:

көрсетілген тұлғаның қаржы ұйымының мәжбүрлеп таратылуына әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне немесе банкке реттеу режимінің қолданылуына әкеп соққан құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауы;

көрсетілген тұлғаның алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, оның ішінде мұндай тұлғаға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауы;

қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес, көрсетілген тұлғаның әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы;

49) оқыс оқиға – аварияға әкеп соқпаған, қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың iстен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестi жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өлшемдерден ауытқу;

50) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) – бір мезгілде бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарымен ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін өздерінің арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жауапкершіліктерін бөле отырып қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;

51) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты – сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың бірлескен қызметі туралы шарт шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтанушы (цедент) арасында жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты;

52)  өздігінен ұстап қалу – жауаптылық көлемінің бір бөлігі, соның шегінде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебінен жауаптылықта болады;

53) өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша кепілдік төлем – сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған аннуитеттік сақтандыру шартын қоспағанда, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) және (немесе) өмірді жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушының пайдасына осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төлейтін ақша сомасы;

54) сақтандыру агенті – сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы;

55) сақтандыру брокері – сақтанушының тапсыруымен сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын және (немесе) қайта сақтанушының (цеденттің) тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша өз атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

56) сақтандыру есебі – сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорда бар ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;

57) сақтандыру жағдайын реттеу – сақтандыру жағдайының басталу фактісін анықтау, келтірілген зиянның мөлшері мен сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау жөніндегі сақтандырушы мен қатысуы осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында немесе сақтандыру шартында қатысуы көзделген өзге де тұлғалар жүргізетін, сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға болған кезде сақтандыру төлемі туралы мәлімделген талап бойынша сақтандыру жағдайының басталған сәтінен бастап сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанға не сақтандыру төлемінен дәлелді бас тарту жібергенге дейін жүргізетін іс-шаралар кешені;

58) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі – осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз көлік оқиғасы туралы құжаттарды ресімдеу кезінде қолданылатын сақтандыру жағдайын ерекше реттеу тәртібі;

59) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);

60) сақтандыру консультанты – осы Заңның 159-бабына сәйкес сақтандыру консультантының қызметін жүзеге асыратын адам

61) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы – қатысушыларының арасында немесе қатысушылары мен сақтандыру брокері арасында белгілі бір мерзімге жасалған бірлескен қызмет туралы шарт негізінде сақтандырудың жеке сыныбы (түрі) немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру қызметін бірлесіп жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бірлестігі;

62) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – сақтандыру ұйымы және (немесе) қайта сақтандыру ұйымы;

63) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестігі – өз мүшелерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету және олардың кәсіби қызметін үйлестіру үшін қауымдастық (одақ) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;

64) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес:

жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге;

шартқа (растайтын құжаттарға) орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы жеке немесе заңды тұлға.

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының
19-тармағында аталған тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы деп танылмайды;

65) сақтандыру портфелі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар, қайта сақтандырылушылар) алдында міндеттемелері болатын не міндеттемелердің туындау ықтималдығы бар, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде қолданылу мерзімдері өткен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының жиынтық міндеттемелері;

66) сақтандыру сертификаты – жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген, сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыруды жабу шарттары туралы ақпаратты қамтитын құжат;

67) сақтандыру тарифі – сақтандыру тәуекелінің сипаты мен дәрежесін, сақтандыру шарттарын және сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығына және сақтандыру төлемінің мөлшеріне әсер ететін өзге де факторларды ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын актуарлық (экономикалық) негізделген мөлшерлеме;

68) сақтандыру тарифінің шекті мәндері – уәкілетті орган белгілейтін сақтандыру тарифінің немесе сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде қолданылатын сақтандыру тарифі коэффициенттерінің мөлшері айқындалатын сақтандырудың міндетті сыныбы бойынша сақтандыру тарифінің немесе сақтандыру тарифі коэффициенттерінің ең төмен және (немесе) ең жоғары мөлшерлері;

69) сақтандыру тәуекелі – сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығы;

70) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі – мына:

сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының міндетті сақтандыру түрлері бойынша кепілдік төлемін;

сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша кепілдік төлемін;

сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының аннуитеттік сақтандыру бойынша кепілдік төлемін алумен байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;

71) сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлем – сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған сақтандыру шарты бойынша міндетті сақтандыру сыныптарына кепілдік беру шеңберінде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төлейтін ақша сомасы;

72) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия – уәкілетті орган сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалына берген «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия;

73) сақтандыру лицензиясы – сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия, исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия;

74) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы, кәсіби актуарий;

75) сақтандыру тобы – банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар тобы.

Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын еншілес ұйымдар мен ұйымдар кірмейді;

76) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесіне қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы;

77) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін және зиянды өтеу резервін қоспағанда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтері;

78) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті капиталы – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры активтерінің мөлшері мен оның міндеттемелерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің мөлшері арасындағы айырмаға тең шама;

79) сақтандыру ұйымы – сақтандыру лицензиясының негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

80) сақтандыру холдингі – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес:

жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге;

шартқа (растайтын құжаттарға) орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы заңды тұлға.

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының
19-тармағында аталған тұлғалар сақтандыру холдингі болып танылмайды;

81) сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;

82) сервистік компания – құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде:

банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;

өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіруге;

борышкерден ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті қабылдауға;

Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге қатысты өкілеттіктерге ие, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым, коллекторлық агенттік;

83) сюрвейер – функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала тексеріп қарау және оның жай-күйі мен сақтандыру тәуекелінің дәрежесі туралы қорытынды дайындау  кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметкері, сондай-ақ өтеулі қызметтер көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына,  Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қызметтер көрсететін заңды тұлға, осындай заңды тұлғаның қызметкері не осындай қызметтер көрсететін жеке тұлға;

84) тасымалдаушы – меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде, қалалық рельстік көлікті қоса алғанда, теміржол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігі құралын иеленетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және олардың мүлкін ақы төлеу немесе жалдау бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

85) төлем қабілетсіз немесе әлеуетті төлем қабілетсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – өміршеңдігін бағалау нәтижелері мынадай мән-жайлардың бірінің болуын растайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері оның активтерінен асып кетуі;

осы Заңның 211-бабына сәйкес қалыптастырылған сақтандыру резервтерін жабу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің жеткіліксіз болуы;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің және (немесе) уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден төмен деңгейге дейін жоғары өтімді активтерінің жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;

ақшаның болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың), қайта сақтанушылардың (цеденттердің) және өзге де кредиторлардың алдындағы ақшалай міндеттемелерін, оның ішінде белгіленген мерзімдерде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орындауға қабілетсіз болуы;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығына елеулі теріс әсер ететін корпоративтік басқарудағы және (немесе) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіндегі елеулі кемшіліктердің болуы;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығына елеулі теріс әсер ететін реттеушілік немесе қаржылық есептіліктегі елеулі бұрмалаулардың, оның ішінде актуарлық бағалау нәтижелері бойынша анықталған сақтандыру резервтері мөлшерінің төмендетіп көрсетілуінің, залалдарды қасақана бұрмалаудың немесе мойындамаудың, ұсынылған ақпараттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты қаржылық жағдайынан елеулі ауытқуына әкеп соққан есеп саясатын манипуляциялаудың болуы;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығына қатер төндіретін, оның ішінде оның активтерінің құнының елеулі төмендеуіне байланысты мән-жайлардың болуы;

осы Заңда көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын айыру үшін негіздердің болуы;

жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың кез келгенінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты алдағы алты ай ішінде туындайтынын көрсететін мән-жайлардың (мәліметтердің) болуы.

86) төтенше жарналар – осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы;

87) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры – акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайларды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және осы Заңның 30-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, жылжымайтын мүлікті залалдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша жер сілкінісінен, су тасқынынан (су  басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен болатын тәуекелдерді қайта сақтандыруды жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылатын коммерциялық емес қаржы ұйымы;

88) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының инвестициялық портфелі – Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарының жиынтығы;

89) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының орталықтандырылған ақпараттық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және осы Заңда көзделген Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының міндеттерін шешуге және функцияларын іске асыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;

90) тiкелей реттеу – көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы осы Заңда көзделген жауапкершілік көлемі шегінде өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру жағдайын реттеу;

91) ұйымның капиталына қомақты қатысу – шартқа (растайтын құжаттарға) орай дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа нысандарының жиырма және одан көп пайызын өз бетінше немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету.

Мыналар ұйымның капиталына қомақты қатысуы бар тұлға болып танылмайды:

Қазақстан Республикасының Үкіметі;

ұлттық басқарушы холдинг;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның еншілес ұйымдары;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы;

осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалар;

92) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі –  авария болған жағдайда экологиялық залал келтірілуі мүмкін жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі;

93)  ірі қатысушы – дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарының он немесе одан көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым.

Мыналар заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысы болып танылмайды:

Қазақстан Республикасының Үкіметі;

ұлттық басқарушы холдинг;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның еншілес ұйымдары;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы.

 

 

2-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасы

 

  1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттардың қолданылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

 

3-бап. Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

 

  1. Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының тұрақты әрі ашық сақтандыру нарығын қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жұмыс істеуі үшін құқықтық негіздерді белгілеу;

2) сақтандыру нарығын реттеу, бақылау және қадағалау;

3) сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру;

4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

5) сақтандыру нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

6) қаржылық сауаттылық деңгейін және халыққа сақтандырудың көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;

7) тұрғынжайлар иелерінің мүліктік мүдделерін жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және табиғи сипаттағы орман өрті тәуекелдерінен сақтандырып қорғаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

8) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

  1. Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі қағидаттары:

1) сақтандыру нарығын тиімді және пропорционалды (мөлшерлес) реттеу;

2) сақтандыру нарығына кәсіби және өзге де қатысушылар қызметінің ашықтығы;

3) сақтандыру нарығына кәсіби және өзге де қатысушылардың жауапкершілігі.

  1. Сақтандыру нарығын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді қоса алғанда, сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды уәкілетті орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Өзге де мемлекеттік органдардың осы Заңда реттелмеген өкілеттіктері Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделуі мүмкін.

  1. Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) мемлекет өзіне мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапкершілікті қабылдаған жағдайларды қоспағанда, сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ мемлекет сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
  2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.

 

 

2-тарау. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ

 

4-бап. Сақтандыру нарығы және сақтандыру нарығына қатысушылар

 

  1. Сақтандыру нарығы сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін және сақтандыруға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға байланысты, сондай-ақ сақтандыру нарығына кәсіби қатысушыларды құру, лицензиялау және олардың жұмыс істеуі, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру және сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар мен өзге де қатысушылар арасында туындайтын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастар жүйесін білдіреді.
  2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығына қатысушылар:

1) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;

3) сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы;

4) сақтандыру агенті;

5) сақтандыру консультанты;

6) актуарий, оның ішінде осы Заңның 168-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес келетін тәуелсіз актуарий;  

7) бағалаушы;

8) андеррайтер;

9) аджастер;

10) сюрвейер;

11) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

12) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры;

13) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым;

14) орталық актуарий;

15) қаржы омбудсманы;

16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі;

17) актуарийлер бірлестігі;

18) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым;

19) сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар.

  1. Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, оның ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тұлғалардың сақтандырып қорғалуына құқығы бар.

 

5-бап. Сақтандыру нарығында уәкілеттік берілмеген қызметке тыйым салу

 

  1. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:

1) өз атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің, кәсіби актуарийдің қызметін жүзеге асыруға;

2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада өз атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің, кәсіби актуарийдің қызметін жүзеге асыратынын білдіретін «сақтандыру», «қайта сақтандыру», «сақтандыру ұйымы», «қайта сақтандыру ұйымы», «сақтандыру брокері» деген сөздерді немесе олардың туынды сөздерін (сөз тіркестерін) кез келген тілде пайдалануға құқығы жоқ.

  1. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тыйым мынадай тұлғалардың:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға арналған рұқсаттың немесе ерекше реттеу режимінің сәтті аяқталғаны туралы уәкілетті органның жазбаша растамасы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен заңды тұлғалардың;

2) сақтандыру брокері ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен заңды тұлғалардың;

3) уәкілетті органның тиісті филиалды ашуға рұқсаты негізінде есептік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарының атауында және құжаттарында көрсетілген сөздерді пайдалануға қолданылмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері уәкілетті орган тиісті лицензия беру туралы өтініш бойынша шешім қабылдаған күнге дейін,
ал мұндай өтініш ұсынылмаған жағдайда осы Заңның 17-бабының 2 және
9-тармақтарында және 27-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күнге дейін қолданылады.

  1. Уәкілетті орган лицензия беруден бас тартқан немесе осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген уәкілетті органға лицензия алу үшін жүгіну мерзімі өткен жағдайда, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға лицензия беруден бас тарту туралы шешімді алған күннен бастап немесе уәкілетті органға лицензия алу үшін жүгіну мерзімі өткен күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде өз атауынан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген сөздерді алып тастауға міндетті.
  2. Осы баптың 1-тармағының ережелері осы Заңның 151-бабының
    3-тармағында көзделген қызметті сақтандыру лицензиясы, қайта сақтандыру лицензиясы және орталық актуарий лицензиясы болмаған кезде жүзеге асыратын Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына қолданылмайды.

 

 

2-БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫН  АШУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

 

3-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫН АШУ ТӘРТІБІ

 

6-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесі

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

  1. Сақтандыру ұйымының ресми мәртебесі уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсатының не осы Заңның
    17-бабының 9-тармағында көзделген жағдайда ерекше реттеу режимінің сәтті аяқталғаны туралы уәкілетті органның жазбаша растамасының негізінде жүзеге асырылатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) заңды тұлғаны сақтандыру ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеумен (қайта тіркеумен) және сақтандыру лицензиясының болуымен айқындалады.

Қайта сақтандыру ұйымының ресми мәртебесі уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсатының не осы Заңның
17-бабының 9-тармағында көзделген жағдайда ерекше реттеу режимінің сәтті аяқталғаны туралы уәкілетті органның жазбаша растамасының негізінде жүзеге асырылатын Мемлекеттік корпорацияда заңды тұлғаны қайта сақтандыру ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеумен (қайта тіркеумен) және қайта сақтандыру лицензиясының болуымен айқындалады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы мынадай талаптарға сәйкес келуге:

1) «сақтандыру» деген сөз немесе одан туындайтын сөздер («жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін) болуға;

2) «исламдық сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер («жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымы үшін) болуға;

3) «өмірді сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер («өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін) болуға;

4) «исламдық» және «өмірді сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер («өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын исламдық сақтандыру ұйымы үшін) болуға;

5) «қайта сақтандыру» деген сөз немесе одан туындайтын сөздер (сақтандыру лицензиясы жоқ қайта сақтандыру ұйымы үшін) болуға;

6) «исламдық» және «қайта сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер (сақтандыру лицензиясы жоқ исламдық қайта сақтандыру ұйымы үшін) болуға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық компания мәртебесіне ие сақтандыру ұйымын қоспағанда, кез келген тілде «ұлттық», «орталық», «бюджеттік», «мемлекеттік», «республикалық» деген сөздерді толық немесе қысқартылған түрде пайдаланбауға;

8) еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауларын қоспағанда, бұрын құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауымен аралас дәрежеге дейінгі бірегей немесе ұқсас сөздерді және (немесе) белгілерді пайдаланбауға;

9) бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) атауы болуға тиіс.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретінде пайдаланады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының орналасқан жері (пошталық мекенжайы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері болып танылады.
  3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мәліметтерден басқа:

1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;

2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы – исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңестің функцияларының сипаттамасы және оны құру тәртібі;

3) исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алудың шарттары мен тәртібі болуға тиіс.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы және (немесе) оның орналасқан жері өзгерген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мұндай өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен бастап немесе оларды мемлекеттік тіркеу талап етілмеген жағдайларда Мемлекеттік корпорацияға осындай өзгерістер туралы хабарланған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға мұндай өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

 

7-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық және меншікті капиталы

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталы осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды орналастыру есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қалыптастырылады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері осы Заңның 213-бабының 11-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  3. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде толық төлеуге тиіс.
  4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары оларды орналастыру кезінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, тек ақшамен төленуге тиіс.
  5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәміле нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылмаған жағдайда акционерлерден өз акцияларын сатып алуға құқылы.

 

8-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері

 

  1. Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары, резиденттері және (немесе) бейрезиденттері осы баптың 2 және
    5-тармақтарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары және акционерлері бола алады.
  2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті орган арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және (немесе) акционері бола алады.

Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, дауыс беретін акцияларының не жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері бола алмайды.

  1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай өз бетінше немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, мыналарға:

жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылауды жүзеге асыруға;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы емес.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында аталған тұлғаларға қолданылмайды.

Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылауды жүзеге асыратын немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама ықпал ететін (дауыс беретін) тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ мұндай тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу тәртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленеді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кемінде бір ірі қатысушысы немесе бір сақтандыру холдингі болуға тиіс.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін оффшорлық аймақтарда тіркеле алмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шектеу Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оның еншілес ұйымы болып табылған жағдайда, рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен талап етілетін рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына немесе сақтандыру холдингіне қолданылмайды.

Рейтингтік агенттіктердің тізбесі және талап етілетін ең төмен рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мынадай шарттардың кез келгені болған:

1) аталған тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай бірлесіп ықпал еткен;

2) аталған тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болған;

3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді және (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уәкілеттік берген (міндеттеген);

4) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алу үшін өтеусіз ақша және (немесе) өзге де мүлік берген;

5) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның лауазымды тұлғасы болған;

6) өкіл өкілдік берген тұлғаның нұсқауларына қатаң сәйкестікте әрекет ететін және өкілдік берген тұлғаның атынан өз қалауы бойынша әрекеттер жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның өкілі болған;

7) аталған тұлғалардың бірі жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) болған;

8) аталған тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал еткен кезде бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кіретін жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.

  1. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мынадай шарттардың кез келгені болған:

1) аталған тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай бірлесіп ықпал еткен;

2) аталған тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болған;

3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді және (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уәкілеттік берген (міндеттеген);

4) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы сатып алу үшін өтеусіз ақша және (немесе) өзге де мүлік берген;

5) өкіл өкілдік берген тұлғаның нұсқауларына қатаң сәйкестікте әрекет ететін және өкілдік берген тұлғаның атынан өз қалауы бойынша әрекеттер жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның өкілі болған;

6) аталған тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал еткен кезде бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.

  1. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін, тек қана:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру;

2) директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда, оны шақыру туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің отырысын шақыру;

5) аудиторлық ұйымның өз есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргізу мәселелері бойынша бірлескен шешімдер қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған шарт негізінде әрекет ететін тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі деп танылмайды.

  1. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне сай бола бастаған жағдайда, мұндай тұлға «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алмайынша өзі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қабылданатын шешімдерге ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасауға және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы дауыс беруге құқылы емес.

Уәкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетін тұлғаға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, осы Заңның 223-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға, оның ішінде аталған тұлғадан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатуды талап етуге құқылы.

  1. Уәкілетті орган тұлғаның уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне сай келетіні туралы мәліметтерді растайтын немесе теріске шығаратын ақпаратты талап етуге құқылы.

Уәкілетті орган көрсетілген ақпаратқа ие кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғаның бақылауындағы кез келген ұйымнан оны талап ете алады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы иеленетін тұлғалар құрамының өзгеруі туралы уәкілетті органды осы фактіні өзі анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабарлауға міндетті.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.
  3. Банктің сақтандыру холдингі, акциялары банк Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру жүргізген кезде сатып алынған немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68, 97 және 98-баптарында көзделген операцияны жүзеге асыру кезінде берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуіне уәкілетті органның келісімі операция бағалы қағаздарды ұстаушылардың (номиналды ұстау) тізілімдері жүйесінде тіркелгеннен кейін берілген болып есептеледі.
  4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысын, сақтандыру холдингін бақылау белгілерін, олардың белгілерін белгілеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және оған мыналар кіреді:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілерін белгілеу мақсатында жеке немесе заңды тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызына тікелей және (немесе) жанама ықпал ету жағдайларын белгілеу;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) холдингінің белгілерін белгілеу мақсатында заңды тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызына тікелей және (немесе) жанама ықпал ету жағдайларын белгілеу;

3) оларды бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі деп тану мақсаттарында жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей және (немесе) жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін жағдайларды айқындау;

4) бақылау белгілерін белгілеу мақсатында бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін өзгеше түрде айқындау мүмкіндігі болған жағдайларды белгілеу.

 

9-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтініш

 

  1. Жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
  2. Өтініш беруші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтер қоса берілуге тиіс:

1) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) көшірмесі;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталындағы қатысу үлесі он пайыздан кем құрылтайшылар туралы мәліметтер (уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тізбе бойынша), оның ішінде құрылтайшы заңды тұлғаның аудиторлық есептермен расталған, соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (құрылтайшы заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ құрылтайшы заңды тұлғаның өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда құрылтайшы заңды тұлға өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (құрылтайшы заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (құрылтайшы заңды тұлғада еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.

Мынадай жағдайларда:

осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болғанда;

құрылтайшы заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылғанда және осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орналастырылғанда және қолжетімді болғанда осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік ұсынылмайды.

3) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының
8-тармағының 1) тармақшасында, 10-тармағының 1) тармақшасында және
14-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда, өтініш беруші сақтандыру ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленген жағдайда «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында айқындалған тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;

4) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-6-бабына сәйкес еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға немесе басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын капиталына қомақты қатысуға рұқсат алған жағдайда еншілес ұйымды құруға, иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш;

5) жеке тұлға құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу (жарғылық капиталының ақысын төлеу) үшін пайдаланатын қаражат көздерін (шығу тегін) растайтын құжаттардың көшірмелері.

Жеке тұлға құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу (жарғылық капиталының ақысын төлеу) үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 7-тармағында айқындалған;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай шартының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);

7) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтінішке өтініш беруші өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін қоса беруге міндетті.
  2. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше реттеу режимін сәтті аяқтаған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретінде қызметті жүзеге асыруға ниетті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәртебесі жоқ заңды тұлғаның акционері болып табылатын жеке немесе заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтінішке осы бабының 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса береді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру осы Заңның 17-бабының 9-тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) лицензиясын берумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  3. Осы Заңның 17-бабының 9-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарайды.

Уәкілетті орган кез келген мынадай жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы:

өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы;

ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді жүзеге асырудың қажет болуы.

Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жойғаннан кейін және уәкілетті орган аталған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде ұсынбаған жағдайда қайта басталады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

 

10-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруден бас тарту

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атауының осы Заңның
6-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сай болмауы;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтайшысының (құрылтайшыларының) қаржылық жағдайының тұрақсыздығы.

Мынадай белгілердің кез келгенінің болуы тұрақсыз қаржылық жағдай деп түсініледі:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы міндеттемелерінің акцияларға, қатысу үлестеріне, пайларға не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандарына орналастырылған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға көзделген активтерінің сомасын шегеріп тастағанда өз активтерінен асып кетуі;

аяқталған әрбір соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтайшысының залал шегуі;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтайшысының міндеттемелері мөлшерінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйіне айтарлықтай қауіп-қатер төндіруі;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтайшысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтайшысының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтайшысының мүлкі құнының (оның міндеттемелері шегерілген) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болуы;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылтайшысының тұрақсыз қаржылық жағдайын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтанушыларына (сақтандырушыларына, пайда алушыларына) нұқсан келтіруінің мүмкін екендігін білдіретін уәжді пайымдау пайдаланылып анықталған өзге де негіздер;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы жеке тұлғаның не құрылтайшы заңды тұлғаның атқарушы органының және (немесе) басқару органының бірінші басшысының:

 жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы;

 Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруының тоқтатылуына алып келген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары лауазымын атқарған жағдайлар.

Осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы тиісті шешім қабылдағаннан кейін немесе тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін он жыл бойы қолданылады.

Осы тармақшаның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қаржы ұйымы деп түсініледі;

4) осы Заңның 8 белгіленген шектеулерді сақтамау;

5) осы Заңның 9 және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленген талаптарды сақтамау;

6) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;

7) уәкілетті органның еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға немесе басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуы;

8) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер бойынша ескертулерін осы Заңның 9-бабы 8-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде жоймау;

9) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы;

10) осы Заңның 17-бабының 9-тармағында көзделген жағдайда уәкілетті органның сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын беруден бас тартуы.

  1. Уәкілетті орган өтініш берушіні бас тарту себебін негіздей отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

 

11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсаттың қолданылу мерзімі

 

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын беру туралы шешім қабылдағанға дейін не осы баптың 2және 3-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсаттың заңды күші болады.
  2. Мынадай жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға берiлген рұқсаттың сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын алғанға дейін күші жойылған деп саналады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің оны қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;

2) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда заңды тұлғаны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпеуі;

4) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсатты кері қайтарып алуы.

Рұқсат беруге негіз болған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер (мәліметтер) анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсатты кері қайтарып алады.

Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк лицензиясын алмауы.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы (акционері) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға берілген рұқсатты уәкілетті органға қайтару арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсаттан өз еркімен бас тартуға құқылы.

Көрсетілген жағдайда банк өзге ұйым болып қайта тіркелуге не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз қызметін тоқтатуға міндетті.

  1. Осы баптың 2және 3-тармақтарындакөзделген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысушысы (сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге бұрын берілген келісімнің күші жойылды деп танылады.

 

 

4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БЕЙРЕЗИДЕНТ САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ)

ҰЙЫМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫН АШУ ТӘРТІБІ

 

12-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құқықтық мәртебесі

 

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
    ұйымы филиалының ресми мәртебесі оны Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылатын Мемлекеттік корпорацияда есептік тіркеумен (қайта тіркеумен) және сақтандыру лицензиясының болуымен айқындалады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымы филиалының ресми мәртебесі оны Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылатын Мемлекеттік корпорацияда есептік тіркеумен (қайта тіркеумен) және қайта сақтандыру лицензиясының болуымен айқындалады.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы мынадай талаптарға сәйкес келуге:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы, сондай-ақ «филиал» деген сөз болуға;

2) «исламдық сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер (Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру ұйымы филиалының атауы үшін) болуға;

3) «қайта сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер (сақтандыру лицензиясы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымының филиалы үшін) болуға;

4) «исламдық» және «қайта сақтандыру» деген сөздер немесе олардан туындайтын сөздер (сақтандыру лицензиясы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық қайта сақтандыру ұйымының филиалы үшін) болуға;

5) басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауымен аралас дәрежеге дейінгі бірегей немесе ұқсас сөздерді және (немесе) белгілерді пайдаланбауға тиіс.

  1. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.
  2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тұрған жері деп Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жері танылады.
  3. Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтерден бөлек, мыналар:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;

2) исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңестің не Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тұрақты жұмыс істейтін ұқсас органның функцияларының сипаты;

3) исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған, исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алудың шарттары және тәртібі болуға тиіс.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы және (немесе) оның орналасқан жері өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы осындай өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен немесе оларды мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін жағдайларда осындай өзгерістер туралы Мемлекеттік корпорацияға хабарлаған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға осындай өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

 

13-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға қойылатын талаптар

 

Мына талаптардың барлығы орындалған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы жиынтық активтерінің сомасы екі миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;

2) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болуға тиіс;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы халықаралық сақтандыруды қадағалау органдары қауымдастығының қатысушысы болып табылады;

5) мұндай келісім (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға келісімінің (рұқсатының) болуы;

6) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның (рұқсаттың) болуы;

7) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингінің болуы;

8) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өтініш берген күннің алдындағы он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін және өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін бұзушылықтардың болмауы.

 

14-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш

 

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
    (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беруші береді.
  2. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
    (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

2) лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген сақтандыру сыныптарының (түрлерінің) тізбесі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мынадай:

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындаған міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансында есепке алу туралы;

осы Заңның 210-бабының 14-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы активтерінің мөлшерін бекіту туралы мәселелер бойынша шешімдерді қамтитын Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті өзі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесі не Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына  қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

6) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептермен расталған соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы жылдық қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.

Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік ұсынылмайды;

7) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер;

8) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.

  1. Тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-« кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі бар, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың
    2-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талаптар қолданылмайды.
  2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
  3. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  4. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарайды.

Уәкілетті орган кез келген мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы:

ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы;

ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді жүзеге асырудың қажет болуы.

Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жойғаннан кейін және уәкілетті орган аталған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін және (немесе) өтініш беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған жағдайда қайта басталады.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

 

15-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту

 

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
    (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының атауының осы Заңның 12-бабының
2-тармағында белгіленген талаптарға сай болмауы;

2) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделінің болмауы;

3) осы Заңның 13-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;

4) ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді осы Заңның 14-бабы 6-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде жоймау;

5) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық еместігі.

  1. Уәкілетті орган бас тарту себебін негіздей отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

 

16-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсаттың қолданылу мерзімі

 

  1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
    (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын беру туралы шешім қабылдағанға дейін не осы баптың 2және 3-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
    (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсаттың заңды күші болады.
  2. Мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға берiлген рұқсаттың күші жойылды деп танылады:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;

2) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның (рұқсаттың) қолданылуының тоқтатыла тұруы немесе одан айырылуы;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда есептік тіркеуден өтпеуі;

4) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алуы.

Рұқсат беруге негіз болған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер (мәліметтер) анықталған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын алмауы.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсатты уәкілетті органға қайтару арқылы өзіне берілген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсаттан өз еркімен бас тартуға құқылы.

Көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген филиалды есептік тіркеуден алу арқылы өз филиалының Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметін тоқтатуға міндетті.

 

 

5-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫНЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТӘРТІБІ

 

17-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиялау

 

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға мынадай лицензиялар береді:

1) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия;

2) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия;

3) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия;

4) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия;

5) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия;

6) исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген лицензиялар олардың шегінде лицензиат сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы сақтандыру сыныптары көрсетіле отырып беріледі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау, сақтандырудың барлық немесе жекелеген сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын, брокерлік қызметтің барлық немесе жекелеген түрлері бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш беруші уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат берген күннен бастап он екі ай ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын алуға өтініш беруге міндетті.
  2. Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға алғаш рет өтініш бергенге дейін өтініш беруші сақтандыру қызметін жүзеге асыруды жоспарлы бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды, оның ішінде мыналарды орындауға:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сай келетін бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру бойынша жабдық пен бағдарламалық қамтылымды дайындауға;

2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес сақтандыру қағидалары мен сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажетті ішкі құжаттарды бекітуге;

3) штатында кәсіби актуарийдің болуы;

4) егер міндетті қатысу осы Заңда белгіленген болса, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартын жасасуға;

5) осы Заңның талаптарына сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасуға міндетті.

  1. Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға алғаш рет өтініш бергенге дейін өтініш беруші қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруды жоспарлы бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды, оның ішінде мыналарды орындауға:

1) осы баптың 3-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындауға;

2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес қайта сақтандыру қағидалары мен қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты, оның ішінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру үшін қажетті ішкі құжаттар бекітуге міндетті.

  1. Исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға алғаш рет өтініш бергенге дейін өтініш беруші исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруды жоспарлы бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды, оның ішінде мыналарды орындауға:

1) осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарды орындауға;

2) исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ережені бекітуге;

3) исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерін тағайындауға міндетті.

  1. Исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға алғаш рет өтініш бергенге дейін өтініш беруші исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруды жоспарлы бастауға байланысты барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды, оның ішінде осы баптың 5-тармағының 4-тармағында және 2) және 3) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындауға міндетті.
  2. Өтініш беруші заңды тұлға сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін алғаш рет ұсынатын құжаттар тізбесі:

1) өтініш беруші сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың жоспарлы басталуына байланысты талаптардың және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың орындалғанын растайтын өтініш;

2) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;

3) көрсетілген алымды «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

4) осы Заңның 160-бабында және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес басшы қызметкерлер лауазымына ұсынылатын адамдарды келісу үшін көзделген құжаттар;

5) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін бизнес-жоспар;

6)  ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

7) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.

  1. Өтініш беруші заңды тұлғаның исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны, исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алғаш рет алу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

1) осы баптың 7-тармағында көзделген құжаттар;

2) исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереженің көшірмесі;

3) исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелерінің лауазымына тағайындалған адамдардың осы Заңның 46-бабында белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын, олар туралы мәліметтер.

  1. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәртебесі жоқ заңды тұлға «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше реттеу режимін сәтті аяқтаған жағдайда және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретінде қызметті жүзеге асыруға ниетті болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға, сатып алуға немесе капиталға қомақты қатысуға рұқсат (қажет болған жағдайда), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімі, сақтандыру (қайта сақтандыру) лицензиясы осы баптың 17-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзімде бір мезгілде беріледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлға «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше реттеу режимінің сәтті аяқталғаны туралы жазбаша растау берілген күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) лицензиясын алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім осы Заңның
9-бабының 5-тармағында және осы баптың 7 және (немесе) 8-тармақтарында көзделген өтініштер мен құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

Осы тармаққа сәйкес берілген өтініштердің кез келгенін қарау мерзімін тоқтата тұру барлық берілген өтініштер бойынша қарау мерзімдерін тоқтата тұруға алып келеді.

Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаларға олардың ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметі сақтандыруға (қайта сақтандыруға) қатысты болған жағдайда қолданылады.

  1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас сақтандыру сыныптарына (түрлеріне) (қызмет түрлеріне) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензия (қолданыстағы рұқсаты) болған кезде береді.
  2. Өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алғаш рет алу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

1) осы баптың 7-тармағының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар;

2) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында өзінің филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы және мұндай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);

4) сақтандыру сыныптарының (қызмет түрлерінің) тізбесі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі.

Егер осы Заңның 15-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыруға құқылы сақтандыру сыныптарының (қызмет түрлерінің) тізбесі өзгерсе не Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алса,  көрсетілген лицензия (рұқсат) ұсынылады.

  1. Өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны, исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алғаш рет алу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

1) осы баптың 11-тармағында көзделген құжаттар;

2) исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес не Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас орган туралы ереженің (нұсқаудың) көшірмесі;

3) исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңестің не Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тұрақты жұмыс істейтін өзге де осыған ұқсас органның басшысы мен мүшелерінің лауазымына тағайындалған адамдар туралы мәліметтер.

  1. Жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс істеп тұрған филиалы сақтандырудың қосымша сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясын, қызметтің қосымша түрі ретінде қайта сақтандыру лицензиясын алу үшін сақтандырудың қосымша сыныбы бойынша сақтандыру қағидаларын, қайта сақтандыру қағидаларын бекітуге, сондай-ақ егер міндетті қатысу осы Заңда белгіленген болса, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартын жасасуға міндетті.

Жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс істеп тұрған филиалы сақтандырудың қосымша сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясын, қызметтің қосымша түрі ретінде қайта сақтандыру лицензиясын алу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

1) өтініш;

2) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін бизнес-жоспар;

3) көрсетілген алымды «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

4) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.

  1. Лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруін қоспағанда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, сақтандыру лицензиясы, қайта сақтандыру лицензиясы қайта ресімделуге жатады.
  2. Сақтандыру ұйымы уәкілетті органның тиісті лицензиясы болған кезде капитал нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Капитал нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны уәкілетті орган «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы немесе «өмірді сақтандыру» саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымына ғана береді.

Сақтандыру ұйымына берілген капитал нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия «Капитал нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайлардан басқа, тиісінше сақтандыру ұйымының «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясының немесе «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, өзінің қолданылуын тоқтата тұрады не тоқтатады.

  1. Уәкілетті органның сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдауын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді қоспағанда, сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
  2. Уәкілетті орган сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын беру туралы өтінішті өтініш беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

Уәкілетті орган сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын қайта ресімдеу туралы өтінішті «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген өтінішті қарау мерзімін мынадай кез келген жағдайларда тоқтата тұруға құқылы:

ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы;

ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің анықтығын тексеруді жүзеге асыру қажет болуы.

Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.

Өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жойғаннан және уәкілетті орган көрсетілген құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, өтінішті қарау мерзімі қайта басталады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы лицензиялық қызметті сақтандыру лицензиясы, қайта сақтандыру лицензиясы берілген күннен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын ерікті түрде қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.

 

18-бап. Сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту

 

  1. Сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

 1) өтініш берушінің осы Заңның 17-бабында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамауы;

2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейін алты ай бұрын пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

3) осы Заңның 210-бабының 14-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастыру жөніндегі талапты орындамауы;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;

5) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған қызмет түрлеріне ұқсас сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болмауы;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға өтініш берушіге бұрын берілген рұқсаттың күшін жою;

7) тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттар қатарынан өтініш берушінің басшы қызметкерін келіспеу (сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын алғаш рет алуға өтініш білдірген өтініш беруші үшін);

8) осы Заңның 160-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі басшы қызметкердің Қазақстан Республикасының резиденттері болуы жөніндегі талаптың сақталмауы;

9) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

10) сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;

11) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға арналған рұқсат беруден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге және (немесе) еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға және (немесе) осы Заңның 17-бабының 9-тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) лицензиясын алумен бірге көрсетілген рұқсаттарды (келісімді) алған жағдайларда басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға арналған рұқсатты беруден бас тарту;

  1. Осы баптың 1-тармағында баяндалған негіздерден басқа, қосымша қызмет түрі ретінде сақтандырудың қосымша сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

 1) алынатын қосымша сақтандыру сыныбын және (немесе) қызмет түрін ескере отырып, пруденциялық нормативтерді сақтамау болжамы;

 2) өтініш берілген күнге дейінгі соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамау;

 3) өтініш берілген күнге сақтандыру лицензиясының, қайта сақтандыру лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы.

  1. Сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын беруден (қайта ресімдеуден) бас тартылған жағдайда, өтініш беруші олардың негізінде бас тарту алынған сәйкессіздіктерді жоюға және түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсына отырып, сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын алуға өтінішпен уәкілетті органға қайта жүгінуге құқылы.

Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жоюға және өтініш берушіге келісім беруден бас тартылған адамның орнына осы Заңның                        163-бабының және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                        9-4-бабының талаптарына сәйкес өтініш берушінің басшы қызметкері лауазымына өтініш беруші ұсынатын жаңа адамға қатысты құжаттар мен мәліметтер ұсыныла отырып, сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын алуға арналған өтінішпен уәкілетті органға қайта жүгінуге құқылы.

 

3-БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ БРОКЕРІН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ САҚТАНДЫРУ БРОКЕРІНІҢ ФИЛИАЛЫН АШУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

 

6-тарау. САҚТАНДЫРУ БРОКЕРІН АШУ ТӘРТІБІ

 

19-бап. Сақтандыру брокерінің құқықтық мәртебесі

 

  1. Сақтандыру брокері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің не акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады.
  2. Сақтандыру брокерінің ресми мәртебесі заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Мемлекеттік корпорацияда сақтандыру брокері ретінде мемлекеттік тіркеумен (қайта тіркеумен) және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның болуымен айқындалады.
  3. Сақтандыру брокерінің атауы мынадай талаптарға сәйкес болуға:

1) «сақтандыру брокері» деген сөздерді немесе олардан туындайтын сөздерді қамтуға;

2) «ұлттық», «орталық», «бюджеттік», «мемлекеттік», «республикалық» деген сөздерді пайдаланбауға;

3) бұрын құрылған сақтандыру брокерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің атауымен бірдей немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас сөздер және (немесе) белгілерді пайдаланбауға;

4) бас сақтандыру брокерінің атауын (еншілес сақтандыру брокерінің атауы үшін) қамтуға тиіс.

  1. Сақтандыру брокерінің тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органының орналасқан жері сақтандыру брокерінің орналасқан жері болып танылады.
  2. Сақтандыру брокерінің атауы және (немесе) оның орналасқан жері өзгерген жағдайда сақтандыру брокері осындай өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде немесе оларды мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін жағдайларда осындай өзгерістер туралы Мемлекеттік корпорацияны хабардар еткен күннен бастап уәкілетті органға осындай өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

 

 

20-бап.  Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары

             (қатысушылары, акционерлері)

 

  1. Мына адамдарды:

1) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

2) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі адамдарды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалар және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттері және (немесе) бейрезиденттері сақтандыру брокерінің құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) бола алады.

Сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда, уәкілетті орган осы қатысушыға (акционерге) өзіне тиесілі сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін (акцияларын) иеліктен шығару туралы талап жібереді.

Сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) уәкілетті органның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталындағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) иеліктен шығару туралы талабын алған күннен бастап алты ай ішінде оны орындауға және ол туралы ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, уәкілетті органға беруге міндетті.

  1. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) мен қызметкерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында лауазымдарды атқара алмайды немесе сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыра алмайды.

 

21-бап. Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталы

 

  1. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қалыптастырылады.
  2. Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  3. Жаңадан құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары сақтандыру брокері мемлекеттік тіркелген кезде толық төлеуге тиіс.

 

 

7-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ САҚТАНДЫРУ БРОКЕРІНІҢ ФИЛИАЛЫН АШУ ТӘРТІБІ

 

22-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының құқықтық мәртебесі

 

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының ресми мәртебесі оның уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға арналған рұқсаты негізінде жүзеге асырылатын Мемлекеттік корпорацияда есептік тіркеуімен (қайта тіркеуімен) және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясының болуымен айқындалады.
  2. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының атауы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің атауын, сондай-ақ «филиал» деген сөзді қамтуға;

2) басқа сақтандыру брокерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің атауымен бірдей немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас сөздер және (немесе) белгімелерді пайдаланбауға міндетті.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.
  2. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы туралы ережеде көрсетілген оның Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының орналасқан жері болып танылады.
  3. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының қызметкерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында лауазымдарды атқара алмайды немесе сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
  4. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының атауы және (немесе) оның орналасқан жері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы осындай өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде немесе оларды мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін жағдайларда, осындай өзгерістер туралы Мемлекеттік корпорацияны хабардар еткен күннен бастап уәкілетті органға осындай өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

 

 

23-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға қойылатын талаптар

 

Мына талаптардың барлығы орындалған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болуға тиіс;

2) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берген келісім (рұқсат) сол мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда осындай келісімнің (рұқсаттың) болуы;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болуы;

4) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қызметін жүзеге асыруды реттейтін заңнама талаптарының жүйелі түрде (Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзылуының болмауы.

 

24-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш

 

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті өтініш беруші уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.
  2. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

2) лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін көрсете отырып, резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің  мынадай:

          Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің балансында есепке алу туралы;

       осы Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы активтерінің мөлшерін бекіту туралы мәселелер бойынша шешімдерді қамтитын Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резиденті өзі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесі не Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокеріне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептермен расталған соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы жылдық қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.

          Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік ұсынылмайды;

7) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер;

          8) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.

  1.     Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
  2. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  3. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарайды.

Уәкілетті орган кез келген мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтьандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы:

          ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы;

          ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

          ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді жүзеге асырудың қажет болуы.

          Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жойғаннан кейін және уәкілетті орган аталған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін және (немесе) өтініш беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған жағдайда қайта басталады.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокеріне және Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

 

25-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің  филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту

 

  1.    Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің   филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

          1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері атауының осы Заңның 22-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай болмауы;

          2) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің  басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделінің болмауы;

          3) осы Заңның 23-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;

          4) ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді осы Заңның 24-бабы 5-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде жоймау;

          5) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық еместігі.

  1. Уәкілетті орган бас тарту себебін негіздей отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерін ашуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

 

26-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің  филиалын ашуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі

 

  1.     Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалына сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беру туралы шешім қабылдағанға дейін не осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсаттың заңды күші болады.
  2.  Мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берiлген рұқсаттың күші жойылды деп танылады:

          1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;

          2) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген банк қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның (рұқсаттың) қолданылуы тоқтатыла тұруы немесе одан айырылуы;

          3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда есептік тіркеуден өтпеуі;

          4) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алуы.

Рұқсат беруге негіз болған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер (мәліметтер) анықталған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алады.

          Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алмауы.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсатты уәкілетті органға қайтару арқылы оған берілген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсаттан өз еркімен бас тартуға құқылы.

          Көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген филиалды есептік тіркеуден алу арқылы өз филиалының Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметін тоқтатуға міндетті.

 

 

8-тарау. САҚТАНДЫРУ БРОКЕРІНІҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ САҚТАНДЫРУ БРОКЕРІ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТӘРТІБІ

 

27-бап. Сақтандыру брокерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиялау

 

  1. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны уәкілетті орган береді.

Өтініш беруші уәкілетті органға сақтандыру брокері ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап алты ай ішінде, ал Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы үшін – уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат берген күннен бастап уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алуға өтініш беруге міндетті.

  1. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алу үшін өтініш беруші заңды тұлға алғаш рет ұсынатын құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі;

4) «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

5) осы Заңның 160-бабында және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес басшы қызметкерлер лауазымдарына ұсынылатын адамдарды келісу үшін көзделген құжаттар;

6) ең төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілеген сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

7) өтініш берушінің құрылтайшылары (акционерлері, қатысушылары) туралы мәліметтер (уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тізбе бойынша);

8) өтініш берушінің құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын сақтандыру брокерінің акцияларын (үлестерін) (қатысушыларын) иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесі не құрылтайшысы (акционері, қатысушысы)резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан мұндай келісім (рұқсат) (Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы болып табылатын құрылтайшы (акционер, қатысушы) үшін) талап етілмейтін  растаудың көшірмесі;

9) өтініш берушінің құрылтайшысында (акционерінде, қатысушысында) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын, оның азаматтығы бар елдің және оның тұрақты тұратын елінің, ал азаматтығы жоқ адамның (Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасы болып табылатын құрылтайшы (акционер, қатысушы) үшін) оның тұрақты тұратын елінің құзыретті мемлекеттік органы берген құжаттардың көшірмелері.

Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс;

 10) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.

  1. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалына Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған брокерлік қызметтің түрлеріне мәні бойынша ұқсас, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензиясы болған кезде береді.

Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алуға өтініш бергенге дейін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының активтерін қалыптастырады. Резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алу үшін өтініш беруші – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы алғаш рет ұсынатын құжаттардың тізбесі:

1) осы баптың 2-тармағының 1), 4), 5) және 10) тармақшаларында көзделген құжаттар;

2) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің басқару органы бекіткен филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдау туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің балансында есепке алу туралы жазбаша міндеттемесі (растауы);

5) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген брокерлік қызметтің рұқсат етілген түрлерінің тізбесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі.

Көрсетілген лицензия (рұқсат), егер осы Заңның 24-бабының                                       1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері жүзеге асыруға құқылы брокерлік қызмет түрлерінің тізбесі өзгертілген не Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері жаңа лицензия (жаңа рұқсат) алған жағдайда ұсынылады.

  1. Брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алу үшін жұмыс істеп тұрған сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің жұмыс істеп тұрған филиалы ұсынатын құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) сақтандыру брокерінің жарғылық және (немесе) меншікті капиталы мөлшерінің уәкілетті орган белгілеген ең төмен мөлшерге сәйкестігін растайтын құжаттар;

3) резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалы активтерінің мөлшерінің уәкілетті орган белгілеген ең төмен мөлшерге сәйкестігін растайтын құжаттар;

4) «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы көрсетілген алымды төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру брокерінің брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру немесе Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын алым алынады.
  2. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

Уәкілетті орган сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Уәкілетті орган кез келген мынадай жағдайларда осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы:

ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы;

ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді жүзеге асырудың қажет болуы.

Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.

Өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті органның ескертулерін жойғаннан және уәкілетті орган көрсетілген құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің дұрыстығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде ұсынбаған жағдайда қайта басталады.

  1. Сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы лицензиялық қызметті жүзеге асырмаған кезде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия берілген күннен бастап он екі ай ішінде сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны өз еркімен қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.

 

28-бап. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту

 

  1. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

1) өтініш берушінің осы Заңның 27-бабында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамауы;

2) осы Заңның 27-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастыру жөніндегі талапты орындамауы;

3) сақтандыру брокері жарғылық капиталының осы Заңның 21-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;

4) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінде Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды жоспарлап отырған, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас операциялар түрлерін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болмауы;

5) өтініш берушіге Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға бұрын берілген рұқсаттың күшінің жойылуы;

6) тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттар ішінен өтініш берушінің басшы қызметкеріне келісім берілмеуі (сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алуға алғаш рет жүгінген өтініш беруші үшін);

7) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

8) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына  арналған лицензия алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;

9) сақтандыру брокері атауының осы Заңның 19-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

  1. Брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия беруден бас тарту, осы баптың 1-тармағында баяндалған негіздерден басқа, өтініш берілген күнге сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі уәкілетті органның қолданыстағы санкциясы болған кезде жүргізіледі.
  2. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия беруден (қайта ресімдеуден) бас тартылған жағдайда өтініш беруші соның негізінде бас тарту алынған сәйкессіздіктерді жоюға және түзетілген (нақтыланған) құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыныла отырып, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алуға арналған өтінішпен уәкілетті органға қайта жүгінуге құқылы.

Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия беруден (қайта ресімдеуден) бас тартылған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жоюға және өтініш берушіге келісім беруден бас тартылған адамның орнына осы Заңның 160-бабының және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының талаптарына сәйкес өтініш берушінің басшы қызметкері лауазымына өтініш беруші ұсынатын жаңа адамға қатысты құжаттар мен мәліметтер ұсыныла отырып, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алуға арналған өтінішпен уәкілетті органға қайта жүгінуге құқылы.

 

4-БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҚЫЗМЕТІ

 

9-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

29-бап. Сақтандыру және сақтандыру қызметі

 

  1. Сақтандыру – сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру жағдайы немесе сақтандыру шартында айқындалған өзге де оқиға туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенін білдіреді.
  2. Сақтандыру қызметіне:

сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қызметі;

исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру ұйымының филиалы, исламдық сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын исламдық сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты исламдық сақтандыру қызметі;

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының сақтандыру лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі жатады.

  1. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия және исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде қызметті бір мезгілде жүзеге асыруына жол берілмейді.
  2. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттің аумағында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруына байланысты сақтандыру трансшекаралық болып табылады.

Сақтандыру ұйымы сақтанушы орналасқан мемлекеттің және аумағында сақтандырылатын мүліктік мүдделер орналасқан мемлекеттің заңнамасы сақтандыру ұйымымен сақтандыру шарттарын жасасуға тыйым салмаған жағдайда, оған берілген сақтандыру лицензиясында көрсетілген сақтандыру сыныптары шегінде трансшекаралық сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.

 

30-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлері

 

  1. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге жіктеледі.
  2. Сақтандыру қызметі мынадай салалар бойынша жүзеге асырылады:

«өмірді сақтандыру» саласы;

«жалпы сақтандыру» саласы.

  1. «Өмірді сақтандыру» саласы міндетті және ерікті сақтандыруды қамтиды.

«Өмірді сақтандыру» саласы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды қамтиды.

«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) осы бөліктің 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру;

2) осы бөліктің 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру;

3) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру;

4) зейнетақылық аннуитеттік сақтандыру.

  1. «Жалпы сақтандыру» саласы міндетті және ерікті сақтандыруды қамтиды.

«Жалпы сақтандыру» саласы міндетті сақтандырудың мынадай сыныптарын қамтиды:

1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

3) туристі міндетті сақтандыру;

4) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

5) міндетті экологиялық сақтандыру;

6) аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

7) жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

8) адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

9) заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

10) жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

11) кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

12) медициналық қызметкерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

13) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтар үшін міндетті медициналық сақтандыру;

14) адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

15) уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

 16) ашық үлгідегі кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

17) әуе кемесінің меншік иесінің (иесінің) және пайдаланушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.

«Жалпы сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайдан сақтандыру;

2) ауырған жағдайдан сақтандыру;

3) автомобиль көлігін сақтандыру;

4) теміржол көлігін сақтандыру;

5) әуе көлігін сақтандыру;

6) су көлігін сақтандыру;

7) ғарыш объектілерін сақтандыру;

8) жүктерді сақтандыру;

9) осы бөліктің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру;

10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

11) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

12) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

13) ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

14) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;

15) осы бөліктің 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

16) заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру;

17) ипотекалық сақтандыру;

18) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;

19) өзге қаржылық залалдардан сақтандыру;

20) осы бөліктің 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру;

21) сот шығыстарын сақтандыру;

22) титулдық сақтандыру.

  1. Тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру сақтандыру салаларына енгізілмейтін міндетті сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады.
  2. Сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциялық нормативтер осы Заңда және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
  3. Сақтандыру түрі сақтандыру шартын жасасу арқылы сақтанушыға бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары шегінде әзірленетін және ұсынылатын сақтандыру өнімін білдіреді.

 

31-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны

 

  1. Өмірді сақтандыру, осы баптың 3-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартында айқындалған жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  2. Аннуитеттік сақтандыру, осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, шартта белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде мерзімді сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сақтанушы қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне байланысты еңбекке жарамдылығын жоғалтқан немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүрген жағдайларда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрін білдіреді.
  4. Зейнетақылық аннуитеттік сақтандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мерзімді сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрін білдіреді.
  5. Жазатайым жағдайдан сақтандыру, ауруға және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуына байланысты тәуекелдерді сақтандыруды қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдай, кәсіби ауру салдарынан қайтыс болған, еңбекке жарамдылығын (жалпы немесе кәсіби) жоғалтқан (толық немесе ішінара) немесе денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда сақтандырылушының шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемақы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

          Жазатайым жағдай деп адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының ағзасына сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай) түсініледі.

  1. Ауырған жағдайдан сақтандыру сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты шығыстарын, оның ішінде ауруы және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуы салдарынан қайтыс болуына байланысты шығыстарды тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемақы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  2. Осы Заңның 30-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің 3), 4), 5) және                         6) тармақшаларында тізбеленген көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
  3. Ғарыш объектілерін сақтандыру ғарыш объектісін иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне оның бүлінуі немесе жойылуы салдарынан келтірілген шығынды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  4. Жүктерді сақтандыру жүкті, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне тасымалдау әдісіне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
  5. Мүлікті сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне осы Заңның 30-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында тізбеленген мүлікті қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
  6.    Осы Заңның 30-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің 10), 11) және                         12) тармақшаларында көзделген, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, шығынды өтеуге міндетті тұлға көлік құралын пайдалануы салдарынан келтірген шығынды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  7. Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ғарыш объектісін пайдалануына байланысты шығынды өтеуге міндетті тұлға келтірген шығынды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  8. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру арнайы рұқсат (лицензия, хабарлама) негізінде жүргізілетін және (немесе) арнаулы білімді, тәжірибені және (немесе) біліктілікті талап ететін кәсіби қызмет процесіндегі немесе нәтижесіндегі қате әрекеттер (әрекетсіздік) және (немесе) олқылықтар салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтіруге байланысты залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру түрін білдіреді.
  9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, осы Заңның 30-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарымен өтелетін тәуекелдерді қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан, шығынды өтеуге міндетті сақтанушы келтірген залалдың орнын ішінара немесе толық толтыру мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  10. Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру сақтанушының (қарыз алушы-заңды тұлғаның) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредитордың залалдары туындаған кезде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл мүлкін өткізгеннен кейін қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген шығынды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрін білдіреді.
  12. Кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілгерлік берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген шығынды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
  13. Басқа да қаржы залалдарынан сақтандыру осы Заңның 30-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да залалдар салдарынан шығын келтірілу кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
  14. Қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру, осы Заңның 30-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтер көрсетуі нәтижесіндегі залалдарды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді
  15. 20. Сот шығыстарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
  16. Титулдық сақтандыру мүлікке меншік құқығын тоқтатқан жағдайда, сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген шығынды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  17. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген сақтандыру сыныбы бойынша жылжымайтын мүлікті сақтандыру шарттары тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыруда көзделген тәуекелдерді өтеуді қамтиды.
  18. Осы баптың 16, 17 және 18-тармақтарында көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының тек қана өзінің тәуекелі және оның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
  19. Міндетті сақтандыру сыныптарының мазмұны осы Заңмен айқындалады.

 

32-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын біріктіру  

 

  1. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының қызметі сақтандыру лицензиясы негізінде сақтандыру лицензиясында көрсетілген тиісті сақтандыру сыныптары шегінде жүзеге асырылады.
  2. «Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметін:

          1) «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметпен біріктіруге;

          2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.

  1. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет:

          1) осы Заңның 30-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің 1) және
2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен;

          2) туристі міндетті сақтандыруды қоспағанда, «өмірді сақтандыру» саласына жатпайтын міндетті сақтандыру түрлерімен біріктірілмейді.

  1.    Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы өзінде сақтандырудың тиісті сыныптары көрсетілген және осы Заңда белгіленетін сақтандыру сыныптарын біріктіру жөніндегі шектеулер ескерілген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екі және одан көп сыныптарының белгілері мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрін әзірлеуге құқылы.

 

33-бап. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру саласын өзгерту

 

  1. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру саласын өзгертуге сақтандыру лицензиясын берген кезде ұсынылған бизнес-жоспардың мерзімі аяқталғаннан және орындалғаннан кейін, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып:

сақтандыру ұйымы;

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы үшін – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының  акционерлері жалпы жиналысының шешімі негізінде жол беріледі.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру саласын өзгерту үшін уәкілетті органға өтінішхат мынадай құжаттармен қоса ұсынылады:

          1) сақтандыру ұйымының (Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының) атауын және сақтандыру саласын өзгерту туралы сақтандыру ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы үшін) шешімі (мұндай шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда);

          2) іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдерін және осы баптың 3-тармағында көзделген рәсімдер бойынша жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, сақтандыру ұйымының,  Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспары.

  1. Сақтандыру саласын өзгерту мынадай рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады:

          1) осы Заңның 32 және 34-баптарына сәйкес сақтандырудың жаңа саласымен біріктіруге жатпайтын сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беру не осы Заңның 218-бабында көзделген тәртіппен тиісті сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын мерзімінен бұрын бұзу;

          2) осы Заңның 6-бабының 7-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына не осы Заңның 12-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы туралы ережеге өзгерістер енгізу;

          3) сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру лицензиясын алуға өтінішті және осы Заңның 17-бабының 13-тармағында көзделген құжаттарды уәкілетті органға ұсыну.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдағаннан кейін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы осы жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
  2. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше көзделмесе, сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезеңі сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы үшін) акционерлерінің жалпы жиналысы сақтандыру саласын өзгерту туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты айдан аспайды.
  3. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының іс-шараларды өзіне байланысты емес себептермен сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын орындау мерзімін сақтандыру ұйымының, сақтандыру холдингінің және (немесе) ірі қатысушының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының өтінішхаты бойынша ұзартуы мүмкін.
  4. Сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалына сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру кезеңінде, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға тыйым салынады.

          Осы Заңның 32 және 34-баптарына сәйкес біріктіруге жатпайтын сақтандыру сыныптары бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру ұйымы,  Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы осы Заңның 218-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін бергенге дейін не оларды мерзімінен бұрын бұзғанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

          Осы Заңның 32 және 34-баптарына сәйкес сақтандырудың жаңа саласымен біріктіруге жататын сақтандыру сыныптары жөніндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін не сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптарынан туындайтын міндеттемелерді орындағанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

  1.  Сақтандыру ұйымының сақтандыру саласы өзгерген кезде осы Заңның 8, 38 және 160-баптарында және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4, 9-5 және 9-6-баптарында көзделген келісімдерді және (немесе) рұқсаттарды алу осы сақтандыру ұйымының сақтандыру саласы өзгергенге дейін тиісті келісімдері және (немесе) рұқсаттары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар үшін талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру саласы өзгерген кезде, осы Заңның 160-бабында және «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында көзделген келісімдерді алу, егер жеке тұлғаларда сақтандыру саласы өзгергенге дейін осы филиал бойынша тиісті келісім болған болса, талап етілмейді.

  1. Сақтандыру саласын өзгертуге мынадай:

          1) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;

       2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

3) сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамаған;

4) сақтандыру ұйымы және (немесе) құрамына сақтандыру ұйымы кіретін сақтандыру тобы осы баптың 2-тармағына сәйкес өтінішхат берілгенге дейін алты ай кезеңінде және оны қарау және іс-шараларды іске асыру кезеңінде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамаған;

5) осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспарға сәйкес алынатын сақтандыру сыныптарын және (немесе) қызмет түрлерін ескере отырып, пруденциялық нормативтердің сақталмауы болжанған;

6) осы Заңның 222 және 223-баптарында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары және осы Заңның 224-бабына сәйкес санкциялар болған;

7) сақтандыру саласының өзгеруі нәтижесінде сақтанушылардың, сақтандырылушылардың, пайда алушылардың құқықтары бұзылған жағдайларда жол берілмейді.

  1. Сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалына сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру лицензиясы берілген кезден бастап бұрын берілген сақтандыру лицензиясы өзінің қолданылуын тоқтатады.
  2. Сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспары осы баптың 6-тармағына сәйкес оны ұзарту мерзімдері ескеріле отырып орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда, сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады.

 

34-бап. Қайта сақтандыру қызметі

 

  1. Қайта сақтандыру қызметіне:

қайта сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымы филиалының қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын қайта сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қызметі;

исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде исламдық қайта сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық қайта сақтандыру ұйымының филиалы жүзеге асыратын исламдық қайта сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты исламдық қайта сақтандыру қызметі;

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының қайта сақтандыру лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі жатады.

  1. Қайта сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандыру ұйымы филиалының қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия және исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде қызметті бір мезгілде жүзеге асыруына жол берілмейді.
  2. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыру лицензиясыз қайта сақтандыруға беруге құқылы.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қайта сақтандыру лицензиясы болған кезде ғана қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерін қабылдауға құқылы.
  4. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы қайта сақтандыру лицензиясы болған кезде «жалпы сақтандыру» саласы бойынша оның сақтандыру лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
  5. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы қайта сақтандыру лицензиясы болған кезде осы Заңның 32-бабының 3-тармағында көзделген сыныптарды біріктіруді ескере отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша өзінің сақтандыру лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
  6. Сақтандыру лицензиясы жоқ қайта сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымының филиалы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
  7. Қайта сақтандырушы (цедент) сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға берген кезде қайта сақтандырушыда (цедентте( қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға (акцептке) тәуекелдерді қабылдағаны туралы, қайта сақтандыру талаптарының барлығы көрсетілген жазбаша нысандағы растамасының болуы міндетті.
  8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының тыйым салынған бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға беруге құқылы емес.

Қазақстан Республикасының тыйым салынған бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін мыналар:

          1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ол заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы (қайта сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан немесе оны толық көлемде жүзеге асырмаған жағдайда) талаптарын қанағаттандыру туралы сот шешімін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орындамағаны туралы хабарламасының болуы;

          2) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның сұрау салуы бойынша  қабылданған тәуекелдер, сыйлықақылар көлемі және жасалған қайта сақтандыру шартының елеулі талаптары туралы мәліметтерді ұсынбауы;

3)  Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органға осы бөліктің 2) тармақшасында көзделген   анық емес немесе толық емес мәліметтерді ұсынуы негіз болып табылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген сот шешімінің орындалмағаны туралы уәкілетті органға көрсетілген тармақшада көзделген мерзім өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып хабарлауға міндетті.

Қазақстан Республикасының тыйым салынған бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы,  Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымына, «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға тікелей немесе:

          1) сақтандыру брокерінің;

          2) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру брокері болып табылатын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің;

          3) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының;

          4) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне тікелей немесе осы баптың 10-тармағында көрсетілген тұлғалардың делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беруге және қабылдауға құқылы.
  2. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы осы Заңның 31-бабының 22-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру шарттары бойынша тәуекелдерді Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына қайта сақтандыруға береді.
  3. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері сақтандыру брокерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының) делдалдығы арқылы сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беру процесіне қатысқан жағдайда, сақтандыру брокері (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің осы тәуекелдерді уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымдарына қайта сақтандыруға орналастыру шарттары туралы есепті ұсынады.

Сақтандыру брокері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің еншілес ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес осы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жасасқан қайта сақтандыру шарттары туралы есепті ұсынады.

Сақтандыру тәуекелдерін «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беру уәкілетті орган мен «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық көрсетілетін қызметтерді және соған байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлға арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған жағдайда жүзеге асырылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына Қазақстан Республикасының бейрезиденттері және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын екі және одан да көп сақтандыру брокерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының бейрезиденті немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруге тыйым салынады.
  2. Қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартында қайта сақтандырушының олардың арасында жасалған қайта сақтандыру шарты немесе осындай шарттар тобы бойынша қайта сақтандырушының кірістері мен шығыстары арасындағы оң айырманың бір бөлігін қайта сақтандырушыға белгілі бір уақыт кезеңі (тантьема) үшін төлеу жөніндегі міндеттемесі көзделуі мүмкін.

Қайта сақтандырушының тарапынан қайта сақтанушының сыйақы нысаны тантьема деп танылады.

  1. Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудың тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

 

35-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының инвестициялық және өзге де кәсіпкерлік қызметі

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы Заңда көзделмеген инвестициялық және (немесе) өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу арқылы заңды тұлғалар болып табылмайтын мынадай заңды тұлғалар мен ұйымдардағы (бұдан әрі – ұйым) инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру брокері болған кезде  дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан да көп пайызы мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын қаржы ұйымдары, сондай-ақ банктер (кредиттік ұйымдар), сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, капитал нарығына кәсіби қатысушылардың мәртебесі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары;

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингінің болуы жөніндегі талап дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды;

2) сақтандыру агентінің қызметін ерекше қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

4) қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);

5) жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);

6) ассистанс-компаниялар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);

7) жұмыс істеп тұрған немесе өздері құрған халықаралық сақтандыру синдикаттарының құрамында тәуекелдерді сақтандыруды немесе қайта сақтандыруды қамтамасыз ету үшін капитал қалыптастыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалар.

Халықаралық сақтандыру синдикаты деп сақтандыру тәуекелдерін немесе міндеттемелерін қабылдауды және бөлуді қамтамасыз ететін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды және (немесе) жеке тұлғалардың бірлестігі түсініледі;

8) сақтандыру брокерінің қызметтерін көрсететін заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);

9) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сауда алаңында және (немесе) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңында және (немесе) интернет-платформада ұсыну және өткізу жөніндегі, сондай-ақ оларға тиесілі алаңдар мен платформаларды жоғарыда көрсетілген мақсаттарда үшінші тұлғалардың пайдалануына беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);

10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) биометриялық сәйкестендірумен жұмыс істеу жөніндегі жүйелер саласындағы бағдарламалық қамтылымды, жабдықтар мен құрылғыларды әзірлеуді, ендіруді және сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);

11) ақпараттық қауіпсіздік және (немесе) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құралдарды әзірлеуді, сүйемелдеуді және ендіруді жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);

          12) бұлтты есептеу технологиялары пайдаланыла отырып, бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді және сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері);

13) осы Заңның 182-бабында көрсетілген қауымдастықтар (одақтар);

          14) көрсетілген сатып алу уәкілетті органның қосымша талаптарына сәйкес келген жағдайда өзге де заңды тұлғалар.

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын мемлекеттің қатысуымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан акциялар сатып алуға құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қадағалау ақпаратымен алмасу туралы келісім, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, уәкілетті орган мен резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымы болып табылатын тиісті шет мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасындағы қадағалау ақпаратымен алмасу туралы хаттар және (немесе) хат-хабарлар түрінде болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарда акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінің ережелері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған ұйымдарды құру жағдайларына қолданылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін қаржы құралдары мен цифрлық қаржы активтерін сатып алуға құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында ғана туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді (операцияларды) жүзеге асырады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының инвестициялық қызметін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына:

1) осы Заңның 36 және 37-баптарында көзделген шарттарға сәйкес қамтамасыз етусіз қарыз тартуды қоспағанда, банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарынан үш айдан асатын мерзімге меншікті капитал мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын тартуға;

2) Осы Заңның 36 және 37-баптарында көзделген шарттарға сәйкес қамтамасыз етусіз қарыз тартуды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардан қарыз қаражатын тартуға;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға қаржылық көмек көрсету жағдайын қоспағанда, өтеусіз негізде қаржылық көмек көрсетуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кез келген тәсілмен қарыз беруге;

5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сақтанушыларға, оның ішінде үшінші тұлғалар арқылы сыйақылардың кез келген түрін төлеуге;

6) сақтандыру агентінің делдалдығы кезінде онда көрсетілген сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының мөлшерін көрсетпей сақтандыру шартын жасасуға;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлері мен үлестес тұлғаларына бастапқы есепке алу құжаттарынсыз ақша беруге тыйым салынады.

  1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген қызметтен басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мыналарды жүзеге асыруға құқылы:

1) осы Заңның 36 және 37-баптарында көзделген шарттарға сәйкес келетін акцияларды, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерге және капитал нарығындағы инвестициялық портфельді жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия негізінде сақтанушының инвестицияларға қатысу шартын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістерге (шығыстарға) қатысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет;

3) аутсорсинг шарты негізінде Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына қызметтер көрсету;

4) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органның қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына арналған рұқсаты болған кезде қаржы платформасы операторының қызметі;

5) өз сақтанушыларына тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде қарыздар беру («өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін);

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды немесе қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты өзге де бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, іске асыру, пайдалануға беру және қолдау;

7) ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлерінде сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша арнайы әдебиетті сату;

8) өз мұқтажы үшін (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) сатып алынған немесе сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты оның иелігіне түскен мүлікті (сақтандыру ұйымы үшін) сату немесе жалға беру;

9) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

10) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

11) сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығы;

12) осы Заңның 43-бабының талаптарына сәйкес консорциумды немесе жай серіктестікті құруға қатысу;

13) сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдары арасында не сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдары және өзге де ассистанс-компаниялар арасында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жүзеге асырылатын ассистанс қызметтерін көрсету;

14) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберіндегі қызмет.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингіне «алтын акция» шығаруға тыйым салынады.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу арқылы не мұндай қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайларда осындай ұйымдар құру арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

       Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы осы баптың 3-тармағында, сондай-ақ 6-тармағының 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қызметтен басқа, тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өз сақтанушыларына қарыздар беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға құқылы.

  1. Осы баптың талаптары сақтанушының инвестицияларға қатысу шартын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістерді (шығыстарды) инвестициялауға қолданылмайды.
  2. Осы баптың қағидалары осы Заңның 44-бабында белгіленген қағидаттарға қайшы келмейтін бөлігінде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

 

36-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының субординарлық борышы

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының субординарлық борышы деп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттемесі түсініледі, ол бір мезгілде мынадай шарттарды қанағаттандырады:

          1) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеменің қолданылу мерзімі кемінде бес жылды құрайды;

          2) кредитор (кредиторлар) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме бойынша оны мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талап қоя алмайды;

          3) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша, егер көрсетілген өтеу (орындау) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәндерден төмен азайтуға алып келмеген жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;

          4) сақтандыру ұйымы таратылған кезде қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме осы Заңның 243-бабында белгіленген тәртіппен оныншы кезек тәртібімен, ал қайта сақтандыру ұйымы таратылған кезде сегізінші кезек тәртібімен қанағаттандырылады;

          5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де шарттар және (немесе) талаптар.

 

37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мерзімсіз қаржы   құралы

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мерзімсіз қаржы құралы деп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттемесі түсініледі, ол бір мезгілде мынадай шарттарды қанағаттандырады:

          1) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеменің қолданылу мерзімі кемінде елу жылды құрайды не қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме мерзімсіз (өтеу күні белгіленбеген) болып табылады;

          2) кредитор (кредиторлар) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме бойынша оны мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талап қоя алмайды;

       3) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша, егер көрсетілген өтеу (орындау) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәндерден төмен азайтуға алып келмеген жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;

          4) сақтандыру ұйымы таратылған кезде қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме осы Заңның 243-бабында айқындалған тоғызыншы кезек тәртібімен қанағаттандырылады;

          5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де шарттар (талаптар).

 

38-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуы

 

  1.  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 35-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру шеңберінде уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы Заңның 35-бабының 2-тармағында көрсетілген ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.

  1.  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары, капиталдарды құру және (немесе) иелену, сондай-ақ мына ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысу жағдайларын қоспағанда, еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге, ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес:

1) қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, іске асыруды, пайдалануға беруді және қолдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары;

2) осындай ұйым құрылатын немесе қызметін жүзеге асыратын елдің құқығына сәйкес қаржылық қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары;

3) ассистанс-компаниялар (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері).

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы соңғы он екі айдың қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде шығынсыз қызмет жасау және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтау шартымен еншілес ұйымды құруға құқылы.
  2. Уәкілетті органның еншілес ұйымды иеленуге рұқсатын алу жөніндегі талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын не басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына тиесілі акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не үлестік қатысудың басқа да нысандарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізу кезінде иелену жағдайларына қолданылмайды.
  3.   5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болмаған кезде бақылау не ұйымдардың капиталына қомақты қатысу белгілерін иеленген жағдайда:

          1) уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы;

          2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бақылау не ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері туындаған кезден бастап алты ай ішінде өзіне тиесілі акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымның капиталына үлестік қатысудың басқа да нысандарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаға иелігінен шығаруға және көрсетілген иеліктен шығаруды растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға, немесе уәкілетті органның еншілес ұйымды иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатын алуға міндетті.

  1.     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                            9-6-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің еншілес ұйымының құрылтай құжаттарына еншілес ұйымның атауы және (немесе) қызмет түрлері бөлігінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталға қомақты қатысуы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымы уәкілетті органға шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру бойынша жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашуға міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды.
  4. Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аталған қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайларда еншілес ұйымдарды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға құқылы.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталға қомақты қатысуы бар ұйымдар уәкілетті органға тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органның шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды орындауы мақсатында қажетті ақпаратты ашуға міндетті.

 

39-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ашу және жабу

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ оның шегінен тысқары жерде өз филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін уәкілетті органның келісімінсіз ашуға құқылы.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті орган мен тиісті шет мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасында қадағалау ақпаратымен алмасу туралы келісім, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, қадағалау ақпаратымен алмасу туралы хаттар және (немесе) хат-хабарлар түріндегі келісім болған кезде ғана Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде филиалдар ашуға құқылы.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының аумағында қосымша үй-жайларға ие болуға құқылы.
  4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиал, өкілдік, қосымша үй-жай ашылған не жабылған не олардың тұрған жері өзгерген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың ашылғаны немесе жабылғаны не олардың тұрған жерінің өзгергені туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

          Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қосымша үй-жайлар ашылған не жабылған не олардың тұрған жері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың ашылғаны не жабылғаны не олардың тұрған жерінің өзгергені туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде филиалдар және (немесе) өкілдіктер ашылған жағдайда, шет мемлекетте олар тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды көрсетілген тіркеуді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
  2.  Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін және (немесе) өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында өз өкілдігінің ашылғаны немесе жабылғаны не оның тұрған жерінің өзгергені туралы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

 

40-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы

 

  1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғаның, оның филиалдары мен өкілдіктерінің мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тек сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы ғана жүзеге асыра алады.
  2. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарымен және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру ұйымдарымен мынадай жағдайларда:

          1) жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде уақытша болатын Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына осы тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана;

          2) Қазақстан Республикасының резиденттеріне теңіз көлігі (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиация көрсететін қызметтерге, ғарыштық ұшуларды (спутниктерді қоса алғанда) іске қосуды және оның фрахтасы көрсететін қызметтерге және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге (тауарларды тасымалдау, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының өздерін сақтандыру және осыдан туындайтын кез келген жауапкершілік) байланысты тәуекелдер, апаттық тәуекелдер, климаттық тәуекелдер, кибер тәуекелдер, терроризм тәуекелдері, азаматтық тәртіпсіздіктер және ереуілдер бөлігінде жол беріледі;

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорында қайта сақтандыруға жататын жер сілкінісіне, су тасқынына (су басуға) және табиғи сипаттағы орман өртіне байланысты тәуекелдерге қолданылмайды;

3) Қазақстан Республикасының резиденттеріне исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес тәуекелдерді сақтандыру бөлігінде;

          4) Қазақстан Республикасының резиденттеріне осы Заңның 30-бабы                     4-тармағы үшінші бөлігінің 18), 21) және 22) тармақшаларында көзделген, ерікті нысанда сақтандыру сыныптары шеңберінде өтелетін тәуекелдер бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес тәуекелдерді сақтандыруына сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған кезде ғана жол беріледі.

  1. Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен Қазақстан Республикасының резиденттеріне шетелдік ұйымдардың немесе банктердің кредит беруіне байланысты кредиттерді, инвестицияларды, мәмілелерді сақтандыру бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуына және орындауына жол беріледі.
  2. Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруына тыйым салынады.
  3. Мыналарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді:

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттары;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру шарттары;

3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген өзге де жағдайлар.

  1. Мыналар Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының атынан осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыруға құқылы:

1) сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары;

2) сақтандыру брокерлері.

Көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

  1. Осы баптың 1-тармағын қоспағанда, осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарымен сақтандыру шарттарын жасасу жағдайларына қолданылмайды.

 

 

41-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жасасқан бас қаржылық келісім шеңберіндегі тарату неттингі

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жасайтын туынды қаржы құралдарымен операциялар бас қаржылық келісім шеңберінде мәміле (мәмілелер) түрінде жасала алады.
  2. Осы Заңның 220, 221 және 222-баптарының, 223-бабы 2-тармағының, 226, 227, 228, 240, 241, 247 және 249-баптарының ережелері бас қаржылық келісім талаптарымен жасалған не клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған мәмілелер (операциялар) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
  3. Нетто-міндеттеменің және (немесе) нетто-талаптың мөлшерін айқындау тәртібі, оның ішінде тоқтатылатын міндеттемелердің құнын айқындау және оны бірыңғай валютаға қайта есептеу тәртібі тиісінше бас қаржылық келісімде не клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында белгіленеді.

Тарату неттингі қолданылған кезде тарату неттингі қолданылатын мәмілелер (операциялар) бойынша берілген қамтамасыз етуге байланысты міндеттемелер және (немесе) талаптар, егер бас қаржылық келісімде не клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында өзгеше көзделмесе, нетто-міндеттемені (нетто-талапты) есептеуге енгізіледі.

  1. Тарату неттингін қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігін өзгертпейді. Тарату неттингін қолдану нәтижесінде туындаған нетто-талап тиісті рәсім шеңберінде жалпы тәртіппен мәлімделеді және қанағаттандырылады.

 

42-бап. Өмірді сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың ерекшеліктері

 

  1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, өзінің сақтанушыларына сатып алу сомасы шегінде қарыз беруге құқылы.

          Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сатып алу сомасы шегінде қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.

Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу тәртібі, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының бейрезидент  сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша қызметтер көрсету тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Осы тармақтың ережелері исламдық сақтандыру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.

  1. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы кезеңінде актуарийдің қорытындысы негізінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға құқылы.
  2. 3. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы сақтанушы инвестицияларға қатысқан және (немесе) сақтандырушының пайдасы жағдайында сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін осы Заңның 30-бабының 3-тармағында көрсетілген сақтандыру сыныптары шеңберінде сақтандыру түрлерін әзірлеуге құқылы.
  3. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде дербес басқаруға және (немесе) оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.
  4. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымында резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, капитал нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы (рұқсаты) болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында аталған филиалды ашқан Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымына сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шартын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді беруге құқылы.
  5. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы меншікті қаражаты мен сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарты бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушыдан алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оны (оларды) инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша инвестициялық тәуекелдерді сақтанушы көтереді.

  1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге сақтандыру ұйымының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша тыйым салуды немесе өндіріп алуды қолдануға санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда да жол берілмейді.
  2. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасасатын зейнетақылық аннуитеті шартында сақтанушының инвестицияларға қатысу таалбы көзделуі мүмкін.

Сақтанушының инвестицияларға қатысу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемдерін қамтамасыз ету үшін қажетті сомадан асатын зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі ғана пайдаланылуы мүмкін.

Сақтанушының инвестицияларға қатысу мақсаттарына арналған сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтер және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) кастодиан банкке есепке алуға және сақтауға берілуге тиіс.

Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы аталған активтердің жеке есебін әрбір зейнетақылық аннуитет шарты бойынша және әрбір сақтандырылушыға жеке-жеке қамтамасыз етеді.

Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, зейнетақылық аннуитет шарттарына қолданылады.

  1. Жинақталған сомаларды ескере отырып сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысуына байланысты төлемді жүзеге асыру мынадай:

1) сақтандыру төлемінің құрамында сақтандыру жағдайы басталған;

2) сақтандыру төлемінің құрамында жинақтаушы сақтандыру мерзімі аяқталған;

3) сатып алу сомасы құрамында сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайларда жүзеге асырылады.

Сақтанушының сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін  сақтандыру шартын сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының акционерімен (акционерлерімен) және (немесе) үлестес тұлғаларымен жасасуға жол берілмейді.

  1. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және оған мыналар кіреді:

1) сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу тәртібі мен ерекшеліктері;

2) сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар;

 3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу тәртібі мен ерекшеліктері;

4) сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді және оларды инвестициялаудан алынған кірістерді (шығыстарды) сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру тәртібі мен шарттары;

5) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, капитал нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы(рұқсаты) бар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының инвестициялық басқаруына беру тәртібі мен шарттары;

6) сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтердің құнын айқындау тәртібі, шарттары мен әдістемесі;

7) сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе сақтандыру ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістерді (шығыстарды) сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктері;

8) сақтанушының зейнетақылық аннуитет шарты бойынша инвестицияларға қатысу ерекшеліктері және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары) есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі.

 

43-бап. Ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) жөніндегі қызмет

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы осы баптың талаптарына сәйкес консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру арқылы тәуекелдерді сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шарттарында жасалуы мүмкін.
  3. Бірлескен қызмет туралы шартта мынадай ақпарат:

1) бірлескен қызмет туралы шарттың тараптары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының атауы;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін тартылған жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің атауы;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің мәні болып табылатын сақтандыру сыныптары (түрлері) және сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі;

4) жеке ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты бойынша міндеттемелердің ең көп мөлшерін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы мен оның қатысушыларының жиынтық міндеттемелерінің ең көп мөлшері, қабылданатын тәуекелдер бойынша пулдың әрбір қатысушысының жауапкершілігінің ең көп үлесі;

5) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау шарттары, тәртібі;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің мәні болып табылатын сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының міндеттемелерін қайта бөлуді қоса алғанда, қатысушыларды қосу және алып тастау рәсімдері;

7) шарттың қолданылу мерзімі;

          8) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

          9) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттарын жасасу жөніндегі өкілеттіктерді қоса алғанда, жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттіктері;

          10) бірлескен қызмет туралы шарттың тараптары арасында ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру төлемдері, сондай-ақ жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақылары бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;

          11) дауларды шешу тәртібі;

          12) тараптардың қолтаңбалары қамтылуға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін тартылған жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органды бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, оның жасалғаны туралы хабардар етеді.

  1. Ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметі шеңберінде жасалған ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында:

1) бірлескен қызмет туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар туралы мәліметтер;

3) жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті тұлғасының не сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокерінің қолтаңбасы қамтылуға тиіс.

  1. Сақтандыру резервтерін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының әрбір қатысушысы қабылданған міндеттемелер көлеміне сәйкес қалыптастырады.
  2. Сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы сақтандыру пулына қатысушы бола алады.
  3. Қайта сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қайта сақтандыру пулына қатысушы бола алады.
  4. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының пулдың қызметі шеңберінде өзі қабылдаған міндеттемелерді орындаудан бас тартуына жол берілмейді.

          Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы өз қатысушыларының пул қызметі шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар да басқа қатысушылардың пул қызметі шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтандыру брокері арасында шарттары бірлескен қызмет туралы шартта белгіленетін келісім болған кезде уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру брокерлері тартылуы мүмкін.

      Сақтандыру брокерінің қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан кезде сақтандыру брокері жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген функцияларын жүзеге асырады.

  1. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру бойынша сақтанушылардан қабылданған сақтандыру тәуекелдері бірлескен қызмет туралы жасалған шартқа сәйкес және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптар ескеріле отырып, оның қатысушылары арасында жауапкершілікті бөле отырып, бірлескен қайта сақтандыруға берілуге тиіс.

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру бойынша тәуекелдерді бірлесіп қайта сақтандыруға беру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

  1. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша бірлескен қайта сақтандыру шартының тарабы болуға тиіс.
  2. Сақтандыру нарығының орнықтылығын қамтамасыз ету және сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру пулы арқылы міндетті сақтандырудың тиісті сыныбын жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шешімді уәкілетті орган сақтандыру ұйымдарына, міндетті сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарына, оның ірі қатысушыларына (сақтандыру холдингтеріне), сақтандыру ұйымдарының филиалдарына ол қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жібереді.

Міндетті сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдары уәкілетті органның шешімімен белгіленген мерзімде бірлескен қызмет туралы шарт жасасу арқылы сақтандыру пулын қалыптастыруға міндетті.

Бірлескен қызмет туралы шарт уәкілетті органмен келісуге жатады.

Сақтандыру пулын қалыптастырған күннен бастап міндетті сақтандырудың тиісті сыныбын жүзеге асыруға тек осындай сақтандыру пулының қатысушылары ғана жол береді.

Уәкілетті орган оны қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылған жағдайда сақтандыру пулы арқылы міндетті сақтандырудың тиісті сыныбын жүзеге асыруды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Уәкілетті органның сақтандыру пулы арқылы міндетті сақтандыру сыныбын жүзеге асыру туралы шешім қабылдау мақсаттары үшін сақтандыру нарығының орнықтылығына қауіптің болуы туралы куәландыратын белгілерді, бірлескен қызмет туралы шартты келісу, сақтандыру пулы арқылы міндетті сақтандыру сыныбы бойынша қызметті тоқтату туралы шешім қабылдау және сақтандыру пулының қызметін тоқтату тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, онымен және оның құрылтайшыларымен үлестес тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысатын ұйымдардың қызметін қадағалау шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін.

 

10-тарау. ИСЛАМДЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

44-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары

 

  1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру процесінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) сақтанушыларды өзара қорғау және олардың өзара жауапкершілігі;

          2) пайыздармен көрсетілген инвестициялаудан немесе қарыздар беруден түскен кірістерді алуға тыйым салу;

          3) темекі және (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ және (немесе) оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін сақтандыруға (қайта сақтандыруға) немесе қаржыландыруға тыйым салу.

  1. Исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының сақтауы үшін міндетті исламдық сақтандырудың қосымша қағидаттарын айқындауға құқылы.

 

45-бап. Исламдық сақтандыру қоры

 

  1. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде алынған өзге де кірістер есебінен қалыптастырады.
  2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқаруды жүзеге асырады.
  3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушылардың мүддесінде исламдық сақтандыру қорының қаражатын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тізбесін белгілейтін активтерге инвестициялайды.
  4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы баптың 9-тармағында көрсетілген уәкілетті органның  нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кірістердің бір бөлігін жасасу кезінде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі түрінде исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сыйақыдан басқа, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін кез келген түрде сыйақы алуға немесе өзге табыс алуға құқылы емес.

  1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражаты салынған активтер құнының азаюына байланысты залалдар үшін, мұндай залалдар оның кінәсінен туындаған жағдайларды қоспағанда, жауаптылықта болмайды.
  2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорының қаражатынан өз қаражатының бөлек есебін жүргізеді.
  3. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшаны болашақта исламдық сақтандыру қорына түсетін ақшалай түсімдер есебінен қайтару шартымен, исламдық сақтандыру қорына беруге міндетті. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай ақшаны бергені үшін сыйақы алуға құқылы емес.

          Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

  1. Исламдық сақтандыру қорының қаражатын сақтанушылар арасында бөлу әр сақтанушының исламдық сақтандыру қорындағы үлесіне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
  2. Исламдық сақтандыру қорын қалыптастыру, есепке алу, пайдалану және бөлу, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақша беру, сондай-ақ исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

 

46-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес  

 

  1. Қызметтің, операциялардың және (немесе) мәмілелердің осы Заңның 44-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкестігін айқындау үшін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес болуға міндетті.

Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы қызметінің, операцияларының және (немесе) мәмілелерінің осы Заңның 44-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкестігін айқындауды исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес не Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тұрақты жұмыс істейтін өзге де ұқсас орган жүзеге асырады.

  1. Исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
  2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
  3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидаларын, қайта сақтандыру қағидаларын және ішкі қағидаларын исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңестің (Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тұрақты жұмыс істейтін ұқсас органның) оң қорытындысы болған кезде бекітуге тиіс.
  4. Сақтанушы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалғанға дейін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалынан осы баптың 4-тармағында көзделген исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңестің (Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тұрақты жұмыс істейтін ұқсас органның) оң қорытындысының көшірмесін сұратуға құқылы.

 

47-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын исламдық  сақтандыру қағидаттарына сәйкес келмейді деп танудың салдары

 

  1. Исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес (Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тұрақты жұмыс істейтін ұқсас орган) жасалу сатысындағы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын осы Заңның 44-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес емес деп таныған жағдайда, мұндай шарт жасалмайды және орындалмайды.
  2. Исламдық сақтандыру қағидаттары жөніндегі кеңес (Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тұрақты жұмыс істейтін ұқсас орган) осы Заңның 44-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келмейтін исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын таныған жағдайда:

жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының талабы бойынша бұзылуға (тоқтатылуға) жатады;

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының орындалған немесе ішінара орындалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша кірісі қайырымдылыққа бағытталуға тиіс.

 

5-БӨЛІМ. МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

 

11-тарау. МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

48-бап. Міндетті сақтандыру  

 

  1. Міндетті сақтандыруға:

          1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          3) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру;

          4) туристі міндетті сақтандыру;

          5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          6) міндетті экологиялық сақтандыру;

          7) тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру;

          8) аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          9) жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          10) адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          11) заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          12) жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          13) кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          14) медициналық қызметкерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          15) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтар үшін міндетті медициналық сақтандыру;

          16) адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          17) уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          18) ашық үлгідегі кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

          19) әуе кемесінің меншік иесінің (иесінің) және пайдаланушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жатады.

  1. Осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында міндетті сақтандыру бойынша міндет жүктелген тұлғалар міндетті сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар міндетті сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалымен немесе тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
  2. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған міндетті сақтандырудың ең төмен шарттары осы Заңда белгіленеді.

          Міндетті сақтандырудың өзге шарттары мен тәртібі осы Заңда немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде осы Заңда белгіленген шектерде айқындалуы мүмкін.

          Міндетті сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша осы Заңда міндетті сақтандыруға жататын қызмет түрін реттейтін уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілетін сақтандырудың үлгілік шартын қолдану көзделуі мүмкін.

          Тараптардың келісімі бойынша сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша үлгілік шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін және сақтанушының, сақтандырылған тұлғаның немесе пайда алушының жағдайларын нашарлатпайтын ережелермен толықтырылуы мүмкін.

Осы Заңда белгіленбеген тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру шарттары осы Заңның 132-бабында көзделген тәртіппен тұрғынжайды міндетті сақтандыру қағидаларында айқындалады.

  1. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, кейбір сақтандырушылардың басқалардың алдында міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берілмейді.
  2. Егер міндетті сақтандыру шарты осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының, жәбірленушінің, үшінші тұлғалардың) жағдайын нашарлататын шарттармен жасалған болса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы осы Заңда белгіленген шарттарда аталған тұлғалар алдында міндеттемелер көтереді.

 

49-бап. Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімдері

 

  1. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу және төлеу тәртібі, сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімдері, сақтандыру тарифтерін белгілеу кезінде ескерілетін факторлардың тізбесі, сондай-ақ сақтандырушылардың сақтандыру тарифтерін және сақтандыру тарифтері коэффициенттерін олардың шекті мәндері шегінде айқындаудың ішкі әдістемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде сақтандыру сыйлықақысы біржолғы төлеммен не бөліп төленуі арқылы мүмкін міндетті сақтандыру сыныптары айқындалуы мүмкін.

Сақтандыру сыйлықақысын бөліп-бөліп төлеу кезінде сақтандырушы міндетті сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзімі ішінде сақтанушының алдында жауапты болады.

  1. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, міндетті сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтері осы баптың 1-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде орталық актуарий осы Заңның 180-бабына сәйкес жүргізген актуарлық есептеулерді ескере отырып, сақтандыру тарифтерінің қабылданатын сақтандыру тәуекелдерінің деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ететін деңгейде тіркелген мөлшерде не шекті мәндер түрінде белгіленеді.

Уәкілетті орган белгілеген сақтандыру тарифтерінің қолданылу мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс.

  1. Егер сақтандыру тарифін немесе сақтандыру тарифінің коэффициенттерін осы Заңда немесе уәкілетті орган шекті мәндер түрінде белгілесе, сақтандырушы сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы үшін – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен ішкі әдістемеге сәйкес осындай мәндер шегінде сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде қолданылатын сақтандыру тарифінің немесе сақтандыру тарифінің коэффициенттерінің мөлшерін айқындайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ішкі әдістеме сақтандыру тәуекелінің дәрежесіне әсер ететін факторларға негізделеді.

  1. Егер міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

 

50-бап. Сақтанушының құқықтары

 

  1. Сақтанушы:

1) туристі міндетті сақтандыруды және тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандырушыны таңдауға;

2) сақтандырушыдан міндетті сақтандыру шарты бойынша міндетті сақтандыру шарттары мен тәртібін, құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

3) сақтандырушыға жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында цифрлық ресурстармен алмасу арқылы міндетті сақтандыру шартын жасасуға;

4) міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға;

6) келтірілген зиянның мөлшерін айқындау (міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау) нәтижелерімен және сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеумен, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы танысуға;

7) егер сақтанушы пайда алушы болып табылса, сақтандыру төлемін осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда алуға;

8) міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін осы Заңның 171-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не қаржы омбудсманына не сотқа жүгінуге;

9) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттарды қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;

10) сақтандырушыдан осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) сақтандыру шартында көзделген жағдайларда сақтандыру сыйлықақысын (оның бір бөлігін) қайта есептеуді немесе қайтаруды, сақтандыру сомасын қайта есептеуді талап етуге;

11) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан дерекқорда міндетті сақтандыру шарты және ол бойынша сақтандыру жағдайы туралы мәліметтердің болуы туралы ақпаратты сұратуға құқылы.

  1. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарды қоспағанда:

1) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі куәландырған кезде қатысуға;

2) пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғауға;

3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жақсартуға бағытталған алдын алу сипатындағы шараларды (бұдан әрі – алдын алу шаралары) және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге арналған шығындарды өтеуді талап етуге;

4) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға құқылы.

  1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарды қоспағанда:

1) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға;

2) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіде сақтандыру тәуекелінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін мән-жайлар (сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығы немесе ол басталған кезде ықтимал зиян мөлшері) өзгерген жағдайда объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарын өзгертуді талап етуге құқылы.

  1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтанушы осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарды қоспағанда, авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға құқылы.
  2. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру шарты бойынша сақтанушы осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарды қоспағанда:

1) медициналық желіге қатысушылардың ең төменгі тізбесіне сәйкес медициналық қызметтерді міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушыға ұсынуды, сондай-ақ көрсетілген қызметтер бойынша ақы төлеуді талап етуге;

2) сақтандырушының келісімімен міндетті сақтандыру шартының талаптарына сәйкес сақтандырылғандар тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

  1. Міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

 

51-бап. Сақтанушының міндеттері

 

  1. Сақтанушы:

1) Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында және міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;

2) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға шарт жасасу үшін қажетті мәліметтерді және (немесе) осы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға;

3) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әсер етуі мүмкін мән-жайлардың туындағаны туралы дереу хабарлауға;

4) сақтандыру жағдайы басталған кезде ықтимал залалдарды (міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша ықтимал экологиялық залалды) болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қолжетімді шаралар, оның ішінде мүлікті құтқару және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету шаралары қабылдауға;

5) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдарын, сондай-ақ келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерін бағалауға мүмкіндік беретін қолда бар ақпарат пен құжаттарды ұсынуға міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақшаларындағы сақтандырушы деп сондай-ақ медициналық қызметкерлердің азаматтық- құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының жетекші сақтандыру ұйымы не сақтандыру пулының қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокері (бұдан әрі –  сақтандыру пулының әкімшісі) түсініледі.

  1. Сақтанушы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа:

1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға өзі, сақтандыру полисіне енгізілетін әрбір сақтандырылушы, көлік құралы (құралдары), қосарланған сақтандыру, көлік құралын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу және сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы мәліметтерді және өтінішке енгізу үшін қажетті өзге де мәліметтерді және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген тәртіппен ұсынуға;

2) сақтандырушыны көлік оқиғасы туралы өзіне белгілі болғаннан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде (қолма-қол не цифрлық ресурстармен алмасу арқылы) көлік оқиғасының жасалғаны туралы дереу хабардар етуге;

3) көлiк оқиғасын жасаған кезде жәбiрленушілерге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын хабарлауға;

4) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдар мен ұйымдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;

5)  көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге міндетті.

Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында және осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген міндеттер көлік оқиғасы кезде көлік құралын тікелей жүргізген адамға жүктеледі.

Егер сақтанушы мен сақтандырылушы бір тұлға болып табылмаса, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген міндет сақтандырылушыға жүктеледі. Егер сақтанушы (сақтандырылушы) дәлелді себептермен аталған әрекеттерді орындау мүмкіндігіне ие болмаса, ол оны құжатпен растауы керек.

  1. Сақтанушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа:

 

1) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап шұғыл түрде, бірақ бес жұмыс күнінен кешіктірмей, қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға міндетті. Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен жазбаша түрде расталуға тиіс;

2) жолаушылар көлігіндегі оқиға және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдар мен ұйымдарға олардың құзыретіне қарай (жолаушылар көлігінің тиісті түрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның бөлімшелеріне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық көмек қызметіне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;

3) көліктегі сақтандыру жағдайы туралы акті жасауға;

4) жолаушылар көлігінде жол-көлік оқиғасы орын алған кезде жолаушылар көлігінің тиісті түрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жәбірленушілер мен уәкілетті органның қызметкерлеріне тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын хабарлауға міндетті.

Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақшаларында және осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген міндеттер сақтандыру жағдайы басталған сәтте жолаушылар көлігін тікелей жүргізген адамға жүктеледі.

Егер сақтанушы мен сақтандырылушы бір тұлға болып табылмаса, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген міндет сақтандырылушыға жүктеледі. Егер сақтанушы (сақтандырылушы) дәлелді себептермен аталған әрекеттерді орындау мүмкіндігіне ие болмаса, ол оны құжатпен растауы керек.

  1. Сақтанушы қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарға:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіндегі сақтандыру жөніндегі барлық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

2) қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге;

3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;

4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап шұғыл түрде, бірақ бес жұмыс күнінен кешіктірмей, қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға міндетті. Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен жазбаша түрде расталуға тиіс;

 

5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен сақтандырушы өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексеруді қамтамасыз етуге;

6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтірген залалын дәлелдеуге;

7) пайда алушы бойынша сақтандыру төлемін есептеу, аннуитеттік төлем шарттарын жасасу үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты (оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) электрондық пошта мекенжайын) шартта белгіленген мерзімде сақтандырушыға беруге;

8) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден уақтылы өткізуді қамтамасыз етуге;

9) қызметкерлердің сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға;

10) қызметкерлерді еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістен қол үздірмей оқытуға;

11) уәкілетті мемлекеттік органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелері жөніндегі шешімін орындауға;

12) сақтандырушыға өзінің қайта ұйымдастырылғаны немесе таратылғаны туралы сақтанушы осындай шешім қабылдаған күннен бастап немесе оған қатысты осындай шешім қабылдағаны туралы белгілі болған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлауға;

13) осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде қызметкердің немесе қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына аннуитеттік төлем шартын жасасуға;

14) осы Заңның 98-бабына сәйкес зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкердің пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шартын жасасуға және жасалған шарт туралы мәліметтерді еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйеге енгізуге;

15) аннуитеттік төлем шарты не зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның пайдасына тиісті шарт жасалған пайда алушыға оның көшірмесін табыс етуге міндетті.

  1. Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа:

1) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап шұғыл түрде, бірақ екі жұмыс күнінен кешіктірмей, қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға міндетті. Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен жазбаша түрде расталуға тиіс;

2) өзіне сақтанушы шығу туризмі саласында туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізген тұлғаны сақтандырушымен осы тұлғаның пайдасына туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар етуге міндетті.

  1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарға:

1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға хабарлауға;

2) шарт жасасу кезінде сақтандырушыға осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мәліметтерден басқа объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті және ерікті сақтандырудың бұрынғы  шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты беруге;

3) үш жұмыс күні ішінде сақтандырушыға және құзыретін негізге ала отырып уәкілетті органдарға мән-жайлардың өзгергені туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әсер етуі мүмкін болса, хабарлауға;

4) сақтандырушыны және құзыретін негізге ала отырып мемлекеттік органдарды сақтандыру тәуекелін едәуір ұлғайтуы мүмкін, қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіде жоспарланып отырған жаңғырту және (немесе) қайта бейіндеу туралы хабарлауға;

5) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерін болғызбау жөніндегі қажетті және мүмкін болатын шараларды қолдануға;

6) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге (ауызша, жазбаша) міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;

7) қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз қойылғаны жөнінде өзіне белгілі болғанда, бес жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны кез келген қолжетімді тәсілмен хабардар етуге (ауызша, жазбаша) міндетті.  Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;

8) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі апаттың, оқыс оқиғаның туындау себептері мен өзге де мән-жайларға өз бетінше зерттеп-тексеру жүргізу мүмкіндігімен сақтандырушының өкілін қамтамасыз етуге;

9) зақымданған мүліктің және бүліну аймағының олардың сақтандыру жағдайы басталғаннан кейінгі күйінде сақтандырушының өкілі қарағанға дейін сақталуын (eгep бұл қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмесе немесе зиян мөлшеріне әсер етпесе) қамтамасыз етудің мүмкін болатын барлық шараларын қолдануға міндетті.  

  1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтанушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарға:

1) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге (ауызша, жазбаша) міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;

2) экологиялық залал келтіруге алып келген авария жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретін ескере отырып (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органға) хабарлауға міндетті.

  1. Сақтанушы тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру шарты бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарға:

1) тұрғынжайды міндетті сақтандырудың қолданыстағы шартының болуын қамтамасыз етуге;

2) жергілікті атқарушы органдардың, тұрғынжацйды міндетті сақтандыру қорының, тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған аутсорсинг шарты негізінде әрекет ететін тұлғаның, тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған тапсырма шарты негізінде әрекет ететін сақтандыру ұйымдарының өкілдерін сақтандыру жағдайы басталғанға дейін және одан кейін тұрғынжайды қарау шарттарымен қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Сақтанушы аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарға:

1) аудит жүргізу не нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы талап  немесе талап-арыз қойылғаны жөнінде өзіне белгілі болған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандырушыны қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабардар етуге міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;

2) сақтандырушыға зиянды өтеу туралы талаптарға байланысты мәселелерді реттеуге қатысу мүмкіндігін беруге міндетті.

  1. Сақтанушы адвокаттардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және заң консультанттарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарға:

1)   шарт жасасу кезінде сақтандырушыға осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мәліметтерден басқа, оған заң көмегін көрсетуге байланысты үшінші тұлғаға төленген залал тарихын, сондай-ақ адвокаттың, заң консультантының өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынуға;

2) заң көмегін көрсету кезінде келтірілген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз қойылғаны туралы өзіне белгілі болған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандырушыны  қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабардар етуге міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;

3) сақтандырушыға осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген құжаттардан басқа, адвокаттың, заң консультантының заң көмегіне ақы төленгенін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

  1. Сақтанушы адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:

1) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін өткізу және объектішілік режим талаптарын сақтай отырып, адамдар жаппай болатын объектінің аумағына және үй-жайларына сақтандырушының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге (ауызша, жазбаша) міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;

3) сақтандырушыға талаптарды және медициналық қорытындыны, міндетті сақтандыру шартында көзделген тәуелсіз бағалау нәтижесін көрсете отырып, олар үшінші тұлғадан немесе оның заңды өкілінен келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша өтініш жолдауға, сондай-ақ сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге қажетті көмек көрсетуге міндетті.

  1. Қазақстан Республикасында уақытша болған шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру шарты бойынша сақтанушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:

1) сақтандырылушыға міндетті сақтандыру шартының талаптарын жіберуге және сақтандырылушыдан міндетті сақтандыру шартын жасасуға келісімін алуға;

2) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге (ауызша, жазбаша) міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;

3) сақтандырушыдан міндетті сақтандыру шартына өзгерістер енгізу және (немесе) сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына байланысты қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қажеттілігі туралы хабарлама алған кезде хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымша келісім жасасу және (немесе) қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.

  1. Медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтанушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:

1) сақтандырылушыны міндетті ортақ сақтандыру шарттарымен, оның ішінде міндетті ортақ сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға;

2) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы сақтандыру пулының әкімшісіне хабарлауға;

3) сақтандыру жағдайының белгілері анықталған кезде сақтандыру пулы әкімшісінің мүдделеріне қарсы бағытталған әрекеттерді жасамауға, сақтандыру пулы әкімшісінің жазбаша келісімінсіз зиянды өтеу туралы талаптарды ерікті түрде мойындамауға, осындай талаптарды реттеу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдамауға, сондай-ақ келтірілген зиянды өтемеуге;

4) міндетті ортақ сақтандыру шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру пулы әкімшісінің жазбаша келісімінсіз сақтандыру жағдайы шеңберінде қандай да бір өтемақы және басқа да төлемдерді келіспеуге және жүзеге асырмауға;

5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы  сақтандыру пулының әкімшісін  хабардар етуге (ауызша, жазбаша) міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;

Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көзделген міндеттер сақтандырылушыға да жүктеледі. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген шаралар сақтандыру пулының әкімшісімен келісім бойынша қабылданады.

  1. Міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

 

52-бап. Сақтандырушының құқықтары

 

  1. Сақтандырушы:

1) сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;

2) сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру полисін ресімдеу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде алдыңғы сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге, сондай-ақ алынған мәліметтердің дұрыстығын тексеруге;

3) сақтандыру тәуекелін және (немесе) келтірілген зиянның мөлшерін (міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша экологиялық залал) бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға;

4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлама алуға;

5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан құзыретіне байланысты, сақтандыру жағдайының басталу (көлік оқиғасына жол беру) фактісін, сондай-ақ келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерін (міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын) растайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға;

6) сақтандыру жағдайының (көлік оқиғасының) басталу себептері мен өзге де мән-жайларын белгілеуге;

7) сақтандыру жағдайы басталған кезде келтірілген зиянның мөлшерін (экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құны) және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындауға;  

8) сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарға байланысты мәселелерді реттеуге қатысуға;

9) сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тартуға;

10) осы Заңда көзделген жағдайларда кері талап ету (регресс) құқығын ұсынуға;

11) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделген жағдайларда міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ұстап қалуға құқылы.

  1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтардан басқа, мыналарды:

1) сақтанушының көлік оқиғасы болған жағдайда көмек көрсетуге байланысты қосымша ақылы қызметтер көрсетуге келісімі болған кезде, оның ішінде көлік құралын сақтанушыға (сақтандырылушыға) зақымдалған көлік құралын жөндеу уақытына беруді, сақтанушыға көмек көрсету үшін сақтандырушы өкілінің (авариялық комиссардың) көлік оқиғасы болған жерге баруын қоса алғанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау бойынша қызметтер көрсетуге;

2) сақтандыру жағдайы басталған күні осы мүліктің нарықтық құны мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған жағдайда мүлікті немесе оның қалдықтарын алуға;

3)  жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болмаған кезде ішкі істер органдары берген оқиға схемасымен жол жүрісі қағидаларын бұзу туралы хаттама негізінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құқылы.

  1. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтардан басқа, мыналарды:

1) сақтандыру жағдайларын тергеп-тексеруге қатысуға;

2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі қызметкерді куәландыру кезінде қатысуға;

3) штат кестесіне немесе сақтанушы ұсынатын және (немесе) сақтандырушы сұрататын өзге ақпаратқа сәйкес экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың сәйкестігін тексеруге;

4) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін сақтанушының объектілеріне тексеру жүргізуге;

5) сақтандыру жағдайларының алдын алу бойынша ұсыныстар беруге құқылы.

  1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтардан басқа, мыналарды:

1) үшінші тұлғалардың зақымданған мүлкін және бүліну аймағын қарап тексеруге қатысуға және қарап тексеру актілеріне қол қоюға;

2) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі сақтандыру тәуекелін (сақтандыру жағдайының басталу  ықтималдығы немесе ол басталған кезде болуы мүмкін зиян мөлшері)  ұлғайтуға алып келуі мүмкін мән-жайлар өзгерген жағдайда объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарын өзгертуін талап етуге;

3) келтірілген зиянды өтеуге байланысты қатынастарда сақтанушының (сақтандырылушының) атынан және оның тапсырмасы бойынша өкілдік етуге;

4) сақтанушының (сақтандырылушының) тапсырмасы бойынша пайда алушылар ұсынатын талап-арыздарға қатысты оның атынан сотта iс жүргiзудi өзiне қабылдауға құқылы. Алайда, сақтандырушының бұл iс-әрекеттерi оның сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі өз міндетін мойындауы деп бағалануға тиiс емес.

  1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтардан басқа, мыналарды:

1) сақтанушыдан және сақтандырылушыдан болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері мен салдары туралы экологиялық залал келтіру тәуекелін бағалау үшін қажетті толық және дәйекті ақпаратты алуға;

2) сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейін және одан кейін жүзеге асыратын қоршаған ортаның жай-күйіне және шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне өз зерттеулерін жүргізуге құқылы.

  1. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтардан басқа, мыналарды:

1) сақтанушының міндетті сақтандыру шартының талаптары мен талаптарын орындауын тексеруге;

2) сақтанушыдан сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығын және ықтимал залалдың (сақтандыру тәуекелінің) мөлшерін айқындау үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді және сақтандыру тәуекелін бағалауды алуға құқылы. 

  1. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтардан басқа, сақтанушыны және (немесе) сақтандырылушыны хабардар ете отырып, медициналық желіге қатысушылардың тізімін өзгертуге құқылы.
  2. Сақтандыру пулының әкімшісі осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) и 8) тармақшаларында көзделген құқықтардан басқа, мыналарға:

1) сақтанушы хабарлаған ақпаратты, сондай-ақ сақтанушының ортақ  сақтандыру шартының талаптары мен шарттарын орындауын тексеруге;

2) сақтанушыдан және пайда алушыдан сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген зиянның дәрежесін анықтау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды талап етуге;

3) ортақ сақтандыру шартының талаптарына өзгерістер енгізуді немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына пропорционалды түрде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді ұсынуға құқылы.

  1. 9. Міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

 

53-бап. Сақтандырушының міндеттері

 

  1. Сақтандырушы:

1) caқтанушыны мiндеттi сақтандыру талаптарымен, оның ішінде мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және мiндеттерiмен таныстыруға;

2) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезінде ресімдеуге;

3) сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін беруге;

4) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;  

5)  міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың  қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабарлау кезінде оны дереу тіркеп, осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) бойынша мәліметтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;

6) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;

7) сақтандыру жағдайы басталған кезде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;

8) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды (міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша экологиялық залалды) болғызбау немесе азайту мақсатында жұмсаған шығыстарын өтеуге;

9)   егер бас тарту туралы шешімді жіберудің өзге мерзімі мен тәртібі осы Заңда белгіленбесе, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандыру төлемі туралы өтінішті және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы өтініш берген тұлғаға бас тарту себептерін дәлелді негіздей отырып жазбаша нысанда және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, дауды сотқа дейін реттеу үшін сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемін төлеуден толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім жіберуге;

10) сақтанушыдан (сақтандырылушыдан, жәбірленушіден, үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) өтініш алған кезде өтініште көрсетілген талаптарды қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге;

11) сақтанушыдан (сақтандырылушыдан, жәбірленушіден, үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) міндетті сақтандыру шарты бойынша дауды реттеу үшін қаржы омбудсманына жолданатын өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды қаржы омбудсманына алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жолдауға;

12) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысын толық немесе ішінара қайтаруға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 4) және 7) тармақшаларында көзделген міндеттер сақтандыру пулының әкімшісіне қолданылады.

  1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:

1) сақтандырылушыны көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарымен, оның ішінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;

2) осы Заңның 65-бабының 5-тармағында көрсетілген тұлғаларға  сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша жеңілдік беруге;

3) жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның жазбаша өтінішін алған күннен бастап жұмыс күні ішінде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлік оқиғасына кінәлі болып табылатын сақтанушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын (сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), көлік құралының мемлекеттік тіркеу  нөмірі, қорытындының нөмірі мен күні) жасасу туралы мәліметтерді жазбаша ұсынуға;

4) осы Заңда белгіленген мерзімдер мен тәртіппен мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін есептеуді жүргізуге және зиянның мөлшері туралы есепті пайда алушыға таныстыруға ұсынуға;

5) осы Заңның 71-бабында көзделген тәртіппен келтірілген зиянды өтеу туралы талаппен жазбаша нысанда жүгінген кезде келтірілген зиянды өтеуді Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде жүргізуге;

6) осы Заңның 60-бабының 5-тармағында көзделген ақпаратты алған кезде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайын реттеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

  1. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:

1) сақтандырылушыны тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарымен, оның ішінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;

2) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламаны алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтанушының немесе оның өкілінің өтініші бойынша келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды жүргізуге, сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеуді көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны пайда алушыға танысуға ұсынуға міндетті.

  1. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:

1) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңға және міндетті сақтандыру шартына сәйкес жерлеуге арналған шығыстарды өтеуді жүргізуге;

2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының                            1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде жасалған зейнеткерлік  алдындағы аннуитеттік шартына және осы Заңға сәйкес ай сайын зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға;

3) өз қызметі нәтижесінде алынған сақтанушы және пайда алушы туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;

4) осы Заңның 94-бабында көзделген сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін төленбеген соманың 1,5 пайызы мөлшерінде өсімпұл төлеуге;

5) сақтанушыға міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнге есептелген сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде алдын алу шараларын жүргізуге арналған шығындарды өтеуге;

6) сақтанушыға және (немесе) пайда алушыға міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнге есептелген сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеуге;

7) пайда алушыға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде шипажай-курорттық емделуге арналған шығыстарды өтеуге міндетті.

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандырушы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар қызметкердің немесе тұлғаның  пайдасына аннуитеттік төлем шартын жасасуға міндетті.

Аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандырушы осы Заңның 98-бабына сәйкес зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарты бойынша сақтандыру төлемдерін алуға құқығы бар қызметкердің пайдасына зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шартын жасасуға міндетті.

Сақтандырушы аннуитеттік төлем шарты жасалған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде пайда алушыны (оның заңды өкілін) оның пайдасына жасалған аннуитеттік төлем шарты туралы хабардар етуге міндетті.

  1. Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:

1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде әрбір сақтандырылушыға қатысты сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеуге;

2) осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сақтандырылушыдан құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындауға және сақтандырылушыға танысуға ұсынуға;

3) осы Заңның 107-бабында көрсетілген сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар басталған кезде сақтандырылушыға туристерді міндетті сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзіміне ассистансты қамтамасыз етуге міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген мақсаттарда сақтандырушыда мынадай тұлғалардың кез келгенімен:

1) сақтандырылушының уақытша болатын елінде (орнында) тәулік бойы көптілді үйлестіру орталығы және өңірлік желісі бар ассистанс-компаниямен;

2) сақтандырылушыға көрсетілетін қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар тасымалдаушылармен, медициналық және өзге де мекемелермен жасалған сақтандырылушыға ұсынылатын қызметті көрсету туралы қолданыстағы шарттың болуы міндетті.

Ассистанс-компания ұсынатын әрбір сақтандырылған және сақтандыру жағдайы бойынша ассистанс көлемі сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемімен айқындалады.

Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын, туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушыға ассистанс көрсететін, ассистанс-компанияға қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандырушының ассистанс-компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

  1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, сақтандырылушыны объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарымен, оның ішінде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға міндетті.
  2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша нысанда берген өтініші бойынша авария салдарынан экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалауды жүргізуге, сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеуді көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны пайда алушыға танысуға ұсынуға міндетті.
  3. Сақтандырушы адвокаттардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты, заң консультанттарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, өзі тартатын бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) қызметтеріне ақы төлеуге міндетті.
  4. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:

1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетел азаматтарына медициналық көмектің ең аз тізбесінде көзделген сақтандырылған адамға медициналық көмек көрсетуді (бұдан әрі – медициналық көмектің ең аз тізбесі) ұйымдастыруға;

2) медициналық желіге қатысушылар тізімінен денсаулық сақтау субъектілеріне медициналық көмектің ең аз тізбесі шеңберінде олардың және сақтандырушының арасындағы келісімдерде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;

3) барлық сақтандырылғандардың, оларға көрсетілген қызметтердің, олардың құнының, сақтандыру сомалары мөлшерінің және міндетті сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті өзге де құжаттаманың есебін жүргізуге міндетті.

  1. 10. Міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының, сақтандыру пулы әкімшісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

 

54-бап. Сақтандыру жағдайы туралы хабарлау     

 

Сақтандыру жағдайының, авариялардың басталу фактісін және олардың салдарын растайтын, олар басталған кезде келтірілген зиянның (залалдың) мөлшерін айқындауға қажетті қолда ақпараты бар мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар бұл ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға), қаржы омбудсманына олар жүгінген кезде және (немесе) цифрлық ресурстармен алмасу кезінде дерекқор арқылы беруге міндетті.

 

55-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру

 

Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, сақтандыру төлемін алуға өтініш беру тәртібі, міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін талап етілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) цифрлық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын беруге міндетті.

Сақтандырушының өтініш берушіден осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделмеген құжаттарды талап етуіне жол берілмейді.

 

56-бап. Сақтанушы (сақтандырылушы) құқықтарының сақтандырушыға өтуі

  1. Мүліктік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға төленген сома шегінде сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру нәтижесінде сақтандырушы өтеген залалдар (зиян, экологиялық залал) үшін жауапты тұлғаға талап ету құқығы өтеді.

 Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге кінәлі тұлғаға талап ету құқығы төленген сома шегінде өтеді.

Сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға талап ету құқығының ауысуын:

мүліктік сақтандыру шарты бойынша залалдар (зиян, экологиялық залал) үшін жауапты тұлғаға;

туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін кінәлі адамға қатысты қамтамасыз етеді.

  1. Егер сақтандыру жағдайы автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарға қанағаттанарлықсыз қызмет көрсетуден туындаған жол жағдайлары себебінен орын алғаны анықталса, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға көлік құралы иесінің осындай жағдайлар жасауға кінәлі тұлғаға талап ету құқығы өтеді.

 

57-бап. Міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату

 

  1. Міндетті сақтандыру шарты мынадай:

1) шарттың қолданылу мерзiмi бiткен;

2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;

3) сақтандырушының міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы, жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қоспағанда;

4) сақтандырушының қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруы кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша жалпы сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруы;

  1. Міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
  2. Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасының ережелері көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шартына қолданылмайды.

 

 

12-тарау. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

58-бап. Сақтандыру объектісі

 

Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген, жоғары қауіптілік көзі ретінде көлік құралын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру) объектісі болып табылады.

 

59-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі міндет және оның орындалуын бақылау

 

  1. Мынадай көлік құралдары:

1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдері, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк пен олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), трамвайлар, троллейбустар және заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жалға беретін электр самокаттар;

2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген көлік құралы;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз бетінше жүргізіліп әкелінетін, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі көлік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруіне немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты тіркеуден шығарған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.

  1. Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады.

Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.

  1. Өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруына орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт жасасу негiзiнде не мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатпайды.
  2. Көлiк құралдарының иелерi басқа мемлекеттердің сақтандырушыларымен көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн сақтандыру шарттарын, оның ішінде электрондық нысанда жасасуға құқылы, бұл жағдайда осы сақтандыру көлiк құралдарының иелерiн Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ғана сақтандырып қорғауды қамтамасыз етеді.
  3. Осы тарауға сәйкес өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған көлік құралдарының иелері көлік құралын пайдалану нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген адамға (бұдан әрі осы тараудың мақсаттары үшін – жәбірленуші) осы Заңның 68-бабында белгіленген сақтандыру сомасынан асатын бөлігінде зиянды өтеуді, сондай-ақ көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекеліне жатпайтын азаматтық-құқықтық жауапкершілік туындаған жағдайларда зиянды өтеуді көздейтін сақтандыруды қосымша ерікті нысанда жүзеге асыруға құқылы.
  4. Көлік құралдары иелерінің көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды:

көлік құралдарын тіркеу және жол жүрісі қағидаларының, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылау саласындағы өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері;

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.

 

60-бап. Көлік оқиғасы туралы хабарлау

 

  1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көлік оқиғасына

қатысушыларға не олардың өкілдеріне, сондай-ақ сұрау салуы бойынша сақтандырушыларға, қаржы омбудсманына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлік оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайдың белгілері бар оқиғаның басталу фактісін растайтын құжаттардың бір-бір данасын, оның ішінде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрісі қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшірмесін береді.

  1. Көлiк оқиғасы және оның салдары туралы ақпарат қолында бар ішкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, қаржы омбудсманына және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына олар жүгінген кезде және (немесе) цифрлық ресурстар алмасу кезінде беруге мiндеттi.
  2. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнің көлік оқиғасының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыға осы көлiк оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады.
  3. Ақпараттық өзара іс-қимылдың осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген түрлері сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы цифрлық ресурстар алмасу жолымен жүзеге асырылады.
  4. Көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушінің өміріне зиян келтіру жағдайлары туралы ақпарат алу және пайда алушыны айқындау мақсатында ақпараттық өзара іс-қимыл осы Заңның 192-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

61-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі

 

  1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы көлік құралының меншік иесі не көлік құралы иесінің келісімімен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасатын өзге де жеке немесе заңды тұлға бола алады.

  1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң

немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келiсiмшарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және жіберіп алған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.

  1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
  2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралының иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға жасасатын және бір немесе бірнеше cақтандырылған тұлғаға қатысты қолданыcтағы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты (бұдан әрі – стандартты шарт). Стандартты шарт пайдаланылатын көлік құралының әрбір бірлігіне жасалады;

2) сақтандыру полисінде көрсетілген екі және одан да көп көлік құралдарының иесі болып табылатын және бір ғана сақтандырылған жеке тұлғаға қатысты қолданыстағы жеке тұлға (бұдан әрі – кешенді шарт) жасайтын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты. Кешенді шарт барлық пайдаланылатын көлік құралдарына жасалады.

  1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисiн электрондық нысанда ресімдеуi арқылы жасалады.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректерді қамтитын сақтанушының өтініші негiз болып табылады.

  1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты:

1) басқа мемлекетте тіркелген, иесі осы мемлекет пен Қазақстан Республикасының арасында жасалған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын көлік құралдары иелері  жауапкершілігінің сақтандыру шартын жасаған көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына енген жағдайда;

2) трамвайлар және заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жалға беретін электр самокаттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінде мемлекеттік тіркеуге және есепке алуға жатпайтын және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық қозғалыста болмайтын көлік құралдарына қатысты жасалмайды. 

  1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында тиісті санаттағы (кіші санаттағы) көлік құралын басқаруға құқығы жоқ не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған сақтандырылған адамдар ретінде көрсетіле алмайды.
  2. Сақтандыру полисі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында санамаланған шарттардан басқа, осы Заңның 68-бабының
    4-тармағына сәйкес айқындалған сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін, шарттың түрін көрсетуді, сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылған, сақтандырылғандар) және пайдаланылатын көлік құралы (пайдаланылатын көлік құралдары) туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

Сақтандыру полисіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

  1. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:

1) көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;

2) көлiк құралын заңсыз иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда;

3) адам көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырушымен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек шарты немесе өзге де шарт негiзiнде жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп саналады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар кешенді шартқа қатысты да қолданылады.

 

62-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы

 

  1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы тарауға сәйкес жәбірленуші деп танылған, оның ішінде зиян келтіруге кінәлі болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлік құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар:

осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам;

2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы талап қолданылатын жолаушылар;

3) егер Қазақстан Республикасының заңдарымен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс беруші ретінде қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауы кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру міндеті жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлері кірмейді.

  1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
  2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты:

1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық қозғалыстағы көлік құралдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде;

2)  жеке немесе заңды тұлғада көлік құралын иелену құқығы пайда болған  кезде, бірақ осы көлік құралы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік тіркеген (қайта тіркелген) кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей;

3) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электр самокаттарды жалға беру бойынша қызметтер көрсетуі сәтіне жасалуға тиіс.

  1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзімге:

1) көлік құралын маусымдық, бірақ кемінде алты ай пайдаланған кезде;

2) осы Заңның 59-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, көлік құралының мемлекеттік тіркелуінің алдындағы мерзімге, бірақ кемінде күнтізбелік бес күнге;

3) көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайда уақытша кірген бүкіл кезеңге, бірақ кемінде күнтізбелік бес күнге  жасасуға жол беріледі.

  1. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

 

63-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтатудың ерекшеліктері

 

  1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезде өз қолданылуын тоқтатпайды.

Сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезде, сақтандырушы бұл туралы бір жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға хабарлайды.

  1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы Заңның 61-бабының 7-тармағында көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуға жатады. Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының тоқтатылғаны туралы хабарламаны сақтандырушы сақтанушының, сондай-ақ осы Заңның 61-бабының 7-тармағында көзделген мән-жайлар туындаған сақтандырылушының атына жібереді.
  2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда – оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.
  3. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушы ұстайтын сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін есептеу мөлшері мен тәртібі осы Заңның 49-бабының 1-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

 

64-бап. Сақтандырылушының және жәбірленушінің құқықтары

 

  1. Сақтандырылушы осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2), 5), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында көзделген құқықтарға ие.

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

  1. Жәбірленуші:

1) болуы салдарынан сақтанушы (сақтандырылушы) өзiне зиян келтiрген көлiк оқиғасы туралы сақтандырушыға хабарлауға;

2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;

3) кез келген медициналық мекеменің қызметін пайдалануға;

4) сақтандырушы жүргізген, келтірілген зиян мөлшерлерiн айқындаудың және сақтандыру төлемінің нәтижелерiмен танысуға;

5) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрілуіне кiнәлi тұлғаның сақтандырушысына осы Заңның 53-бабы                               2-тармағының 5) тармақшасында көзделген тәртiппен осы тұлғаның көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының бар екендiгi туралы мәлiметтердi (сақтанушының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлiк құралын мемлекеттік тiркеу нөмiрi, нөмiрi және жасалған күнi) растау туралы жазбаша өтініш жасауға;

6) сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрілуіне кiнәлi тұлғаның көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының бар не жоқ екендігі туралы мәлiметтердi (сақтанушының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлiк құралын мемлекеттік тiркеу нөмiрi, нөмiрi және жасалған күнi) ұсыну туралы жазбаша өтініш жасауға;

7) осы Заңның 71-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру төлемiн алуға, сондай-ақ келтірілген зиянды өтетуге;

8) көлік құралының иесіне келтірілген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемі сомасынан асатын мөлшерде зиянды өтеуі туралы талап қоюға;

9) осы Заңның 70-бабына сәйкес көлік құралына келтірілген зиянды өтеу бөлігінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәсілін таңдауға;

10) көлік құралына қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін осы Заңның 70-бабының 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 70-бабының 5-тармағында көзделген тізбеден көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететін заңды тұлғаны (бұдан әрі – техникалық қызмет көрсету станциясы) таңдауға;

11) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан дерекқорда ол бойынша сақтандыру жағдайы (көлік оқиғасы) туралы мәліметтердің болуы туралы ақпаратты сұратуға;

12) осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында көзделген құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген құқықтары пайда алушы ретінде әрекет ететін өзге тұлғаларға өтеді.

 

65-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау

 

  1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын айқындау үшін базалық мөлшерлеме мен коэффициенттерден тұратын сақтандыру тарифтері қолданылады.

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы базалық мөлшерлеме мен сақтандыру тарифтерінің коэффициенттерінің туындысы ретінде есептеледі.

Базалық мөлшерлемені уәкілетті орган айлық есептік көрсеткіштерде белгілейді.

Сақтандыру тарифтерінің коэффициенттерін уәкілетті орган белгіленген мөлшерде не көлік құралының түріне және сақтандыру тәуекелі дәрежесіне әсер ететін өзге де факторларға байланысты шекті мәндер түрінде белгілейді.

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тарифтерін белгілеу және өзгерту жөніндегі уәкілетті органның шешімі Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесінің алдын ала мақұлдауына жатады.

  1. Кешенді шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең көп шамасына тең болып белгіленеді.
  2. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледі және әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең көп шамасына тең мөлшерде сақтанушының төлеуіне жатады.
  3. Көлiк құралдарының иелерi – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер стандартты шарт жасасқан кезде төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының елу пайызы мөлшерінде сақтандыру сыйлықақыларын төлейдi.

Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.

  1. Сақтанушының кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

 

 66-бап. Сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін айқындау

 

  1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылған көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.
  2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы тарауға сәйкес айқындалады.
  3. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы не ол тартқан бағалаушы қызмет көрсету туралы шарттың негізінде лицензиялық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды қолдана отырып жүзеге асырады.

Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптар және мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) келтірілген зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бүлінген мүлікті қарап-тексерудің жүргізілетін күнін, уақытын және орнын келіседі. Бұл ретте бүлінген мүлікті қарап-тексеру көрсетілген өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүргізілуге тиіс.

Мүлкіне зиян келтірілген сақтанушы (сақтандырылған, пайда алушы):

сақтандырушымен келісілген жерге және уақытта тексерілетін мүлікті әкелуді қамтамасыз етуге;

тексеруге жататын мүлікті сақтандырушы мүлікті көрсетілген қарап-тексеруді жүргізгенге дейін көлік оқиғасынан кейін болған жағдайда сақтауға міндетті.

Егер бүлінген мүлікті қарау сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) кінәсінен немесе тараптардың еркіне тәуелсіз мән-жайлар бойынша жүргізілмеген жағдайда, Сақтанушы (сақтандырылған, пайда алушы) келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтінішпен сақтандырушыға қайта жүгінеді.

Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы бүлінген мүлікті қарап-тексеру актісі жасалған және тексерілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.

Сақтандыру жағдайы басталған күні көлік құралын әзірлеушінің кепілдік міндеттемелері қолданылатын көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау кезінде ауыстыруға жататын жиынтықтаушы бұйымдардың (бөлшектердің, тораптардың) тозуы ескерілмейді.

  1. Егер сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін осы баптың 3-тармағының бесінші бөлігінде белгіленген мерзімде айқындамаса, онда сақтанушы (сақтандырылған) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалаушының көрсетілетін қызметтерін пайдаланып, мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауы мүмкін. Бағалаушының көрсетілетін қызметтері үшін сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері шеккен шығындар, сақтандыру төлеміне қарамастан, сақтандырушының өтеуіне жатады.

Бағалаушы көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды уәкілетті органның осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, бағалаушы жүргізген, көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау нәтижесін сақтандырушы жәбірленушіге (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қабылдайды.

Жәбірленуші мүлікті қалпына келтіруді осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырған кезде сақтандыру төлемі осы Заңның 69-бабы                                 5-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылады.

  1. Сақтандырушы осы бапқа сәйкес айқындалған зиян мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

 

67-бап. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі

 

  1. Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оған қатысушылар бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:

1) көлік оқиғасы екі көлік құралының (тіркемелері (жартылай тiркемелерi) бар көлік құралдарын қоса алғанда) өзара жанасуы (соқтығысуы) салдарынан болса, осы көлік оқиғасы жасалған кезде иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі осы тарауға сәйкес сақтандырылған болса;

2) көлік оқиғасы салдарынан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарына ғана зиян келтірілсе;

3) көлік оқиғасы салдарынан зиян келтіру мән-жайлары, көлік құралдарының көрінетін бүлінуінің сипаты мен тізбесі, көлік оқиғасына қатысушылардың бірінің кінәсі көлік оқиғасына қатысушылардың келіспеушілігін туғызбаса және декларацияда тіркелсе;

4) көлік оқиғасына қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының мөлшері шегінде сақтандыру төлемінің мөлшеріне келіссе;

5) көлік оқиғасы туралы құжаттар мен мәліметтерді ресімдеуді көлік оқиғасына қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесін және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, декларация жасау арқылы жүзеге асырса, сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация (бұдан әрі – декларация) жасау арқылы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз көлік оқиғасын ресімдеу туралы құжаттарды өздері келіскен шарттармен жүзеге асыруға құқылы.

  1. Көлік оқиғасына қатысушылар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан сақтандырушының декларацияны қабылдағаны туралы хабарламаны өздері алғанға дейін көлік оқиғасы болған жерден кетпеуге тиіс.

Егер көлік оқиғасына қатысушылар декларацияға қоса берген фотоматериалдар көлік оқиғасына қатысқан көлік құралының маркасын, моделін, сәйкестендіру нөмірін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ зиян келтіру мән-жайларын, көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдарының көрінетін бүлінуінің сипаты мен тізбесін айқындауға мүмкіндік бермеген жағдайда, сақтандырушы көлік оқиғасына қатысушылардан сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесін және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып не басқа да қолжетімді тәсілмен фотоматериалдарды қайта жіберуді сұратуға құқылы.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар сақтандырушының декларацияны қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды.

  1. Көлік оқиғасына қатысушылардың бірі сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібін ресімдеумен келіспеген жағдайда сақтандыру төлемі осы Заңның 69-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Сақтандыру жағдайын реттеудің тәртібі мен оңайлатылған тәртібінің шарттары, декларацияның нысаны мен оған қоса берілетін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  3. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі сақтандыру жағдайы бойынша көлік оқиғасына қатысушылар арасында келіспеушіліктер болмаған кезде осы Заңның 71-бабында айқындалған тәртіппен тікелей реттеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, бұл туралы декларацияда тиісті белгі жасалады.
  4. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының фактісі мен мән-жайларын анықтау және зиян мөлшерін есептеу үшін көлік оқиғасына қатысушылардың көлік құралдарын қарап-тексеруді жүргізуге құқылы.

Көлік оқиғасына қатысушылар сақтандырушының талап етуі бойынша қарап-тексеру жүргізу үшін көлік құралдарын беруге және сақтандыру төлемін жүзеге асырғанға немесе сақтандырушы уәжді бас тартуды жібергенге дейін бүлінген мүлікті көлік оқиғасынан кейінгі күйінде сақтауға міндетті.

Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру тәртібі, шарттары, мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемін сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.

Осы бапқа сәйкес сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі тиісінше орындалған болып есептеледі және пайда алушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайын оңайлатылған тәртіппен реттеу кезінде әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерінен асатын бөлігінде зиянды өтеу туралы қосымша талаптар қоюға құқылы емес.

Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайын оңайлатылған тәртіппен реттеу  кезінде әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті  мөлшерінде осы Заңның 69-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің                                  2) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.

 

68-бап. Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі және сақтандыру төлемі

 

  1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):

1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға алып келсе:

қаза табуға  – 2 000;

          мүгедектіктің:

бірінші тобы белгіленсе – 1 600;

екінші тобы белгіленсе – 1 200;

үшінші тобы белгіленсе – 500;

мүгедектігі бар балаға – 1 000;

мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбеген өзге де зақымдануына – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспауға;

2) әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес.

3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбiрленушiге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.

Әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемі сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәсіліне байланысты емес.

  1. Қаза болуына немесе мүгедектiк белгiленуiне алып келген, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерiнде жүзеге асырылады.
  2. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сақтандыру төлемі жүзеге асырылған күнгі айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
  3. Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемі, егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында белгіленген және көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан күні қолданыста болған мөлшерде айқындалады.
  4. Сақтанушының (сақтандырылушының) залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, eгep мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да сақтандырушының өтеуiне жатады.

Мұндай шығыстар нақты мөлшерде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемінің және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы осы баптың 4-тармағына сәйкес белгіленген сақтандыру сомасынан аспауға тиіс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаған болса, олар жауапкершіліктің шекті көлеміне қатыссыз, толық мөлшерде өтеледі.

Көрсетілген шығыстарды сақтандырушы тікелей шығынға ұшыраған тұлғаға өтейді.

  1. Келтiрiлген зиянды толығымен өтеу үшiн жауапкершіліктің шекті көлемі жетпеген кезде сақтанушы жәбiрленушiге ұсынылған зиянды өтеу және зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейдi.
  2. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, сақтандырушы жәбірленушіні жерлеген адамға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеу шығыстарын өтейді.

 

69-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың шарттары

 

  1. Сақтандыру сомасы шегінде сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға ұсынады.
  2. Жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтеттiруге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.

Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтетуге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.

  1. Жәбiрленушiнiң жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша сақтандыру төлемi тiкелей оның денсаулығын және (немесе) мүлкiн қалпына келтiру жөнiнде қызмет көрсеткен (көрсетушi) тұлғаға жүзеге асырылуы мүмкiн.
  2. Жәбiрленушiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi оған (зиянды өтетуге құқылы адамдарға) басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесiлі сомаға қатыссыз жүзеге асырылады.
  3. Жәбірленушінің таңдауы бойынша көлік құралына келтірілген зиянды өтеу бөлігінде сақтандыру төлемі мынадай тәсілдердің бірімен:

1) сақтандыру төлемінің сомасын жәбірленушінің (пайда алушының) банктік шотына аудару арқылы;

2) сақтандырушыда қалпына келтіруді ұйымдастыруға шарт жасалған немесе осы Заңның 70-бабының 6-тармағында көрсетілген техникалық қызмет көрсету станциясының зақымдалған көлік құралын қалпына келтіру бойынша жөндеу құнын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Сақтандыру төлемінің сомасын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу сақтандырушының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  1. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде сақтандырушы пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттарды қабылдауды талап етуге құқылы емес.
  2. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығы нашарлап кетсе (мүгедектік не мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы белгіленсе) не қайтыс болса, онда сақтандырушы жәбірленушіден (пайда алушыдан) келіп түскен өтініштің және тиісті құжаттардың негізінде, сақтандыру төлемінің сомасына осы Заңда белгіленген тәртіппен және мөлшерде қайта есептеу жүргізуге міндетті. Бұл ретте сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сомалар есепке алынады.
  3. Сақтандырушының пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен зиянның мөлшерін анықтауға байланысты өз шығыстарын ұстап қалуға құқығы жоқ.
  4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған, көлік құралын қалпына келтіруге жолдама беру мерзімі немесе осы Заңның 70-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде белгіленген көлік құралын қалпына келтіруге жөндеу жүргізу мерзімі бұзылған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
  5. Меншік иелері көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бар бірнеше көлік құралдары жәбірленушіге зиян келтірген кезде жәбірленуші (пайда алушы) олардың әрқайсысы бойынша сақтандыру төлемін жеке алуға құқылы. Әрбір сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңда белгіленген жауапкершілік көлемі шегінде және сақтанушының жауапкершілік мөлшеріне сәйкес жүргізеді. Бұл ретте барлық сақтандырушылар жүргізген сақтандыру төлемінің жалпы сомасы жәбірленушіге келтірілген нақты зиянның мөлшерінен және әрбір сақтандырушы үшін көзделген жауапкершіліктің шекті көлемінен аспауға тиіс.
  6. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

70-бап. Көлік құралын қалпына келтіру жөндеу құнын төлеу арқылы сақтандыру төлемін жүзеге асыру

 

  1. Қалпына келтіру жөндеу деп зақымдалған көлік құралын сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі күйіне келтіруге бағытталған жөндеу танылады.
  2. Сақтандыру төлемі туралы өтініште сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәсіліне нұсқау болмаған кезде сақтандыру төлемі осы Заңның 69-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылады. Жәбірленуші (пайда алушы) қалпына келтіру жөндеуіне жолдама берілген сәтке дейін не сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сәтке дейін сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау арқылы сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәсілін өзгертуге құқылы.
  3. Сақтандыру төлемі жәбірленушінің (пайда алушының) таңдауына қарамастан, осы Заңның 69-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген тәсілмен мынадай жағдайлардың бірінде:

1) бүлінген көлік құралын қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған кезде көлік құралы жарамсыз болғанда;

2) жәбірленуші қайтыс болғанда;

3) егер қалпына келтіру жөндеу құны осы Заңның 68-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында белгіленген сақтандыру сомасынан не сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі үшін белгіленген сақтандыру сомасының шекті мөлшерінен асып кетсе және жәбірленушінің қалпына келтіру жөндеуінің құнын қосымша төлеуге келісімі болмағанда;

4) осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, сақтандырушыда техникалық қызмет көрсету станциясымен қалпына келтіру жөндеуін ұйымдастыруға шарт болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

  1. Қалпына келтіру жөндеу құнын төлеуді сақтандырушы осы Заңның
    66-бабына сәйкес айқындалған зиян мөлшерінде осы Заңның 68-бабы
    1-тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында белгіленген бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемі шегінде жүзеге асырады.

Егер сақтандырушы мен жәбірленуші арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қалпына келтіру жөндеуді жүргізу кезінде пайдалануда болған немесе қалпына келтірілген жиынтықтаушы бұйымдарды (бөлшектерді, тораптарды) пайдалануға жол берілмейді.

Егер қалпына келтіру жөндеу құны бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кетсе, сақтандырушы жәбірленушімен келісім бойынша жәбірленушіге техникалық қызмет көрсету станциясына төленуге жататын қосымша ақының мөлшерін айқындайды және қалпына келтіру жөндеуге жіберілетін қосымша ақының мөлшерін көрсетеді.

  1. Сақтандырушы өзінің интернет-ресурсында қалпына келтіру жөндеуді ұйымдастыруға шарттар жасалған техникалық қызмет көрсету станцияларының тізбесін олардың орналасқан жерін, қалпына келтіру жөндеуді жүргізу үшін қабылданатын көлік құралдарының маркалары мен шығарылған жылдарын, сондай-ақ оны жүргізу мерзімдерін көрсете отырып орналастырады.

Қалпына келтіру жөндеуді жүргізу мерзімі көлік құралын техникалық қызмет көрсету станциясына апарған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Қалпына келтіру жөндеуге жолдама осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жәбірленуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тізбеден таңдаған техникалық қызмет көрсету станциясына беріледі.

Көлік құралын жәбірленуші таңдаған техникалық қызмет көрсету станциясына дейін тасымалдау жәбірленушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  1. Егер бүлінген көлік құралына көлік құралдарын әзірлеушінің кепілдік міндеттемелері қолданылса және мұндай көлік құралы шығарылған жылдан бастап екі жылдан аспайтын уақыт өтсе, қалпына келтіру жөндеуіне жолдаманы сақтандырушы сақтандырушыда көрсетілген техникалық қызмет көрсету станциясымен қалпына келтіруді ұйымдастыруға арналған шарттың болуына қарамастан, осы көлік құралына кепілдік міндеттемелерін берген көлік құралын әзірлеушімен сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға шарт жасасқан техникалық қызмет көрсету станциясына береді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда техникалық қызмет көрсету станциясы жүргізген қалпына келтіру жөндеу сапасына көлік құралын әзірлеуші ұсынған кепілдік міндеттемелерге сәйкес осындай техникалық қызмет көрсету станциясы жауапты болады.

  1. Егер көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, қалпына келтіру жөндеу жұмыстарына кепілдік мерзімі кемінде алты айды құрайды.
  2. Жәбірленушінің онда көрсетілген техникалық қызмет көрсету станциясында оның көлік құралын қалпына келтіру жөндеу құқығын растайтын құжат қалпына келтіру жөндеуге жолдама деп танылады.

Сақтандырушы бүлінген көлік құралын қарап шыққаннан және келтірілген зиянның мөлшерін анықтағаннан кейін осы Заңның 66-бабына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық актіде белгіленген мерзімде жәбірленушіге қалпына келтіру жөндеуге жолдама береді не оған уәжді бас тартуды жібереді.

Қалпына келтіру жөндеуге ақы төлеу тәртібі мен мерзімдері осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актіде  айқындалады.

  1. Осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген техникалық қызмет көрсету станциясының жәбірленушіге жөнделген көлік құралын беру мерзімін және жәбірленушінің көлік құралын қалпына келтіру жөндеу сапасын сақтамағаны үшін жауапкершілікті қалпына келтіру жөндеуге жолдама берген сақтандырушы өзіне алады.

Сақтандырушының осы Заңның 69-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің
2) тармақшасында көзделген тәсілмен сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі жәбірленуші жөнделген көлік құралын алған сәттен бастап орындалған болып есептеледі.

Кепілдік мерзімі ішінде қалпына келтіру жөндеу кемшіліктері анықталған жағдайда оларды жою сақтандырушының есебінен жүзеге асырылады.

 

71-бап. Тікелей реттеу

 

  1. Көлік оқиғасы кезінде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар адам келтірілген зиянның өтемін алу үшін, кінәсінен көлік оқиғасы болған адамды көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болған жағдайда, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға жүгінуге құқылы.
  2. Тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Келтірілген зиянды өтеуді сақтандырушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

  1. Сақтандыру жағдайы орын алған тұлғаның көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы сақтандыру жағдайын реттеген сақтандырушыға нақты төленген соманы өтейді.

 

72-бап. Кері талап ету (регресс) құқығы

 

  1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер:

1) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мына әрекеттердің бірінің салдарынан орын алса:

сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның, қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана әрекеттерiнің салдарынан басталса;

оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса, сондай-ақ аталған адамдардың психоактивті затты (заттарды) пайдалану фактісі белгілі болса немесе анықталса;

2) көлік оқиғасы орын алған кезде көлік құралын жүргізуші адамның оны жүргізу құқығы болмаса;

3) соттың істі қарау барысында сақтандыру жағдайы көлік құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) білгені немесе білуге тиісті екені анықталса;

4) көлік құралы оның техникалық сипатына сай емес мақсаттарға пайдаланылса;

5) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбаса;

6) көлік құралын жүргізген адам, ол қатысушы болып табылатын көлік оқиғасының орнын қалдырып кетсе, егер бұл факт зардап шегушіге медициналық көмек көрсетумен байланысты болса;

7) көлік құралын басқаратын және психоактивті затты пайдалану фактісін және мас күйін анықтау үшін куәландыруға жіберілген адам дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе кері талап қоюға құқылы.

  1. Егер осы баптың 1-тармағында санамаланған жағдайларда келтірілген зиянға осы Заңның 61-бабының 9-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген адам кінәлі болып табылса, онда сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қоюға құқығы бар.

 

  73-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері

 

  1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;

2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.

  1. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін, сондай-ақ:

1) жәбірленушінің (пайда алушының) шығынның тиісті өтемін шығын келтіруге кінәлі тұлғадан алуы;

2) сақтанушының (сақтандырылушының) көлік құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргізуді үйретуге арнайы белгіленген орындарда оқыту кезінде пайдалануы;

3) көлік құралын тиеу немесе түсіру кезінде зиян келтіру;

4) жәбiрленушiнiң мүлкiне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдiк бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрiнде зиян келтiру;

5) жәбiрленушiнiң осы Заңның 66-бабы 3-тармағы үшінші бөлігінің, 67-бабының 6-тармағының екінші бөлігінің талаптарын бұзуы;

6) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі жөніндегі құжаттар мен мәліметтердің осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негiз болуы мүмкiн.

  1. Егер сақтандыру жағдайы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың салдарынан туындаса, сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
  2. Сақтандыру полисінде көрсетілген бүлінген көлік құралы үшін сақтандыру төлемі жүзеге асырылмайды.
  3. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.

 

74-бап. Көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың халықаралық жүйелері

 

  Трансшекаралық қозғалысқа қатысатын көлік құралдары иелері үшінші тұлғаларға келтірген зиянды өтеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдары иелерінің жүріп-тұру режимін жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың халықаралық жүйелерінде Қазақстан Республикасының қатысуына жол беріледі.

 

 

13-тарау. ТАСЫМАЛДАУШЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

75-бап. Сақтандыру объектісі

 

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі (бұдан әрі – тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру) тасымалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.

 

76-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі міндет және оның орындалуын бақылау

 

  1. Жолаушыларды, жолаушылардың мүлкін жолаушылар көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың-Қазақстан Республикасының резиденттерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.
  2. Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жолаушылар көлігінің әр бірлігі бойынша сақтандырылуға жатады.

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің ерікті сақтандыру шартын жасасуы тасымалдаушыны тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.

  1. Мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және олармен үлестес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңдарына сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша көрсететін сақтандыру қызметін алуға міндетті.
  2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу бөлігінде орындалуына мемлекеттік бақылау жасау:

1) автомобиль көлігін және қалалық рельстік көлікті пайдалануға қатысты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелеріне;

2) теміржол, теңіз, ішкі су және әуе көлігін пайдалануға қатысты көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға;

3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарына жүктеледі.

 

77-бап. Жолаушылар көлігіндегі оқиға туралы хабарлау

 

  1. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері жолаушылар автомобиль көлігіндегі көлік оқиғасына қатысушыларға сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттардың бір-бір данасын, оның ішінде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрісі қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшірмесін тегін береді.
  2. Жолаушылар көлігіндегі оқиға және оның салдары туралы ақпарат қолында бар Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар

мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтандырылушыға, пайда алушыға және қаржы омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.

  1. Автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының, тасымалдауды жүзеге асыру кезінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірген жолаушының (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – жәбірленуші) немесе оның мұрагерлерінің сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға мүмкіндігі болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері тиісті сақтандырушыны осы көлік оқиғасы туралы хабардар етуді жүзеге асырады.

Сақтандыру жағдайы туралы сақтандырушыға кез келген басқа тұлға да хабарлауға құқылы.

  1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ақпараттық өзара іс-қимыл түрлері дерекқорлар арқылы цифрлық ресурстармен алмасу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

 

78-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты, оны жасасу тәртібі және қолданылу мерзімі

 

  1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру осы тарауға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
  2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) өзі не сақтанушының (сақтандырылушының) өзі тасымалдаған кезде жолаушылардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде туындаған сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі мынадай:

1) жазбаша нысанда ресімделген сақтанушымен (сақтандырылушымен) жасалған еңбек немесе өзге шарт негізінде адамның жолаушылар көлігін басқаруы;

2) егер келтірілген зиян үшін жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген болса, оны құқыққа қарсы иемденген адамның жолаушылар көлігін басқаруы жағдайында сақтандырылған болып есептеледі.

  1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша, мүліктің тауар құнының жоғалуын қоса алғанда, жәбірленушінің моральдық зиянын және жоғалған пайдасын өтеуді, сондай-ақ жәбірленушінің тауарлар жеткізу немесе жұмыстар жүргізу (қызметтер көрсету) мерзімдерінің бұзылуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеуді қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді), оның келісімшарттар (шарттар) бойынша өзге де міндеттемелерін орындайды.
  2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
  3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.

Сақтанушының өтініші тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық еместігі үшін сақтандырушы жауапты болады. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда оның жекелеген талаптарының толық болмауына байланысты дау сақтанушының пайдасына шешіледі.

  1. Сақтандыру полисі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында көрсетілген шарттардан басқа сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.
  2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы тарауға сәйкес жәбірленуші деп танылған барлық адамдарға қатысты қолданылады.
  3. Егер тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
  4. Осы баптың 11 және 12-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың барлық мерзімі ішінде қолданылады және бірінші туындаған сақтандыру жағдайы бойынша өзінің қолданылуын тоқтатпайды.

  1. Егер тасымалдаушының жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыру құқығы он екі айдан аз кезең ішінде аяқталса, онда тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы кезеңге ғана жасалады.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру ұйымы филиалының қызметін тоқтататын таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен) тасымалдаушының жауапкершілігін он екі айдан аз мерзімге міндетті сақтандыру шартын жасасуға жол беріледі.
  3. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

 

79-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату

 

  1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда – оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.
  2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушы ұстайтын сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін есептеу мөлшері мен тәртібі осы Заңның 49-бабының 1-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

 

80-бап. Сақтандырылушының және жәбірленушінің құқықтары

 

  1. Сақтанушы осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген құқықтарға ие.

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

  1. Жәбірленуші:

1) сақтандырушыға сақтанушының (сақтандырылушының) жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға;

2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтанушымен (сақтандырылушымен) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға беруге;

3) денсаулыққа және (немесе) мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;

4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жасаған, келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

5) Сақтандыру нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;

6) келтірілген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемі сомасынан асатын мөлшерінде келтірілген зиянды өтеу туралы тасымалдаушыға талап қоюға;

7) осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 8), 9) және 11) тармақшаларында көзделген құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.  

Осы Заңда көзделген жағдайларда, жәбірленушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген құқықтары пайда алушылар ретінде әрекет етуші өзге тұлғаларға өтеді.

 

81-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау

 

Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын айқындау үшін уәкілетті орган белгіленген мөлшерде не жолаушылар көлігінің түріне және жолаушылар санына, сондай-ақ сақтандыру тәуекелінің дәрежесіне әсер ететін өзге де факторларға байланысты шекті мәндер түрінде белгілеген сақтандыру тарифтері қолданылады.

 

82-бап. Сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін айқындау

 

  1. Тасымалдау кезінде жолаушылардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру жағдайы деп танылады.
  2. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға оның қайтыс болуына, еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуына байланысты зиянның материалдық көрінісі жатады.

Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері тиісті ұйымдар берген құжаттар негізінде осы Заңға сәйкес айқындалады.

  1. Жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян жолаушының тасымалдаушы тасымалдауға қабылдап алған және (немесе) жолаушының жанындағы (қолындағы), тасымалдау кезінде жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлкінің (багаж) құнын қамтиды.

Багаж және (немесе) жолаушының жанындағы (қолындағы) заттар тасымалдаушының кінәсінен жоғалған, жетіспеген және (немесе) зақымдалған (бүлінген) кезде келтірілген зиянның мөлшері мынадай түрде:

1) багаж, сондай-ақ жолаушының жанындағы (қолындағы) заттар жоғалған немесе жетіспеген жағдайда – жоғалған немесе жетіспеген багаждың және (немесе) жолаушының жанындағы (қолындағы) заттардың құны мөлшерінде;

2) багаж, сондай-ақ жолаушының жанындағы (қолындағы) заттар зақымдалған (бүлінген) жағдайда – олардың төмендеген құны сомасының мөлшерінде, ал зақымдалған багажын, сондай-ақ жолаушының жанындағы (қолындағы) заттарды қалпына келтіруге мүмкіндік болмаған кезде - олардың құны мөлшерінде;

3) тасымалдауға құны жарияланып тапсырылған багаж жоғалған жағдайда – багаждың жарияланған құны мөлшерінде айқындалады.

  1. Сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ тасымалдау кезінде жолаушылардың мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін дәлелдеу сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктеледі.

Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша өтінішімен сақтандырушы айқындайды.

  1. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жасаған бағалаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші зиянның мөлшерін бағалау үшін басқа тәуелсіз сарапшыға жүгінуге құқылы. Бұл орайда, сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші шеккен шығындар, егер жүргізілген бағалаудың негізділігі мен объективтілігін сақтандырушы мойындаса немесе сот белгілейтін болса, сақтандырушы сақтандыру төлемінің жүзеге асырылғанына қарамастан, өтеуге тиіс.
  2. Егер сақтанушы немесе тәуелсіз сарапшы өздері сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарды алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлікті тиісті қарауды және мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды сақтандыру актісін жасай отырып жүргізбеген болса, онда сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауға құқылы. Бұл ретте сақтандырушы, егер зақымдалған (жойылған) мүлікті уақтылы бағалаудың мүмкін болмағандығы дәлелді себептерге (осы мүлік иесінің қайтыс болуы, сырқаттануы) байланысты екендігін не сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің мүлікті бағалауға ұсынудан жалтаруына байланысты кінәсі бар екендігін дәлелдей алмаса, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелеріне дау айтуға құқылы емес.

 

83-бап. Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі және сақтандыру төлемі

 

  1. Бір сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі мынадай мөлшерлерді құрайды (айлық есептік көрсеткіштермен):

1) әрбір жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға алып келсе:

қаза табуға – 5 000;

          мүгедектіктің:

бірінші тобы белгіленсе – 5 000;

екінші тобы белгіленсе – 3 500;

    үшінші тобы белгіленсе – 2 500;

мүгедектігі бар балаға – 5 000;

мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбеген өзге де зақымдануына, егер амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерінде, бірақ  осындай емделуге нақты шығыстар мөлшерінде – 200-ден аспауға;

2) әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден аспауға тиіс.

  1. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген, қайтыс болуға немесе мүгедектік белгіленуіне әкеп соққан зиян үшін сақтандыру төлемі осы баптың 1-тармағында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің шекті мөлшерінде жүзеге асырылады.

Жолаушының өмірі мен денсаулығына тасымалдау кезеңінде келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі тасымалдаушының кінәсіне қарамастан өтеуге жатады.

  1. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, сақтандыру төлемі күнгі айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
  2. Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемі, егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында белгіленген және тасымалдаушылардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан күні қолданыста болған мөлшерде айқындалады.
  3. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажетті болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жұмсалса, тиісті шаралар сәтсіз болғанның өзінде, сақтандырушының өтеуіне жатады.

Мұндай шығыстар нақты мөлшерінде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемінің және шығыстар өтемінің жалпы сомасы осы баптың 4-тармағына сәйкес белгіленген сақтандыру сомасынан аспауға тиіс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаған болса, олар жауапкершіліктің шекті көлеміне қатыссыз, толық мөлшерде өтеледі.

  Аталған шығыстарды сақтандырушы шығынға ұшыраған адамға тікелей өтейді.

  1. Сақтандыру сомасы келтірілген зиянды толығымен өтеу үшін жетпеген кезде тасымалдаушы жәбірленушіге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырмашылықты өтейді.
  2. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған шығыстарды өтейді.

 

84-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары  

 

  1. Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қояды.

Көліктегі сақтандыру жағдайы туралы актінің мазмұнына қойылатын талаптар осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Жәбірленуші (ол қайтыс болған жағдайда - жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттіруге құқылы тұлға), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленушіге (зиянды өтеттіруге құқығы бар тұлға) келтірілген зиянды осы Заңда белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде өтеуші және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.
  2. Жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі оған (зиянды өтеттіруге құқығы бар тұлғаларға) басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесілі сомаға қатыссыз жүзеге асырылады.
  3. Жәбірленушінің жазбаша ресімделген өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхаты бойынша сақтандыру төлемі оның денсаулығын және (немесе) мүлкін қалпына келтіру жөнінде қызмет көрсеткен (көрсетуші) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.
  4. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттарды қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.
  5. Сақтандыру төлемінің мөлшерін пайда алушы даулаған жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін пайда алушы дауламайтын бөлігінде осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде жүзеге асыруға міндетті.
  6. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығы нашарлап кетсе (мүгедектік не мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы белгіленсе) не қайтыс болса, онда сақтандырушы жәбірленушіден (пайда алушыдан) келіп түскен өтініштің және тиісті құжаттардың негізінде, сақтандыру төлемінің сомасына осы Заңда белгіленген тәртіппен және мөлшерде қайта есептеу жүргізуге міндетті. Бұл ретте сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сомалар есепке алынады.
  7. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыз айыбын төлеуге міндетті.

 

85-бап. Кері талап қою (регресс) құқығы

 

  1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы осы Заңның 72-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларда көзделген жағдайларда сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегінде кері талап қоюға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ережелерді қолдану мақсаттары үшін көлік құралы деп жолаушылар көлігі түсініледі.

  1. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда келтірілген зиянға жолаушылар көлігін оның иесімен еңбек қатынасына орай немесе оның иесінің қатысуымен мәміленің жазбаша нысанын ресімдемей пайдаланған тұлға кінәлі болып табылса, онда сақтандырушының осы жолаушылар көлігінің иесіне кері талап қоюға құқығы бар.

 

 86-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері

 

  1. Егер сақтандыру жағдайы осы Заңның 73-бабының 1-тармағында көзделген әрекеттер салдарынан болған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
  2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін, сондай-ақ:

1) жәбірленушінің (пайда алушының) залалдың толық өтемін залал келтіруге кінәлі тұлғадан алуы;

2) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау;

3) жәбірленушінің мүлкіне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмістен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдік бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрінде зиян келтіруі негіз болуы мүмкін.

  1. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға уақтылы хабарламау немесе хабарламай қою, егер бұл дәлелді себептерге байланысты болса және сақтандыру жағдайының басталғаны, жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені туралы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса және мүлік бағалау үшін сақтандыру жағдайы басталғаннан кейінгі күйінде ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіз бола алмайды.
  2. Сақтандырушы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
  3. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.

 

 

14-тарау. ҚЫЗМЕТКЕР ЕҢБЕК (ҚЫЗМЕТТІК) МІНДЕТТЕРІН АТҚАРҒАН КЕЗДЕ ОНЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

87-бап. Сақтандыру объектісі

 

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру объектісі (бұдан әрі – қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу не оның қайтыс болу дәрежесін белгілеуге әкеп соққан жазатайым оқиға нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде оның мүліктік мүддесі болып табылады.

Осы тараудың ережелері мемлекеттік мекемелердің қызметкерін еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейді.

 

88-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты

 

  1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін қызметкердің пайдасына жұмыс беруші мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартына сәйкес жасалады.

  1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады.

    Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы үшін мұндай шарт жасасу міндетті болып табылады.

Жұмыс берушінің қызметкерді жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру шартын жасасуы оны қызметкерді міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.

Жұмыс беруші қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты жасалуға тиіс.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жұмыс беруші  «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркелген жағдайда қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға арналған өтінішті электронды түрде береді.

  1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.

Сақтанушының өтініші қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады. Сақтандырушы өтінішке қосымша сақтанушы мәлімдеген экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың дұрыстығын тексеру үшін штаттық кестені немесе өзге де ақпаратты беруді талап етуге құқылы.

Сақтанушының осы баптың 2-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес электронды түрде берген өтінішінде:

1) жылдық еңбекке ақы төлеу қорының болжанатын мөлшері және қызметкерлердің жалпы саны;

2) экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібіне сәйкес экономикалық қызмет түрі мен кәсіптік тәуекел сыныбы қамтылуға тиіс.

Электрондық өтініш беру жолымен жасалған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартына сақтанушы мен сақтандырушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылады.

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге тиісті талаптардың толық еместігі үшін жауапкершілікті сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместігі салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.

  1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтініші негізінде оған осы шарттың телнұсқасын беруге міндетті. Телнұсқаны әзірлеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтініш берген күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
  2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты:

1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін;

2) сақтанушының (eгep ол жеке тұлға болса) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерін немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін;

3) сақтандыру объектісінің сілтемесін;

4) сақтандыру жағдайының сілтемесін;

5) сақтандыру сомасының мөлшерін, сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдерін;

6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін, оны төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтуға тиіс.

   Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған кезде сақтандыру сыйлықақысының мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың бір шарты шеңберінде ол (олар) жүзеге асыратын экономикалық қызметтің түріне сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы көрсетіле отырып, сақтанушы мен оның филиалы (филиалдары) бойынша жеке белгіленеді;

7) шарт тараптарының құқықтарын, міндеттері және жауапкершілігін;

8) шартқа өзгерістер енгізу мен оның мерзімін ұзарту жағдайлары мен тәртібін;

9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзімін;

10) сақтандыру шартының нөмірі мен сериясын қамтуға тиіс.

Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.

  1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
  2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшіне енгізілген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.

  Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың бүкіл мерзімі ішінде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды.

  1. Жұмыс берушінің қызметі он екі айдан аз мерзімде жүзеге асырылған кезде шарт осы қызметті жүзеге асыру мерзіміне жасалады.

 

89-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын тоқтатудың ерекшеліктері

 

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде орын алған, кейінен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттерден босатпайды.

Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған немесе кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі анықталған жағдайда, сақтандыру төлемін қолданылуы кезеңінде жазатайым оқиға орын алған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.

Бұл ретте, мыналар:

  жұмыста мертігу салдарынан қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиға күні;

      кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күні жазатайым оқиға күні болып табылады.

 

90-бап. Пайда алушының құқықтары

 

Пайда алушының:

1) осы Заңда және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген тәртіппен және талаптармен сақтандыру төлемдерін алуға;

2) сақтанушы мен сақтандырушыдан қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру талаптары туралы ақпаратты, сондай-ақ оның пайдасына жасалған аннуитеттік төлем және зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарттарының көшірмелерін тегін алуға;

3) сақтандыру жағдайын тергеп-тексеру мәселелері бойынша шешімдерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, сотқа шағым жасауға;

4) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша жүгінуге;

5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;

6) сақтандыру жағдайын тергеп-тексеруге қатысуға, оның ішінде қызметкерлер өкілдерінің не өзі сенім білдірген адамның қатысуымен қатысуға;

7) осы Заңның 94-бабының 4-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды және шипажай-курорттық емделуге жұмсалған шығыстарды өтетуге;

8) осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

91-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау

 

  1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын айқындау үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің экономикалық қызметінің түріне және сақтандыру тәуекелі дәрежесіне әсер ететін өзге де факторларға байланысты кәсіптік тәуекел сыныбы бойынша белгіленген мөлшерде не шекті мәндер түрінде белгілеген сақтандыру тарифтері қолданылады.

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы қызметкерді жазатайым оқиғалардан және сақтандыру тарифінен міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының туындысы ретінде есептеледі.

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тарифтерін белгілеу және өзгерту жөніндегі уәкілетті органның шешімі Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесінің алдын ала мақұлдауына жатады.

  1. Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекақы төлеу қоры және (немесе) қызметкерлердің штат саны өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартына негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу жолымен өзгерістер (сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) енгізіледі.
  2. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болған жағдайда, онда қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жалақының ең төмен мөлшерін құрайды. Бұл ретте сақтандыру сомасы сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінің ұлғаюына пропорционалды түрде ұлғайтылады.
  3. Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
  4. Сақтандыру тарифі экономикалық қызмет түріне байланысты кәсіптік тәуекел сыныптары бойынша тіркелген мәндер түрінде белгіленген жағдайда және сақтанушы:

1) экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырады, содан кейін мұндай сақтанушы өзінің негізгі қызмет түріне сәйкес келетін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызылуға тиіс;

2) өндірістің жалпы көлемінде тең бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырады, содан кейін мұндай сақтанушы кәсіптік тәуекелдің неғұрлым жоғары сыныбына сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс;

3) жіберуші тарап ретінде персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде қызметті жүзеге асырады, онда мұндай сақтанушы персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес кәсіптік тәуекел сыныбы бар экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс;

4) сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, мұндай филиалдың (филиалдардың) қызметі ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс. Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.

 

92-бап. Сақтандыру сомасы

 

  1. Сақтандыру сомасының мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол қызметкердің жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс.

Сақтанушы жылдық еңбекке ақы төлеу қорын айқындаған кезде әрбір қызметкердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын, он екіге көбейтілген айлық кірісі қабылданады.

Сақтанушы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш берген жағдайда, осы Заңның 88-бабы                                        2-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес жылдық еңбекке ақы төлеу қоры сақтанушының өтінішінде көрсетілген деректер негізге ала отырылып айқындалады.

  1. Сақтандыру сомасы осы Заңның 94-бабында көзделген сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және (немесе) жерлеуге арналған шығыстардың, алдын алу және оңалту шараларын жүргізуге арналған шығындар мөлшерінің сомасына азаяды.
  2. Сақтандыру сомасы қызметкерлердің жылдық еңбекке ақы төлеу қоры өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін.

 

93-бап. Сақтандыру жағдайын айқындау

 

  1. Еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде қызметкермен (қызметкерлермен) олар еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың әсерінен болған, соның салдарынан осы баптың 2-тармағында көзделген мән-жайлар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге, кәсіптік ауруға не қайтыс болуына алып келген өндірістік жарақат, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы орын алған еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде болған жазатайым оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады.
  2. Жазатайым оқиға қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге не оның қайтыс болуына әкеп соққан мән-жайлар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 186-бабының 2-тармағында көзделген.

 

94-бап. Зиянның мөлшерін айқындау тәртібі. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері

 

  1. Қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрінісін қамтиды.

Қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негізінде айқындалады.

  1. Қызметкердің қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге байланысты табысты (кірісті) жоғалтуға қатысты зиянның мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес айқындалады.

   Өзіне кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін бестен жиырма тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгілеуге байланысты қызметкердің табысты (кірісті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеуді сақтанушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Өзіне кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін отыздан бір жүз пайызды қоса алғанға дейін белгілеуге байланысты қызметкердің табысты (кірісті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы жүзеге асырады.

Өтеуге жататын жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық табыстың (кірістің) мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу күні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайды.

Сақтандыру төлемі еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.

Өзіне кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін бір жылдан аспайтын мерзімге белгілеуге байланысты қызметкердің табысты (кірісті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемін сақтандырушы ай сайын аннуитеттік төлем шарты негізінде жүзеге асырады.

Өзіне кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін бір жыл және одан да көп мерзімге белгілеуге байланысты қызметкердің табысты (кірісті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі осы Заңның 93-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитеттік төлем шартына сәйкес қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне тең, бірақ қызметкердің Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзім бойы қызметкердің пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.

Табысты (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

     Жазатайым оқиға болған кезде қызметкердің қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебі бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзім бойы жүзеге асырылады.

Осы Заңда көзделген жағдайларда, пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемін алуға құқығы бар.

Аннуитеттік төлем шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шеккен қызметкермен не қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес құқығы бар адаммен осы Заңда көзделген тәртіппен аннуитеттік төлем шарты жасалады.

  1. Осы баптың 4-тармағына сәйкес бір шипажай-курорттық емделуге ақы төлеуге жұмсалған шығыстарды қоспағанда, жұмыскерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді сақтандырушы осы шығыстарды шеккен жұмыскер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көмекке жұмсалатын шығыстар өтелуге жатпайды.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) аспауға тиіс:

1) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі отыздан елу тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгіленген кезде – 500;

2) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі алпыстан сексен тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгіленген кезде – 750;

3) кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі тоқсаннан бір жүз пайызды қоса алғанға дейін белгіленген кезде – 1000.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерін сақтандырушы осы тармақта белгіленген мөлшерлер шегінде жүзеге асырады.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі жиынтық сақтандыру төлемдерін сақтандырушы осы тармақтың екінші бөлігінде айқындалған мөлшерлер шегінде, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың тиісті бастапқы белгіленген дәрежесі бойынша жүзеге асырады.

  1. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың бастапқы белгіленген дәрежесінен кейін зардап шеккен қызметкер зардап шеккен қызметкерді оңалтудың жеке бағдарламасына қарамастан, бір шипажай-курорттық емделуге ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың орнын толтыруға құқылы.

Келтірілген шығыстарды өтеу осы шығыстарды растайтын құжаттар негізінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшеріне дейін жүзеге асырылады.

  1. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 2015 жылғы 10 мамырға дейін бастапқы белгіленген және 2015 жылғы 10 мамырдан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде куәландыру мерзімінсіз ұзартылған (қайта куәландырылған) отыздан жүз процентті қоса алғанда мөлшерінде қызметкерлер кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) мерзіміне тең мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін алуға құқылы қызметкердің еңбекке қабілеттілігі.

Осы тармақта көрсетілген сақтандыру төлемдері осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттарды ұсына отырып, сақтанушы (пайда алушы) жүгінген күннен бастап тағайындалады.

  1. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда оны жерлеуді жүзеге асырған адамға сақтандырушы жерлеуге арналған шығыстарды республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінде өтейді.
  2. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және (немесе) жерлеуге арналған шығыстардың мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен асып кеткен жағдайда, айырма сақтандырушыға сақтанушының есебінен төленеді.

Егер сақтандыру төлемінің (сақтандыру төлемдерінің) және жерлеуге арналған шығыстардың, оңалту шараларын жүргізуге арналған шығындардың, шипажай-курорттық емдеудің сомасын (сомаларын) ескере отырып, алдын алу шараларын жүргізуге арналған шығындар қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен асып кеткен жағдайда, онда алдын алу шараларын жүргізуге арналған шығындар жүзеге асырылмайды.

  1. Сақтандыру төлемін аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебінен жүргізіледі.
  2. Сақтанушыға оның алдын алу шараларын жүргізуге жұмсаған нақты шығындарын өтеуді сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын толық көлемде төлеген жағдайда және сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ғана еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының алты пайызынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырады.

 

95-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың шарттары

 

  1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға қояды.
  2. Зардап шеккен қызметкер (ол қайтыс болған жағдайда – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар адам), сондай-ақ сақтанушы немесе осы Заңда белгіленген сақтандырушының жауапкершілік көлемі шегінде пайда алушыға келтірілген зиянды өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
  3. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушының пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.

 

96-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi

 

Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 186-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.

 

97-бап. Аннуитеттік төлемдер шарты

 

  1. Қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс беруші осы Заңның 94-бабы 2-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердің пайдасына не қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құқығы бар адамның пайдасына аннуитеттік төлемдер шартын жасасуға міндетті.
  2. Аннуитеттік төлемдер шарты осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған құжаттар ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
  3. Аннуитеттік төлемдер шарты зардап шеккен қызметкердің не қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мөлшерде және мерзімдерде кіріс алуын қамтамасыз ететін шарттармен жасалады.
  4. Аннуитеттік төлемдер шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.
  5. Аннуитеттік төлемдер шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитеттік төлемдер шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

98-бап. Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт

 

  1. Жұмыскердің Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемдерін алуға өтініші және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде сақтанушы қолданылу кезеңінде Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға алып келетін оқиға басталған, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен пайда алушының пайдасына Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шартты жасасуға міндетті.
  2. Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт сақтанушы еңбек жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған хабарламаны ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
  3. Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемдері жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты есебінен жүзеге асырылады, ол бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы Заңның 91-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру тарифінің негізінде айқындалады.
  4. Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартына қойылатын талаптарды және сақтандырушының жасалатын Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін уәкілетті орган белгілейді.

 

99-бап.  Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемдері

 

  1. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының
    1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде жұмыскердің Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлеміне құқығы бар.
  2. Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарты бойынша сақтандыру төлемі жүгінген күннен бастап жүзеге асырылады.

Өтініштің және қажетті құжаттардың тіркелген күні немесе «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға келісім алынған күн Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жүгінген күн болып есептеледі.

  1. Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.

Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып жүзеге асырылады.

  1. Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемі оны алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.
  2. Зейнеткерлік алдындағы шарт бойынша сақтандыру төлемін ұйымдастыру және жүзеге асыру Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізіледі.
  3. Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша сақтандыру төлемін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметтеріне ақы төлеу еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қаражаты есебінен жүргізіледі.
  4. Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша айқындайды.

 

100-бап. Қызметкердiң еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесін айқындауды куәландыру тәртібі

 

  1. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігінен бір күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.
  2. Қызметкерді еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындауға куәландыруды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердің өтініші бойынша немесе сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы және жазатайым оқиға туралы акт куәландыру үшін негіз болып табылады.

Қызметкерді жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру салдарынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен күтім түрлеріне мұқтаждықты айқындау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіптік аурулар тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

 

15-тарау. ТУРИСТІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

101-бап. Сақтандыру объектісі

 

Осы Заңның 106-бабында көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы салдарынан өміріне, денсаулығына зиян келтірілген шетелге шығатын туристің (бұдан әрі осы тараудың мақсаттары үшін – сақтандырылушы) мүліктік мүддесі туристі міндетті сақтандыру объектісі болып табылады.

 

102-бап. Туристі міндетті сақтандыру шарты, оны жасасу тәртібі және оны жасасу жөніндегі міндеттің орындалуын бақылау

 

  1. Туристі міндетті сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шығу туризмі саласындағы туроператор (бұдан әрі осы тараудың мақсаттары үшін – сақтанушы) мен сақтанушының пайдасына сақтандырушы арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандырылушының ерікті сақтандыру шартын жасасуы сақтанушыны туристі міндетті сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттен босатпайды.

  1. Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып жасалған сақтандыру шартының негізінде, моральдық зиянды және ала алмаған пайданы өтеуге байланысты талаптарды қоспағанда, сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттенеді.
  2. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға электрондық нысанда сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеуі арқылы жасалады.

Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылатын сақтанушының өтініші туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

  1. Сақтанушы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде уақытша болатын елге (жерге) және туристік қызмет көрсету шартында көрсетілген саяхат күндерінің санына қарай уәкілетті органның нормативтік актісінде белгіленген сақтандыру бағдарламаларының бірін таңдайды, ол бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) және өтеуге жататын шығыстардың түрлері туристің өмірі мен денсаулығын сақтандыру бөлігінде халықаралық шарттардың және сақтандырылушы уақытша болатын ел (жер) заңнамасының талаптарына, сондай-ақ осы Заңның 105-бабының талаптарына сәйкес келеді.
  2. Сақтанушы тек қана турагент арқылы:

әрбір сақтандырылушыға сақтандыру сертификатын беруге;

сақтандырылушының талап етуі бойынша сақтандыру полисін ұсынуға міндетті.

  1. Туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардың толық толқ болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда, оның жекелеген талаптарының толық болмауына байланысты дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
  2. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің белгісін алған кезден бастап, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
  3. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі туристік қызмет көрсетуге арналған шартта айқындалған сапар мерзімінен кем болмайды.

Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы сақтандыру аумағынан шыққан кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезге дейін, алайда туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру мерзімі аяқталған күннен кешіктірілмей қолданылады.

Егер сақтандырылушының Қазақстан Республикасына оралуы рейсті кешіктіруді немесе тоқтатуды, әуе кеңістігін жабуды, ұшуға шектеулер енгізуді және өзге де осыған ұқсас мән-жайларды қоса алғанда, өзіне байланысты емес себептер бойынша сақтандыру мерзімі аяқталған күнге дейін өтпесе, туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтіне дейін қолданылады.

  1. Туристі міндетті сақтандыру шарты бірінші басталған сақтандыру жағдайы бойынша өзінің қолданылуын тоқтатпайды.
  2. Сақтандырылушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша саяхат күндерінің саны көбейген кезде, осы баптың 8-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, сақтанушы сақтандырылушының уақытша болатын елде (жерде) қосымша болу күндеріне туристі міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасады.
  3. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу аумағы (сақтандыру аумағы) туристік қызметтер көрсету аумағы болып табылады.

Туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, мыналар:

1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары баруға ұсынбайтын аумақтар;

2) сақтандырылушының уақытша тұруға рұқсаты немесе сақтандыру аумағында тоқсан күннен астам үзіліссіз болуға рұқсат беретін өзге құжаты болатын мемлекеттер;

3) сақтандырылушы азаматы болып табылатын мемлекеттер сақтандыру аумағынан алып тастауға жатады.

Туристі міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін сақтандыру аумағы осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген алып тастауға жататын жағдайларда сақтандыру аумағын алып тастау туралы талап қолданылмайды.

  1. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

 

103-бап. Сақтандырылушының құқықтары мен міндеттері

 

  1. Сақтандырылушы:

1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандырушыны таңдауға;

2) сақтандыру сертификатын және қажет болған кезде сақтандыру полисін алуға;

3) сақтандырушыдан және (немесе) сақтанушыдан сақтандыру полисінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген туристі міндетті сақтандыру талаптары мен тәртібін, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

4) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынылмаған, толық немесе сапалы ұсынылмаған жағдайлар туралы сақтандырушыға хабар беруге;

5) сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемінің мөлшерімен танысуға;

6) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға;

7) оларды жоғалтып алған жағдайда, сақтандыру сертификатының телнұсқасын және қажет болған кезде сақтандыру полисінің көшірмесін алуға;

8) осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген құқықтарды жүзеге асыруға  құқылы.

  1. Сақтандырылушы:

1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға;

2) сақтандыру полисінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша талаптармен танысуға және оларды бұлжытпай сақтауға;

3) сақтандыру полисінің (ол болған кезде) және (немесе) сақтандыру сертификатының және сақтандыру жағдайына қатысты растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

4) сақтандыру жағдайынан болатын залалдарды азайту үшін шаралар қабылдауға;

5) сақтандыру жағдайы басталған кезде техникалық, медициналық және өзге де көмекті ұйымдастыру, іс-қимылдарды келісу және шығыстарды жүзеге асыру мақсатында болған жағдай туралы ассистанс компанияны сақтандыру сертификатында көрсетілген байланыстың кез келген қолжетімді тәсілімен жеке өзі немесе өкілі арқылы дереу хабардар етуге, ассистанс компанияға сақтандыру сертификаты және (немесе) сақтандыру полисі туралы деректерді хабарлауға;

6) сақтандыру жағдайы басталған кезде ассистанс компанияның, сақтандырушының және өзге де құзыретті тұлғалардың, уақытша болатын елдің (жердің) құзырлы органдарының ұсынымдарын, нұсқауларын орындауға;

7) сақтандыру жағдайынан келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерлері туралы мән-жайларды анықтау үшін қажетті қолда бар құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға;

8) шұғыл жағдайда медициналық көмек алған және дәлелді себептермен ассистанс компанияны басталған сақтандыру жағдайы туралы дереу хабардар ету мүмкіндігі болмаған кезде ассистанс компанияға болған жағдай туралы екі тәулік ішінде не алғашқы мүмкіндік болған кезде хабар беруге;

9) сақтандырушының сұрау салуы бойынша шет тіліндегі құжаттарды қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынуға;

10) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Туристі міндетті сақтандыру шартында сақтанушының және сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен міндеттері көзделуі мүмкін.

 

104-бап.  Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау

 

Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырудың әрбір күні үшін әрбір сақтандырылушыға қатысты жеке есептеледі.

 

105-бап. Сақтандыру сомасы

 

Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы таңдалған сақтандыру бағдарламасына байланысты белгіленеді және әрбір сақтандырлушы үшін кемінде 30 000 АҚШ долларын (немесе еуродағы баламасын) құрауы тиіс.

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру сомалары осы баптың бірінші бөлігінің талаптары сақтала отырып айқындалады.

 

106-бап. Сақтандыру жағдайы

 

Туристі міндетті сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін сақтандыру аумағында басталған мынадай оқиғалар:

1) сақтандырылушының қайтыс болуына не оның денсаулығына зиян келтіруге алып келген жазатайым оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады.

 Жазатайым оқиға деп сақтандырылушыға қатысты аяқ астынан, күтпеген жерден орын алған, қасақана болмаған сыртқы оқиға немесе әсер ету түсініледі;

2) денсаулығына елеулі зиянды болғызбау немесе өміріне төнген қауіпті жою үшін сақтандырылушыға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді талап ететін, кенеттен қатты ауыру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы ауруының асқынуы сақтандыру жағдайы деп танылады.

 

107-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары

 

  1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандырылушы (пайда алушы) не ассистанс компания сақтандырылушыға ассистанс берген кезде қояды.
  2. Егер өзге адам сақтандырылушы болып айқындалмаса, сақтандырылушы пайда алушы болып табылады. Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, сақтандырылушының қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлға пайда алушы болып табылады.
  3. Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырлушы не ассистанс компания ұсынған осы шығыстарды растайтын құжаттар негізінде сақтандырылушының нақты шығыстарының сомасына сүйене отырып сақтандырушы айқындайды.

Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша АҚШ доллары пайдаланылады.

  1. Сақтандырылушының залалды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, егер мұндай шығыстар сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін қажет болса немесе жүргізілген болса, тиісті шаралар сәтсіз болса да, сақтандырушы өтеуге тиіс.

Мұндай шығыстар нақты мөлшерде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемі мен шығыстарды өтеудің жалпы сомасы осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспауға тиіс.

Сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесінде сақтандырылушының шеккен шығыстары туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшеріне қарамастан толық мөлшерде өтеледі.

Аталған шығыстарды сақтандырушы оларды тікелей шеккен адамға өтейді.

  1. Сақтандырушы сақтандыру төлемін:

сақтандыру жағдайының басталуы және ассистанс компанияны дәлелді себептермен бұл туралы хабардар етпей сақтандырылушының шұғыл жағдайда медициналық көмек алуы салдарынан сақтандырылушының шығыстарын өтеу;

ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен төлеу арқылы жүргізеді.

  1. Сақтандыру төлемінің мөлшеріне туристі міндетті сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дау айтқан жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім ішінде, аталған тұлғалардың бірде-біреуі дау айтпайтын бөлігінде жүзеге асыруға міндетті.
  2. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде сақтандырушы сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауды талап етуге құқылы емес.
  3. Сақтандырушы сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
  4. Туристі міндетті сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.

 

108-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері

 

  1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-қимылдарды қоспағанда, сақтандырылушының сақтандыру жағдайын туындатуға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттерінің;

2) сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себепті байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.

  1. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін:

1) сақтандырылушының залал келтіруге кінәлі адамнан залалдың тиісті өтемін алуы;

2) еңсерілмейтін күш жағдайлары;

3) әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша іс жүзінде шеккен шығыстар негізге алына отырып ұсынылатын құжаттарды қоспағанда, сақтандырылушының осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған құжаттарды сақтандырушыға толық көлемде ұсынбауы;

4) сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы.

  1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негіздерден басқа, сақтандырушы мынадай:

1) сақтандырылушы кәсіби спортпен айналысқан;

2) сақтандырылушының мынадай:

емдеуші дәрігердің нұсқамасы бойынша дәрілік заттарды тұтыну;

құқық қорғау органы және (немесе) сот анықтаған, есірткі, уытқұмарлық заттарды мәжбүрлі түрде тұтыну не олардың күштеп енгізілу жағдайларын қоспағанда, алкогольдік, сондай-ақ есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдің ауыр дәрежесінде болуы салдарынан басталған оқиға;

3) сақтандырылушы уақытша болатын елден (жерден) Қазақстан Республикасына медициналық тасымалдаудан немесе сақтандырылушы сақтандыру жағдайы бойынша өтініш жасауға байланысты алған емдеуші дәрігердің нұсқамаларын орындаудан ерікті түрде бас тартқан жағдайларда, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

  1. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.

 

 

16-тарау. ҚЫЗМЕТІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА ЗИЯН КЕЛТІРУ ҚАУПІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ОБЪЕКТІЛЕР ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

 

109-бап. Сақтандыру объектісі

 

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі – объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру) объектісі қауіпті өндірістік фактор өзінің үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеудің қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген міндетіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады

Үшінші тұлға деп өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор зиян келтірген тұлға танылады, ол қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің қызметкерлері мен иелері болып табылмайды.

 

110-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер

 

  1. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларациялануға жататын объектілер қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер болып табылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркелген объектілер туралы мәліметтер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

  1. Егер объектілер иесінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен, қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатындарға жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келмесе, онда сақтанушы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат береді.

Объектінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеуі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылады. Көрсетілген негіз бойынша объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушы сақтандыру қолданылған уақытқа пропорционалды түрде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ұстап қалуға құқылы.

 

111-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар

 

  1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.
  2. Қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай пайдалануға тыйым салынады.
  3. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін еркін сақтандыру шартын жасасуы, қауіпті объектіні уақытша пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру оларды объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.

 

112-бап.  Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі

 

  1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес үшінші тұлғалардың пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі біреуден көп болған кезде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде сақтандыру полисінде міндетті түрде көрсете отырып, олардың кез келген біреуімен жасалады.

  1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында, моральдық зиянды, жіберіп алған пайданы өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, қауіпті өндірістік фактордың үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянның зардабынан туындайтын міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
  2. Сақтанушы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) Қазақстан Республикасының Сақтандыру нарығы туралы заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
  3. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.

Сақтанушының өтініші объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.

  1. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандырy жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.
  2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты, егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бірінші сақтандыру жарнасын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
  3. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімге жасалады.

Объектінің иесі он екі айдан кем мерзімде қызметті жүзеге асырған кезде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметті жүзеге асыру мерзіміне, бірақ алты айдан кем емес мерзімге жасалады.

Сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді.

  1. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

 

113-бап. Сақтандырылушының және үшінші тұлғалардың құқықтары

 

  1. Сақтандырылушының Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көзделген құқықтары болады.

Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

  1. Үшінші тұлғалар:

1) қауіпті өндірістік факторлардың өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерінің салдарынан болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;

2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауды жүргізуге және оларды сақтандырушыға табыс етуге;

3) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;

4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) және (немесе) тәуелсіз сарапшы жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;

5) сақтандыру төлемін Қазақстан Республикасының Сақтандыру нарығы туралы заңында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде алуға;

6) келтірілген зиянды келтірілген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемдерінің сомасынан асатындай мөлшерде өтеу туралы сақтандырушыға талап қоюға;

7) осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

  1. Осы баптың 2-тармағында белгіленген үшінші тұлғалардың құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге тұлғаларға (пайда алушыларға) ауысады.

 

114-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау

 

  1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау үшін уәкілетті орган сақтандыру сомасы мөлшерінің пайызымен шекті мәндер түрінде белгілейтін сақтандыру тарифтері қолданылады.

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты нақты объект үшін сақтандыру тарифі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жыл сайын айқындайтын осындай объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейіне байланысты осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген мәндер шегінде айқындалады.  

Декларациялауға және сақтандыруға жататын қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар қауіптілігінің жыл сайынғы жалпы деңгейі туралы ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік  саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

  1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты кез келген негіздер бойынша өзгерген кезде жаңадан есептелген және бұрын төленген сақтандыру сыйлықақылары арасындағы айырма он бес күн ішінде қосымша төленуге (қайтарылуға) тиіс.

 

115-бап. Сақтандыру сомасы

 

Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

1) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны төрт мың адамнан асса – 600 мың;

2) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны екі мыңнан асатын адамды құраса, бірақ төрт мың адамнан аспаса – 350 мың;

3) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны бір жарым мыңнан асатын адамды құраса, бірақ екі мың адамнан аспаса – 225 мың;

4) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жеті жүз елуден асатын адамды құраса, бірақ бір жарым мың адамнан аспаса – 115 мың;

5) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны үш жүзден асатын адамды құраса, бірақ жеті жүз елу адамнан аспаса – 50 мың;

6) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жүз елуден асатын адамды құраса, бірақ үш жүз адамнан аспаса – 30 мың айлық есептік көрсеткішті;

7) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жетпіс бестен асатын адамды құраса, бірақ жүз елу адамнан аспаса – 12 мың;

8) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны оннан асатын адамды құраса, бірақ жетпіс бес адамнан аспаса – 5 мың;

9) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны он адамға дейін болса, өзге де декларацияланған қауіпті өндірістер үшін 1 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

 

116-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау

 

  1. Қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеу жөніндегі сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

Сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы сақтандыру төлемінің мөлшерін аварияның, оқыс оқиғаның себептерін тексеру актісінің, сот шешімдерінің және келтірілген зиянның мөлшері туралы деректер қамтылған басқа да материалдардың негізінде айқындайды.

  1. Әрбір үшінші тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін төленетін сақтандыру төлемінің мөлшері осы Заңда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді және:

1) қаза тапқан кезде – 1000;

2) мүгедектік белгіленген кезде:

бірінші топтағыларға – 800;

екінші топтағыларға – 600;

үшінші топтағыларға – 500;

мүгедектігі бар балаға – 500;

3) мертігу, жарақаттану немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы кезінде мүгедектік белгіленбей - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған іс жүзіндегі шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспайтындай мөлшерді құрайды. Бұл ретте сақтандыру төлемінің мөлшері әрбір стационарлық емделу күні үшін кемінде 2 айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.

  1. Мүлік зақымданған кезде келтірілген зиянның мөлшері оны қалпына келтіру құнының есебі негізге алынып, сақтандыру жағдайы басталғанға дейін мүліктің орын алған тозуы ескеріле отырып айқындалады.

Мүлікті қалпына келтіру құны сақтандыру жағдайы басталған кезде қолданылған орташа нарықтық баға мен тарифтер негізінде айқындалады.

Мүлік жойылған кезде келтірілген зиянның мөлшері мүліктің нақты құны негізге алынып, мүліктің сақтандыру жағдайы басталған күнгі тозуы ескеріле отырып айқындалады.

Мүлікті қалпына келтіру техникалық жағынан мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негізсіз болса, ол жойылды деп есептеледі. Мүлікті қалпына келтіру, егер бұл ретте күтілетін шығыстар (қалпына келтіру құны) оның сақтандыру жағдайы басталған күнгі есептелген тозуын ескере отырып, мүліктің нақты құнының сексен процентінен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негізсіз деп есептеледі.

  1. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде әрбір үшінші тұлғаның мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін сақтанушының (сақтандырылушының) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның өтініші бойынша сақтандырушы айқындайды. Келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды қажет болған кезде тәуелсіз сарапшы жүргізуі мүмкін. Келтірілген зиянды бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы.
  2. Сақтандыру төлемі үшінші тұлғаға келтірілген залалдың (нақты нұқсанның) мөлшерінен аспауға тиіс.

Әрбір үшінші тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.

  1. Сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін айқындау мақсатымен қосымша тексеру жүргізуге құқылы. Осыған байланысты ол мемлекеттік органдардан аварияны, оқыс оқиғаны техникалық тексеру материалдарын, зиян келтіруге байланысты құжаттарды, медициналық құжаттарды, шығын болған (бүлінген, жойылған) мүліктің құны, жүргізілген жұмыстардың, келтірілген шығындардың құны туралы талқылауға мүмкіндік беретін шоттарды,
    сондай-ақ өзге де қажетті құжаттарды талап етуге құқылы.
  2. Сақтандыру төлемдері объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының шегінде жүргізіледі.

Үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жетіспеген кезде сақтандырушы осы Заңның 117-бабының
5-тармағында көзделген тәртіппен объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады. Бұл ретте пайда алушы келтірілген зиянды келтірілген зиянның сомасы алынған сақтандыру төлемінің сомасынан асатындай мөлшерде өтетy туралы тікелей сақтанушыға (сақтандырылушыға) талап қоюға құқылы.

  1. Объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі бірнеше сақтандырушыда сақтандырылған кезде әрбір сақтандырушы өзімен жасалған шарт шегінде сақтанушының алдында жауапкершілікте болады, алайда сақтанушының (пайда алушының) барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты нұқсаннан аспауға тиіс.

Бұл ретте сақтанушы өзімен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемінде кез келген сақтандырушыдан сақтандыру төлемін алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемі нақты нұқсанды жаппаған жағдайда, сақтанушы жетпейтін соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.

Сақтандыру төлемінен толықтай немесе ішінара босатылған сақтандырушы келтірілген нұқсанды басқа сақтандырушылардың өтегеніне орай, сақтанушыға шеккен шығыстарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақысының тиісті бөлігін қайтаруға міндетті.

  1. Келтірілген зиянды басқа тұлғалар да өтеген жағдайларда, сақтандырушы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасы мен басқа тұлғалар өтейтін соманың арасындағы айырманы ғана төлейді. Сақтанушы өзіне белгілі болған, басқа тұлғалардың үшінші тұлғаларға зиянды өтеуге жүргізген төлемдері туралы сақтандырушыға хабарлауға міндетті.
  2. Сақтандырушы сақтанушының сақтандыру жағдайында залалды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын да, егер мұндай шығыстар қажет болса және (немесе) сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілсе, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, өтеуге міндетті. Аталған шығыстарды өтеуді сақтандырушы тиісті шығындар туралы актіні алған күннен бастап, бірақ сақтандыру төлемдері жүзеге асырылғаннан кейін, күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді.

Сақтанушының аталған шығыстары нақты мөлшерде өтеледі, алайда сақтандыру төлемі мен шығыстар өтемінің жалпы сомасы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспайтындай болып өтеледі. Егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерде өтеледі

  1. Жәбірленуші қайтыс болып, оның мұрагерлері жоқ болған жағдайда, жәбірленушіні жерлеген тұлғаға сақтандырушы жерлеуге қажетті шығыстарды нақты жұмсалған шығындар мөлшерінде, бірақ объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының шегінде өтейді.

 

117-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары

 

  1. Сақтанушы (сақтандырылушы) не пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты қояды.
  2. Үшінші тұлға (ал ол қайтыс болған жағдайда - оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құқығы бар тұлға) немесе келтірілген зиянды сақтандырушының осы Заңмен белгіленген жауапкершілігінің шегінде үшінші тұлғаға (зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлемін алуға құқық алған өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
  3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлғадан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
  4. Сақтандырушы сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаған жағдайда пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
  5. Қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген, сақтандыру жағдайы деп сақтандырушы таныған немесе соттың шешімімен танылған зиянды өтеу туралы өтініштерді қанағаттандыру олардың түсу ретімен, ал бірнеше өтініш бір мезгілде түскен кезде мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар қанағаттандырылады;

2) екінші кезекте жеке тұлғалардың мүлкіне келтірілген зиян өтеледі;

3) үшінші кезекте заңды тұлғалардың мүлкіне келтірілген зиян өтеледі.

 

118-бап. Кері талап ету (регресс) құқығы

 

  1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының:

1) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттер жасаған;

2) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасаған;

3) сақтанушының (сақтандырылушының) зиянды азайту жөнінде ақылға қонымды және қолдан келетін шараларды қасақана қолданбауы салдарынан оның мөлшері ұлғайған;

4) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға сақтандыру объектісі туралы, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтерді хабарлаған;

5) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан жағдайларда төленген сома шегінде сақтанушыға кері талап қоюға құқығы бар.

  1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы, қасақана іс-әрекеттерді қоспағанда, қызметтік, лауазымдық немесе өзге де еңбек міндеттерін бұзуы қауіпті өндірістік фактордың туындауына себеп болған олардың қызметкерлеріне кері талап қоюға құқылы емес.

 

119-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері

 

  1. Егер сақтандыру жағдайы осы Заңның 73-бабының 1-тармағында көзделген іс-әрекеттер салдарынан болған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
  2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар да:

1) сақтанушының (сақтандырылушының) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның залал келтіруге кінәлі тұлғадан залалдың тиісті өтемін алуы;

2) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау негіз болуы мүмкін.

  1. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламауы немесе уақтылы хабарламауы, егер ол сақтанушының еркіне байланысты емес себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.
  2. Егер сақтандыру жағдайы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар салдарынан болған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
  3. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.

 

 

17-тарау. МІНДЕТТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

120-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі

 

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндетіне байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.

 

121-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар

 

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

122-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты, оны жасасу тәртібі және қолданылу мерзімі

 

  1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға арасында осы Заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін сол бір объектінің екі және одан көп иесі жүзеге асырған кезде міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру полисінде объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде көрсете отырып, олардың кез келгенімен жасалады.

  1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырылушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залал салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
  2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.

Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады.

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.

  1. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.
  2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес экологиялық залалды жоюға міндетті адамдарға қатысты қолданылады.
  3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
  4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап кемінде он екі ай қолданылады.
  5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

 

123-бап. Сақтандырылушының және пайда алушының құқықтары

 

  1. Сақтанушының Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көзделген құқықтары болады.

Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

  1. Пайда алушы:

1) сақтанушының (сақтандырылушының) шаруашылық немесе өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;

2) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға ұсынуға;

3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын анықтау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;

5) осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;

6) осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

124-бап. Сақтандыру сомасы

 

Сақтандыру сомасының мөлшері міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл орайда сақтандыру сомасының мөлшері:

1) жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда  белгіленген 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

2) заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 65000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

 

125-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау

 

  1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын айқындау үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының мөлшерінен шекті мәндер түрінде уәкілетті орган белгілеген сақтандыру тарифтері қолданылады.
  2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысы бөлігінің мөлшері мен оны есептеу тәртібі осы Заңның 49-бабының 1-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

126-бап. Сақтандыру жағдайы

 

  1. Сақтанушының авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
  2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне келтірілген шығындарды дәлелдеу сақтанушыға (пайда алушыға) тиесілі.
  3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген экологиялық залалды жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап басталды деп есептеледі.

 

127-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың шарттары

 

  1. Сақтанушы немесе пайда алушы сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты қояды.
  2. Экологиялық залалды жоюға, оның ішінде сақтандыру төлемі есебінен жоюға міндетті сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
  3. Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына қарай айқындайды.

Сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнынан аспауға тиіс.

  1. Сақтанушының (пайда алушының) жазбаша өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі жұмыстарды орындаған (орындайтын) және қызметтерді көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.
  2. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
  3. Пайда алушы сақтандыру төлемінің мөлшеріне дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін пайда алушы дау айтпаған бөлігінде осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім ішінде дереу жүзеге асыруға міндетті.
  4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

 

128-бап. Кері талап ету (регресс) құқығы

 

Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының осы Заңның 118-бабы 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда төленген сома шегінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап етуге құқығы бар.

 

129-бап.  Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері

 

  1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы осы Заңның 73-бабының
    1-тармағында көзделген әрекеттер салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.
  2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін сондай-ақ:

      1) сақтанушының экологиялық залал келтіруге кінәлі тұлғадан шығыстардың тиісті өтемін алуы;

      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу;

      3) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

      4) сақтанушының сақтандыру жағдайы бойынша шығыстарды азайту жөнінде шараларды қасақана қолданбауы;

      5) сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруіне және келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою құнын анықтауына сақтанушының кедергі келтіруі;

6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға кері талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру төлемі жүргізіліп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.

  1. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер бұл сақтанушының еркінен тыс себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.
  2. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 839-бабының 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардың, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
  3. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен осы бапта көзделмеген негіздер бойынша бас тартуға құқылы емес.

 

 

18-тарау. ТҰРҒЫНЖАЙДЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН, СУ ТАСҚЫНЫНАН (СУ БАСУДАН) ЖӘНЕ ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ОРМАН ӨРТІНЕН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 130-бап. Тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру объектісі

 

  1. Қазақстан Республикасында орналасқан тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру (бұдан әрі – тұрғынжайды міндетті сақтандыру) объектісі жеке тұлғалардың жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан тұрғынжайдың жойылу (қиратылу) немесе бүлінуі салдарынан келтірілген залалды өтеуге байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.
  2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұрғынжай деп бір мезгілде мынадай өлшемшарттарды қанағаттандыратын:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелген меншік құқығындағы жеке тұлғаға (жеке тұлғаларға) тиесілі;

2) тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын;

3) жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өртінің туындау қаупі бар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан мүлік танылады.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан тұрғынжайдың бүлінуі деп тұрғынжайдың нысаналы мақсаты бойынша оны қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін уақытша болдырмайтын және онда тұратын адамдардың қалпына келтіру (жөндеу) жұмыстарын жүргізу үшін кетуін талап ететін бүлінуі түсініледі.

  1. Жеке тұлғалардың тұрғынжайдың ішіндегі немесе шегіндегі жиһазға, жабдыққа және (немесе) өзге мүлікке, сондай-ақ тұрғынжай болып табылмайтын өзге де жылжымайтын мүлік объектілеріне келтірілген залалды өтеуге байланысты жеке тұлғалардың мүліктік мүддесі тұрғынжайды міндетті сақтандыру объектісі болып табылмайды.

 

 131-бап. Жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және табиғи сипаттағы орман өрті қаупі бар аумақтарды айқындау және тұрғынжайға қойылатын талаптар

 

  1. Тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыру асырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Көрсетілген тізбе Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша қалыптастырылады.
  2. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру мақсаттары үшін жер сілкінісіне, су тасқынына (су басуға) және табиғи сипаттағы орман өртіне ұшыраған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағының тәуекел деңгейін айқындау жөніндегі қағидаларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп бекітеді.
  3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді бекітеді, оларға тұрғынжайды міндетті сақтандыру объектісі болып табылатын тұрғынжайға сәйкес келуі тиіс.

 

132-бап. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты

 

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру тұрғынжайдың меншік иесі болып табылатын жеке тұлға – сақтанушының Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасасатын тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты негізінде сақтанушының тұрғынжайды міндетті сақтандыру қағидаларына қосылуы және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының сақтанушыға сақтандыру полисін ресімдеуі арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қағидаларын Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының директорлар кеңесі бекітеді, уәкілетті органмен келісуге жатады және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының интернет-ресурсында орналастырылады.  

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қағидалары сондай-ақ Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен тапсырма шартын жасасқан сақтандыру ұйымының және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен аутсорсинг шартын жасасқан тұлғаның интернет-ресурсында орналастырылады.

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қағидалары, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар олар Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының интернет-ресурсында орналастырылған күннен кейін күнтізбелік он күннен ерте қолданысқа енгізілмейді және олар қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттарына қолданылмайды.

  1. Егер тұрғынжай меншік құқығындағы меншік иелерінің әрқайсысының үлесін (ортақ үлестік меншік) айқындай отырып немесе мұндай үлестерді (ортақ бірлескен меншік) айқындамай ортақ меншікте болған жағдайда, тұрғын жайды міндетті сақтандыру шартын жасасуды меншік иелерінің келісімі бойынша меншік иелерінің бірі жүзеге асырады.

Ортақ үлестік меншіктегі тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын меншік иелерінің біреуімен жасасу бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын осындай үлеске меншік құқығы туралы куәлікке сәйкес оған бөлінген үлестің шеңберінде тұрғынжайдың меншік иесі жасай алады. 

Ортақ бірлескен меншікке қатысушылар арасында тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы келісім болмаған жағдайда мұндай шарт бүкіл тұрғынжайға қатысты тұрғынжай иелерінің кез келгенімен жасалуы мүмкін.

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты он екі айға жасалады.

Егер тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, сақтанушы Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.  

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты осы Заңның 130-бабының
    2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлғаның тұрғынжайға меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.

Егер тұрғынжай меншік құқығын мемлекеттік тіркеуден өзге негіз бойынша осы Заңның 130-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сай бола бастаса, тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын тұрғынжай иесі тұрғынжай көрсетілген талаптарға сай бола бастаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей жасайды.

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы осы Заңның 134-бабында айқындалған мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып, жасалған тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты негізінде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
  2. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры сақтанушы мен сақтандыру объектісі осы баптың 1-тармағында және осы Заңның 130-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы.
  3. Сақтандыру полисі сақтанушының сақтанушы, тұрғынжай туралы деректерді және сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қажетті өзге де деректерді қамтитын өтініші негізінде Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының немесе Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған тапсырма шартының негізінде әрекет ететін сақтандыру ұйымының немесе Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған аутсорсинг шарты негізінде әрекет ететін тұлғаның интернет-ресурсында электрондық нысанда ресімделеді

Сақтандыру полисіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

  1. Осы Заңның 30-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының директорлар кеңесі белгілеген талаптарға сәйкес сақтандыру сыныптарын қоспағанда, сақтандыру сыйлықақыларын жинауды, сондай-ақ Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының атынан және оның тапсырмасы бойынша тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттарын жасасуды мүлікті залалдан сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асыруға құқылы.

Сақтандыру ұйымы мен Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры арасында жасалатын тапсырма шартының талаптарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Сақтандыру сыйлықақыларын жинау және тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін сыйақыны сақтандыру ұйымының Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің он пайызынан аспайтын, тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде төлейді.
  2. Жер сілкінісіне, су тасқынына (су басуға) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өртіне байланысты «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жағдайда Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған тапсырма шартының негізінде әрекет ететін сақтандыру ұйымдарына, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған аутсорсинг шарты негізінде әрекет ететін тұлғаға төтенше жағдай аймағында орналасқан жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты сақтандыру сыйлықақыларын жинауға және тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттарын жасасуға тыйым салынады.

Бұл тыйым жарияланған табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың бүкіл қолданылу кезеңіне қолданылады.

  1. Тұрғынжайды ерікті сақтандыру шартын жасасу сақтанушыны тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.
  2. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және орындау үшін Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының орталықтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланылады.

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының орталықтандырылған ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

133-бап. Пайда алушының құқықтары

 

Пайда алушы:

1) сақтандыру төлемін осы Заңда белгіленген мерзімдерде және шарттарда алуға;

2) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорынан, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған аутсорсинг шарты негізінде әрекет ететін тұлғадан және (немесе) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған тапсырма шарты негізінде әрекет ететін сақтандыру ұйымынан тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартының талаптарын, тұрғынжайды міндетті сақтандыру жөніндегі өзінің құқықтары мен міндеттерін өтеусіз түсіндіруді талап етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешіміне дау айтуға құқылы.

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін пайда алушының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.

 

134-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау

 

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде төленуге жататын жылдық сақтандыру сыйлықақысы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың су тасқыны (су басу), орман өрті және жер сілкінісі қаупіне ұшырау деңгейін негізге ала отырып, тұрғынжайды тіркеу орны бойынша белгіленген базалық сақтандыру сыйлықақысының және 1 мөлшердегі коэффициент сомасының және өңірлік коэффициенттердің туындысы ретінде айқындалады.
  2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 602-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген тұрғынжай болып табылатын салық салу объектісі бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салыққа тең деп танылады.
  3. Тұрғынжайды тіркеу орны бойынша өңірлік коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Областың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тәуекел деңгейі

Сау тасқыны (су басу)

Орман өрті

Жер сілкінісі

Ерекше жоғары

0,65

0,15

0,2

Жоғары

0,33

0,08

0,12

Орташа

0,2

0,05

0,08

Төмен

0

0

0

Өңірлік коэффициенттер осы Заңның 131-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған жер сілкінісіне, су тасқынына (су басуға) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өртіне ұшыраған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тәуекел деңгейіне қарай белгіленеді.

  1. Жылдық сақтандыру сыйлықақысының ең төмен мөлшері сақтандыру сыйлықақысын төлеу күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,5 мөлшерін құрайды.

Жылдық сақтандыру сыйлықақысының ең жоғары мөлшері сақтандыру сыйлықақысын төлеу күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес есептелген жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері:

осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ең аз мөлшерден кем болса, жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сыйлықақысының ең аз мөлшерін құрайды;

осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген ең жоғары мөлшерден артық болса, жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сыйлықақысының ең жоғары мөлшерін құрайды.

  1. Осы Заңда көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға немесе ұлғайтуға жол берілмейді.

 

135-бап. Сақтандыру жағдайы

 

  1. Жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан тұрғынжайдың жойылу (қиратылу) немесе бүліну фактісі тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
  2. Сақтандыру жағдайы деп танылған оқиға іс жүзінде кенеттен болуы және тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде болуы тиіс.
  3. Сақтандыру жағдайы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қалыптастырған төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның қорытындысымен расталады.

 

136-бап. Сақтандыру сомасы

 

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы):

1) жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өрттері салдарынан тұрғынжай жойылған (қираған) жағдайда – сақтандыру сыйлықақысы сомасының 500 еселенген мөлшерін;

2) жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан тұрғынжай бүлінген жағдайда – сақтандыру сыйлықақысы сомасының 250 еселенген мөлшерін құрайды.

  1. Осы баптың 1-тармағында белгіленген жауапкершіліктің шекті көлемін ескере отырып, тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтері жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес олардың өтелуін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

 

137-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары

 

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты бойынша пайда алушы тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын жасасқан жеке тұлға - тұрғынжайдың меншік иесі болып табылады.

Егер тұрғынжай ортақ меншікте болса және тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын меншік иелерінің бірі өзге меншік иелерінің келісімімен жасаса, тұрғынжайдың барлық меншік иелері пайда алушылар болып табылады.

Пайда алушы қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемін алу құқығы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осындай деп танылған тұрғынжай иесінің отбасы мүшелеріне тең үлестермен ауысады.

  1. Пайда алушы тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына сақтандыру төлемі туралы талапты Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының орталықтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық тәсілмен немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жеке өзі жүгіну арқылы сақтандыру төлемі туралы өтініш беру арқылы ұсынады.

Сақтандыру төлемі туралы өтініште пайда алушының тұрғылықты жері, байланыс телефоны және сақтандыру төлемін– қолма-қол ақшамен не сақтандыру төлемін алушының банктік шотына аудару арқылы алу тәртібі көрсетіледі (сақтандыру төлемін банктік шотқа аударған жағдайда, сақтандыру төлемі туралы өтініште пайда алушының банктік деректемелері де көрсетіледі).

Сақтандыру төлемі туралы өтініш Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған тапсырма шарты негізінде әрекет ететін сақтандыру ұйымдары, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған аутсорсинг шарты негізінде әрекет ететін тұлға тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін өзекті күйде ұстауға және өзінің интернет-ресурстарында орналастыруға міндетті.
  2. Сақтандыру төлемі пайда алушыға сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асырылады.
  3. Сақтандыру төлемін Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры осы Заңның 138-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайының басталу фактісі расталған және сақтандыру төлемі туралы өтініш алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры, тапсырма шарты негізінде әрекет ететін сақтандыру ұйымдары және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалған аутсорсинг шарты негізінде әрекет ететін тұлға пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінің сомасынан оны жүзеге асыруға байланысты шығыстарды ұстап қалуға құқылы емес.

Сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиға туындаған кезде Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры пайда алушылардың сақтандыру төлемдерін алу процесін ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

 

138-бап. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорын сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері

 

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар негіз бола алады:

1) тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартының қолданылуы сақтандыру жағдайы басталғанға дейін тоқтатылған;

2) сақтандыру оқиғасы тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарты күшіне енгенге дейін болған;

3) тұрғынжайдың жойылуы (қиратылуы) немесе бүлінуі сақтандыру жағдайынан туындамаған өзге де себептер бойынша орын алған;

4) сақтандыру жағдайы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қалыптастырған төтенше жағдай нәтижесінде баспанасыз қалған Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғынжаймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның қорытындысымен расталмаған.

Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры осы Заңның 137-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерінің уәжді негіздемесі және өтініш берушінің «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, дауды сотқа дейін реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламасы бар сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры осы бапта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы емес.

 

19-тарау. КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН АДАМДАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

 

139-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Аудиторлық ұйыммен аудит жүргізуге шарт жасасқан заңды тұлғаларға аудит жүргізу кезінде келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетіне байланысты аудиторлық ұйымның мүліктік мүдделері аудиторлық ұйымдардың
    азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі болып табылады (бұдан әрі – аудиттелетін субъект).
  2. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым мен сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы арасында аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде мүліктік мүдделеріне аудит жүргізу кезінде зиян келтірілуі мүмкін аудиттелетін субъектінің пайдасына жасалады.
  3. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында моральдық зиянды, жоғалған пайданы өтеуді және тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, сақтанушы аудит жүргізген кезде аудиттелетін субъектілерге зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
  4. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушының аудит жүргізген кезде қателіктер (әрекеттер және (немесе) әрекетсіздік) нәтижесінде аудиттелетін субъектілердің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
  5. Аудит жүргізген кезде аудиттелетін субъектілердің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген зиянды өтеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген не сақтанушы аудиттелетін субъектілердің зиянды өтеу туралы талаптарын негізді деп таныған және сақтанушының талаптарын танумен сақтандырушының келісімі жасалған күннен бастап басталған болып есептеледі.

  1. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша пайда алушы аудит жүргізу нәтижесінде аудиторлық ұйым зиян келтірген аудиттелетін субъект, ал аудиттелетін субъект қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқықтық мирасқоры болып табылады.

Сондай-ақ, сақтанушы немесе аудиттелетін субъектіге (оның құқықтық мирасқорына) аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында айқындалған сақтандырушының жауапкершілік көлемі шегінде келтірілген зиянды өтеген және сақтандырушыдан өз шығыстарын өтеуге құқық алған өзге тұлға пайда алушы бола алады.

  1. Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы аудиттелетін субъект талаптарының сомасын немесе осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып келтірілген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімін негізге ала отырып айқындайды.

Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде аудиттелетін субъектінің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған сәттен бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.

  1. Сақтанушының шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, егер тиісті шаралар сәтсіз болса да, сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін осындай шығыстар қажет болса немесе жүргізілсе, сақтандырушы өтеуге тиіс.

Мұндай шығыстар нақты мөлшерде, алайда сақтандыру төлемі мен шығыстардың өтемақысының жалпы сомасы аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспайтындай өтеледі. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаса, олар сақтандыру сомасына қарамастан толық мөлшерде өтеледі.

  1. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен айқындалады және ол жасалған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
  2. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау үшін уәкілетті орган белгіленген мөлшерде не шекті мәндер түрінде сақтандыру сомасының мөлшерінен пайызбен белгілейтін сақтандыру тарифтері қолданылады.
  3. Егер аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп-бөліп төлеген жағдайда бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.

  1. Сақтандыру төлемінің мөлшерін аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы даулаған жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде аталған адамдардың ешқайсысы дауламайтын бөлігінде жүзеге асыруға міндетті.
  2. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының келесі жағдайларда:

1) сақтанушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттері;

2) сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайына себеп-салдарлық байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық деп танылған іс-әрекеттер жасауы;

3) сақтанушы сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту жөнінде шараларды қасақана қабылдамаған;

4) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі;

5) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға өзінің талап ету құқығынан бас тартуы, сондай-ақ талап ету құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде сақтанушыға кері талап ету қоюға (регресс) құқығы бар.

  1. Осы Заңда реттелмеген аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың өзге де шарттары аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

 

140-бап. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Жекеше нотариустың нотариаттық қызметтерді жасауы нәтижесінде үшінші тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі (бұдан әрі - жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру) болып табылады, оларды жүзеге асыру үшін жекеше нотариус Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес жекеше нотариустың жауапкершілігіне міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі - нотариаттық іс-әрекеттер) жасасуға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін үшінші тұлға деп жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаумен байланысты кәсіптік міндеттерін орындау кезінде мүліктік мүдделеріне зиян келтірілген жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының тарабы болып табылмайтын адам түсініледі.

  1. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын жеке нотариус пен сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы арасында нотариат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жеке нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыруы кезінде мүліктік мүдделеріне зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғаның пайдасына жасалады.
  2. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында моральдық зиянды, жіберіп алған пайданы өтеуді және тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, сақтанушы нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
  3. Жеке нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасауы салдарынан үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу ықтималдығы жеке нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелі деп танылады.
  4. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жеке нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасауы салдарынан үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.

Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген зиянды өтеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген не сақтанушы зиянды өтеу туралы үшінші тұлғалардың талаптарын негізді деп таныған және сақтанушының талаптарын танумен сақтандырушының келісімі жасалған күннен бастап басталған болып есептеледі.

  1. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша пайда алушы нотариаттық іс-әрекеттер жасау салдарынан жеке нотариус зиян келтірген үшінші тұлға, ал үшінші тұлға қайтыс болған (қайта ұйымдастырылған) жағдайда оның мұрагерлері (құқықтық мирасқорлары) болып табылады.

Сақтанушы немесе жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында айқындалған сақтандырушының жауапкершілік көлемі шегінде үшінші тұлғаға (оның мұрагерлеріне, құқықтық мирасқорларына) келтірілген зиянды өтеген және сақтандырушыдан өз шығыстарын өтеуге құқық алған өзге тұлға да пайда алушы бола алады.

  1. Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы үшінші тұлғалардың талаптарының сомасын немесе осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып келтірілген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімін негізге ала отырып айқындайды.

Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған сәттен бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.

  1. Сақтанушының шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, егер тиісті шаралар сәтсіз болса да, сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін осындай шығыстар қажет болса немесе жүргізілсе, сақтандырушы өтеуге тиіс.

Мұндай шығыстар нақты мөлшерде, алайда сақтандыру төлемі мен шығыстардың өтемақысының жалпы сомасы жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспайтындай өтеледі. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушының нұсқауларын орындауы салдарынан туындаса, олар сақтандыру сомасына қарамастан толық мөлшерде өтеледі.

  1. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен белгіленеді және:

1) қызметін республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күнгі белгіленген – 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

2) жеке нотариустар үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күнгі белгіленген - 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

  1. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау үшін уәкілетті орган белгіленген мөлшерде не шекті мәндер түрінде сақтандыру сомасының мөлшерінен пайызбен белгілейтін сақтандыру тарифтері қолданылады.
  2. Егер жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп-бөліп төлеу жағдайында бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

 

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.

  1. Сақтандыру төлемінің мөлшерін жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының тараптары немесе үшінші тұлғалар даулаған жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде көрсетілген тұлғалардың ешқайсысы дауламайтын бөлігінде жүзеге асыруға міндетті.
  2. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының осы Заңның 139-бабы 13-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, сондай-ақ сақтанушының оны азайту бойынша ақылға қонымды және қолжетімді шараларды қасақана қабылдамауы салдарынан зиян мөлшері ұлғайған жағдайда, жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде сақтанушыға кері талап етуге (регресс) құқығы бар.
  3. Осы Заңда реттелмеген жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың өзге де шарттары жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

 

141-бап. Адвокаттардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шартқа сәйкес білікті заңгерлік көмек көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.
  2. Адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты «Адвокаттық қызмет және білікті заңгерлік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын адвокат немесе адвокат серіктесі болып табылатын адвокаттық кеңсе мен сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы арасында заңгерлік көмек көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жасалады.
  3. Адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) шартқа сәйкес білікті заңгерлік көмек көрсету кезінде байқаусызда жіберген кәсіби қателіктерінің (әрекеттерінің және (немесе) әрекетсіздігінің) салдарынан білікті заңгерлік көмек көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
  4. Адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы сақтанушының (сақтандырылушының) шартқа сәйкес сақтандырылған тұлға білікті заңгерлік көмек көрсеткен кезде жіберген кәсіби қателіктерінің салдарынан білікті заңгерлік көмек көрсететін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі болып табылады.

Осы баптың мақсаттары үшін кәсіби қателіктер деп:

1) процестік мерзімдерді өткізіп жіберу;

2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;

3) шартқа сәйкес білікті заңгерлік көмек көрсетілетін адамға оған зиян келтіруге алып келген жасалатын заңдық әрекеттердің салдары туралы хабарламау;

4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) клиенттен білікті заңгерлік көмек көрсету үшін алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;

5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз жария ету түсініледі.

Адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырылған тұлғаның осындай көмек көрсетуі салдарынан шартқа сәйкес заңгерлік көмек көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.

  1. Егер шартқа сәйкес білікті заңгерлік көмек көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиян сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кәсіби міндеттерін абайсызда бұзуының салдары болып табылса, сақтандыру жағдайы орын алды деп есептеледі.
  2. Адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен белгіленеді және:

1) қызметін республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында жүзеге асыратын адвокаттар үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда адвокаттардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күнгі белгіленген – 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

2) адвокаттар үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда өзге адвокаттардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күнгі белгіленген - 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

  1. Осы Заңда реттелмеген адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың өзге де шарттары адвокаттың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

 

142-бап. Заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) қызметті жүзеге асыруға байланысты шартқа сәйкес білікті заңгерлік көмек көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері болып табылады
  2. Заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты «Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын заң консультанты немесе заң консультантымен еңбек қатынастарында тұрған заңды тұлға мен сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы арасында заңгерлік көмек көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жасалады.
  3. Заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) шартқа сәйкес білікті заңгерлік көмек көрсету кезінде байқаусызда жіберген кәсіби қателіктерінің (әрекеттерінің және (немесе) әрекетсіздігінің) салдарынан білікті заңгерлік көмек көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырылған тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
  4. Заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы сақтанушының шартқа сәйкес сақтандырылған тұлға білікті заңгерлік көмек көрсеткен кезде жіберген кәсіби қателіктерінің салдарынан білікті заңгерлік көмек көрсететін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі болып табылады.

Осы баптың мақсаттары үшін кәсіби қателіктер деп:

1) процестік мерзімдерді өткізіп жіберу;

2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;

3) шартқа сәйкес білікті заңгерлік көмек көрсетілетін адамға оған зиян келтіруге алып келген жасалатын заңдық әрекеттердің салдары туралы хабарламау;

4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) клиенттен білікті заңгерлік көмек көрсету үшін алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;

5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз жария ету түсініледі.

Заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырылған тұлғаның осындай көмек көрсетуі салдарынан шартқа сәйкес заңгерлік көмек көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.

  1. Егер шартқа сәйкес білікті заңгерлік көмек көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиян сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кәсіби міндеттерін абайсызда бұзуының салдары болып табылса, сақтандыру жағдайы орын алды деп есептеледі.
  2. Заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен белгіленеді және:

1) қызметін республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында жүзеге асыратын заң консультанты үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күнгі белгіленген – 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

2) заң консультанты үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда өзге заң консультанттарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күнгі белгіленген - 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

  1. Осы Заңда реттелмеген заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың өзге де шарттары заң консультантының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

 

143-бап. Жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.
  2. Жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын сот орындаушысы мен сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы арасында атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жасалады.
  3. Жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) атқарушылық құжаттарды орындау кезінде жіберген кәсіби қателіктерінің (әрекеттерінің және (немесе) әрекетсіздігінің) салдарынан үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
  4. Жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы сақтандырылған тұлғаның атқарушылық құжаттарды орындау кезінде жіберген кәсіби қателіктерінің салдарынан үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі болып табылады.

Жеке сот орындаушысының осы баптың мақсаттары үшін кәсіби қателіктер деп:

1) процестік құжаттарды дұрыс ресімдемеу;

2) борышкерге зиян келтіруге алып келген атқарушылық құжат орындалғаннан кейін, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төленгеннен кейін және орындау бойынша шығыстардан кейін мәжбүрлеп орындау шараларының уақтылы жойылмауы;

3) оған қатысты атқарушылық іс-әрекеттер жасалған адамға оған зиян келтіруге алып келген жасалатын іс-әрекеттердің салдары туралы хабарламау;

4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) атқарушылық іс-жүргізу тарапынан алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;

5) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, оның қызметі салдарынан өзіне белгілі болған мәліметтерді заңсыз жария ету түсініледі.

Жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырылған тұлғаның атқарушылық құжаттарды орындау барсында үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.

  1. Өтелуге жататын зиян келтіру фактісін мүдделі тараптардың келісімімен, ал дау туындаған жағдайда – сот белгілейді.
  2. Жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен белгіленеді және:

1) қызметін республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында жүзеге асыратын жеке сот орындаушысы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күнгі белгіленген – 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

2) жеке сот орындаушысы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда өзге жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күнгі белгіленген - 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

  1. Осы Заңда реттелмеген жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың өзге де шарттары жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

 

144-бап. Кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі сақтанушының мүлікті берген тұлғалардың мүлкіне, кеден өкілінің қызметті көрсетуіне байланысты оның ішінде үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.
  2. Кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметін «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кеден өкілі ретінде жүзеге асыруға ниетті не жүзеге асыратын заңды тұлға мен сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы арасында кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жасалады.
  3. Кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында төлеу бойынша міндет берілетін адамға жүктелген моральдық зиянды, жіберіп алған пайданы өтеуді, тұрақсыздық айыбын төлеуді, сондай-ақ кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдар мен пайыздар сомаларын қоспағанда, кеден өкілінің қызметтерін көрсетуге байланысты осы тұлғалармен шарттардың бұзу салдарынан, туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
  4. Беретін адамдардың мүлкіне зиян келтіру салдарынан, оның ішінде кеден өкілінің қызметтерін көрсетуге байланысты осы тұлғалармен шарттардың талаптарын бұзу салдарынан кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу ықтималдығы сақтандыру тәуекелі болып табылады.
  5. Сақтанушының беретін адамдардың мүлкіне келтірілген зиянды, оның ішінде кеден өкілінің қызметтерін көрсетуге байланысты осы тұлғалармен шарттардың талаптарын бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.
  6. Кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен айқындалады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күнгі белгіленген 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
  7. Осы Заңда реттелмеген кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың өзге де шарттары кеден өкілінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

 

145-бап. Медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыру объектілері:

1) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге, сондай-ақ осы баптың 9-тармағына сәйкес медицина қызметкерінің адвокаттың қызметтеріне ақы төлеуге жұмсаған шығыстарын өтеуге байланысты медицина қызметкерлерінің мүліктік мүдделері;

2) медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде үшінші тұлғалар тарапынан күш қолдану әрекеттері салдарынан олардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты мүліктік мүдделері.

  1. Медицина қызметкерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыру медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру үшін құрылған денсаулық сақтау субъектісі мен қатысушылар арасында жасалған:

1) медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шарты;

2) медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың өмірі мен денсаулығын міндетті түрде ортақ сақтандыру шарты сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы (бұдан әрі – бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы) негізінде жүзеге асырылады.

Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының денсаулық сақтау субъектісімен медицина қызметкерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шартын жасасудан бас тартуына жол берілмейді.

  1. Медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шарты және медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың өмірі мен денсаулығын міндетті түрде ортақ сақтандыру шарты жыл сайын жасалады, сақтандыру мерзімі бойы қолданылады және басталған сақтандыру жағдайы бойынша өзінің қолданылуын тоқтатпайды.
  2. Медициналық қызметті жүзеге асыру салдарынан пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шарты бойынша, ал медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандыру шарты бойынша – медицина қызметкерлерінің медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде үшінші тұлғалар тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері салдарынан өміріне және денсаулығына зиян келтіру фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған медициналық оқыс оқиға сақтандыру жағдайы болып табылмайды.

  1. Сақтандыру тәуекелі:

1) медицина қызметкерлері медициналық қызметті жүзеге асырған кезде пациенттің;

2) кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде үшінші тұлғалар тарапынан күш қолдану әрекеттері салдарынан медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы деп танылады.

  1. Медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыру денсаулық сақтау субъектісінің есебінен жүзеге асырылады.
  2. Сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) медициналық қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шартының және медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың өмірі мен денсаулығын міндетті ортақ сақтандыру шартының негізінде айқындалады және:

1) келтірілген зиянды өтеу бөлігінде:

қаза табуға  – 3 000;

          мүгедектіктің:

бірінші тобы белгіленсе – 800;

екінші тобы белгіленсе – 600;

үшінші тобы белгіленсе – 500;

мүгедектігі бар балаға – 500;

2) зиянды өтеу бөлігінде, мүгедектік белгіленбей – 300 мөлшерінен (айлық есептік көрсеткіштерде) кем болмауы тиіс.

  1. Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда медицина қызметкері немесе оның жақын туыстары сақтандыру төлемін алу үшін бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына жүгінуге құқылы, оның мөлшері осы баптың 7-тармағына сәйкес айқындалады.

Уақытша еңбекке жарамсыздыққа, мүгедектікке не өлімге алып келген кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде үшінші тұлғалар тарапынан күш қолдану әрекеттері салдарынан медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

  1. Сақтандырылған медицина қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабында көзделген құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қозғалған жағдайда, ол адвокаттың қызметтеріне ақы төлеуге нақты жүзеге асырылған шығыстарды өтеу үшін бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына жүгінуге құқылы.

Бір денсаулық сақтау субъектісінің сақтандырылған медицина қызметкерлеріне адвокаттардың қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеудің жиынтық сомасы медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шарты бойынша осы денсаулық сақтау субъектісі төлеген сақтандыру сыйлықақысы сомасының жыл сайын бес пайызынан аспауға тиіс.

Медицина қызметкерінің адвокатының қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар осы баптың 7-тармағында көзделген сақтандыру сомасынан тыс өтеледі және пациентке сақтандыру төлемінің мөлшеріне әсер етпейді.

  1. Медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шарты бұзылған кезде және сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда, сақтандыру пулының әкімшісі сақтандыру сыйлықақысының шарттың қолданылу уақытына барабар бөлігіне және медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті ортақ сақтандыру шартын жүргізуге байланысты сақтандыру сыйлықақысының қайтарылатын бөлігінің он пайызы мөлшерінде әкімшілік шығыстарға құқығы бар.
  2. Осы Заңда реттелмеген медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтандырудың өзге де шарттары тараптардың келісімімен медицина қызметкерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шарты және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыру кезінде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандырудың үлгілік шарты негізінде айқындалады.
  3. Осы баптың медицина қызметкерлеріне қатысты қолданылатын ережелері дәрігер – интерндерге және резидент дәрігерлерге қолданылады.

 

 

 20-тарау. МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ӨЗГЕ ДЕ СЫНЫПТАРЫ

 

146-бап. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру

 

  1. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру объектісі сақтандыру жағдайының туындауы салдарынан медициналық қызметтер алу қажеттілігіне байланысты сақтандырылған тұлғаның мүліктік мүддесі болып табылады.
  2. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарға қатысты «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген және медициналық қызметтер алуды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жүзеге асырылатын медициналық сақтандырудың түрі болып табылады.
  3. Медициналық ұйымдарға жүгіну қажеттілігіне алып келген сақтандырылған адамның денсаулық жағдайының нашарлау ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
  4. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру кезіндегі сақтандыру жағдайы сақтандырылған адамның денсаулық жағдайының нашарлауы және саған қатысты медициналық ұйымда медициналық көмектің мынадай түрлерін:

1) алғашқы медициналық-санитарлық көмек;

2) шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек алу болып табылады.

  1. Міндетті медициналық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарында айқындалады және:

1) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін міндетті медициналық сақтандыру шартын жасасу күніне – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген елу айлық есептік көрсеткіштен;

2) стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін міндетті медициналық сақтандыру шартын жасасу күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

  1. Сақтандырлушының:

1) сақтандырушыдан сақтандыру шартының талаптарын, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсету тәртібін түсіндіруді алуға;

2) медициналық желіге қатысушылар болып табылатын денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтер алуға, сондай-ақ сақтандыру шартының талаптарына және медициналық көмектің ең аз тізбесіне сәйкес көрсетілген қызметтер бойынша ақы төлеуге;

3) сақтандырушыға немесе сақтандырылушыға тәулік бойы ақпаратты қолдау көрсететін ассистанс компанияға, медициналық желі қатысушыларына  медициналық желі қатысушыларымен келісімдер негізінде медициналық қызметті ұсынбаған, толық ұсынбаған және олардың сапасыз ұсынған жағдайлар туралы хабарлауға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

  1. Сақтандырылушы:

1) медициналық желіге қатысушыларға әрбір жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;

2) сақтандыру шартының талаптарын сақтауға;

3) сақтандырушыға және (немесе) сақтандырылушыға тәулік бойы ақпаратты қолдау көрсететін ассистанс компанияға, сондай-ақ медициналық желіге қатысушылармен келісімдер негізінде медициналық желіге қатысушыларға  сақтандырушыға және (немесе) ассистанс компанияға сақтандыру жағдайына байланысты барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті медициналық және сақтандыру жағдайына қатысы бар басқа да құжаттарды қоса алғанда, барлық ақпаратты беруге;

4) ең аз тізбеде көрсетілген медициналық қызметтерді алу үшін медициналық желіге қатысушыларға жүгінуге;

5) өзіне қызмет көрсеткен денсаулық сақтау субъектісін сақтандырушының және (немесе)  сақтандырылушыға тәулік бойы ақпараттық қолдау көрсететін ассистанс компанияның, сондай-ақ медициналық желіге қатысушылармен келісімдер негізінде медициналық желіге қатысушылардың алдында сақтандыру жағдайының мән-жайларына қатысты бөлігінде дәрігерлік (медициналық) құпияны жария етпеу міндеттемелерінен босатуға;

6) сақтандырушының және (немесе) сақтандырылушыға тәулік бойы ақпараттық қолдау көрсететін ассистанс компанияның, сондай-ақ медициналық желіге қатысушылармен келісімдер негізінде медициналық желіге қатысушылардың талаптарын алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру талаптарына сәйкес сақтандыру жағдайын айқындауға жатпайтын оқиға (сақтандырушы осы фактіні дәлелдеген кезде) бойынша сақтандыру төлеміне байланысты шығыстарды өтеуге;

7) сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

  1. Осы Заңда реттелмеген Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандырудың өзге де талаптары Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтарды міндетті медициналық сақтандырудың үлгілік шарты негізінде айқындалады.

 

 147-бап. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.

Адамдар жаппай болатын объектідегі өрттің салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген және адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына сәйкес пайда алушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға үшінші тұлға деп танылады.

  1. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру ұйымының филиалы және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша міндеті белгіленген адамдар жаппай болатын объектінің иесі арасында жазбаша түрде жасалады.

Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты осы Заңның талаптарына сәйкес және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекітетін үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жасалады.

Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.

  1. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіруге алып келген адамдар жаппай болатын объектіде өрттің туындау ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.

Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы адамдар жаппай болатын объектідегі өрт салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі болып табылады.

Сақтандыру жағдайының басталу фактісі үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шартының талаптарына сәйкес тараптардың келісімімен немесе сот шешімімен белгіленеді.

  1. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарында айқындалады және адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 75000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
  2. Әрбір үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемінің мөлшері (сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді және кемінде мыналарды құрайды:

1) әрбір жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін:

қаза табуға  – 5 000;

          мүгедектіктің:

бірінші тобы белгіленсе – 4000;

екінші тобы белгіленсе – 3000;

үшінші тобы белгіленсе – 1500;

мүгедектігі бар балаға – 3 000;

мүгедектік белгіленбей мертігу, жарақат алу немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге арналған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 750-ден аспайтын;

2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 1 500-ден аспайтын мөлшерде;

3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 1 500-ден аспайтын мөлшерде. Барлық жәбірленуші бойынша мүлік бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері 10 000-нан аспауы тиіс. Жәбірленушілердің мүлкіне зиян мөлшері сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кеткен жағдайда әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиян дәрежесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін сақтандыру төлемі жүзеге асырылған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.

  1. Үшінші тұлғаның:

1) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға;

2) сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті, оның ішінде өз бетінше жиналған құжаттарды ұсынуға міндетті;

3) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны таңдау;

4) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) және (немесе) тәуелсіз сарапшы жүргізген сақтандыру төлемі мөлшерінің есептеулерімен танысуға;

5) Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға құқылы;

6) өз құқықтарын қорғау үшін сақтандырушыға, қаржы омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

7) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттар қаржы омбудсманына (тікелей қаржы омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;

8) сақтанушыға келтірілген зиянды жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын бөлігінде өтеу туралы талап жіберуге;

9) сақтанушы адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, сақтандырушыға сақтандыру төлемдерін төлеу туралы талап жіберуге құқылы.

Үшінші тұлға сақтанушыға мемлекеттік медициналық мекеме немесе кәсіпорын берген медициналық қорытындыны, адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көзделген тәуелсіз бағалау нәтижесін көрсете отырып және қоса бере отырып, сақтандыру төлемі туралы жазбаша өтініш жіберуге міндетті.

  1. Шартты бұзған кезде және сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне адамдардың жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қолданылған уақытқа пропорционалды түрде және шартты жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар алынған сақтандыру сыйлықақысының он пайызы мөлшерінде құқығы болады.
  2. Осы Заңда реттелмеген адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың өзге де шарттары үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

 

148-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі сақтанушының уақытша сақтау қоймасында сақтаудағы басқа тұлғалардың тауарларына келтірілген мүліктік зиянды, оның ішінде басқа тұлғалармен сақтау шарттарының талаптарын бұзу салдарынан келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.
  2. Уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уақытша сақтау қоймасының иесі ретінде қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген немесе жүзеге асыратын заңды тұлға мен міндетті сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы арасында кеден ісі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жасалады.
  3. Уақытша сақтау қоймасында сақтаудағы басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру салдарынан, оның ішінде басқа тұлғалармен сақтау шарттарының талаптарын бұзу нәтижесінде уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу ықтималдығы сақтандыру тәуекелі болып табылады.
  4. Уақытша сақтау қоймасында сақтаудағы басқа тұлғалардың тауарларына, сондай-ақ басқа тұлғалармен сақтау шарттарының талаптарын бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.
  5. Уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарында айқындалады және уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 есе айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
  6. Осы Заңда реттелмеген уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың өзге де шарттары уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

 

149-бап. Ашық үлгідегі кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Ашық үлгідегі кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі сақтанушының ашық үлгідегі кеден қоймасында сақтаудағы басқа тұлғалардың тауарларына келтірілген мүліктік зиянды, оның ішінде басқа тұлғалармен сақтау шарттарының өзге де талаптарын бұзу салдарынан келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.
  2. Ашық үлгідегі кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ашық үлгідегі кеден қоймасының иесі ретінде қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген немесе жүзеге асыратын заңды тұлға мен міндетті сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы арасында кеден ісі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен ашық үлгідегі кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жасалады.
  3. Ашық үлгідегі кеден қоймасында сақтаудағы басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру салдарынан, оның ішінде басқа тұлғалармен сақтау шарттарының талаптарын бұзу нәтижесінде ашық үлгідегі кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу ықтималдығы сақтандыру тәуекелі болып табылады.
  4. Ашық үлгідегі кеден қоймасында сақтаудағы басқа тұлғалардың тауарларына, сондай-ақ басқа тұлғалармен сақтау шарттарының талаптарын бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.
  5. Ашық үлгідегі кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарында айқындалады және ашық үлгідегі кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 есе айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
  6. Осы Заңда реттелмеген ашық үлгідегі кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың өзге де шарттары ашық үлгідегі кеден иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

 

150-бап. Әуе кемесі меншік иесінің (иесінің) және пайдаланушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 

  1. Әуе кемесінің меншік иесінің (иесінің) және пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі әуе кемесін пайдалану кезінде:

1) үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне;

2) әуе тасымалына қабылданған жүктің жойылуы, кем шығуы немесе бүлінуі (бүлінуі) салдарынан жүк иесінің немесе жүк жөнелтушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты әуе кемесінің меншік иесінің (иесінің) және пайдаланушысының мүліктік мүдделері болып табылады.

Осы баптың мақсаттары үшін әуе кемесін пайдалану кезінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген және осы әуе кемесінің жолаушысы, оның экипажының мүшесі, пайдаланушының авиациялық персоналы, сақтанушы немесе оның қызметкері болып табылмайтын адам үшінші тұлға деп танылады.

  1. Әуе кемесі меншік иесінің (иесінің) және пайдаланушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын әуе кемесі меншік иесі (иесі), пайдаланушысы және міндетті сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы арасында жасалады.
  2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
  3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.

 

 

 21-тарау. ТҰРҒЫНЖАЙДЫ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

 151-бап. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорын құру және оның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры өз қызметін Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасы және құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
  2. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорын құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қабылдайды.
  3. Сақтандыру лицензиясы, қайта сақтандыру лицензиясы жоқ Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры:

1) тұрғынжайды міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

2) сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыруға;

3) осы Заңның 30-бабы 4-тармағының үшінші бөлігі 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, қайта сақтандыру шарттары негізінде сақтандыру ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарынан жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан жылжымайтын мүліктің жойылуынан (қиратылуынан) не бүлінуінен келтірілген зиянды өтеуге байланысты мүлікті залалдан сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы;

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, ұлттық басқарушы холдинг және (немесе) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын мемлекет қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының акционерлері бола алады.
  2. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1 200 000 еселенген мөлшерін құрайды.

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының акциялары оларды орналастыру кезінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен төленеді.

Акцияларды ақшамен төлеу мөлшері тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының жарғылық капиталының ең аз мөлшерінен кем болмайтын шаманы құрауға тиіс.

Акцияларға ақы төлеу үшін пайдаланылатын өзге де мүлікке бағалау жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының меншікті капиталының мөлшері осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының жарғылық капиталының ең аз мөлшерінен кем болмауы тиіс.
  2. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры акционерлерінің жалпы жиналысының отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілі қатысуға құқылы.
  3. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органнан бір-бір өкілден кіреді.
  4. Қайта сақтандыру мақсатында тартылатын қайта сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру делдалдарын таңдау өлшемшарттарын қоса алғанда, қайта сақтандыру қағидаларын және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруының ішкі қағидаларын Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының директорлар кеңесі бекітеді, уәкілетті органмен келісуге жатады және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының интернет-ресурсында орналастырылады.

Қайта сақтандыру қағидалары сондай-ақ Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен тапсырма шартын жасасқан сақтандыру ұйымының және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен аутсорсинг шартын жасасқан тұлғаның интернет-ресурсында орналастырылады.

  1. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және олардың басшы қызметкерлеріне қолданылатын осы Заңның 29, бабының, 34-бабының 1 және 12-тармақтарының, 160-бабының 1, 9 және
    10-тармақтарының, 161-бабының, 163-бабының 1, 3, 6 және 7-тармақтарының, 167-бабының, 168-бабының 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 12-тармақтарының, 169, 170, 171, 172, 173, 174, 175, 192, 193, 209, 210-баптарының (3, 4, 5, 6, 14 және 17-тармақтарды қоспағанда), 211-бабының (1-тармақты қоспағанда),
    212-бабының (1-тармақты қоспағанда), 213, 215, 216, 217, 218, 220, 221 және 222-баптарының ережелері Тұрғынжайды және оның басшы қызметкерлерін міндетті сақтандыру қорына қолданылады.

 

152-бап. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының функциялары:

1) тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинау;

2) сақтандыру ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыру сыйлықақысын жинау;

3) осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайлары туындаған кезде тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттары бойынша пайда алушыларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру;

4) сақтандыру жағдайлары туындаған кезде осы Заңда көзделген тәртіппен жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру шарттары бойынша пайда алушыларға қайта сақтандыру өтемін төлеуді жүзеге асыру;

5) тұрғынжайды міндетті сақтандыру қағидаларын, қайта сақтандыру қағидаларын және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруының ішкі қағидаларын әзірлеу;

6) жинақтау резервін қоса алғанда, сақтандыру міндеттемелері мен сақтандыру резервтерін қалыптастыру;

7) жинақтау резервін қоса алғанда, сақтандыру міндеттемелері мен сақтандыру резервтерін басқару;

8) тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттары және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры қайта сақтанушылармен жасаған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде залалды өтеуге байланысты сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беру;

9) сақтанушылар мен қайта сақтанушыларға тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен сақтандыру мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеуді және консультация беруді жүзеге асыру;

10) тұрғынжайды сақтандыру бойынша, оның ішінде сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау тетіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

11) тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен сақтандырудың мақсаттары, тетіктері мен артықшылықтары туралы халық арасындағы, оның ішінде масс-медиа мен әлеуметтік желілер арқылы жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және табиғи сипаттағы орман өрті тәуекелдерін басқару және қаржыландыруға байланысты ғылыми және талдамалық зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;

12) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылды үйлестіру мақсатында мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; 

13) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтерін дербес инвестициялаған жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтерін инвестициялау;

14) халықты хабардар ету және сақтандырудың көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру арқылы тұрғынжайды міндетті сақтандыру жүйесімен тұрғынжай меншік иелерінің барынша көп бөлігінің қамтылуын арттыру;

15) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, тұрғынжайды міндетті сақтандырудың барлық шарттары және сақтандыру талаптары бойынша нақты уақыт режимінде ақпарат беретін орталықтандырылған ақпараттық жүйесін құру және оны басқару. Тұрғынжайды міндетті сақтандырудың жасалған шарттары, сақтандыру жағдайлары және олар бойынша сақтандыру төлемдері туралы мәліметтер ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы дерекқордың ақпараты негізінде тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады;

16) мүлікті ерікті сақтандыруды дамытуға жәрдемдесу;

17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының жарғысында белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды орындау болып табылады.

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры:

1) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына осы Заңда көзделген қызметтерді көрсету үшін аутсорсинг шарты негізінде тұлғаларды тартуға;

2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісі мен тұрғынжайға келтірілген залалды растайтын құжаттарды сұратуға және алуға;

3) төтенше жағдай нәтижесінде тұрғынжайсыз қалған Қазақстан Республикасының азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға;

4) уәкілетті органнан сақтандыру сыйлықақыларын жинауды және тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттарын жасасуды көздейтін тапсырма шарттарын жасасу жоспарланатын сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдары туралы мәліметтерді сұратуға және сұратылған мәліметтерді алуға;

5) сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалымен сақтандыру сыйлықақыларын жинауды және тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттарын жасасуды көздейтін тапсырма шартын жасасуға;

6) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан осы Заңның 192-бабында көзделген шарттарда өз қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры:

1) сақтандыру жағдайының туындау фактісі расталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Заңның 135-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қайта сақтандыру өтемін төлеуге;

2) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың нысаналы мақсатына қарай пайдалануға;

3) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының қызметі туралы мәліметтерді және есептілікті уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен, көлемде және мерзімдерде уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынуға;

4) жылдық қаржылық есептілікті Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының  интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялауға;

5) сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымдары филиалдарының осы Заңда белгіленген мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақысын аударуын бақылауды жүзеге асыруға;

6) жыл сайын қаржылық есептілік аудитін жүргізуге;

7) уәкілетті органға сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымдары филиалдарының өзіне белгілі болған Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы хабарлауға;

8) сақтандыру құпиясының және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие болады және өзге де міндеттерді атқарады.

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры директорлар кеңесінің шешімі бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының жекелеген функцияларын іске асыру үшін кемінде бес жыл мерзімге жасалатын аутсорсинг шарты негізінде осы баптың 5-тармағында көрсетілген тұлғалар тартылуы мүмкін.

Аутсорсинг шарты негізінде тартылатын тұлғаны таңдау өлшемшарттары, сондай-ақ Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен жасалатын аутсорсинг шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 10) және 13) тармақшаларында көзделген Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының функцияларын аутсорсинг шарты негізінде беруге жол берілмейді.

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры аутсорсинг шарты негізінде тартылатын тұлғаның өзіне берілген функцияларды тиісінше орындауын бақылауды жүзеге асырады және осындай функциялардың орындалуы үшін жауаптылық алады.

  1. Мынадай тұлғалардың бірі:

осы Заңның 30-бабы 4-тармағы үшінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы;

сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы  аутсорсинг шарты негізінде тартылатын тұлға ретінде әрекет етуге құқылы.

  1. Аутсорсинг шарты негізінде тартылатын тұлға Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының осы баптың 2 және 3-тармақтарында, сондай-ақ осы Заңның 52-бабының 1-тармағында және 53-бабының 1-тармағында көзделген құқықтары мен міндеттерін өзіне аутсорсинг шарты негізінде берілген функциялардың шегінде ғана жүзеге асырады.

Аутсорсинг шарты негізінде тартылатын тұлғаға Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры үшін осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген функцияларды орындауға қойылатын талаптар қолданылады.

Уәкілетті органның Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына қатысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өкілеттіктері аутсорсинг шарты негізінде тартылатын тұлғаға қатысты оған берілген функциялар шегінде қолданылады.

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді беру тәртібін регламенттейтін талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан өзге де заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан өз функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз етуге қажетті ақпаратты алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының және (немесе) ол уәкілеттік берген адамның сұрау салуын алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей оған (оларға) Қазақстан Республикасы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді беру тәртібін регламенттейтін талаптарын сақтай отырып, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының осы Заңда айқындалған функцияларды жүзеге асыруына байланысты ақпаратты беруге міндетті.

Алынған мәліметтер одан әрі жария етілмеуге тиіс.

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының қызметкерлері өздерінің функцияларын атқару кезінде алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылықта болады.

Бұл талап олардың Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры органдарының құрамындағы өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда да сақталады.

Осы тармақтың талаптары аутсорсинг шарты негізінде тартылатын тұлғаның қызметкерлеріне қолданылады.

  1. «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын Бірыңғай байланыс орталығы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес халықты тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу мәселелері бойынша хабардар ету мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорымен өзара іс-қимыл жасайды.

 

153-бап.  Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтері және оларды инвестициялау тәртібі

 

  1. Тізбесін уәкілетті орган айқындайтын ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтері болып табылады.

Инвестициялық комитетті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібін қоса алғанда, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтерін бөлу және инвестициялау тәртібі, сондай-ақ Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтері есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Жинақтау резервін қоса алғанда, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының сақтандыру резервтерін қалыптастыруға арналған активтері:

1) кепіл нысанасы бола алмайды;

2) кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алынбайды;

3) мүлікке тыйым салу немесе өзге де ауыртпалық салу нысанасы болмайды;

4) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры мен үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкіммен өндіріп алынбайды;

5) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сенімгерлік басқаруға берілмейді;

6) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болмайды.

Осы тармақта белгіленген шектеулер Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры сақтандыру резервтерін қалыптастыруға арналған активтермен жасайтын репо операцияларына қолданылмайды.

  1. Жинақтау резервінің қаражатын есепке алуды және сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.
  2. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтерін тізбесін уәкілетті орган белгілеген қаржы құралдарына инвестициялауды ол дербес түрде не уәкілетті органның лицензиясына ие инвестициялық портфельді басқарушыны не Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін тарта отырып жүзеге асырады.

Инвестициялық портфельді басқарушыны таңдауды, сондай-ақ инвестициялық стратегияны және инвестициялық декларацияны бекітуді Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының директорлар кеңесі жүзеге асырады.

  1. Инвестициялық портфельді басқарушы Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтерін жинақтау және орналастыру, инвестициялық кіріс алу бойынша барлық операцияларды есепке алуды жүргізеді және инвестициялық портфельді басқару туралы жасалған шартқа сәйкес тоқсан сайын Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына шоттардың жай-күйі және инвестициялық қызметтің нәтижелері туралы есеп береді.
  2. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры активтерді дербес инвестициялаған кезде:

1) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының құрылымында инвестициялық комитет құрылуға тиіс;

2) Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, құрамында кемінде үш адам болуға тиіс тек қана инвестициялық комитет жүзеге асыруы керек.

Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының өзге де органдары және (немесе) басшы қызметкерлері осы Заңмен Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының инвестициялық комитетінің құзыретіне жатқызылған шешімдерді қабылдауға құқылы емес.

 

154-бап.  Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау шарттары мен тәртібі, сондай-ақ қайта сақтандыру өтемін төлеу тәртібі

 

  1. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры мүлікті залалдан сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасасатын қайта сақтандыру шартының негізінде көрсетілген сақтандыру сыныбы бойынша (осы Заңның 30-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8 тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарын қоспағанда) жылжымайтын мүліктің жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан жойылуы (қирауы) немесе зақымдануы нәтижесінде келтірілген залалды өтеуге байланысты сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдайды.
  2. Осы Заңның 30-бабының 4-тармағы үшінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8 тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, сақтандыру ұйымымен жасалатын мүлікті залалдан сақтандыру сыныбы бойынша жылжымайтын мүлікті залалдан сақтандырудың әрбір шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру шарты) қамтуға тиіс:

1) жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан жылжымайтын мүліктің жойылуы (қирауы) немесе зақымдануы нәтижесінде келтірілген залалды өтеуге байланысты сақтандыру тәуекелдері;

2) жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру шартында көрсетілген жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) орман өрті салдарынан жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) орман өрті салдарынан жойылуға (қирауға) немесе зақымдануға байланысты сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына пайда алушының қайта сақтандыру өтемін алуы үшін жүгіну міндеті;

3) бір сақтандыру жағдайы бойынша қайта сақтандыру өтемін Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының:

тұрғынжай жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан жойылған (қираған) жағдайда – қайта сақтандыру сыйлықақысы сомасының 500 еселенген;

тұрғынжай жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан зақымданған жағдайда – қайта сақтандыру сыйлықақысы сомасының 250 еселенген мөлшерде төлейтінін көрсету.

Жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру шарттарына қойылатын ең төменгі талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

  1. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандырудың әрбір жасалған шарты бойынша Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына осы шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының екі пайызы мөлшерінде, бірақ 2 500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде қайта сақтандыру сыйлықақысын төлейді.
  2. Жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру шартында көрсетілген жылжымайтын мүліктің жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан жойылуына (қирауына) немесе зақымдануына байланысты сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген мөлшерде қайта сақтандыру өтемін төлейді.

Сақтандыру жағдайының орын алуына алып келген оқиға туындаған кезде Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры пайда алушылардың қайта сақтандыру өтемін алу процесін ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

  1. Қайта сақтандыру өтемі пайда алушыға жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру шарты бойынша жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына, оның ішінде Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының орталықтандырылған ақпараттық жүйесі және осы Заңның 135-бабының
    3-тармағында көзделген сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжатты ұсыну арқылы жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төленеді.
  2. Қайта сақтандыру өтемін төлеу тәртібі қайта сақтандыру шартында айқындалады.

 

6-БӨЛІМ.  САҚТАНДЫРУ ДЕЛДАЛДАРЫ МЕН САҚТАНДЫРУ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

 

22-тарау.  САҚТАНДЫРУБРОКЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

 

155-бап.  Сақтандыру брокерінің қызметі және оған қойылатын талаптар

 

  1. Сақтандыру брокерінің брокерлік қызметі сақтандыру брокері қызметінің негізгі түрі болып табылады және уәкілетті органның сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.
  2. Сақтандыру брокері брокерлік қызметінің түрлері мыналар:

1) өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызмет және осындай сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайын реттеу;

2) өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызмет және осындай қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайын реттеу болып табылады.

  1. Сақтандыру брокерінің делдалдығымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру жағдайын реттеуді сақтандыру брокері сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) жолданымы негізінде сақтандыру жағдайын реттеу аяқталғанға дейін, оның ішінде осындай шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін жүзеге асырады.

Сақтандыру брокері өзінің делдалдығымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына қатысты жасайтын, осы баптың 4-тармағының 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген әрекеттер осы баптың
2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген брокерлік қызмет шеңберінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру брокерінің осы баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде көзделген сыйақысына сақтандыру жағдайын реттегені үшін сыйақыны кіреді. Сақтандыру брокерінің сақтанушыдан, қайта сақтанушыдан (цеденттен) осындай шарт бойынша сақтандыру жағдайын реттегені үшін қосымша сыйақы алуына жол берілмейді.

  1. Сақтандыру брокері осы баптың 2-тармағында көрсетілген брокерлік қызметтен бөлек мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультациялық қызмет;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу үшін жеке және заңды тұлғаларды іздеу және тарту;

3) аутсорсинг шарты негізінде Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына қызметтер көрсету;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің қызметтері мен қаржылық жай-күйіне салыстырмалы талдау жүргізу;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі ұсынатын қызметтерге салыстырмалы талдау жүргізу мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинау;

6) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемшарттарын әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау бойынша сараптамалық қызметтер көрсету;

7) сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеу, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинау;

8) сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын ресімдеу;

9) сақтанушымен, қайта сақтандырушымен (цедентпен) тиісті келісім болған кезде оларды кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне аудару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан, қайта сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинау;

10) клиенттердің қайта сақтандыру туралы тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру (ортақ қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыру;

11) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталған кезде наразылықтарды қарау кезінде құжаттардың, сондай-ақ жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына байланысты басқа да құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз ету;

12) сақтандыру жағдайы басталған кезде консультациялар жүргізу және сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына жәрдемдесу;

13) берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу;

14) сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан және Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінен оларды кейіннен сақтанушыға, қайта сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін сақтандыру төлемдерін жинау;

15) мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде шығындарды қарау және реттеу жөніндегі құжаттарды дайындау;

16) сарапшылардың залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерін ұйымдастыру;

17) Осы Заңның 40-бабының 6-тармағында көрсетілген қызмет;

18) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін оның қатысушыларымен жасалған келісім негізінде басқару;

19) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсаты болған кезде қаржы платформасы операторының қызметі;

20) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын, сақтандыру өнімдері мен сақтандыру тәуекелдерін бағалау әдістемелерін әзірлеу, сондай-ақ оларға сақтандыру тәуекелдерін анықтау және бағалау бойынша сараптамалық қызметтер көрсету.  

  1. Сақтандыру брокеріне:

1) сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару жөніндегі қызметтер көрсетуді қоспағанда, сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуға; 

3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын екі және одан да көп сақтандыру брокерлерінің қатысуымен тәуекелдерді қайта сақтандыруға беруге;

4) қызметкерлер мен үлестес тұлғаларға бастапқы есепке алу құжаттарынсыз ақша беруге;

5) сақтандыру брокерінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға қаржылық көмекті қоспағанда, өтеусіз негізде қаржылық көмек көрсетуге;

6) сақтанушыдан, қайта сақтанушыдан (цеденттен) немесе сақтандырушыдан (қайта сақтандырушыдан) алынған сақтандыру сыйлықақыларының немесе сақтандыру төлемдерінің сомасын орналастыру жөніндегі инвестициялық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

  1. Сақтандыру брокері өз қаражатын Қазақстан Республикасының банктеріндегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарындағы депозиттерге орналастыруға құқылы.
  2. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарапы болмайды.
  3. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы оның сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларында айқындалуға тиіс.
  4. Сақтандыру брокеріне оның сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) мүддесі үшін осы баптың 2-тармағында көрсетілген брокерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін сыйақыны осы баптың 10 және
    11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек сақтанушы, қайта сақтанушы (цедент) төлеуге тиіс.

Сақтандыру брокеріне оның осы баптың 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырғаны үшін сыйақыны олардың мүддесі үшін  осындай қызмет жүзеге асырылатын тұлғалар, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары төлейді.

Мөлшері немесе негізі сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы нақты сақтанушымен, қайта сақтанушымен (цедентпен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға тәуелді етіп қойылса, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген сыйақыны төлеуге жол берілмейді.

  1. Сақтандыру брокерінің оның осы баптың 4-тармағының
    18) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақысы бірлескен қызмет туралы шартта айқындалады және оны сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар төлеуге тиіс.
  2. Егер сақтандыру брокері және оның сақтандыру брокері (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері) болып табылатын үлестес тұлғасы бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырған болса, онда сақтандыру брокері және оның үлестес тұлғасы – сақтандыру брокері (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері) көрсетілген сақтандыру тәуекелі бойынша сыйақыға байланысты өзара есеп айырысу жүргізеді.
  3. Сақтандыру жағдайын реттеу кезінде сақтандыру брокері мыналарға:

1) өзінің банктік шотына сақтандыру төлемін алуға;

2) сыйақы мен шығыстарды қоса алғанда, сақтандыру төлемінен сақтандыру брокеріне тиесілі кез келген соманы ұстап қалуға құқылы.

  1. Сақтандыру брокері өзінің делдалдығымен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалғанға дейін сақтанушыға, қайта сақтанушыға (цедентке) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен сақтандыру брокерінің сыйақы алуын көздейтін шарттық қатынастардың болуы туралы, сондай-ақ өзі алатын сыйақының көзі мен құрылымы туралы ақпаратты ашуға міндетті.
  2. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  3. Осы баптың сақтандыру брокеріне қолданылатын 4-тармағының
    19) тармақшасын қоспағанда, осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

 

156-бап.  Сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерін ашу және жабу

 

  1. Сақтандыру брокері уәкілетті органның келісімінсіз қатысушылардың жалпы жиналысының не сақтандыру брокері акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде өз филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін ашуға құқылы.
  2. Сақтандыру брокері қадағалау ақпаратымен алмасу туралы, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, тиісті шет мемлекеттің уәкілетті органы мен қаржылық қадағалау органы арасында қадағалау ақпаратымен алмасу туралы хаттар және (немесе) хат-хабарлар түріндегі келісім болған кезде ғана Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде филиалдар ашуға құқылы.
  3. Сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы Қазақстан Республикасының аумағында қосымша үй-жайлар ұстауға құқылы.
  4. Филиал, өкілдік, қосымша үй-жай ашылған не жабылған не олардың орналасқан жері өзгерген жағдайда сақтандыру брокері оларды ашу немесе жабу не олардың орналасқан жерін өзгерту туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде сақтандыру брокері бұл туралы уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қосымша үй-жайлар ашылған немесе жабылған не олардың орналасқан жері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері оларды ашу немесе жабу не олардың орналасқан жерін өзгерту туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

  1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде филиалдар және (немесе) өкілдіктер ашылған жағдайда, сақтандыру брокері олар шет мемлекетте тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осындай тіркеуді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
  2. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері уәкілетті органның келісімін алмай, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің сақтандыру брокерінің қызметін және (немесе) өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын өкілдігін ашуға құқылы.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері уәкілетті органды Қазақстан Республикасының аумағында өзінің өкілдігінің ашылғаны немесе жабылғаны не оның орналасқан жерінің өзгергені туралы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері тиісті шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

 

 

23-тарау. САҚТАНДЫРУ АГЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

 

157-бап. Сақтандыру агентінің қызметі және оған қойылатын талаптар

 

  1. Сақтандыру агенті сақтандыру нарығында делдалдық қызметті сақтандыру ұйымымен жасалған тапсырма шартында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер негізінде жүзеге асырады.

Сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыру шарттары, оның ішінде сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктері, сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы мен сақтандыру агенті арасында жасалатын тапсырма шартына, сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасына және оқыту өткізу тәртібіне, сондай-ақ сақтандыру агенттерінің тізілімін (сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін) жүргізуге, сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізіліміне ақпарат беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Сақтандыру агентінде өкілеттіктер болмайтын жағдайда оның сақтандыру агенті ретінде қызмет етуіне жол берілмейді.

  1. Сақтандыру агенті сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген әрекеттерді дербес түрде жасайды және оларды өзге тұлғаға қайта сеніп тапсыруға құқылы болмайды.
  2. Сақтандыру ұйымы оның атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті жасаған сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындауға міндетті.

Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің мынадай әрекеттерді жасауы үшін жауаптылық алады: 

1) сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ сақтандыру агентінің белгіленген өкілеттіктер шегінен тыс әрекеттер жасау;

2) сақтандыру ұйымында сақтандыру лицензиясы болмайтын сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру шарттарын жасасу;

3) сақтанушыны сақтандыру шартын жасасу талаптарына қатысты қасақана жаңылыстыру;

4) Қазақстан Республикасының сақтандыру шартын және олардың негізінде сақтандыру шарты жасалатын құжаттарды ресімдеу жөніндегі заңнамасында көзделген талаптарды сақтамау;

5) Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасының талаптарын өзге де бұзушылықтар.

Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында көзделген делдалдық қызметті жүзеге асыруға байланысты емес әрекеттері үшін жауапты болмайды.

  1. Сақтандыру агенті алған сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары) сақтандыру ұйымының кассасына енгізілуге немесе сақтандыру ұйымының банктік шотына толық көлемде аударылуға тиіс.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру агентіне комиссиялық сыйақы төлеуі сақтандыру ұйымы тиісті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) толық көлемде алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

  1. Сақтандыру агентіне сақтанушылардан алған сақтандыру сыйлықақыларынан (сақтандыру жарналарынан) өзіне тапсырма шарты бойынша тиесілі сыйақыны ұстап қалуға тыйым салынады.
  2. Бір сақтандыру шарты бойынша екі немесе одан көп сақтандыру агентінің сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.

Сақтандыру агенттерінің мынадай:

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу шеңберінде жасалатын сақтандыру шарттары;

заңды тұлғалар сақтанушылар болып табылатын сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметін жүзеге асыруға жол берілмейді.

  1. Сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының құрамына сақтандыру ұйымының сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған сақтандыру агентіне қатысты шығыстарының барлық түрі, оның ішінде жалдау ақысын төлеу жөніндегі шығыстар, сыйақылардың кез келген түрлері, сондай-ақ кез келген мүлікті немесе материалдық пайданы беру кіреді.
  2. Сақтандырушы сақтандыру агентіне сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызметтер көрсеткені үшін төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшері мынадай:

1) банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылатын;

2) сақтандыру шартын жасасу банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және (немесе) микроқаржылық қызметті  жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз және (немесе) микрокредит беруге байланысты қаржы өнімінің талаптарынан туындайтын;

3) сақтандыру шарты банктік қарыз және (немесе) микрокредит алған кезде жасалатын жағдайлардың бірінде осы сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс есептелген сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің он пайызынан аспауға тиіс.

  1. Сақтандыру шартында комиссиялық сыйақының мөлшерін теңгемен және сақтандыру сыйлықақысынан түсетін пайызбен көрсете отырып, сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызметтер көрсеткені үшін сақтандыру агентіне төленуге тиіс комиссиялық сыйақының мөлшері туралы ақпарат болуға тиіс.
  2. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру агенті:

1) бір не бірнеше сақтандыру ұйымының атынан және олардың тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;

2) сақтандыру ұйымынан сақтандыру лицензиясының және қаржылық есептілік деректерінің болуы туралы анық ақпарат алуға;

3) сақтандыру бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыруға;

4) өзінің делдалдық қызметін жүзеге асырғаны үшін сақтандыру ұйымынан қолма-қол ақшасыз төлеммен сыйақы алуға құқылы.

  1. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру агенті:

1) сақтанушыға тапсырма шартын, оның жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ сақтандыру агенттерінің тізілімінде оның деректерінің бар екендігін растайтын құжатты көрсетуге;

2) сақтандыру ұйымы лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы туралы ақпарат беруге;

3) жасасатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қағидаларымен сақтанушыны таныстыруға және сақтанушының талабы бойынша қағидалардың көшірмесін беруге;

4) ақпарат және, бар болса жасасатын сақтандыру шарты бойынша барлық қажетті құжаттарды беруге;

5) сақтандыру шартын жасасу кезінде құжаттарды дұрыс және уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етуге;

6) делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Осы баптың сақтандыру ұйымдарына қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

 

158-бап.  Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдарға, сондай-ақ оларды есепке алу және оқыту тәртібіне қойылатын талаптар

 

  1. Сақтандыру агенті ретіндегі делдалдық қызметті жеке тұлға мынадай шарттарға сәйкес келген кезде жүзеге асыруға құқылы:

1) кәмелеттік жасқа толған;

2) әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

3) орта білімінің болуы;

4) осы баптың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес оқытудан өтуі;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру брокерімен, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент  сақтандыру брокерінің филиалымен еңбек қатынастарының болмауы.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген талап, егер олармен жеке тұлға еңбек қатынастарында болатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілген және осы жеке тұлғаның лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі мәселелер енгізілген жағдайда қолданылмайды.

6) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы;

7) көрсетілген тұлғаның тапсырма шартын жасау үшін сақтандыру ұйымына өтініш беруінің алдындағы бес жыл ішінде және тұлғаның сақтандыру агенттерінің тізілімінде болуы процесінде жеке тұлғаның:

банкке реттеу режимін қолдану қолданудан;

қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға тоқтатуға алып келген лицензиядан айырудан;

қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот актісінің заңды күшіне енуінен;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот актісінің заңды күшіне енуінен бір жыл бұрынғы кезеңде қаржы ұйымының,

Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері  филиалының басшы қызметкері болмағаны туралы мәліметтердің болуы;

8) көрсетілген жеке тұлғаның тапсырма шартын жасау үшін сақтандыру ұйымына өтініш беруінің алдындағы екі жыл ішінде жеке тұлғаның сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан қызметкердің атқарып отырған лауазымына немесе орындайтын жұмысына сай келмеуі себебінен  сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бастамасы бойынша онымен еңбек шарты бұзылған қызметкері болмағаны туралы мәліметтердің болуы;

9) көрсетілген жеке тұлғаның террористік және экстремистік қызметке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізімінде және (немесе) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болмауы.

  1. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы сақтандыру агенттерінің тізілімін жүргізуге міндетті.

Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы сақтандыру агенттерін тізілімге енгізген кезде лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін жеке тұлғаның, сондай-ақ заңды тұлға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалы қызметкерлерінің  осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруге міндетті.

Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы жылына кемінде бір рет сақтандыру агенттерінің осы баптың 1-тармағының 2), 5), 6) және 9) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруге міндетті.

Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген адамды сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізу үшін мыналар: 

жеке тұлға үшін – осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келуі және сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттың болуы;

заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы үшін –штатта лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі мәселелер кіретін, осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін және сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттары бар кемінде екі қызметкердің болуы негіз болады.

  1. Сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі, сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым, сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы немесе қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті жүзеге асырады.

Сақтандыру агенті өзін сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізгеннен кейін үш жылда бір рет сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі, сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым, сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы немесе қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті ұйымдастырған кәсіби қайта даярлаудан өтеді.

  1. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы уәкілетті органның сұрау салуында көзделген тәртіп пен мерзімдерде уәкілетті органға сақтандыру агенттерінің тізілімін ұсынуға міндетті.
  2. Сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығаруға:

1) уәкілетті орган сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалына Қазақстан Республикасы заңнамасының сақтандыру агенті жасаған бұзушылықтары бойынша қолданған қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын қоспағанда, қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы;

2) сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін сақтандыру шарттарын жасасуын анықтауы;

3) сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының тапсырма шартының талаптарынан туындайтын міндеттерді сақтандыру агентінің орындамауын анықтауы;

4) уәкілетті органның, сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының:

жеке тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің;

заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы болып табылатын, лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін сақтандыру агенті қызметкерлерінің  осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуін анықтауы;

5) тараптардың келісуі бойынша тапсырыс шартын тоқтату;

6) сақтандыру агентінің соңғы екі жыл ішінде сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырмауы негіз болып табылады.

Сақтандыру агенті осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және
4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда:

жеке тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің алып тасталған кезінен бастап екі жыл бойы;

заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы болып табылатын сақтандыру агенті қызметкерінің алып тасталған кезінен бастап екі жыл бойы;

заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы болып табылатын сақтандыру агентінің алып тасталған кезінен бастап бір жыл бойы қызметін жүзеге асыруына тыйым салынады.

Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырма шарты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырма шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылуға тиіс.

  1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандыру ұйымдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарынан алынған ақпарат негізінде сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі функцияларды сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйым жүзеге асырады.

 

 

24-тарау. САҚТАНДЫРУ КОНСУЛЬТАНТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

 

159-бап.  Сақтандыру консультантының қызметі және оған қойылатын талаптар

 

  1. Жеке немесе заңды тұлғаның сақтанушының (сақтандырылушының), пайда алушының атынан және (немесе) тапсырма шарты негізінде сақтанушыға (сақтандырылушыға), пайда алушыға сақтандыру жағдайын реттеуді сүйемелдеуге және (немесе) сақтандыру төлемін алуға байланысты қызметтер көрсетуі жөніндегі қызмет сақтандыру консультантының қызметі болып табылады.

Сақтандыру консультантының қызметі сақтандыру брокерінің брокерлік қызметі болмайды.

Сақтандыру консультанты бір уақытта бір сақтандыру жағдайы бойынша қарама-қарсы мүдделері бар адамдардың мүдделерін білдіруге құқылы емес.

  1. Сақтанушыға (сақтандырылушыға), пайда алушыға осы баптың
    1-тармағында көрсетілген қызметтерді осы баптың 7-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, тек тапсырма шарты негізінде сақтандыру консультанттарының тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар көрсетуге құқылы.

Сақтандыру консультанттарының тізілімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестігі жүргізеді, ал сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) консультанттарының тізілімін жүргізу жөніндегі функцияларды сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйым жүзеге асырады.

Адам сақтандыру консультанттарының тізіліміне енгізу үшін ұсынатын құжаттар тізбесіне, сондай-ақ адамды сақтандыру консультанттарының тізіліміне енгізу тәртібіне және оны жүргізуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

  1. Сақтандыру консультанттарының тізіліміне енгізу үшін жеке тұлға мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

1) кәмелеттік жасқа толу;

2) адамды әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

3) жоғары білімінің болуы;

4) сақтандыру агенті мәртебесінің және сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалымен, сақтандыру брокерімен, сақтандыру агенті-заңды тұлғамен еңбек және (немесе) азаматтық-құқықтық қатынастардың болмауы;

5) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы;

6) көрсетілген жеке тұлғаның террористік және экстремистік қызметке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізімінде және (немесе) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болмауы.

  1. Сақтандыру консультанты қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген адамды сақтандыру консультанттарының тізіліміне енгізу үшін мыналар:

жеке тұлға үшін – осы баптың 3-тармағының талаптарына сәйкес келуі;

заңды тұлға үшін – штатта лауазымдық міндеттеріне сақтандыру жағдайын реттеуді сүйемелдеу және (немесе) сақтанушының (сақтандырылушының), пайда алушының атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сақтандыру төлемін алу кіретін, осы баптың 3-тармағының талаптарына сәйкес келетін кемінде екі қызметкердің болуы негіз болады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі не сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым құжаттар мен мәліметтер ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жеке немесе заңды тұлғаны сақтандыру консультанттарының тізіліміне енгізу туралы немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
  2. Жеке немесе заңды тұлғаны сақтандыру консультанттарының тізіліміне енгізуден бас тарту үшін көрсетілген тұлғаның осы баптың 3 және
    4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық болмауы негіз болады.
  3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талап мыналарға:

1) өзінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) мүдделерін сенімхат негізінде білдіретін жеке тұлғаға;

2) лауазымдық міндеттеріне сақтандыру жағдайын реттеуді және (немесе) сақтанушының (сақтандырылушының), пайда алушының атынан және (немесе) оның тапсырмасы бойынша сақтандыру төлемін алуды сүйемелдеу кіретін сақтандыру консультанты - заңды тұлғаның қызметкерлеріне;

3) «Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын адвокаттар мен заң консультанттарына;

4) сақтандыру брокеріне;

5) сақтанушының (сақтандырылушының), пайда алушының қызметкерлеріне қолданылмайды.

  1. Сақтандыру консультанты мыналарға:

1) сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент  сақтандыру ұйымы филиалының мүдделерін білдіруге не олардың мүдделері үшін әрекет етуге;

2) сақтандыру консультанты соларға қатысты сақтанушының (сақтандырылушының), пайда алушының мүдделерін білдіретін сақтандыру ұйымының, оның акционерлерінің және (немесе) басшы қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының, оның басшы қызметкерлерінің үлестес тұлғасы болуға;

3) сақтанушыға (сақтандырылушыға), пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемін алуға;

4) сақтандыру ұйымынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент  сақтандыру ұйымының филиалынан сыйақы алуға;

5) сақтанушыдан (сақтандырылушыдан), пайда алушыдан сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қою құқығын иеленуге құқылы емес.

Осы тармақшаның бірінші бөлігін бұзу арқылы жасалған мәміле маңызсыз болады.

  1. Сақтандыру консультантының осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсеткені үшін сыйақы мөлшері тапсырма шартында көрсетіледі.

Тапсырма шартында сақтанушының (сақтандырылушының), пайда алушының сақтандыру консультантына сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді ашуға келісімі болуға тиіс.

  1. Сақтандыру консультанты осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда сақтандыру консультанты сақтандыру консультантының осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне алып келген оқиға басталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға аталған сақтандыру консультантын сақтандыру консультанттарының тізілімінен шығару туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
  2. Сақтандыру консультанттарының тізілімінен шығаруға:

1) сақтандыру консультантының осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

2) сақтандыру консультанты ұсынған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық болмауы;

3) сақтандыру консультантының осы Заңда және (немесе) тапсырма шартында көзделген ережелерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет бұзуы негіз болады.

  1. Сақтандыру консультанты осы баптың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша сақтандыру консультанттары тізілімінен шығарылған жағдайда, осы баптың 10-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, сақтандыру консультанты сақтандыру консультанттары тізілімінен шығарылған күннен бастап екі жыл ішінде қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
  2. Сақтандыру консультантын сақтандыру консультанттарының тізілімінен шығару тапсырма шартын тоқтатуға негіз болады.
  3. Сақтандыру консультанты осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсеткен кезде алған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
  4. Сақтандыру консультанты осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсету шеңберінде сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалына жүгінген кезде сақтандыру консультантының сақтандыру консультанттарының тізіліміне енгізілгенін растайтын мәліметтерді беруге міндетті.
  5. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы жеке тұлғаның, тапсырма шарты, сенімхат және (немесе) өзге де азаматтық-құқықтық шарт негізінде әрекет ететін заңды тұлғаның сақтандыру консультанттарының тізіліміне енгізілуін тексереді.

Көрсетілген тұлға осы баптың 7-тармағына сәйкес сақтандыру консультанттарының тізіліміне енгізілуге жатпайтын жағдайларды қоспағанда, сақтандыру консультанттарының тізілімінде жеке тұлға, заңды тұлға болмайтын жағдайда сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы жеке немесе заңды тұлғаның жолданымын қараусыз қалдырады және осындай факт анықталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілген тұлғаны, сондай-ақ сақтанушыны (сақтандырылушыны), пайда алушыны оның атынан және сақтанушының (сақтандырылушының), пайда алушының тапсырмасы бойынша жүгінген тұлғаның сақтандыру консультанттарының тізілімінде болмауына байланысты жолданымды қараусыз қалдыру туралы хабардар етеді.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда өтініш берушінің жолданымын қараусыз қалдыру сақтанушыны (сақтандырылушыны), пайда алушыны сақтандыру ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент  сақтандыру ұйымының филиалына жүгіну құқығынан айырмайды.

 

7-БӨЛІМ.  САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

 

25-тарау. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

160-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, орталық актуарийдің басшы қызметкерлері

 

  1. Мыналар:

1) басқару органының басшысы және мүшелері;

2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері;

3) бас бухгалтер және бас бухгалтердің орынбасары;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары мен олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және олардың негізінде сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызмет жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары;

5) уәкілетті органның дәлелді пайымдауын пайдалана отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері деп танылған өзге де тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінде оның уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағаны туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.

  1. Мыналар:

1) басқару органының басшысы мен мүшелері (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру брокері үшін);

2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері немесе жеке-дара атқарушы орган;

3) бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері деп танылады.

  1. Мыналар:

1) филиал басшысы және оның орынбасарлары;

2) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және олардың негізінде сақтандыру қызметі жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие филиалдың өзге де басшылары;

3) бас бухгалтер және бас бухгалтердің орынбасары;

4) уәкілетті органның дәлелді пайымдауын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері деп танылған өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері деп танылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденттері болуға тиіс.

Осы Заңның 14-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.

  1. Мыналар:

1) филиал басшысы және оның орынбасарлары;

2) бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері деп танылады.

  1. Мыналар:

1) басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері;

2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері;

3) бас бухгалтер және бас бухгалтердің орынбасары;

4) еншілес ұйымдардың немесе онда сақтандыру холдингі капиталға  қомақты түрде қатысатын ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылар;

5) уәкілетті органның дәлелді пайымдауын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері деп танылған өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.

  1. Мыналар:

1) басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері;

2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері;

3) бас бухгалтер;

4) уәкілетті органның дәлелді пайымдауын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері деп танылған өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.

  1. Мыналар:

1) басқару органының басшысы және мүшелері;

2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері;

3) бас бухгалтер Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлері деп танылады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінде оның уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағаны туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.

  1. Мыналар:

1) басқару органының басшысы және мүшелері;

2) атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және атқарушы органның мүшелері орталық актуарийдің басшы қызметкерлері деп танылады.

Атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және орталық актуарийдің атқарушы органының мүшелері кәсіби актуарийлер болуға тиіс.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, орталық актуарийдің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар және оларды келісу тәртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленеді.
  2. Тұлғаны уәкілетті органның дәлелді пайымдауын пайдалана отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері деп таныған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы Заңның 225-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген қадағалап ден қою шарасын қолданған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті орган белгілеген мерзімде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін уәкілетті органның дәлелді пайымдауын пайдалана отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері деп танылған тұлғаның «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттарға ұсынуға міндетті.

Құжаттар уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылмаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның дәлелді пікірін пайдалана отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері деп танылған тұлғамен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы тұлғаның  өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

Осы тармақтың ережелері сақтандыру холдингтеріне және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.    

 

161-бап.  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директорлары           

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып табылатын немесе болуға ниетті тұлға «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тәуелсіз директор үшін белгіленген талаптарға, сондай-ақ аталған тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан тәуелсіздігін куәландыратын мынадай қосымша талаптарға (бұдан әрі – тәуелсіздік талаптары) сай болуға тиіс:

1) аталған тұлға лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын алуға құқықтар (базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар) нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының жалпы санының бір пайызынан астам көлемінде сыйақы алмайды және соңғы үш жыл ішінде мұндай сыйақы немесе еңбекақы алмаған.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген талап аталған тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директоры және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның тәуелсіз директоры ретінде лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін алатын сыйақысына қолданылмайды;

2) көрсетілген тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директоры ретінде тағайындалғанға дейінгі бір жыл ішінде:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен елеулі іскерлік қатынастарда болмаған;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен елеулі іскерлік қатынастары бар және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын ұйымда бір пайыздан астам мөлшерде акцияларға, қатысу үлестеріне, пайларға не үлестік қатысудың өзге де нысандарына иелік етпеген, сондай-ақ мұндай ұйымда лауазымды тұлға болмаған.

Осы тармақшада елеулі іскерлік қатынастар деп уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын сомаға мәмілелер жасасу түсініледі;

3) көрсетілген тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директоры болып тағайындалғанға дейінгі соңғы үш жыл ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына (сақтандыру холдингіне), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына (сақтандыру холдингіне) бақылауды жүзеге асырған ұйымға және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымына сыртқы аудитті жүзеге асырған аудиторлық ұйымның қызметкері болмаған;

4) көрсетілген тұлға алғаш тағайындалған күнінен бастап қатарынан  тоғыз жылдан астам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директоры болып табылмайды және болмаған;

5) көрсетілген тұлға сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделген өкілеттікке қарай сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның мүдделерін білдірмейді және соңғы үш жыл ішінде мұндай өкілдікті жүзеге асырмаған;

6) көрсетілген тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылмайды және (немесе) оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директоры лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл ішінде мұндай тұлға болмаған;

7) көрсетілген тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның тәуелсіз директоры ретінде лауазымдық міндеттерін орындауды қоспағанда, соңғы үш жыл ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылмайды және болмаған;

8) көрсетілген тұлға тікелей және (немесе) жанама түрде бір пайыздан астам мөлшерде:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын ұйымдағы акцияларға, қатысу үлестеріне, пайларға не үлестік қатысудың өзге де нысандарына иелік етпейді;

9) көрсетілген тұлғада оның өз лауазымдық міндеттерін тәуелсіз әрі объективті орындауына кедергі келтіруі және (немесе) аталған тұлғаның және (немесе) оның жақын туыстарының бұрын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының басқа мүшелерімен, және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты өзге де тұлғалармен қандай да бір лауазымдарды атқарғанына немесе қазіргі уақытта атқаратынына және (немесе) жеке, кәсіби немесе коммерциялық қатынастарының болуына байланысты басқа тұлғалар тарапынан (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғаларын немесе акционерлерін қоса алғанда) оны теріс ықпалға ұшыратуы мүмкін өзге де мүдделер қақтығысы жоқ.

Осы тармақтың мақсаттары үшін мүдделер қақтығысы деп аталған тұлғаның жеке мүдделілігі мен оның өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) оның қызметкерлерінің, және (немесе) клиенттерінің мүліктік әрі өзге де мүдделері арасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның клиенттері үшін жағымсыз салдарға алып келетін (алып келуі  мүмкін) қайшылықтың туындауы жағдайы түсініледі.

  1. Тәуелсіздікке қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз директор:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесін тәуелсіз директордың тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне алып келуі мүмкін кез келген мән-жайлардың туындағаны туралы хабардар етеді;

жыл сайын қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің кадр  және сыйақы мәселелері жөніндегі комитетіне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген нысан бойынша тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігіне қатысты декларацияны ұсынады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің кадр  және сыйақы мәселелері жөніндегі комитеті тәуелсіз директор ұсынған ақпаратты ескере отырып, тәуелсіз директордың тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігіне бағалау жүргізеді және тәуелсіз директордың тәуелсіздігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ тәуелсіз директордың тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін куәландыратын мән-жайлар анықталған кезде бұл туралы ақпараттың директорлар кеңесіне дереу ашылуын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз директор аталған тәуелсіз директор тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестікті бағалау объектісі болатын жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитетінің жұмысына қатыспайды.

Тәуелсіз директордың тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкес болмауы анықталған және мұндай сәйкессіздікті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін залалсыз (жағымсыз салдарсыз) жою мүмкін болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі аталған тәуелсіз директордың өкілеттігін тоқтату туралы мәселені сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына дереу енгізеді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тәуелсіз директорларының тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы есепті ұсынады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жыл сайын уәкілетті органға тәуелсіз директорлардың тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша және мерзімде ұсынады.

 

162-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының еңбегіне ақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне материалдық ынталандырудың басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы бас бухгалтерінің орынбасарына қолданылмайды.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қаржы жылы ішінде басшы қызметкерлерге төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті органмен келісілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.

 

163-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, ол мыналарды:

1) директорлар кеңесінің, басқарманың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бойынша өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауаптылығын;

2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдерді;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызмет түрлері бойынша жеке-жеке тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне лимиттерді;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бойынша есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;

5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын қамтуға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Сондай-ақ, көрсетілген нормативтік құқықтық акт сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорындағы, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорындағы корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры органдарының құзыретіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында корпоративтік басқару жүйесінің енгізілуі мен жұмыс істеуінің тиімділігін бақылайды және қамтамасыз етеді.

Капитал нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен қалыптастырады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметкерлерді тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тәуекелдерді басқару функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тәуекел менеджері), ішкі аудит қызметінің басшысы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ішкі аудит функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын аудитор), комплаенс-бақылау бөлімшесінің басшысы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында комплаенс-бақылау функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын комплаенс-бақылаушы) лауазымына тағайындау кезінде олардың уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкестігін дербес түрде тексереді.
  3. Сақтандыру тобының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.

Сақтандыру тобының бас ұйымы шоғырландырылған негізде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Сақтандыру тобының бас ұйымы сақтандыру тобына қатысушылардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауы үшін жауапты болады.

  1. Сақтандыру холдингі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның немесе сақтандыру холдингі елеулі түрде қатысатын ұйымдардың қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын қамтамасыз етеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін алғысы келетін тұлғаларға қолданылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруды, өздері сақтайтын және өңдейтін деректерге рұқсатсыз қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.

Ақпараттың деректерге рұқсатсыз қол жеткізуден сақталуын мен қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

  1. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес болуын бағалауды жүзеге асырады.
  2. Осы баптың 1 және 3-тармақтарында көзделген ережелер Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қолданылады.

 

164-бап. Сақтандыру нарығына қатысушылардың үлестес тұлғалары

 

  1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
    64-бабында айқындалған тұлғалар акционерлік қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары болып табылады.

 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының
2-тармағында айқындалған тұлғалар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары болып табылады.

Мынадай тұлғалар:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің дауыс беретін акцияларының және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық бағалы қағаздары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы функцияларын жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздардың эмитенттері;

өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда көрсетілген тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің үлестес тұлғаларына жатпайды.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінде және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте және (немесе) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғада сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің ірі акционері мәртебесінің немесе белгілерінің болуы, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және (немесе) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаның лауазымды тұлғаларының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің органдарына қатысуы көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің мыналардың:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің;

ұлттық басқарушы холдингтің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының;

дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің) жүз пайыз ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының үлестес тұлғалары деп тану үшін негіз болмайды.

  1. Аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары акционерлерінің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің, және (немесе) дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) жүз пайыз ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаның болуы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын бір-біріне қатысты үлестес деп тануға негіз болып табылмайды.
  2. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының мақсаттары үшін ескерілмейді.
  3. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар жеке тұлғаның үлестес тұлғалары болып табылады.
  4. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай деп танылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының үлестес тұлғалары деп танылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өзінің үлестес тұлғаларының есебін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынатын мәліметтер негізінде жүргізеді.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай деп танылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының үлестес тұлғалары деп танылады.

Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы өзінің үлестес тұлғаларының есебін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері ұсынатын мәліметтер негізінде жүргізеді.

 

 

165-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының  филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп мыналар танылады:

1) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары, басшы қызметкерлері, филиалының  басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары (сақтандыру холдингтері) болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ олардың  жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) лауазымды тұлғалары, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары;

4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар дауыс беретін акциялардың, қатысу үлесінің, пайлардың не үлестік қатысудың басқа да да нысандарының он және одан көп пайызын иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) билік ететін не лауазымды тұлғалары болып табылатын ұйымдар;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары;

6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға;

7) сақтандыру тобына қатысушылар.

  1. Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалану арқылы жеке тұлғаны немесе ұйымды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жатқызуға құқылы. Бұл жағдайда аталған жеке тұлғаны немесе ұйымды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың тиісті шарасын алған күннен бастап онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп таниды.
  2. Жеке тұлғаны немесе ұйымды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп тану, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және мыналарды:

1) жеке тұлғаның немесе ұйымның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық белгілерін;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайтын тұлғалардың тізбесін;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан мүлікті және (немесе) көрсетілетін қызметтерді үшінші тұлғалардан сатып алынатын ұқсас мүліктің және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнынан жоғары құн бойынша сатып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасалатын мәміленің немесе мәмілелер жиынтығы құнының шекті мөлшерін;

4) мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттарын қамтиды.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың есебін жүргізуге міндетті.

Көрсетілген есепке алу мақсаттары үшін:

1) осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өзінің жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары туралы, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының
4) тармақшасында көрсетілген ұйымдар туралы мәліметтерді ұсынады;

2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар:

өзінің жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары туралы (жеке тұлға болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы үшін);

өзінің лауазымды тұлғалары туралы (заңды тұлға болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) үшін);

осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдар туралы мәліметтерді ұсынады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мәліметтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық туындаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиіс.

  1. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды тану мақсатында:

осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы түсініледі;

осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы түсініледі;

осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы түсініледі.

Осы баптың 4-тармағында көзделген ережелер Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.

 

166-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер   

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар ұсынуға тыйым салынады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңілдікті жағдайлар ұсыну сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесі үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғамен өзінің сипаты, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша жасаспайтын мәміле жасасуды, атап айтқанда:

1) басқа сақтанушыларға қарағанда сақтандыру тарифін төменірек қолдануды не сақтандыру төлемін жоғарырақ жүзеге асыруды;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан құны уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын мәміле немесе мәмілелер жиынтығы бойынша мүлікті және (немесе) көрсетілетін қызметтерді үшінші тұлғалардан сатып алынатын ұқсас мүліктің және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнынан жоғары құн бойынша сатып алуды;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті ұқсас мүлікті үшінші тұлғаларға сату құнынан төмен не нарықтық құнынан не бағалау туралы есепте көрсетілген құнынан төмен құн бойынша (нарықтық құны болмаған жағдайда) сатуды;

4) уәкілетті орган дәлелді пайымдауды пайдалану арқылы жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызған мәмілелерді жасасуды білдіреді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, тек сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің шешімімен жасалады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы үлгілік шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас мәмілелерге қолданылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға берілген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқықтарынан бас тарту акционерлердің жалпы жиналысын кейіннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.

Осы Заңның 165-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен:

оның өзі;

оның кез келген жақын туысы немесе оның жұбайы (зайыбы);

ол немесе оның жақын туыстарының бірі, оның жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы (тәуелсіз директорды қоспағанда) немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген ұйым арасындағы кез келген мәміле бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға қатыспауға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі директорлар кеңесі оның барлық шарттарын қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар туралы, сондай-ақ осы тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен беруге міндетті.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларынан қабылданған сақтандыру тәуекелдерінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз жауапкершілігінде ұстау мөлшерінен асатын бөлігін халықаралық кредиттік рейтингі Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға беруге міндетті. Рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына осы тармақтың талаптарын қолдану мақсаттары үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы түсініледі.

  1. Осы баптың талаптары:

1) мынадай шарттардың бірі:

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлға резиденті болып табылатын тиісті шет мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент тұлғаларының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растаудың болуы;

уәкілетті орган мен сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлға резиденті болып табылатын қаржылық қадағалау органы арасында қаржылық қадағалау саласындағы ақпарат алмасу туралы, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, қадағалау ақпаратын алмасу туралы хаттар және (немесе) хат-хабарлар түріндегі келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы жағдайлары орындалған кезде сақтандыру холдингі немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін, қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне қолданылады. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;

2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерін;

3) осы баптың 5-тармағында көзделген талапты қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне қолданылады. 

 

167-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәмілелер жасау   

 

  1. Мыналар:

1) жасасу нәтижесінде жекелеген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы (қабылданатын міндеттемелер көлемі) не жекелеген қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданатын міндеттемелер көлемі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның талаптарына сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу мақсаттары үшін қалыптастырылған активтері сомасының қайта сақтандырушының осындай активтердегі үлесін білдіретін активтерді шегергендегі жиырма бес пайызынан асатын мәміле;

2) жасасу нәтижесінде сақтандыру шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасы (жиынтық қабылданатын міндеттемелер көлемі) не қайта сақтандыру шарттары бойынша жиынтық қабылданатын міндеттемелер көлемі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның талаптарына сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу мақсаттары үшін қалыптастырылған активтері сомасының қайта сақтандырушының осындай активтердегі үлесін білдіретін активтерді шегергендегі жиырма бес пайызынан асатын өзара байланысты мәмілелер жиынтығы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәміле деп танылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерден аспайтын, ірі мәміле деп танылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәміленің өзге мөлшері белгіленуі мүмкін.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша өзара байланысты мәмілелер деп мыналар:

1) пайдаланылуы бірыңғай және (немесе) өзара байланысты өндірістік немесе технологиялық процесс шеңберінде жүзеге асырылатын сақтандыру объектілеріне қатысты жасалған бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты;

2) дәлелді пайымдауды пайдалану арқылы өзара байланысты деп танылған сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмілелер танылады.

  1. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәмілені жасасу туралы шешімді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі қабылдайды.

Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәміле немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығы бойынша сақтандыру сомасы (қабылданатын міндеттемелер көлемі) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның талаптарына сәйкес пруденциялық нормативтерді есептеу мақсаттары үшін қалыптастырылған активтері сомасының қайта сақтандырушының осындай активтердегі үлесін білдіретін активтерді шегергендегі елу пайызынан асатын жағдайда, мұндай мәмілені жасасу туралы шешімді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдайды.

Осы тармақта көзделген шешімді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі кәсіби актуарийдің қорытындысы негізінде қабылдайды.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақтандырумен (қайта сақтандырумен) байланысты емес ірі мәмілелер туралы ережелері қолданылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәмілені жасасу туралы шешім қабылдау, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәміле жасасу тәртібіне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәміле жасасу кезінде осы Заңда көзделген талаптарды сақтамау салдарына осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері қолданылады.

  1. Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдын ала жазбаша келісімінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәмілелер жасасуға құқылы емес.
  2. Осы баптың ережелері тек қана ерікті мүліктік сақтандыруға және онымен байланысты қайта сақтандыруға қолданылады.

 

 

8-БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУДЫҢ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

 

26-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

 

168-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары

 

  1. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы сақтандыру қызметін сақтандыру лицензиясы және сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру қағидалары болған кезде жүзеге асыруға құқылы.

Қайта сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент қайта сақтандыру ұйымының филиалы қайта сақтандыру қызметін қайта сақтандыру лицензиясы және қайта сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын қайта сақтандыру қағидалары болған кезде жүзеге асыруға құқылы.

  1. Сақтандыру қағидаларын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы әзірлейді және олар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Қайта сақтандыру қағидаларын қайта сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент қайта сақтандыру ұйымының филиалы уәкілетті органның талаптарына сәйкес әзірлейді.

Сақтандыру қағидаларын, қайта сақтандыру қағидаларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы бекітеді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қағидаларын, қайта сақтандыру қағидаларын өзінің интернет-ресурсында орналастыруға және оларды жаңартылған күйде сақтауға тиіс.

Сақтандыру шарттарын тиісті келісім негізінде сақтандыру ұйымының әріптестері болып табылатын басқа ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып электрондық нысанда жасасқан жағдайда, сақтандыру ұйымы сақтандыру қағидаларын олардың интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы бекіткен, клиенттермен жұмыс істеу тәртібін, оның ішінде:

мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптарын ескере отырып қызметтер көрсету тәртібін;

сенім білдірілген адамның қатысуымен мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету ерекшеліктерін айқындайтын ішкі ережелердің болуы міндетті.

  1. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда өзгеше көзделмесе, сақтандыру шартын жасасу сақтандыру полисімен куәландырылады.

Сақтандыру полисінің, сақтандыру сертификатының мазмұнына және оларды рәсімдеу тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз штатында кәсіби актуарий болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің, Қазақстан Республикасының аумағында филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқару органының құзыретіне актуарийді тағайындау және оның өкілеттігін тоқтату мәселелері, сондай-ақ актуарийдің лауазымдық айлықақысының мөлшері мен сыйақы төлеу шарттарын айқындау жатады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының штатындағы кәсіби актуарий:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) оның акционерінің, және (немесе) оның басшы қызметкерінің (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және (немесе) оның басшы қызметкерлерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін) үлестес тұлғасы болмауға тиіс.

Тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіби актуарий басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында өз қызметін қоса атқаруға құқылы емес.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті орган белгілеген тәртіп пен мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған кәсіби актуарийдің осы Заңда белгіленген қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді, орталық актуарийді тартады.

Тәуелсіз актуарийді, орталық актуарийді тарту бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары аудиторлық ұйым міндетті аудит жүргізген кезде тәуелсіз актуарийді тарту жағдайларына қолданылмайды.

Тәуелсіз актуарий, орталық актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы кәсіби актуарий жүргізген есептеулердің сенімділігін тексеру нәтижелерін уәкілетті орган белгілеген тәртіп пен  мерзімдерде уәкілетті органға жібереді.

Тәуелсіз актуарий, орталық актуарийдің қызметкерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы кәсіби актуарийдің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

  1. Тәуелсіз актуарий мынадай талаптарға сай келуге:

1) тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері болмауға;

2) актуарлық қызметте кемінде үш жыл және тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл тәжірибесі болуға және актуарийлер бірлестігінің мүшесі (қатысушысы) болуға;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның акционерлерінің және (немесе) басшы қызметкерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы кәсіби актуарийдің үлестес тұлғасы болмауға;

4) уәкілетті органның актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясына ие болуға немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуға тиіс.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы басқа тұлғаға (аутсорсинг) берілген операциялардың және (немесе) бизнес-процестердің бір бөлігі үшін жауаптылық алады.

Егер осындай беру мынадай:

1) корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігі мен сапасының төмендеуі;

2) операциялық тәуекел деңгейінің негізсіз өсуі;

3) үздіксіздіктің бұзылуына және (немесе) сақтанушыларға, сақтандырылушыларға және (немесе) пайда алушыларға тиісті қызмет көрсету деңгейінің төмендеуі;

4) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі мүмкіндіктерін шектеу сияқты салдарлардың біріне немесе бірнешеуіне алып келуі мүмкін болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының операциялардың және (немесе) бизнес-процестердің бір бөлігін аутсорсингке беруіне жол берілмейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының аутсорсингке беруі мүмкін операцияларының және (немесе) бизнес-процестерінің тізбесі, сондай-ақ мұндай беру ерекшеліктері осы Заңның 163-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

  1. Сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 840-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, банктік қарыз шартынан, микрокредит беру туралы шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру нәтижесінде өтелген залалдар үшін жауапты тұлғаға сақтанушының (сақтандырылушының) тиесілі құқығын (талабын) төленген сома шегінде сервистік компанияға сенімгерлік басқаруға береді.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары осы Заңда көзделген мақсаттар үшін Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға құқылы.

 

169-бап. Сақтандыру шартын жасасу, бұзу және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату және сақтандыру жағдайларын цифрлық ресурстар алмасу арқылы реттеу кезінде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

 

  1. Сақтандыру шартын жасасу, бұзу және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату және ол бойынша сақтандыру жағдайын реттеу сақтандыру ұйымының интернет-ресурсын және (немесе) цифрлық жүйесін пайдалана отырып, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандыру ұйымы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында цифрлық ресурстар алмасу арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады.

Сақтандыру ұйымы өзінің интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтандыру шартын жасасу, бұзу және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату және ол бойынша сақтандыру жағдайын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

Сақтандыру ұйымы мен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арасында цифрлық ресурстар алмасу сақтандыру ұйымының интернет-ресурсын және (немесе) цифрлық жүйесін дерекқормен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

Міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін электрондық нысанда өтініш берген кезде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан, пайда алушыдан) арнайы бағдарламалық қамтылымды орнату және пайдалану талап етілмейді.

Сақтандыру ұйымының интернет-ресурсының және (немесе) цифрлық жүйесінің жұмысында қателер және (немесе) іркілістер болған кезде қағаз жеткізгіштегі құжаттарды алмасу арқылы сақтандыру шартын жасасуға, бұзуға және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтатуға және сақтандыру жағдайын реттеуге жол беріледі.

  1. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында цифрлық ресурстар алмасу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, сақтандыру ұйымының және тиісті келісім негізінде сақтандыру ұйымының әріптестері болып табылатын басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.

Сақтандыру ұйымы әріптестерінің цифрлық ресурстар алмасу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

  1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында сақтандыру ұйымының электрондық нысанда сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
  2. Сақтандыру шартын жасасу және цифрлық ресурстарды алмасу арқылы сақтандыру жағдайын реттеу кезінде сақтандыру ұйымына, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорына және олардың интернет-ресурстарына қойылатын талаптар, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандыру ұйымы, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымы, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қоры арасында мұндай цифрлық ресурстарды алмасу тәртібі, сондай-ақ сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу туралы хабарламаларды жіберу тәртібі мен мазмұны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  3. Цифрлық ресурстарды алмасу арқылы сақтандыру шартын жасасу кезінде, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйақысы бөліп төленген жағдайда алғашқы сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасалған болып есептеледі.
  4. Сақтандыру шарты цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасалған кезде сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша сақтандырудың үлгілік шарттарымен не сақтандыру қағидаларымен танысқаннан кейін төлейді, осы арқылы өзінің сақтандыру шартын өзіне ұсынылған шарттармен, оның ішінде қосылу шартын жасау арқылы жасасуға келісетінін растайды.
  5. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

 

170-бап. Сақтандыру ұйымына, сақтандыру брокеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға сақтанушыларға хабарлау жөніндегі қойылатын талаптар

 

  1. Сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға), сақтандыру шартын жасасуға және (немесе) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайын реттеуге ниеті бар тұлғаларға өзінің қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсының болуы міндетті.
  2. Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры және дерекқоры қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым өздерінің интернет-ресурстарында өз қызметі туралы ақпаратты ашуға міндетті.

Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым  интернет-ресурста ашуға тиісті ақпаратының тізбесін, сондай-ақ оны орналастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

  1. Өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының және (немесе) оқшауланған құрылымдық бөлімшесінің атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайда, сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері бұл туралы сақтанушыларға өзінің интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
  2. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

 

 

27-тарау. САҚТАНДЫРУДЫҢ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

 

171-бап.  Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау

 

  1. Сақтандыру ұйымы жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты жолданымдарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастарда жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес қарайды.
  2. Өтініш берушінің жолданымын қарау мерзімі ол сақтандыру ұйымына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған кезде, жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, ол туралы өтініш берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

  1. Жолданымды қарау нәтижесі бойынша сақтандыру ұйымы өтініш берушіге оның жолданымының мәні бойынша жауап (шешім) жіберуге міндетті.
  2. Өтініш берушінің жолданымы:

1) жолданымда жауап жіберілуге тиіс мекенжай көрсетілмеген;

2) жолданымда өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе толық атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген;

3) жолданымда былапыт не балағат сөздер, сақтандыру ұйымының мүлкіне қауіп, оның қызметкерінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп болған;

4) жолданым оқуға келмейтін;

5) жолданымды уәкілетті емес тұлға берген жағдайларда қараусыз қалдыруға жатады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда сақтандыру ұйымы өтініш берушінің жолданымын алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жолданымды қараусыз қалдыру себептерін көрсете отырып жауап жібереді.

  1. Сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын өтініш беруші-жеке тұлға және (немесе) және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын талап ету сомасымен тек көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша өзге де заңды тұлғалар мынадай:

сақтандыру ұйымы өтініш берушінің мүліктік талабын қанағаттандырудан бас тартқан немесе өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде сақтандыру ұйымынан жауап алмаған;

сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары арасындағы дауларды реттеу кезінде өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайларда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібінің шеңберінде «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген өтініш беруші сақтандыру ұйымына (оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі немесе интернет-ресурсы арқылы) талаптарын көрсете отырып және өзінің талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша нысанда өтініш жіберуге не сақтандыру шартынан туындайтын дауды реттеу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

  1. Сақтандыру ұйымы уәкілетті органға жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілікті ұсынады, олардың тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  2. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалдарына қолданылады.

 

172-бап. Қаржы омбудсманы 

 

  1. Қаржы омбудсманы дауды сотқа дейін реттеу тәртібі шеңберінде осы Заңның 171-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда өтініш берушінің жолданымдарын қарайды.
  2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) болып табылатын өтініш беруші міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауды реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгінген жағдайда, сақтандыру ұйымы көрсетілген өтініш берушінің және (немесе) қаржы омбудсманының сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды ұсынуға міндетті.
  3. Өтініш берушінің жолданымын қарау нәтижелері бойынша қаржы омбудсманы өтініш беруші мұндай шешіммен жазбаша келіскен жағдайда сақтандыру ұйымы үшін міндетті болып табылатын шешім қабылдайды немесе «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-33-бабының
    12-тармағында көзделген жағдайларда өтінішті қарауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Сақтандыру ұйымы қаржы омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған кезде, уәкілетті орган сақтандыру ұйымына осы Заңның 220-бабына сәйкес уәкілетті ықпал ету шараларын қолданады.

Қаржы омбудсманының шешімімен келіспейтін жағдайда қаржы омбудсманы қараған даудың (жолданымның) тараптары қаржы омбудсманының шешімін алған күннен кейін үш ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

Қаржы омбудсманының өтініш берушілердің жолданымдарын қарау тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ қаржы омбудсманының осындай жолданымдар бойынша шешімдер шығаруының салдары «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-33-бабына сәйкес айқындалады.

  1. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

 

173-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тарататын және орналастыратын жарнама

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына:

1) жөнсіз жарнама жасауға;

2) уәкілетті орган белгілеген, қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарда айқындалған қаржы өніміне тән тәуекелдер туралы ақпаратты қамтымайтын жарнама жасауға тыйым салынады.

Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар, іс-қимылды қадағалау субъектісі уәкілетті органды бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтерін көрсете отырып), осындай хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.

Бұл талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не оларды мұндай жарнаманы жариялаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есебінен нақтылауға құқылы.

  1. Мынадай тұлғаларға:

сақтандыру лицензиясы, қайта сақтандыру лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге жарнама беруші ретінде әрекет етуге тыйым салынады.

  1. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

 

174-бап. Сақтандырып қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде сақтандыру шартын жасасу кезінде жосықсыз іс-қимылға тыйым салу

 

  1. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандырып қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде сақтандыру шарты тараптарының анық емес мәліметтер ұсынуына және сақтандыру шартының елеулі талаптарының орындалуына әсер ететін ақпаратты жасыруына тыйым салынады.
  2. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандырып қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде:

1) сақтандыру шартын жасасу кезінде оның елеулі талаптарына әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау;

2) сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырылған мүліктің сақтандыру құнын негізсіз көтеріп жіберу;

3) сақтандыру жағдайының басталу мән-жайлары туралы ақпаратты жасыру және бұрмалау;

4) оқиғаға қандай да бір жолмен сақтандыру жағдайының көрінісін беру;

5) сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін сақтандыру шартын жасасу;

6) сақтандыру шартында сақтандыру агенті және оның сыйақысы туралы ақпаратты бұрмалау;

7) сақтандыру төлемдерінің сомасы нақты залал сомасынан асып кеткен жағдайда, сол бір сақтандырылған мүлік бойынша бірнеше сақтандырушыға сақтандыру төлеміне жүгіну жосықсыз әрекет белгілері болып табылады.

  1. Сақтандырушылар осы баптың 2-тармағында көзделген жосықсыз
    іс-қимылдың анықталған фактілері туралы ақпаратты осы Заңның 191-бабының 7-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен, мерзімдерде және нысанда, сондай-ақ уәкілетті органның сұрау салуы бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынады.
  2. Сақтандырушы осы баптың 2-тармағында көзделген жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде не сақтандыру шартында көзделген мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

Сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс.

Сақтандыру төлемін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемінен уәжді бас тартуды жіберуге не сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімінен асқан әрбір күн үшін, сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып есептелетін тұрақсыздық айыбын ескере отырып сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

  1. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не уәкілетті орган сақтандырушы тарапынан жосықсыз әрекет фактілерін анықтаған кезде уәкілетті орган сақтандырушыға қатысты осы Заңның 220-бабында көзделген шараларды қолданады.

 

175-бап. Сақтандыру құпиясы  

 

  1. Сақтандыру құпиясы сақтандыру сомасының, сатып алу соманың және төленген сақтандыру сыйақыларының мөлшері, сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының өзге де шарттары туралы мәліметтерді қамтиды.

Таратылу процесіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы мәліметтер, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда сұратылатын күнге қолданыстағы міндетті сақтандыру шартының болуы не болмауы туралы және шарт жасасқан сақтандырушы туралы мәліметтер сақтандыру құпиясына жатпайды.

  1. Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар, сақтандыру агенті, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, қаржы платформасының операторы, сақтандыру консультанты осы баптың 4, 5, 6, 7, 8 және
    9-тармақтарында көзделген, сондай-ақ қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе қоса сақтандыру бойынша қатынастарға байланысты басқа кәсіби қатысушыға не сақтандыру агентіне ақпарат ұсыну жағдайларын қоспағанда, өздерінің кәсіби қызметі нәтижесінде алған сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру агенттерінің, қаржы платформасы операторының, сақтандыру консультанттарының лауазымды тұлғалары, қызметкерлері, сондай-ақ сақтандыру агенттері, сақтандыру консультанттары және өзінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізген өзге де тұлғалар оларды жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алмасуды, оның ішінде мәліметтер алмасуды жүзеге асыру сақтандыру құпиясын жария ету болып табылмайды.

Мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын тұлғаның сақтандыру құпиясы бар құжаттар мен мәліметтерді қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны қылмыстық қудалау органына жіберу кезінде растаушы құжаттар мен материалдар ретінде ұсынуы сақтандыру құпиясын жария ету болып табылмайды.

  1. Сақтандыру құпиясы үшінші тұлғаға сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) жазбаша келісімі негізінде ашылуы мүмкін.
  2. Сақтандыру құпиясы қаржы омбудсманының қарауындағы жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу жөніндегі жолданымдары бойынша қаржы омбудсманына ашылуы мүмкін.
  3. Сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтер мыналарға:

1) сақтанушының (пайда алушының) өкіліне – нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде;

2) анықтау және алдын ала тергеу органдарына – олардың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша прокурор санкциялаған және мөрмен куәландырылған жазбаша сұрау салу негізінде;

3) сотқа – оның іс жүргізуіндегі істер бойынша соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі немесе үкімі негізінде;

4) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға – «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылған тізілімнен үзінді көшірмені қоса бере отырып, бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қойған жазбаша сұрау салу бойынша;

7) құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде оның қарауындағы материал бойынша прокурорға;

6)«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға;

7) мыналарға:

тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттарына;

пайда алушылары Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына;

Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген шет елдің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке тұлғалар олар бойынша пайда алушылар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетке салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға;

8) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, ал өзге де сақтандыру шарттарына қатысты прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына;

9) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне;

10) осы Заңның 99-бабында көзделген мақсаттарда Мемлекеттік корпорацияға;

11) сақтандыру қызметін қадағалауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;

12) сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерін есептеу, сондай-ақ сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мақсаттары үшін  Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру холдингіне;

13) осы Заңда айқындалған мақсаттарда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына;

14) осы Заңда айқындалған өкілеттіктер шеңберінде болған жер сілкіністері, су тасқыны (су басу) және табиғи сипаттағы орман өрті және жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен келтірілген залалды өтеу сомасы туралы өзекті тарихи ақпаратты қалыптастыру мақсатында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға;

15) өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға;

16) осы Заңға сәйкес өзге де тұлғаларға ұсынылады.

  1. Уәкілетті орган мыналарды:

1) сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді осы Заңның 215-бабы
12-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес аудиторлық ұйымға;

2) сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді осы бапта көзделген шарттарда «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының
4-тармағында көрсетілген ұйымдарға;

3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпаратпен алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты  оған осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына;

4) сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына оның осы Заңда көзделген функцияларын іске асыру мақсатында ұсынады.

  1. Сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы қайтыс болған жағдайда сақтандыру құпиясын қамтитын мәліметтер мыналарға:

1) мұрагерлерге;

2) олардың іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде соттарға және нотариустарға;

3) олардың іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша шетелдік консулдық мекемелерге беріледі.

  1. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары, ұсынылатын сақтандыру қызметтерінің тізбесі, сақтандыру тарифтері, сақтандыру мерзімдері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының өзге де негізгі талаптары ашық ақпарат болып табылады және сақтандыру құпиясының және коммерциялық құпияның нысанасы бола алмайды.
  2. Сақтандырушы сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді жария еткен жағдайда, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) келтірілген залалды өтеуді, ал тиісті жағдайларда моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
  3. Осы баптың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

 

 

9-БӨЛІМ.  САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

 

28-тарау. АКТУАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

 

176-бап. Актуарлық қызмет 

 

  1. Актуарлық қызмет актуарийдің тәуекелдерді және (немесе) тәуекелдердің болуына байланысты қаржылық міндеттемелерді талдаумен және сандық, қаржылық бағалаумен, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлеумен және олардың тиімділігін бағалаумен байланысты қызметі болып табылады, ол:

1) сақтандыру резервтерінің мөлшерін есептеу және сақтандыру міндеттемелерін бағалау;

2) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берілетін қарыздардың мөлшерлерін айқындау;

3) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ірі мәміленің жасалғаны туралы актуарлық қорытынды жасау;

4) сақтандыру тарифтерін есептеу әдіснамасын және олардың экономикалық негіздемесін әзірлеу, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін есептеу;

5) аннуитеттік сақтандыру және өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандыру резервтерін бағалау үшін өмір сүру көрсеткіштерін талдау және жаңарту;

6) актуарлық есеп-қисаптар мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету және ұсынымдар беру;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін бағалауға байланысты мәселелер бойынша қызметтер ұсынуды қамтиды.

Актуарлық қызмет осы Заңға және уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарлық қызметті жүзеге асырудың халықаралық қағидаттарын (стандарттарын) ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс.

  1. Актуарлық есептеулер мынадай жағдайларда:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша (бастамашылық актуарийлік есептеулер);

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздемелер бойынша (міндетті актуарийлік есептеулер) жүргізіледі.

  1. Актуарлық есептеулер жүргізу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы актуарлық есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшін қажетті, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәліметтердің бәрін беруге міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы актуарийге жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерге актуарийдің қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ актуарийге берілген құжаттар мен мәліметтердің анықтығына және толықтығына жауапты болады.

  1. Актуарийдің кәсіби пайымдауы негізінде актуарлық есептеулер мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерінен және (немесе) басшы қызметкерлерінен тәуелсіз болады.
  2. Актуарий сақтандыру резервтерін есептеген кезде және сақтандыру міндеттемелерін бағалау кезінде пайдаланылатын ақпараттың толықтығын және анықтығын тексереді.
  3. Актуарий өзі жасайтын актуарийлік есептеулер мен актуарлық қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдігін қамтамасыз етеді.
  4. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органын (Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының) қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігінің нашарлауына алып келуі мүмкін тәуекелдер туралы сақтандыру резервтерін қалыптастыру, сақтандыру міндеттемелері мен тәуекелдерін бағалау жөніндегі талаптарды сақтамауы туралы өзі анықтаған фактілерді дереу хабардар етуге міндетті.
  5. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады және мыналарды:

1) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін;

2) актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасына қойылатын талаптарды;

3) магистр дипломына қойылатын талаптарды;

4) халықаралық емтихандарға қойылатын талаптарды;

5) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алу үшін жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды;

6) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия алу үшін тестілеу жүргізу тәртібін;

7) кәсіби актуарийдің біліктілігін растау тәртібін;

8) халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесі мен оларға қойылатын талаптарды;

9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы кәсіби актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді, орталық актуарийді тарту тәртібі мен мерзімдерін;

10) тәуелсіз актуарийдің, орталық актуарийдің уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы кәсіби актуарий жүргізген есептеулердің анықтығын тексеру нәтижелерін жіберу тәртібі мен мерзімдерін;

11) орталық актуарийдің осы Заңның 180-бабы 1-тармағының
1) тармақшасында көзделген актуарлық есептеулерді жүргізу тәртібі мен мерзімдерін;

12) орталық актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметіне тәуелсіз актуарлық сараптама жүргізу негіздерін, сондай-ақ тәуелсіз актуарлық сараптама нәтижелерін уәкілетті органға ұсыну тәртібі мен мерзімдерін;

13) міндетті актуарлық қорытындылардың мазмұнына және оларды ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды қамтиды.        

 

177-бап. Актуарлық қызметті лицензиялау

 

  1. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны уәкілетті орган береді.
  2. Өтініш беруші сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары үшін);

3) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесін;

4) өтініш берушінің біліктілігін растайтын мына құжаттардың бірін: 

уәкілетті орган белгілеген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін және емтихандарды сәтті тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;

уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін магистр дипломының көшірмесін;

өтініш берушінің актуарий ретіндегі мәртебесін және тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарына өтініш берушінің мүшелігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

өтініш берушінің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін халықаралық емтихандарды тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін; 

5) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттың көшірмесін;

6) көрсетілген алымды «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынады.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру туралы өтінішті өтініш беруші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарайды.

Уәкілетті орган сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

Уәкілетті орган кез келген мынадай:

өтініш беруші туралы ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер (мәліметтер) анықталған;

ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің анықтығын тексеруді жүзеге асыру қажет болған жағдайларда осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы.

Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.

Өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жойғаннан кейін және уәкілетті орган аталған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде ұсынбаған жағдайда қайта басталады.

  1. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия өтініш берушіге уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасы жөніндегі біліміне тестілеу өткізгеннен кейін беріледі.
  2. Әр үш жыл сайын кәсіби актуарий уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес өз біліктілігін растап отырады.

 

178-бап. Актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту  

 

  1. Актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

1) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай болмауы; 

2) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анық болмауы;

3) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру туралы өтінішті берген күннің алдындағы он жыл ішінде өтініш берушіні осы Заңның 229-бабы 3-тармағының 2), 3) және
4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректердің болуы; 

4) уәкілетті орган жүргізген тестілеу нәтижелерінің теріс болуы. 

 

179-бап. Орталық актуарийдің құқықтық мәртебесі, қызметін ұйымдастыру және басқару

 

  1. Орталық актуарий акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Орталық актуарийдің акционерлері тек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бола алады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының орталық актуарийдің акцияларын иелену үлесі орталық актуарийдің дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан артық болуға тиіс.

  1. Орталық актуарий тәуелсіз актуарлық есеп айырысуларды ұсыну арқылы сақтандыру нарығының, зейнетақы жүйесінің, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің орнықтылығын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Орталық актуарий өз қызметін осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының және оның құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.

Орталық актуарий өз қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіздік, объективтілік, ғылыми негізділік, ашықтық және өз қызметінде мүдделер қақтығысына жол бермеу қағидаттарын басшылыққа алады.

  1. Орталық актуарийдің акционерлері мен директорлар кеңесі, сондай-ақ өзге де тұлғалар мен ұйымдар оның актуарлық есеп айырысуларды жүргізуге байланысты қызметіне араласуға құқылы емес.
  2. Орталық актуарийдің директорлар кеңесі тоғыз адамнан құралады және оған мыналар:

үш тәуелсіз директор;

уәкілетті органның бір өкілі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бір өкілі;

дерекқорларды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның бір өкілі;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бір өкілі;

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының бір өкілі;

актуарийлер бірлестігінің бір өкілі кіреді.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарынан басқа тәуелсіз директор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының үлестес тұлғасы болуға құқылы емес;

  1. Орталық актуарийдің атқарушы органы алқалы орган болып табылады және ол кәсіби актуарийлерден құралуға тиіс.

Орталық актуарий жүргізген (жасаған) актуарлық есеп айырысулар мен актуарлық қорытындыларды оның атқарушы органы бекітуге тиіс.

Кәсіби актуарийлер мен орталық актуарий штатындағы актуарийлер өз қызметін басқа ұйымдардағы және мемлекеттік органдардағы қызметпен қатар атқаруға, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті қоспағанда, орталық актуарий қызметімен байланысты емес актуарлық есеп айырысуларды жүргізу үшін ұйымдар мен мемлекеттік органдарға тартылуға құқылы емес.

Кәсіби актуарийлер мен актуарийлер оқытушылық, ғылыми және шығармашылық қызметпен айналысуға құқылы.

  1. Орталық актуарийдің жарғысы уәкілетті органмен келісуге жатады.

 

180-бап. Орталық актуарийдің функциялары

 

  1. Орталық актуарийдің функцияларына мыналар:

1) қабылданатын сақтандыру тәуекелдерінің деңгейіне сәйкес деңгейде сақтандыру тарифтерін есептеуді, сақтандыру тарифтерінің шекті мәндері бойынша ұсыныстар дайындауды қоса алғанда, міндетті сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерін айқындау үшін уәкілетті органның сұрау салуы бойынша актуарлық есеп айырысуларды жүргізу, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру міндеттемелері мен сақтандыру резервтерін бағалау;

2) қалыптастырылған сақтандыру резервтері мен болжамды сақтандыру төлемдерін ескере отырып, міндетті сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерінің жеткіліктілігіне жыл сайынғы мониторинг жүргізу.

Мониторинг нәтижелері бойынша орталық актуарий уәкілетті органға сақтандыру тарифтерінің, базалық мөлшерлемелердің және сақтандыру тарифтерінің коэффициенттерінің немесе олардың шекті мәндерінің сақталуы не мөлшерін өзгерту туралы ұсыныстар береді;

3) өлім, мүгедектік, науқас болу ықтималдығы және солардың негізінде есептелген адамдардың болашақ өмір сүру ұзақтығымен байланысты шамалар қамтылатын бірыңғай кестелерді әзірлеу және жаңарту;

4) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде зейнетақы жүйесінің, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығына бағалау жүргізу;

5) актуарлық әдістер мен арнайы актуарлық білімді қолдануды талап ететін мәселелер бойынша актуарлық зерттеулер, талдау және модельдеу жүргізу;

6) сақтандыру нарығына және оның жекелеген сегменттеріне, зейнетақы жүйесіне, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне стресс-тестілеу және сценарийлік талдау жүргізу;

7) актуарлық есеп айырысуларды жүргізу бойынша актуарлық модельдер мен әдіснамалық ұсынымдарды әзірлеу;

8) экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, климаттық және өзге де факторлардың сақтандыру тәуекелдері мен міндеттемелеріне әсерін бағалау;

9) консультациялық, ақпараттық және зерттеу қызметтерін көрсету және актуарлық есеп айырысу мәселелері бойынша ұсынымдар беру;

10) актуарлық қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;

11) актуарийлерді оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға жәрдемдесу;

12) уәкілетті органның талабы бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметіне тәуелсіз актуарлық сараптама жүргізу;

13) міндетті сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелерін қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының қаржылық және өзге де салдарларына актуарлық бағалау жүргізу; 

14) актуарлық зерттеулердің нәтижелері туралы жыл сайынғы талдамалық есепті дайындау және өзінің интернет-ресурсында жариялау;

15) нарыққа қатысушылар мен сақтандырудың көрсетілетін қызметтерін тұтынушылар үшін актуарлық есеп айырысуларды және өзге де ақпараттық-талдамалық материалдарды жүргізу бойынша талдамалық есептерді, шолуларды, зерттеулерді, әдіснамалық ұсынымдарды дайындау және өзінің интернет-ресурсында жариялау;

16) жарғыда көзделген өзге де функциялар жатады.

  1. Уәкілетті орган орталық актуарийді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметіне тәуелсіз актуарлық сараптама жүргізу үшін қажеттілігіне қарай, бірақ бір сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, бір Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қатысты жылына бір реттен аспайтындай тартуға құқылы.

Тәуелсіз актуарлық сараптама жүргізу үшін негіздерді, сондай-ақ тәуелсіз актуарлық сараптама нәтижелерін уәкілетті органға беру тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.

Орталық актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметіне тәуелсіз актуарлық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаражаты есебінен ақы төленеді.

  1. Мемлекеттік органдарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды жүзеге асыру кезінде орталық актуарий, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, оларға көрсетілетін қызметтер үшін ақы алуға құқылы.
  2. Мемлекеттік органдар орталық актуарий жүргізген актуарлық есеп айырысулар мен актуарлық зерттеулердің нәтижелерін олардың өкілеттіктерін іске асыру кезінде есепке алады.
  3. Орталық актуарий әзірлейтін актуарлық есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі әдіснамалық ұсынымдар уәкілетті органмен келісілуге және орталық актуарийдің интернет-ресурсында жариялануға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әдіснамалық ұсынымдарды басшылыққа алады.

  1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды орындау үшін орталық актуарий мемлекеттік органдардан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан өз функцияларын сапалы, уақтылы орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде сақтандыру және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
  2. Орталық актуарий Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес деректерді қорғауды және сақтандыру құпиясының, коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

29-тарау. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БІРЛЕСТІКТЕР  

 

181-бап. Актуарийлер бірлестігі

 

  1. Актуарийлер бірлестігі деп өз мүшелерінің мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау өз мүшелерінің (қатысушыларының) мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, кәсіби қызметке жағдай жасау және өзге де функцияларды орындау үшін құрылған актуарийлердің ерікті мүшелігіне (қатысуына) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым танылады.
  2. Актуарийлер бірлестігінің қызметі осы Заңмен, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, актуарийлер бірлестігінің құрылтай құжаттарымен реттеледі.
  3. Актуарийлер бірлестігіне мүшелікке (қатысушылар) қабылдау және мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі актуарийлер бірлестігінің жарғысында белгіленеді.

 Актуарийлер бірлестігі өз мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

  1. Актуарийлер бірлестігінің функцияларына мыналар:

1) сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер, оның ішінде сақтандыру міндеттемелерін бағалау және сақтандыру резервтерін есептеу, өлім-жітім және өмір сүру ықтималдығының кестелерін әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізу;  

2)  актуарийлерді оқытудың міндетті ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытуды және емтихандарды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ актуарийлердің біліктілігін арттыру;

3) актуарлық қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;

4) ішкі құжаттарды әзірлеу;

5) өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің (қатысушыларының) өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

6) мүшелер (қатысушылар) арасында туындайтын дауларды қарау;

7) өз мүшелерінің (қатысушыларының) мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

  1. Актуарийлер бірлестігінің қызметкерлері мен мүшелері (қатысушылары) өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылықта болады.
  2. Ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібі мен негіздерін, актуарийлер бірлестігі мүшелерінің (қатысушыларының) кәсіби әдеп кодексі мен кәсіби практика стандарттарын, мүшелікке қойылатын біліктілік талаптары мен өзге де талаптарды бұзуы туралы істерді қарау тәртібін әзірлеу және бекіту актуарийлер бірлестігі басқармасының жоғары органының құзыретіне жатады.

 

182-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің қатысуымен қауымдастықтар (одақтар)  

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және олардың кәсіби қызметін үйлестіру үшін қауымдастықтың (одақтың) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктеріне мыналар:

1) сақтандыру нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;

2) ішкі құжаттарды әзірлеу;

3) сақтандыру нарығына қатысушыларға оқытуды өткізу, оның ішінде сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын білуге емтихан өткізу және емтиханның қорытынды нәтижесін көрсете отырып, сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжатты беру;

4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;

5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

6) автомобильдердің қосалқы бөлшектері бағасының және Қазақстан Республикасының аумағында жөндеу жұмыстары құнының бірыңғай анықтамалығын жүргізу;

7) сақтандыру консультанттарының тізілімін жүргізу;

8) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;

9) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласында өзін-өзі реттейтін ұйым құрылған жағдайда, сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын игеруі бойынша емтихан өткізу және емтиханның қорытынды нәтижесін көрсете отырып, сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжатты беру бөлігінде осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларымен көзделген өкілеттіктерді сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйым жүзеге асырады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері уәкілетті орган беретін, өз мүшелерінің кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі ақпаратты өз мүшелеріне жіберуге міндетті.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері мынадай ішкі құжаттарды:

1) сақтандыру нарығындағы қызмет стандарттарын;

2) сақтандыру өнімдерінің стандарттарын;

3) кәсіби әдеп кодексін;

4) дауларды шешу тәртібін;

5) жарғыда көзделген өзге де құжаттарды қабылдайды.

 Ішкі құжаттарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің жоғары басқару органы бекітеді және олардың мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігіне қатысудан басқа, басқа ұйымдармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге және олардың қызметіне қатысуға құқылы.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қатысуымен қауымдастықтар (одақтар) сақтандырудың көрсетілетін қызметтері нарығында бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға бағытталған қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

 

183-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды құру  

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым деп уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым танылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымда мүше болу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің атынан әрекет етеді. Бұл ретте сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз мүшелеріне қолданатын шаралар тек қана Қазақстан Республикасының бейрезидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалына қолданылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады және қауымдастықтың (одақтың) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысымен, стандарттарымен және қағидаларымен, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тәртібімен реттеледі.

Өзін-өзі реттейтін ұйымның сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы қызметін жүзеге асыру тәртібі мыналарды:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджет жасауына қойылатын талаптарды;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мәліметтерді;

3) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығарылған сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметінің барысында пайда болған, сондай-ақ мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне қатысты құжаттар мен мәліметтерді сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы басқа өзін-өзі реттейтін ұйымға немесе уәкілетті органға беру тәртібін белгілейді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы тек қана бір өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болуға тиіс.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым құрамындағы мүшелер (қатысушылар) ретінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жалпы санының кемінде қырық пайызын қамтуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жалпы саны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат негізінде айқындалады.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1) «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің өзін-өзі реттейтін ұйымы» деген сөздер болуға тиіс; 

2) «ұлттық», «мемлекеттік», «республикалық» немесе «орталық» деген сөздерді кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде пайдаланбауға тиіс; 

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің атауымен бірдей немесе оған айырғысыз дəрежеге дейін ұқсас белгілерді пайдалануға жол берілмейді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
    9-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға мынадай мәліметтер мен құжаттарды ұсынады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жалпы жиналысы бекіткен жарғының көшірмесі;

2) «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңда белгіленген талаптарға сəйкес əзірленген жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы бекіткен сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымда өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар алдындағы мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тəсілдердің бар екенін растайтын мəліметтер мен құжаттар;

4) атқарушы басқару органының басшысы қол қойған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жалпы санының кемінде қырық пайызын қамтитын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімінен үзінді көшірме;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңға сəйкес өз өкілеттіктерін орындау мүмкіндігін растайтын бюджеті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетті жасауына қойылатын талаптар уəкілетті органның осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;

6) еңбек өтілінің болуы жөніндегі талаптарды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлерінің «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
9-4-бабында белгіленген талаптарға сəйкестігін растайтын мəліметтер мен құжаттар.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мəліметтер уəкілетті органның осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сəйкес ұсынылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері болып алқалы басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне мүшелері, атқарушы басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы басқару органының мүшелері танылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы мынадай оқиғалардың бірі:

сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізу;

сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын немесе сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алу;

сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға өзінің мүшелігін (қатысуын) тоқтату басталған күннен кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға кіруге міндетті.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы):

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласында өзін-өзі реттейтін ұйым белгілеген кіру жарналарын және мүшелік жарналарды төлеуге;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның сұрау салуы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым айқындайтын тәртіппен тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпаратты ұсынуға;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауға міндетті.

 

184-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның20-1-бабында көзделген талаптардан басқа, мыналарды қамтуға тиіс:

1) кіру жарналары мен мүшелік жарналардың мөлшері жəне (немесе) оларды есептеу тəртібі, төлеу тəртібі;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметкерлерінің кəсіби əдебінің қағидалары;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру тəртібі, оның тізбесі, нысандары мен мерзімдері;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелер.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарттары «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 20-2-бабында көзделген талаптардан басқа:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және брокерлік қызметті жүзеге асыруы; 

3) қызметін сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерімен (қатысушыларымен) жасалған тапсырма шарты негізінде жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің кәсіптік әдеп қағидалары, олар көрсететін қызметтердің сапасына қойылатын талаптар және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелерді қамтуға тиіс.

 

185-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы
өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыреті  

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы
    өзін-өзі реттейтін ұйымның құзыретіне мыналар жатады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексерулер ұйымдастыру мен жүргізудің сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйым белгілейтін тəртібіне сəйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы  өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауы тұрғысынан оларға тексерулер жүргізу;

2) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы омбудсманы қарауға тиіс жолданымдарды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) қызметі мәселелері бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген тәртіппен қарау; 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымын келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуді қамтамасыз етеді және жолданым тіркелген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілген жолданымның көшірмесін жолданым берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) жібереді.

Жолданымдарды қарау мерзімі олар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіні мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Жолданымды қарау нəтижелері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға жазбаша нысанда немесе цифрлық объектілер арқылы не сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында көзделген өзге де тəсілмен жауап жіберуге міндетті.

Жолданым берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) сақтандыру  (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға өтініш берушінің жолданымын қарау нəтижелері туралы сақтандыру  (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде хабарлайды;

3) өз мүшелерінің (қатысушыларының) жолданымдарын қарау;

4) өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық жəне өзге де есептілігін талдауды жүзеге асыру;

5) өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды іске асыруда өз мүшелеріне (қатысушыларына) жəрдемдесу;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымның осы Заңның 188-бабының 3-тармағында көзделген қағидалары мен стандарттарын бұзғаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты ықпал ету шараларын қолдану;

7) сақтандыру нарығын одан əрі жетілдіру жəне дамыту бойынша құқық қолдану практикасын қорыту жəне ұсынымдар мен ұсыныстар əзірлеу;

8) автомобильдерге қосалқы бөлшектер бағасының және Қазақстан Республикасының аумағында жөндеу жұмыстарының құнының бірыңғай анықтамалығын жүргізу;

9) сақтандыру консультанттарының бірыңғай тізілімін жүргізу;

10) сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізу;

11) өз мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімін жүргізу;

 12) сақтандыру агенттерін оқытуды жүргізу және емтиханның қорытынды нәтижесін көрсете отырып, сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжат беру;

13) кіру жарнасын және мүшелік жарналарды жинау жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден қалыптастыру.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым уәкілетті органның талабы бойынша уәкілетті органның талабында көрсетілген мерзімдерде сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ерікті сақтандыру шартының үлгілік нысанын әзірлеуге міндетті.

Ерікті сақтандыру шартының үлгілік нысанын уәкілетті органмен келісім бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым бекітеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) сақтандырудың тиісті сыныбы (түрі) бойынша сақтандырудың көрсетілетін қызметтерін көрсету кезінде ерікті сақтандыру шартының үлгілік нысанын пайдалануға міндетті.

Ерікті сақтандыру шартының үлгілік нысанының ережелерін толықтыратын не өзгертетін ерікті сақтандыру шартының талаптары шартқа жеке қосымша түрінде ресімделеді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын уəкілетті орган келіскенге дейін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 4) жəне
    6) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері жұмыс стажына қойылатын талаптарды қоспағанда, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
    9-4-бабындабелгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым осы баптың
    1-тармағының 1), 2), 4) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес.

 

186-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары мен міндеттері осы Заңда, сондай-ақ 
    «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым:

1) қаржы ұйымдарының акцияларын жəне (немесе) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алуға;

2) өзге тұлғалардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін өзіне тиесілі мүлікті кепілге беруге;

3) өз міндеттемелерінің орындалуын өз мүшелерінің (қатысушыларының) мүлік кепілімен, сондай-ақ олар берген кепілдіктермен жəне кепілгерліктермен қамтамасыз етуге;

4) кепілгер немесе кепілдік беруші ретінде əрекет етуге құқылы емес.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) орындауы үшін міндетті қағидалары мен стандарттарын бекітуге жəне оларды уəкілетті органмен келісуге;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымда мүшелерді (қатысушыларды) қосу туралы жəне одан шығару туралы растайтын құжаттарды бере отырып, шешім қабылданған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде уəкілетті органды хабардар етуге;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерінің «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келмейтіні туралы, сондай-ақ оны ауыстыру туралы уəкілетті органды хабардар етуге;

4) уəкілетті органның осы Заңның 183-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сəйкес оның басшы қызметкерлерінің тағайындалуын (сайлануын), басқа лауазымға ауыстырылуын немесе еңбек шартын бұзуын (өкілеттіктерін тоқтатуын) қоса алғанда, олардың құрамында болған өзгерістер туралы бес жұмыс күні ішінде уəкілетті органды хабардар етуге;

5) уəкілетті органның сұрау салуы бойынша оған жүктелген мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты, мəліметтер мен құжаттарды уəкілетті органға беруге;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымның мекенжайының (тұрған жерінің), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның пошта мекенжайының, электрондық пошта мекенжайының, байланыс телефондары нөмірлерінің, интернет-ресурсы мекенжайының өзгергені туралы уəкілетті органды хабардар етуге;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар туралы хабардар етуге;

8) өз мүшесінің (қатысушысының) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын бұзғаны, сондай-ақ осы Заңның 188-бабының
3-тармағына сəйкес өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы уəкілетті органға хабар беруге;

9) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) мен өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларының арасындағы дауларды қарау жөніндегі орган құру туралы уəкілетті органға хабар беруге;

10) тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін есептілікті уəкілетті органға ұсынуға;

11) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің ақпаратты қорғауға қойылатын талаптарын сақтай отырып, орналастыру тəртібі сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленетін ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8) жəне
10) тармақшаларында көзделген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның уəкілетті органды хабардар етуі (оған хабар беруі) жазбаша не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өздеріне белгілі болған мəліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлері өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне бақылауды өздері жүзеге асыру барысында алынған мəліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым өзінің мүліктік жауапкершілігін жəне өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету үшін мынадай тəсілдердің бірін қолданады:

1) мүшенің (қатысушының) жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) мүліктік жауапкершілікке тарту;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің өзге де тəсілдерін пайдалану.

Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тəсілдерін пайдалану тəртібі сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленеді.

 

187-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымды басқару органдары

 

  1. Мыналар сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйымды басқару органдары болып табылады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссия).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды басқару органдарын қалыптастыру тəртібі, олардың құрылымы, құзыреті жəне өкілеттіктерінің мерзімі, осы органдардың шешімдер қабылдау тəртібі осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы жоғары басқару органы болып табылады, ол осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жəне өзінің жарғысымен өз құзыретіне жатқызылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің мəселелерін қарауға өкілетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тəртіппен жəне кезеңділікпен, бірақ жылына бір реттен сиретпей шақырылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын бекіту, оған өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басым бағыттарын айқындау;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды ерікті түрде тарату жəне тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылдау;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының басшысын, орынбасарын жəне мүшелерін сайлау, көрсетілген органның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшыларының не оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адамдарды лауазымға тағайындау, оларды лауазымынан мерзімінен бұрын босату, сол сияқты атқарушы басқару органын құру жəне оның өкілеттіктерін тоқтату;

6) алқалы жəне атқарушы басқару органдарының, бақылау органының (ревизиялық комиссияның) жəне мамандандырылған органдардың есептерін сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тəртіппен жəне кезеңділікпен бекіту;

7) кіру жарнасы мен мүшелік жарналардың мөлшерін белгілеу;

8) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тəсілдерін айқындау;

9) Қазақстан Республикасының заңдарына жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына сəйкес өзге де шешімдер қабылдау.

  1. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жартысынан көбі қатысса, жиналыс өз құзыретіне жатқызылған шешімдерді қабылдауға құқықты.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімдері - жалпы жиналысқа қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) дауыстары санының көпшілік дауысымен немесе ол сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) дауыстарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын өткізу тəртібі, отырыстардың күн тəртібін қалыптастыру тəртібі, дауыс беруді өткізу шарттары мен тəртібі сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.
  4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға басшылық етуді сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында сайланған сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы жүзеге асырады.

Алқалы басқару органының сандық құрамы, оны қалыптастырудың, оның қызметінің, шешімдер қабылдауының, өкілеттіктерін тоқтатудың тəртібі мен шарттары сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының құзыретіне мыналар жатады:

1) мəселелерді сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының қарауына шығару;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) болып кіру жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымда мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылдау;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мамандандырылған органдарын құру, олар туралы ережелерді жəне олардың қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетін бекіту, оған өзгерістер енгізу;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бекіту жəне оларға өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген өзге де мəселелер.

Алқалы басқару органы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) өкілдерінің, сондай-ақ тəуелсіз мүшелерінің қатарынан қалыптастырылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы мүшелерінің саны кемінде жеті адамды құрауға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйыммен немесе оның мүшелерімен еңбек қатынастары жоқ адамдар тəуелсіз мүшелер болып саналады. Тəуелсіз мүшелер сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы мүшелерінің кемінде үштен бірін құрауға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының əрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады.

Алқалы басқару органының мүшесі өзі акционері (қатысушысы), қызметкері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесіне (қатысушысына) қатысты мəселелер бойынша дауыс бере алмайды.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жұмысын ұйымдастырады, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды жəне жұмыстан шығаруды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүдделерін білдіреді;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының жəне оның алқалы басқару органының құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органының басшысы, оның орынбасары және мүшелері:

1) бір мезгілде қаржы ұйымдарымен және басқа да сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен еңбек және өзге де қатынастарда болуға;

2) эмитенттері сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болатын бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы емес.

  1. Бақылау органы (ревизиялық комиссия) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның органы болып табылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды бақылау органы (ревизиялық комиссия) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына есеп береді жəне оның бақылауында болады.

Бақылау органының (ревизиялық комиссияның) есептерін ұсыну тəртібі мен мерзімдері сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады.

 

188-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерін (қатысушыларын) бақылауы

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерін (қатысушыларын) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тексеру:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымда мүше болу (қатысу) шарттарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтауын бақылау мақсатында;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы шағым түскен кезде;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) тексеру жүргізу туралы уəкілетті органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын сақтамағаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:

1) анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде міндетті түрде жою туралы талап қою;

2) жазбаша нысанда ескерту шығару;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мөлшерде айыппұл салу;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тізілімнен шығару;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ықпал ету шараларын қолдану тəртібі сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады.

 

189-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі жəне оларды тізілімнен шығару

 

  1. Уəкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізеді.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінде қамтылған мəліметтер ашық мəліметтер болып табылады, олар уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады жəне жаңартылып отырады.

Осы Заңның 183-бабы 5-тармағының талаптарына сəйкес келетін сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым туралы мəліметтер «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес хабарлама негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізіледі.

  1. Мыналар сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды тізілімнен шығаруға негіз болып табылады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды тізілімнен ерікті түрде шығару, тарату немесе біріктіру, қосу, бөлу немесе бөліп шығару нысанында жүргізілген қайта ұйымдастыру туралы шешімі;

2) «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
4-тармағының үшінші бөлігінде жəне осы Заңның 183-бабының 7-тармағында көзделген құжаттарды екі ай ішінде ұсынбау;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімі;

4) уəкілетті органның жазбаша нұсқамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамау;

5) уəкілетті органға есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) ұсынбау жəне (немесе) анық емес есептілікті ұсыну;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде осы Заңның 183-бабының белгіленген талапқа сəйкес келмеуі.

  1. Уəкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды осы баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жыл ішінде мұндай коммерциялық емес ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне ие бола алмайды.
  2. Тізілімнен шығарылған сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның оның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты осы Заңның 185-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және
    6) тармақшаларында және 188-бабында белгіленген өкілеттіктері өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары осындай сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға кірген күннен бастап ауысады, ал жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның тізіліміне енгізілген жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы осындай өзін-өзі реттейтін ұйымға кірген күнге дейін уəкілетті органның бақылауы мен қадағалауында қалады.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым, оның мүшелері (қатысушылары) жəне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы құқықтық қатынастардан қалыптасқан жəне туындайтын барлық құжаттар пен мəліметтерді мүшелерінің (қатысушыларының) құрамына өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) кірген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін басқа ұйымға, ал жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда уəкілетті органға беруге міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар мен мəліметтер уəкілетті органға берілген кезде уəкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесі (қатысушысы) мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы арасындағы құқықтық қатынастардан туындайтын міндеттемелерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның үшінші тұлғалармен құқықтық қатынастарынан туындайтын мүліктік сипаттағы өзге де міндеттемелерді атқармайды.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді беру тəртібі осы Заңның 183-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актіде белгіленеді.

  1. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген материалдарды беру жөніндегі міндетті орындамағаны үшін тізілімнен шығарылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

190-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
өзін-өзі реттейтін ұйымда мүшелікті (қатысуды) тоқтату

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйымда мүшелікті (қатысуды) тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымда мүшелігін (қатысуын) ерікті түрде тоқтату сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешімі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады;

3) сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан (сақтандыру лицензиясы жоқ қайта сақтандыру ұйымы үшін), сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру уәкілетті орган осындай шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырылады;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының қызметін тоқтату осы Заңға сәйкес қызметі таратылған немесе тоқтатылған күннен бастап жүзеге асырылады;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату оның қызметі тоқтатылған күннен бастап жүзеге асырылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым мынадай:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) сақтамаған;

2) мүше (қатысушы) мүшелік жарналарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) төлемеген;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымда мүше (қатысушы) болуға қабылдау үшін мүше ұсынған құжаттарда анық емес мәліметтер анықталған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы шешім қабылдауға құқылы.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы өзінің сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйымда мүше (қатысушы) болуына байланысты төлеген кіру жарнасы мен мүшелік жарналар сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымда мүше (қатысушы) болуы тоқтатылған кезде қайтарылуға жатпайды.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйымда мүше (қатысушы) болуға қабылдаудан бас тарту немесе оның мүшелері (қатысушылары) қатарынан шығару туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның шешіміне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы 
    өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының), оның мүшелеріне (қатысушыларына) кандидаттың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) сотқа шағым жасауға болады.

 

30-тарау. ДЕРЕКҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ

 

191-бап. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның құқықтық мәртебесі, қызметін ұйымдастыру және басқару

 

  1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі осы тараудың мақсаттары үшін – ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкке тиесілі, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Ұйым алдағы күнтізбелік жылға арналған дерекқорды дамыту жоспарын әзірлейді, уәкілетті органмен келіседі және оны бекітеді.
  3. Ұйымның директорлар кеңесінің құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында айқындалған мәселелерден басқа мынадай мәселелер жатады:

1) осы Заңның 192-бабы 6-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есептерін алушылардың ұйымға төлеуге тиіс жарналар мөлшерлемесін бекіту;

2) дерекқорды дамытудың алдағы күнтізбелік жылға арналған жоспарын бекіту.

  1. Ұйымның негізгі функциялары мыналар:

1) осы Заңның 192-бабының 3-тармағына сәйкес ақпарат берушілер беретін, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты жинауды, оны әрбір сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы (бұдан әрі – дерекқор субъектісі) бойынша электрондық нысанда сақтауды қамтитын міндетті және ерікті сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру, бірлесіп қайта сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ дерекқорда сақтандыру шарттарына бірегей нөмірлер беру;

2) мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру;

3) сақтандыру статистикасын, оның ішінде сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер жүргізу үшін қажетті статистиканы қалыптастыру;

4) осы Заңда белгіленген тәртіппен сақтандыру нарығы жөніндегі деректерді статистикалық есепке алу, талдау және қорыту үшін ақпараттық-талдамалық жүйені құру мен жүргізу және оларды цифрлық объектілерде, оның ішінде ұйымның интернет-ресурсында орналастыру, сондай-ақ осы Заңның 192-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға ұсыну;

5) осы Заңның 192-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға талдамалық және өзге де ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мақсатында мемлекеттік дерекқормен өзара іс-қимыл жасау болады.

Талдамалық және өзге де ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін ұйым осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес айқындайды;

6) осы Заңда көзделген жағдайларда міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын автоматты түрде есептеу;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы жосықсыз іс-қимылдың белгіленген фактілері туралы мәліметтерді жинау, жосықсыз іс-қимыл белгілерін анықтау тұрғысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы деректерді өңдеу, мониторингтеу және талдау;

8) сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізу;

9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) ұйымның жарғысында көзделген өзге де функциялар болады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпаратты алуға құқылы.

 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым мемлекеттік органдардың тиісті цифрлық жүйелері мен дерекқорына Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес қолжетімділік алуға құқылы.

Ұйым қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

  1. Ұйым дерекқор субъектісінің немесе оның өкілінің келісімінсіз дербес деректерді, сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді мынадай мақсаттарда жинауды және өңдеуді жүзеге асыруға құқылы:

1) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу;

2) сақтандыру статистикасын, оның ішінде сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер жүргізу үшін қажетті сақтандыру статистикасын қалыптастыру;

3) жосықсыз іс-қимыл белгілерін анықтау тұрғысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы деректерді жинау, өңдеу, мониторингтеу және талдау.

  1. 7. Ұйым қызметінің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді және оған мыналар:

1) сақтандырудың сыныптары (түрлері) бойынша дерекқорды пайдалануға беру тәртібі;

2) ақпараттық процеске қойылатын талаптар;

3) қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа қойылатын ең төмен талаптарды белгілеуге қойылатын талаптар;

4) дерекқордың сақталуына және дерекқорда ақпаратты сақтау мерзімдеріне қойылатын талаптар;

5) үй-жайларға қойылатын талаптар;

6) ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі қағидалардың мазмұнына қойылатын талаптар;

7) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың негізгі талаптары;

8) ұйымда тіркелу үшін ақпарат берушілер ұсынатын құжаттардың тізбесі;

9) ақпарат берушілердің жосықсыз іс-қимылының белгіленген фактілері туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі, мерзімдері және нысандары кіреді.

 

192-бап. Дерекқордың жұмыс істеуі

 

  1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып айқындайды.
  2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:

1) қосарланған сақтандыру, сақтандыру төлемдері, төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру сомасының мөлшерлері және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтер туралы мәліметті қамтитын сақтандыру есебі (бұдан әрі – қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі);

2) сақтандыру жағдайлары, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері, сақтандыру құпиясына немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі (бұдан әрі – қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі);

3) сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашпайтын, сан түрінде, оның ішінде жасалған сақтандыру шарттары, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру төлемдерінің көлемі, сақтандыру жағдайларының саны және сақтандырудың өзге де өлшемдері бөлігінде деректердің жиынтық көлемін қамтитын сақтандыру есебі (бұдан әрі – жиынтық сақтандыру есебі). 

  1.  Мыналар дерекқорды қалыптастыру үшін ақпарат берушілер болып табылады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде әрбір жасалған сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлесіп қайта сақтандыру шарты бойынша ақпаратты, оның ішінде оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, оларды мерзімінен бұзу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар), сақтандыру агенттері және сақтандыру брокерлері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты, жосықсыз іс-қимыл белгілеріне ие оқиғалар туралы ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықық актісінде көзделген талаптарды есепке ала отырып, ақпарат беру туралы және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде ұсынады;

2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттың негізінде әрбір сақтандыру жағдайы бойынша, сондай-ақ осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы ақпарат береді;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар ұйыммен ақпарат беру туралы жасалған шарттардың негізінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасалған зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарттар бойынша ақпаратты осы Заңда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде ұсынады;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар;

5) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, туыстық қатынастар туралы мәліметтерді қамтитын базаны иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган – осы баптың
10-тармағында көзделген көлемде және тәртіппен;

6) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар.

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты берушілер дерекқорға ұсынатын ақпараттың мазмұнына қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында санамаланған, сондай-ақ осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген ақпаратты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде ұсынады.

  1. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер (Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорын қоспағанда) ақпаратты дерекқорға берген кезде бұрмалағаны, осы Заңның 193-бабының
    3-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.
  2. Кеден ісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету саласындағы уәкілетті органдар және өзге де мемлекеттік органдар ақпарат алмасу жүйесі арқылы ұйымға Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдары туралы мәліметтерді ұсынады.
  3. Сақтандыру есептерін алушылар және олар алатын сақтандыру есептерінің түрлері:

1) дерекқордың барлық субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрлерін алатын уәкілетті орган;

2) дерекқордың барлық субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрлерін алатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;          

3) дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, дерекқордың барлық субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрлерін алатын жергілікті атқарушы органдар;  

4) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық алмасу жүйесі арқылы беру мақсатында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, дерекқордың барлық субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрлерін алатын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 

5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, дерекқордың барлық субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрлерін алатын қаржылық мониторингі жөніндегі уәкілетті орган;

6) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарттар негізінде, сақтандыру жағдайларын, сондай-ақ осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайларды реттеу кезінде осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген сақтандыру есептерін қоспағанда, дерекқор субъектісінің келісімі болған жағдайда ол жасаған сақтандыру шарттары бойынша, қалған субъектілер бойынша дерекқор субъектісі туралы сақтандыру есептерінің барлық түрлерін алатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы;

7) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарт негізінде осы Заңда белгіленген функцияларды іске асыру үшін дерекқор субъектілері бойынша сақтандыру есептерінің барлық түрлерін және дерекқордан өзге де ақпаратты алатын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

8) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарт негізінде, осы Заңның 180-бабының 1-тармағында көзделген функцияларды орындау мақсатында жиынтық сақтандыру есептерін, сондай-ақ дерекқордан иесіздендірілген түрдегі ақпаратты алатын орталық актуарий;

9) сақтандыру есептерін алу туралы ұйыммен жасалған шарттар негізінде, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде жасалған зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарттар бойынша дерекқордың барлық субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрлерін алатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;

10) тек қана өздері туралы шектеулі және стандартты қолжетімділіктің сақтандыру есептерін алатын дерекқор субъектілері.

Сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 924-бабының талаптарын орындау мақсатында пайда алушы туралы шектеулі қолжетімділіктің сақтандыру есебін алуға құқылы, ал пайда алушы жәбірленушінің өз құқықтарын іске асыру мақсатында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы шектеулі қолжетімділіктің сақтандыру есебін алуға құқылы;

11) дауды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы шектеулі және стандартты қолжетімділіктің сақтандыру есептерін алатын қаржы омбудсманы;

12) Осы Заңның 175-бабы 6-тармағының 1), 2), 3), 5) және 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар;

13) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарт және дерекқор субъектісінің келісімі негізінде, ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасалған жағдайда, сондай-ақ дербес деректерді қоса алғанда, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты әрбір алған кезде дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде дерекқордың субъектілері туралы шектеулі және стандартты қолжетімділіктің сақтандыру есептерін алатын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым; 

14) уәкілетті орган мен резиденті стандартты қолжетімділіктің сақтандыру есептерін алатын шетелдік ұйым болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы жасалған келісім негізінде шетелдік ұйым;

15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алатын өзге де тұлғалар;

16) дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде стандартты және қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есептерін алатын өзге тұлғалар.

Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін ұсынуды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген адамдарға ақпарат беруге жол берілмейді.

Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін ұсынуды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру олардың алатын сақтандыру есептерінің түріне қарай жүзеге асырылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге жауаптылықта болады.

  1. Ұйымның осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін ұсынуы олардың сұрау салуы негізінде жазбаша нысанда жүзеге асырылады.

Ол туралы ақпарат дерекқордың алушылары тізілімінде қамтылған ұйымға сұрау салу жіберу үшін жауапты уәкілетті орган сұрау салуды осы баптың 6-тармағының 7), 8), 9), 10), 11), 13), 14) және 16) тармақшаларында көрсетілген стандартты және (немесе) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есептерін алушылар атынан жазбаша нысанда береді.  

  1. Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде тәулік бойы алуға құқылы.
  2. Ұйым қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы өзара іс-қимылды және деректер алмасуды жүзеге асырады.
  3. Көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушінің өміріне зиян келтіру жағдайлары туралы ақпарат алу мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган мен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл цифрлық ресурстар алмасу арқылы жүзеге асырылады.

Пайда алушыны айқындау және өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын мәліметтерге қолжетімділік беру мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай ақпаратты қамтитын базаны иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік органның ақпараттық өзара іс-қимылы жүзеге асырылады.

Ұйым осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратты осы көлік оқиғасына қатысушымен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалына жібереді.

  1. Ақпарат берушілерден алынған ақпаратты бұрмалағаны, осы Заңның 193-бабының 1-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.
  2. Осы Заңның 191-бабының 6-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, дерекқор субъектісінің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі мынадай жағдайларда талап етілмейді:

1) қайтыс болған адамға қатысты (сот хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп таныған);

2) сақтандырылған тұлғаларға, сақтандырудың міндетті, топтық түрлері бойынша пайда алушыларға қатысты;

3) сақтандырылған немесе сақтандырудың ерікті түрлері бойынша пайда алушы болып табылатын кәмелетке толмағандарға қатысты. Аталған жағдайда кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің келісімі талап етілмейді.

 

193-бап. Дерекқорды қалыптастыруға, жүргізуге және пайдалануға қатысатын тұлғалардың құқықтары мен міндеттері 

 

  1. Ұйым:

1) сақтандыру есептерін осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен ұсынуға;

2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге;

3) сақтандыру есебін беру туралы сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жасалса, оны беруден бас тартуға;

4) сақтандыру есептерін беру және берілген сақтандыру есептерінің есебін жүргізу туралы сұрау салулардың есебін жүргізуге;

5)  егер алушыға берілген сақтандыру есебінде ұйым қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан ақпарат берушілердің ұйымға берген ақпаратына сәйкес келмейтін ақпаратты қамтыған жағдайда, аталған сәйкессіздік анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беруге міндетті.

 Ақпарат берушінің ұйым берген сақтандыру есебінің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беру мерзімін есептеу ұйымның ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған сәтінен бастап осы баптың 3-тармағының 8) тармақшасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады;

6) осы Заңның 192-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінің
6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есептерін алушыларды осы Заңның 191-бабының 7-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жосықсыз іс-қимылының анықталған белгілері туралы хабардар етуге;

7) қайта ресімдеуге немесе нақтылауға жататын тиісті негіздер болған кезде келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушіге жүгінуге;

8) осы Заңның 192-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқордың цифрлық ресурстарын құруға және қол жеткізуге қатысуының тең жағдайларын қамтамасыз етуге;

9) цифрлық ресурстар мен цифрлық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;

10) осы Заңның 191-бабының 7-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім ішінде дерекқорда қамтылған ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге;

11) дерекқор субъектісіне оған қатысты жасалған сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді электрондық нысанда қарау үшін ұйымның интернет-ресурсына тұрақты қолжетімділік беруге;

12) дерекқор субъектісінің өтініші бойынша дерекқор субъектісі дауласатын ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтерді беруге;

13) дерекқор субъектісі өтініш жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде міндетіне сақтандыру шарты бойынша дерекқорға мәліметтер енгізу кіретін сақтанушының сақтандырушымен (ақпарат берушімен) жасасқан сақтандыру шарты туралы, сондай-ақ осындай сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайлары туралы мәліметтердің дерекқорда бар екендігі туралы ақпаратты оған беруге;

14) жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның жазбаша өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру полисінің болуы не болмауы туралы мәліметтерді, ал көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сондай-ақ сақтанушының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін, шарттың нөмірі мен күнін қоса алғанда, зиян келтіргені үшін кінәлі адамда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы не болмауы туралы мәліметтерді жазбаша ұсынуға;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктерін іске асыру мақсатында уәкілетті орган сұратқан ақпаратты, оның ішінде:

ақпарат берушілердің осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда ұсынылуы талап етілетін осы Заңның 192-бабы
3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы не толық емес көлемде ұсынуы туралы ақпарат;

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, осы Заңның 192-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер есептеген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері туралы ақпарат;

сақтандыру нарығындағы жосықсыз іс-қимылдың белгіленген фактілері туралы мәліметтерді беруге;

16) уәкілетті органға дерекқорға қолжетімділік беруге;

17) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дерекқор субъектісіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының цифрлық кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес нақты уақыт режимінде осы Заңның 192-бабының 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа тәулік бойы қолжетімділікті беруге;

18) осы Заңның 192-бабы 6-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға мұндай қолжетімділікті шектеу туралы уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімге жаңа сақтандыру шарттарын жасаспау мақсатында олардың дерекқорға қолжетімділігін шектеуге;

19) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашпай, сақтандыру сыныптары бойынша статистикалық ақпаратты өзінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етуге;

20) электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу және цифрлық ресурстар алмасу арқылы олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;

21) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламаны дереу жіберуді қамтамасыз етуге;

22) сақтандырушыға сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімінде сақтандыру агентінің болуы туралы ақпарат беруге, сақтандыру шарттарын жасасу кезінде делдалдық қызметтер көрсетуге сақтандыру агенттерінің өкілеттіктерін растауға, сақтандыру агенттерін осы Заңның 158-бабының
5-тармағында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімінен алып тастауға;

23)  Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

  1. Ұйым:

1) ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алушылармен сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;

2) ақпарат берушілерден дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін толық және анық ақпаратты талап етуге;

3) ақпарат беруші берген ақпаратты оның дұрыс немесе толық ресімделмеуіне, ақпарат беруші, сақтандыру есебін алушы, дерекқор субъектісі деректерінің цифрлық жүйеде пайдаланылатын талаптарға сай келмеуіне байланысты оны дерекқорда пайдаланбай қайтаруға;

4) кәсіпкерлік қызметке байланысты ақпараттық материалдарды өзін-өзі реттейтін ұйымнан сатып алуды жүзеге асыруға;

5) дерекқорды қалыптастыру және пайдалану үшін ақпаратты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорлары мен цифрлық жүйелерінен алуға;

6) сақтандыру есептерін алушыларға сақтандырылған көлік құралының тарихы жөнінде ақпаратты беруге;

7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

  1. Ақпарат берушілер:

1) ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;

2) ұйымға тіркелуге;

3) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде, тәртіппен және мерзімдерде оны қалыптастыру үшін дерекқорға ақпарат беруге;

4) дерекқор субъектісінің талабы бойынша ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;

5) ұйымға дерекқор субъектісі туралы қолда бар мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпарат беруге;

6) цифрлық ресурстар мен цифрлық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;

7) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге;

8) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда ұйымға үш жұмыс күні ішінде ақпарат беруге;

9) ұйымға осы Заңның 191-бабының 7-тармағында көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша жосықсыз іс-қимылдың белгіленген фактілері туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

  1. Ақпарат беруші:

1) берілетін ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды ұйымнан талап етуге;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

  1. Осы Заңның 192-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінің
    6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушы:

1) сақтандыру есебін алушы ретінде тіркеу кезінде өздері берген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;

2) алынған ақпаратқа қатысты оның құпиялылығын сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

3) алынған ақпаратты осы Заңда көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;

4) дерекқор субъектісін оның талабы бойынша ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ішкі құжаттарға сәйкес осы ақпараттың көшірмесін беруге;

  5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметке сақтандыру есептерін беру және (немесе) алу туралы шартта айқындалған тәртіппен, мөлшерде және мерзімде ақы төлеуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа сәйкес өзге де міндеттерді алуға міндетті.

  1. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
  2. Ақпарат беру туралы шартты орындаудан біржақты бас тартуға сақтандыру лицензиясы ерікті түрде қайтарылған, сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған жағдайларда ғана жол беріледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ұйымға осы Заңның
192-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген ақпаратты олар жасаған сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлесіп қайта сақтандыру шарттарының қолданылуы және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу тоқтатылғанға дейін беруге міндетті.

Сақтандыру портфелін беру кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген міндетті сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы орындайды.

  1. Дерекқор субъектісі:

1) осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өзі туралы сақтандыру есебін алуға;

2) сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Заңның 192-бабы
6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушыдан сақтандыру есебімен таныстыруды не осы алушының дерекқордан алған сақтандыру есебінің көшірмесін беруді талап етуге;

3) ақпарат беруші туралы ақпаратты алып, сақтандыру есебінде қамтылған ақпаратпен келіспеушілігін мәлімдеуге;

4) ақпарат берушіге және ұйымға анық емес ақпаратты түзету туралы талаппен жүгінуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

 

31-тарау. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІНЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ЖҮЙЕСІ

 

194-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық мәртебесі, қызметін ұйымдастыру және басқару 

 

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өз қызметін осы Заңның және оның құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін жалғыз коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акционерлері кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары болып табылады. Сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акцияларын көрсетілген сақтандыру лицензиясын алған не сақтандыру сыныбын (түрін) сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптарына (түрлеріне) жатқызған күннен бастап алты ай ішінде сатып алуға міндетті.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де бола алады.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акцияларына тек қана ақшамен ақы төленеді.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акционері болып табылатын сақтандыру ұйымына кемінде екі мың акция тиесілі болуға тиіс, бірақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан аспауға.

  1. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.

Қор акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқығы бар әрбір тұлғаға бір дауыстан беру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Уәкілетті органның мынадай:

1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жарияланған акцияларының санын арттыру;

2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына тиесілі барлық активтердің он және одан да көп пайызын құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру арқылы қатысуы;

3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының міндеттемелерін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті капиталы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын сомаға ұлғайту;

4) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;

5) ірі мәмілелерді және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасасу мәселелері бойынша акционерлердің жалпы жиналысының және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесінің шешімдеріне вето қою құқығы болады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры акционерлерінің жалпы жиналысының отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілі қатысуға құқылы. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры акционерлерінің жалпы жиналысының отырысына қатысып отырған уәкілетті органның өкілі осы тармақтың үшінші бөлігінде айқындалған мәселелер бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдеріне вето құқығын пайдаланады.

Акционерлердің жалпы жиналысында және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесінде қабылданатын шешімдер осы тармақтың үшінші бөлігінде вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органмен келісуге жатады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы тармақтың үшінші және бесінші бөліктерімен белгіленген талаптарды сақтамауы осы мәмілелерді жарамсыз деп тануға әкеп соғады.

  1. Осы Заңға сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының филиалдары Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен оның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алмай қатысу шартын жасасады.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесінің құрамы он адамнан тұрады және мынадай талаптарға сай келуге тиіс:

1) директорлар кеңесінің құрамына мыналар: 

үш тәуелсіз директор;

уәкілетті органның кемінде екі өкілі;

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының атқарушы органының басшысы кіруге тиіс.

2) директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары және уәкілетті органның өкілдері болып табылмайтын мүшелері Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры акционерлерінің арасынан сайлануға тиіс;

3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры акционерлерінің арасынан сайланатын директорлар кеңесінің мүшелері арасында «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар өкілдерінің тең саны қамтамасыз етілуге тиіс.

Өкілдері Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар бір сақтандыру тобының қатысушылары бола алмайды.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтерінен зиянды өтеу резервінің қаражатын бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерін есепке алу «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша бөлек жүргізіледі.

 Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтерін, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды жүргізу тәртібін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры уәкілетті органмен келісу бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжатқа сәйкес белгілейді.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры:

«жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

«өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

зиянды өтеу резервінің қаражатын;

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде бөлек банктік шоттар ашады.

Кастодиан «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды және сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес жүзеге асырады.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына тыйым салынады.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қаржы активтерін бағалау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры уәкілетті органмен өзінің жарғысын, сондай-ақ есептік саясатты, стратегияны, тәуекелдерді басқару саясатын және ішкі аудит саясатын айқындайтын ішкі құжаттарды келісуге міндетті.
  4. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын тарату немесе қайта ұйымдастыру осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының таратылуы кезінде қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражаты сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың арасында олардың осы резервтерге қатысу үлесіне пропорционалды мөлшерде бөліп беріледі.

 

195-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мақсаттары мен функциялары, оның құқықтары мен міндеттері

 

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мақсаттары:

1) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандырудың көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың, кредиторлардың және көлік құралын пайдалану нәтижесінде денсаулығына зиян келтірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету;

3) сақтандыру нарығын дамытуға жәрдемдесу;

4) сақтандыру нарығының тұрақтылығына жәрдемдесу мақсатында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қаржылық орнықтылығына қолдау көрсету болып табылады.

  1.  Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

 1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемдерін жүзеге асыру;

2) өзге тұлғаның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде зиян келтірілген адамның өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді және (немесе) осы Заңға сәйкес жерлеуге арналған шығыстарды жүзеге асыру;

3) сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының (оның активтері жеткіліксіз болған жағдайда) сақтандыру портфелін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің басқа қатысушысына (басқа қатысушыларына) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беру үшін активтерге толық ақы төлеуді жүзеге асыру;

4) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы сақтандырудың барлық немесе жекелеген сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған жағдайда оған кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беру үшін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының үйлестіру комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны (қатысушыларды) таңдау туралы шешім қабылдау және көрсетілген шешімді уәкілетті органға келісуге жіберу;

5) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының құрамына енгізу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру және оларды тағайындау туралы ұсынысты уәкілетті органға енгізу;

6) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің құрамына қатысу;

7) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың бастапқы, міндетті, қосымша және төтенше жарналарын тарту;

8) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың міндеттемелерін орындамау тәуекелдерін талдау, сондай-ақ осы талдаудың нәтижелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу және уәкілетті органға ұсыну;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық қызмет;

10) оған қатысты осы баптың 10-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарлама алынған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының активтері мен міндеттемелерінің құнын бағалауды қоса алғанда, кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін талдау.

  1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген функциялардан бөлек, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді және ұсыну;

2) біліктілік емтихандарын өткізе отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы мамандарды оқытуды ұйымдастыру және өткізу, олардың біліктілігін арттыру;

3) актуарлық зерттеулер жүргізуді және актуарлық қорытындылар дайындауды ұйымдастыру;

4) сақтандырудың көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру; 

5) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық; 

6) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы платформасы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсаты болған кезде қаржы платформасы операторы ретінде әрекет етуге;

7) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жарғысына сәйкес өзге де функциялар.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қызметінің айрықша түрі сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы мамандарды оқытуды ұйымдастыру және өткізу, олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында зерттеулер жүргізу болып табылатын заңды тұлғаларды құруға не заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алуға құқылы.
  2. Өз функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан сақтандыру құпиясын құрайтын ақпаратты алуға құқылы.

Алынған мәліметтер одан әрі жария етілмейді.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылықта болады.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен бастапқы, міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеуді талап етуге;

2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінен және кредитордан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мақсаттарын іске асыру үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды талап етуге;  

3) уәкілетті органнан сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың қаржылық жай-күйі, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы жасасқан сақтандыру шарттарының саны туралы мәліметтер мен ақпаратты және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда көзделген функцияларды іске асыруы үшін қажетті өзге де ақпаратты сұратуға және алуға;

4) осы Заңда, сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кредиторға кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға;

5) осы Заңның 198-бабына сәйкес комиссиялық сыйақы алуға;

6) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыдан сақтандыру құпиясын және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда көзделген функцияларды іске асыруы үшін қажетті заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, оның ішінде кепілдік берілген сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша оның міндеттемелері бойынша мәліметтерді сұратуға және алуға;

7) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген өз функциясын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасынан сұратуға және алуға;

8) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан (ұйымнан) осы Заңда көзделген функцияларды Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының іске асыруы үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры:

1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеті осы Заңда белгіленген сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалымен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартын жасасуға;

2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының уақытша әкімшілігінің, тарату комиссиясының құрамына енгізу үшін өкілдерді жіберуге;  

3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен активтерді қаржы құралдарына инвестициялауға;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынуға;

5) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыларға олардың сұрау салулары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартына сәйкес айқындалатын көлемде өзінің қаржылық есептілігін беруге;

6) уәкілетті органға сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың сақтандырудың кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша міндеттемелерін орындамау тәуекелдерін талдау нәтижелері туралы ақпарат беруге;

7) аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын жариялауға;

8) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың бастапқы, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелер қалыптастыруын бақылауды жүзеге асыруға;

9) аудит өткізуге;

10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасын бұзуының өзіне мәлім болған фактілері туралы уәкілетті органға хабардар етуге;

11) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясына кредиторға кепілдік төлемін жүзеге асырғаны туралы хабардар етуге;

12) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы өзіне мәлім болған бүкіл ақпаратты тек қана қызмет мақсаттарында пайдалануға; 

13)  осы Заңның 203-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының шығыстарын өтеуге міндетті. 

  1.  Бастапқы, міндетті, қосымша және (немесе) төтенше жарналар толық көлемде төленбеген жағдайда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төлеу мерзімі басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтандыру портфелін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің басқа қатысушысына (басқа қатысушыларына) ықтимал беруге алдын ала дайындалу мақсатында уәкілетті орган Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына:

 1) осы Заңның 231-бабына сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының өміршеңдігін бағалауды жүргізу туралы шешімнің қабылданғаны туралы;

2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз деп танылғаны туралы;

3) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша міндеттемелерді орындамауының ықтимал тәуекелі бар екенін куәландыратын өзге де мән-жайлардың болуы туралы хабардар етеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алған күннен бастап Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің осындай қатысушысына қатысты осы баптың
2-тармағының 10) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асырады.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және өзге де міндеттерді атқарады.

 

196-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комитеттері

 

  1.  Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорында консультативтік-кеңесші органы болып табылатын консультативтік комитет құрылуға тиіс.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры акционерлерінің жалпы жиналысы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесінің комитеттері консультативтік комитеттің қарауына берген (енгізген) мәселелер бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесіне ұжымдық ұсынымдар дайындау және беру арқылы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың мүдделерін білдіру консультативтік комитеттің негізгі міндеті болып табылады.

Консультативтік комитеттің отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының консультативтік комитетінің құрамына қойылатын талаптар, оны қалыптастырудың, жұмысының, міндеттері мен өкілеттіктерінің тәртібі уәкілетті органның келісімі бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі бекітетін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының ішкі құжатында белгіленеді.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша міндеттемелерді орындамау тәуекелдерін талдау мақсатында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорында консультативтік-кеңесші орган болып табылатын үйлестіру комитеті құрылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талдау нәтижелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың міндетті және қосымша жарналарының мөлшерін айқындау кезінде оларды есепке алу үшін уәкілетті органға, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесіне жіберіледі.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңның 195-бабының 10-тармағында көзделген хабарламаны алған жағдайда, сондай-ақ сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы барлық немесе жекелеген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған жағдайда, үйлестіру комитеті кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін қабылдауға қабілетті сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыларды бағалауды жүргізеді және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар жібереді.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының үйлестіру комитетінің құрамына қойылатын талаптар, оны қалыптастыру тәртібі, үйлестіру комитетінің жұмысы, міндеттері мен өкілеттіктері, мүдделер қақтығысын басқару жөніндегі талаптар, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша міндеттемелерді орындамау тәуекелдеріне талдау жүргізудің кезеңділігі, сондай-ақ уәкілетті органды және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесін осындай талдаудың нәтижелері туралы хабардар ету тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органмен келісім бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі бекітетін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының ішкі құжатында белгіленеді.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау мақсатында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорында инвестициялық комитет құрылады.

Инвестициялық комитет Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының алқалы органы болып табылады және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі сайлайтын кемінде үш мүшеден тұрады. Инвестициялық комитеттің мүшелері инвестициялық шешімдерді қабылдауға қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін жүзеге асыруды өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өзге де органдары және (немесе) басшы қызметкерлері осы Заңмен инвестициялық комитеттің құзыретіне жатқызылған шешімдерді қабылдауға құқылы емес.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының инвестициялық комитетінің жұмыс тәртібі, оның міндеттері мен өкілеттіктері уәкілетті органның келісімі бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі бекітетін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының ішкі құжатымен белгіленеді.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының инвестициялық комитеті қабылдаған инвестициялық шешімдерді Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының атқарушы органы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып орындайды.
  2. Инвестициялық комитет Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері және (немесе) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражаты және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен, осы активтерді және (немесе) қаражатты мақсатсыз пайдалануды, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзуды көздейтін мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдаған кезде, уәкілетті орган мұндай шешімдерді қабылдауға дауыс берген тұлғаны инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттетуге құқылы.

Уәкілетті органның тұлғаны инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының атқарушы органына жіберіледі, ол осындай хабарламаны алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей шеттетілген тұлғаға жіберугі міндетті. 

 Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының атқарушы органына осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген хабарлама жіберілген сәттен бастап инвестициялық комитеттің өз міндеттерін атқарудан шеттетілген мүшесі уәкілетті орган шеттету туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жыл ішінде инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға және оның құрамына сайлануға құқылы емес.

  1. Активтерді инвестициялау тәртібі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының инвестициялық комитетінің құрамына және инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  2. Осы бапта көзделген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комитеттері Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесінің комитеттері болып табылмайды.

 

197-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдіктері

 

  1. Уәкілетті орган сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны сақтандырудың барлық сыныптары бойынша лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өзіне мыналар:

1) сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының (оның активтері жеткіліксіз болған жағдайда) сақтандыру портфелін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің басқа қатысушысына беру үшін активтерге қосымша ақы төлеу; 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген сақтандыру портфелін беру үшін активтерге қосымша ақы төлеу инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтердің құнын толықтыруды, оларды инвестициялау нәтижелері салдарынан осындай активтердің құнын азайтуды өтеуді не инвестициялық кіріс алуды қамтамасыз етуді қамтымайды;

2) осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы олар бойынша сақтандыру төлемдерінен заңсыз бас тартқан (толығымен немесе ішінара) немесе толық көлемде сақтандыру төлемін жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша орын алған сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік төлемдерін сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтандыру портфелін беру күніне дейін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді қабылдайды. 

Осы тараудың мақсаттары үшін кредитор: 

1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы);

2) көлік құралын өзге адамның (сақтандыру төлемін алуға құқығы бар адамға) пайдалануы нәтижесінде өзге адамның өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сақтандырушының жауаптылығы көлемінің шегінде өтеген және тиісінше сақтандыру төлемін алу құқығы ауысқан адам.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру шарты деп сақтанушы сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушымен жасасқан шарт түсініледі;

  1. Осы Заңда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне (сыныптарына) мыналар:

1) тұрғынжайды жер сілкінісінен, су тасқынынан (су басудан) және табиғи сипаттағы орман өртінен міндетті сақтандыруды қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық сыныптары;

2) «өмірді сақтандыру» саласындағы жинақтаушы сақтандырудың барлық түрлері жатады.

  1. Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарттар, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған өмірді сақтандыру шарттары, сондай-ақ қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шеңберінде жасалған аннуитеттік төлемдер шарттары бойынша кепілдік төлемдерді қоспағанда, өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша кепілдік төлем кредитор алдындағы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының міндеттемелері мөлшерінде жүзеге асырылады, бірақ әрбір сақтандыру шарты бойынша жиырмадан миллион теңгеден аспайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кепілдік төлемінің ең жоғары мөлшері Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесінің шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.

  1. Аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры уәкілетті орган сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдау негіздемесі бойынша уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап сақтандыру портфелін «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің басқа қатысушысына берген уақытқа дейін сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы жасасқан қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үздіксіздігі мен уақтылылығын қамтамасыз етеді.

Сақтанушының инвестицияларға қатысу шартын көздейтін зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарт бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сақтандыру төлемдерінің үздіксіздігі және уақтылылығы олардың мөлшері зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шартта айқындалған сақтандыру төлемдерінің бөлігінде қамтамасыз етіледі және сақтанушының инвестицияларға қатысу мақсаттарына арналған сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді инвестициялау нәтижелеріне тәуелді емес.  

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры инвестициялық кіріс алуды қамтамасыз етпейді, аталған активтердің инвестициялау нәтижелеріне байланысты құнының азаюын өтемейді және сақтанушының инвестицияларға қатысуына байланысты сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражаты есебінен төлемдерді жүзеге асырмайды.

Сақтанушының инвестицияларға қатысуына байланысты төлемдер тек қана сақтанушының инвестицияларға қатысу мақсаттарына арналған сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтер және оларды инвестициялаудан алынған (көтерген) кірістер (шығыстар) есебінен жүзеге асырылады және тиісті сақтандыру портфелін бере отырып, сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысына беріледі.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1.  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген жағдайларда көлік құралын өзге тұлғаның пайдалануы нәтижесінде өзге тұлғаның өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры:

1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда көзделген функцияларын іске асыруы;

2) кредиторлардың сақтандыру шарттарына қатысты оларға Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдіктерінің қолданысын тексеру мүмкіндігін беру мақсатында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдіктерінің қолданылу аясына жататын сақтандыру шарттарын есепке алуды жүргізеді.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдіктері мынадай:

1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемі жүзеге асырылған;

2) кредитордың осы Заңның 206-бабында белгіленген жүгіну мерзімдері өткен (сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемдер үшін);

3) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған;

4) сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің басқа қатысушысына берілген сақтандыру портфелінің активтеріне қосымша ақы төлеген жағдайларда тоқтатылады.

 

198-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысы

 

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі қаржы жылы үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервін инвестициялаудан алынған жиынтық инвестициялық табыстың он бес пайызынан аспайтын шекте айқындайды.
  2. Қаржы жылының қорытындылары бойынша жиынтық инвестициялық табыс теріс болған жағдайда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры комиссиялық сыйақы алмайды.
  3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі жылына бір реттен жиі өзгермеуі мүмкін.
  4. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері мен зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған банктік шоттардан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері үшін ашылған банктік шотқа ақша қаражатын аудару арқылы комиссиялық сыйақы алады.

 

199-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу тәртібі және сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акцияларын сатып алу шарттары

 

  1. Сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру лицензиясын алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға, есептік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы, сақтандыру ұйымы осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптарда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы шарт жасасуға міндетті.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының талаптары сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің барлық қатысушылары үшін стандартты болып табылады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысудың үлгілік шарты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының нысаны, мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс. 

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акцияларын сатып алу шартын жасасу үшін осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына мынадай құжаттардың:

1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;

2) есептік тіркеу туралы анықтаманың (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы үшін);

3) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

4) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының басқару органы бекіткен Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін тоқтатқан және сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы өзіне тиесілі акцияларды Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акционерлеріне сату арқылы оларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға міндетті.

Акционерлер Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалатын бағамен акцияларды сатып алуға міндетті.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты:

1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жалпы негіздерде;

2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру төлемдерін тоқтатқан және осы сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша жасалған сақтандыру шарттарының қолданылуын тоқтатқан жағдайда тоқтатылады.

 

200-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві. Міндетті және төтенше жарналар. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қарыздары

 

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві:

1) осы Заңның 197-бабында көзделген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдіктері бойынша міндеттемелерін;

2) осы Заңның 195-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген функцияларды Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жүзеге асыруына байланысты шығыстарды, сондай-ақ өзге тұлғаның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде өзге адамның өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жабу үшін пайдаланылады.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві мынадай көздер:

1) бастапқы жарналар;

2) міндетті жарналар;

3) міндетті жарналарды төлеу бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың міндеттемелерін орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы;

4) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымынан, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалынан алынған ақша; 

5) осы бөлімнің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінде мыналар:

1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражатты инвестициялаудан алынған теріс инвестициялық кіріс;

2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысын және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын қоса алғанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражатты инвестициялауға байланысты шығыстар есепке алынбайды.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің мақсатты мөлшерін уәкілетті органмен келісу бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі бекітетін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің нысаналы мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жеке айқындайды.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартына сәйкес бастапқы, міндетті және төтенше жарналарды төлеуге міндетті.

Бастапқы жарна мөлшерлемесі қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлеміне қарай сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің барлық қатысушылары үшін бірыңғай мөлшерде белгіленеді және оны тиісті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің барлық қатысушылары төлейді.

Әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті жарналар мөлшерлемесін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің нысаналы мөлшерін ескере отырып айқындайды және осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, уәкілетті органмен келісуге жатады.

Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі тиісті күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне осындай қатысушы төлеуге жататын міндетті жарналар мөлшерлемесінің мөлшерін арттыруға құқылы.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзған жағдайда сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне осындай қатысушы үшін міндетті жарнаның мөлшерлемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ұлғайтылуға тиіс.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың жарналарының мөлшерлемелерін айқындау, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібі, сондай-ақ әдістемелерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады және оған мыналар:

1) бастапқы, міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшермелерін есептеу әдістемесі;

2) бастапқы, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері;

3) шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібі;

4) міндетті, қосымша жарналардың жоғарылатылған мөлшерлемесін төлеу, жоғарылатылған шартты міндеттемелерді қалыптастыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының қаржылық жағдайының нашарлау белгілері;

5) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің мақсатты мөлшерін айқындау әдістемесіне қойылатын талаптар кіреді.

  1. Осы Заңның 197-бабының 2-тармағында көрсетілген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) шеңберінде жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналардың мөлшері қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі мен міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.

Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы есепке жазған сақтандыру сыйлықақыларының көлеміне және міндетті жарналардың мөлшерлемесіне қарай есептеледі.

Қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемін айқындау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының бөлігінен қалыптастырылған активтер есебінен ғана орындалатын, сақтанушының инвестицияларға қатысуына байланысты төлемдер бойынша міндеттемелерге сәйкес сақтандыру төлемдерінің және оларды инвестициялаудан алынған (көтерген) кірістердің (шығыстардың) бөлігі есепке алынбайды.  

  1.    Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен, пайдаланылған соманың орнын толтыруды, оның ішінде сақтандырудың қай саласы бойынша кепілдік берілетініне қарай, «жалпы сақтандыру» саласы не «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың төтенше жарналарын тарту есебінен толтыруды ескере отырып, «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын «өмірді сақтандыру» саласы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында пайдалануға және керісінше, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын «жалпы сақтандыру» саласы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында пайдалануға жол беріледі.
  2. Осы Заңның 195-бабы2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың төтенше жарналарын олардың шартты міндеттемелерінің шегінде тартады.

Егер төтенше жарналарды тарту сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың жартысынан көп бөлігінің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуына әкеп соғуы мүмкін болса, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры оларды төлеуді кейінге қалдыруды және (немесе) бөліп төлеуді ұсынуға құқылы.

  1.  Осы Заңның 195-бабы2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары жеткіліксіз болған жағдайда, уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен Қордың меншікті капиталы пайдаланылады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, төтенше жарналары жеткіліксіз болған жағдайда немесе оларды төлеуді кейінге қалдыруды және (немесе) бөліп төлеуді ұсынған жағдайда осы Заңның 195-бабы 2-тармағының 1) және
3) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резервінің қаражаты зиянды өтеу резервінің қаражатының жетпіс пайызынан аспайтын мөлшерде пайдаланылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда зиянды өтеу резервінің қаражатын пайдаланған кезде оларды төлеуді кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу ұсынылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың төтенше жарналары зиянды өтеу резервін қалпына келтіру үшін пайдаланылады.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, төтенше жарналары жеткіліксіз болған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 195-бабы 2-тармағының 1) және
    3) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың төтенше жарналары есебінен қалпына келтіруге жататын уәкілетті органның келісімі бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті капиталы пайдаланылады.

Осы Заңның 195-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті капиталын оны пайдалану туралы шешім қабылданған күннің алдындағы соңғы есепті күнге Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті капиталының елу пайызынан асатын мөлшерде пайдалануға тыйым салынады.

  1.  Осы Заңда көзделген, өзге тұлғаның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде өзге тұлғаның өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры ағымдағы тоқсанның соңына дейін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардан түсетін төтенше жарналарды тартады.
  2. Осы Заңның 197-бабының 2-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік сыныптары (түрлері) шеңберінде жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының төтенше жарналарының мөлшері соңғы есепті күндегі жағдай бойынша сақтандырудың аталған түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің барлық қатысушылары қалыптастырған сақтандыру резервтерінің жалпы көлеміндегі сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы қалыптастырған сақтандыру резервтері үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтандырудың басқа да кепілдік сыныптары (түрлері) бойынша төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың аталған түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің барлық қатысушыларының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі өзі жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.

  1. Осы Заңның 195-бабының 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, төтенше жарналары, зиянды өтеу резерві және меншікті капиталы жеткіліксіз болған кезде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен және басқа да ұйымдардан қарыздар тартуға құқылы, олар сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың төтенше жарналары есебінен өтелуге тиіс.
  2. Сақтандыру лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны міндетті және төтенше жарналарды төлеуден босатпайды.
  3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалын қоспағанда) сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған күннен бастап сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатыла тұрады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалын қоспағанда) міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатыла тұрады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалын сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлеген міндетті және төтенше жарналар қайтаруға жатпайды.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төленген міндетті және (немесе) төтенше жарналардың мөлшерлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушымен салыстыруды Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

 

201-бап. Зиянды өтеу резерві

 

  1. Зиянды өтеу және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу төлемдерін жүзеге асыруды Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен жүргізеді.
  2. Зиянды өтеу резерві мынадай:

1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар төлейтін қосымша жарналар;

2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны немесе уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыптары;

3) осы бөліктің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс көздері есебінен қалыптастырылады.

Зиянды өтеу резервінде мыналар ескерілмейді:

1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражатты инвестициялаудан алынған теріс инвестициялық кіріс;

2) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражатты инвестициялауға байланысты шығыстар, оның ішінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысы және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары ескерілмейді.

  1. Зиянды өтеу резервінің мақсатты мөлшерін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры уәкілетті органмен келісу бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі бекітетін зиянды өтеу резервінің мақсатты мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындайды.
  2. Зиянды өтеу және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу төлемдерін жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін осы Заңда көзделген тәртіппен пайдаланады.
  3. Қосымша жарналардың мөлшері сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру бойынша есептеген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі мен қосымша жарналардың мөлшерлемесіне сүйене отырып есептеледі.
  4. Әрбір күнтізбелік жылға арналған қосымша жарналардың мөлшерлемесін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі айқындайды.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі тиісті күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің осындай қатысушысы төлеуге тиіс қосымша жарналар мөлшерлемесінің мөлшерін арттыруға құқылы.

Қосымша жарналардың мөлшерлемесі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

Қосымша жарналардың мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, қосымша жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.

  1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясының қолданылуын тоқтату сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны қосымша жарналарды төлеуден босатпайды.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған күннен бастап сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатыла тұрады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар осы Заңға сәйкес төлеген қосымша жарналар қайтаруға жатпайды.

 

202-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының шартты міндеттемелері

 

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының шартты міндеттемелері оның төтенше жарналарды төлеу үшін қалыптастырылатын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алдындағы міндеттемелері болып табылады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы шартты міндеттемелерді қалыптастыруға және олардың есебін жүргізуге міндетті.

Осы Заңның 197-бабының 2-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік сыныптары (түрлері) шеңберінде жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша шартты міндеттемелердің мөлшері қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесіне сүйене отырып есептеледі.

Осы тармақтың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемін айқындау кезінде сақтанушының инвестицияларға қатысуына байланысты төлемдер жөніндегі міндеттемелерге сәйкес келетін, тек қана инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бөлігі есебінен қалыптастырылған активтер мен оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен орындалатын сақтандыру резервтерінің бөлігі ескерілмейді.

Сақтандырудың басқа да кепілдік сыныптары (түрлері) бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы өзінің сақтандырудың кепілдік сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесіне сүйене отырып есептейді.

Әрбір күнтізбелік жылға арналған шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі айқындайды.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі тиісті күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің осындай қатысушысы қалыптастыратын шартты міндеттемелер мөлшерлемесінің мөлшерін арттыруға құқылы.

Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

  1. Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және олардың есебін жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

203-бап. Сақтандырудың міндетті сыныптары және өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша кепілдік төлем

 

  1. Кредиторда кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына талап қою құқығы уәкілетті орган сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап туындайды.

Кепілдік төлемді алуға мынадай:

1) уәкілетті орган сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдағанға дейінгі кезеңде сақтандыру шарттары бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша, олар бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмаған кредиторлардың;

2) уәкілетті орган сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтандыру портфелі берілген күнге дейінгі кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторлардың;

3) сақтандыру ұйымы таратылғаннан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылғаннан кейін олардың басталғаны туралы мәлімделген сақтандыру жағдайлары бойынша және олар бойынша міндеттемелер сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтандыру портфелі құрамында берілмеген кредиторлардың құқығы бар.

  1. Кредиторда осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінің 1) және
    2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына талап қою құқығы туындаған кезде кредитор уәкілетті орган сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы осы Заңда белгіленген тәртіппен сақтандыру портфелін бергенге дейінгі кезеңде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.

Сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтандыру портфелі сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған күннен бастап екі ай ішінде берілген жағдайда, кредитор кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен сақтандыру портфелін қабылдап алған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыға жүгінеді.

Растама құжаттар болмаған жағдайда кредитор уақытша әкімшілікке немесе мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының тарату комиссиясына тиісті құжаттарды Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына немесе сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтандыру портфеліне қабылдап алған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыға беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

  1. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы талаппен тікелей Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына не сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыға жүгінуге құқылы.

Осы тармақтың 2-тармағына және бірінші бөлігіне сәйкес кредитордың талабы алынғаннан кейін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры не сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы осы Заңда және (немесе) сақтандыру шартында көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін айқындау жөніндегі жұмысты жүргізуге міндетті.

  1. Кредитор не сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы кепілдік төлемді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынғаннан кейін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы не кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарын, оның ішінде бүлінген мүлікті бағалауды жүргізуге жұмсалған шығыстарды нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
  3. Кепілдік төлемдердің ерекшеліктері, тәртібі мен мөлшерлері осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес айқындалады.
  4. Осы баптың 5-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, кепілдік төлеммен моральдық зиян, кредитордың айырылып қалған пайдасы, сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбы және басқа да шығыстар, оның ішінде бұдан бұрын сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыдан сот тәртібімен өндіріп алынған шығыстар жабылмайды.
  5. Кредиторларға кепілдік төлемді Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кредитордың Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына өзі келуі арқылы жүгінуі немесе кредитор мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жүгінуі негізінде жүзеге асырады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кредиторларға кепілдік төлемдерді агенттік келісім негізінде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арқылы жүзеге асыруға құқылы.

Кепілдік төлем қолма-қол ақшасыз нысанда кредитордың банктік шотына не тараптардың келісімі бойынша қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.

  1. Сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының кредиторына кепілдік төлем жүзеге асырылған күннен бастап Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына жүзеге асырылған кепілдік төлем көлемінде кредитордың сақтандыру шарты бойынша талап қою құқығы ауысады.

Кредитордың ауысқан талап қою құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу туралы талапты Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының тарату комиссиясына не сот уәкілетті органның сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің аталған қатысушысын сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыға ұсынады.

Осы тармақтың ережелері осы Заңның 204-бабына сәйкес кепілдік төлем жүзеге асырылған жағдайда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қолданылады.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры уәкілетті органның сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін масс-медиада қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының интернет ресурсында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының кредиторларына басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарлама жариялайды.

 

204-бап. Аннуитеттік сақтандыру бойынша кепілдік төлем

 

  1. Кредиторда кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына талап қою құқығы уәкілетті орган сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауы негізінде тағайындаған уақытша әкімшілік Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру шарттарының тізілімін берген күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейін туындайды.

Сақтанушының инвестицияларға қатысу шартын көздейтін зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік шарттары бойынша осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес уақытша әкімшілік Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына беретін тізілімде мыналар бөлек қамтылуға тиіс:

1) инвестициялау нәтижелеріне байланысты болмайтын сақтандыру төлемдерінің мөлшері;

2) сақтанушының инвестицияларға қатысуына байланысты төлемдер туралы мәліметтер;

3) сақтанушының инвестицияларға қатысу мақсаттарына арналған сақтандыру сыйлықақысы бөлігінің есебінен қалыптастырылған активтердің құны.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген активтердің құнын толықтыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы емес.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру ұйымын сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауы негізінде уақытша әкімшілікті тағайындаған кезде қолданыста болған, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кредиторлардың аннуитеттік сақтандыру бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.

Кредиторлардың аннуитеттік сақтандыру бойынша кепілдік төлемдерді алуға құқықтары сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтандыру портфелі «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің басқа қатысушысына берілген күнге дейін қолданылады.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы баптың 1-тармағында көзделген талап қою құқығы туындаған күннен бастап осы баптың
    2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемдердің үздіксіздігін және уақтылылығын қамтамасыз етеді.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңның 197-бабының 4-тармағында көзделген кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға құқылы емес.
  3. Кредиторларға осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемді Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жүзеге асырады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген кредиторларға кепілдік төлемдерді агенттік келісім негізінде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арқылы жүзеге асыруға құқылы.

Кепілдік төлемдер қолма-қол ақшасыз нысанда кредитордың банктік шотына не тараптардың келісімі бойынша қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры уәкілетті органның сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешімінің көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін масс-медиада қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының интернет ресурсында кредиторларға кепілдік төлемін жүзеге асыру күні туралы хабарландыру жариялайды.

 

205-бап. Көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде зиян келтірілген адамның өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу төлемі

 

  1. Көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтіруге жауапты және көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған адам анықталмаған жағдайларда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өзге адамның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде адамның өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу төлемін (бұдан әрі — зиянды өтеу төлемі) жүзеге асырады.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар зиянды өтеу төлемдерін алуға құқылы.
  3. Көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам қайтыс болған жағдайда, зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу төлемін жүзеге асыру туралы талап қою құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адамның қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар адамға (адамдарға) ауысады.
  4. Көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адамды жерлеуді жүзеге асырған адамға Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы баптың 6-тармағының
    1), 5) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш негізінде жерлеуге арналған шығыстарды өтеу төлемін осы Заңның
    68-бабының 6-тармағында белгіленген мөлшерде жүзеге асырады.
  5. Көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам немесе осы баптың 3 және
    4-тармақтарында көрсетілген адамдар келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішпен тікелей Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына жүгінеді. Өтініш, өтініш берушінің өзі келуі арқылы не өтініш беруші мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы беріледі.
  6. Зиянды өтеу төлемдері және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:

1) көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған өзге адамның өміріне, денсаулығына зиян келтіру жағдайының басталған фактісін растайтын құжат;

2) көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты өзге адамның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адамға медициналық көмек көрсеткен денсаулық сақтау ұйымы қорытындысының зардап шегуші алған жарақаттары мен мертігулерінің сипаты, диагнозы, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі көрсетілген көшірмесі;

3) көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адамның мамандандырылған мекеменің мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі (мүгедектік белгіленген жағдайда);

4) медициналық әлеуметтік немесе сот медициналық сараптама мекемелері қорытындысының көшірмесі;

5) көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адамның қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеуге құқығы бар адамның құқығын растайтын құжат (өзге адамның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам қайтыс болған жағдайда);

7) жерлеуге жұмсалған нақты залалдарды растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.

  1. Көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам немесе осы баптың 3 және
    4-тармақтарында көзделген адамдар келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынғаннан кейін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу төлемін жүзеге асыру туралы не оны жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
  2. Зиянды өтеу төлемі және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу туралы шешімді Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы баптың
    6-тармағында көзделген құжаттар алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды. Зиянды өтеу төлемі және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеуді Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры зиянды өтеу төлемі және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
  3. Зиянды өтеу төлемдері және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу осы Заңның 68-бабында белгіленген мөлшерлерде жүзеге асырылады.
  4. Көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адамның не осы баптың 3-тармағында көзделген адамдардың моральдық зияны, сондай-ақ мүлкіне келтірілген зиян, айырылып қалған пайдасы, қоршаған ортаға келтірілген залал келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге арналған шығыстарды өтеу төлемімен жабылмайды.
  5. Зиянды өтеу төлемі және (немесе) жерлеуге арналған шығыстар өтемін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жүзеге асырады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры зиянды өтеу төлемі және (немесе) жерлеуге арналған шығыстар өтемін агенттік келісім негізінде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арқылы жүзеге асыруға құқылы.

Зиянды өтеу төлемдері және (немесе) жерлеуге арналған шығыстар өтемін қолма-қол ақшасыз нысанда көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адамның не осы баптың
3 және 4-тармақтарында көзделген адамдардың банктік шотына жүзеге асырылады.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мынадай жағдайларда:

1) көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адамның әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен көлік оқиғасымен себепті байланыста болған қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылғанда;

2) көлік оқиғасы еңсерілмейтін күштің, яғни ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті ластанудың, әскери іс қимылдардың, азаматтық соғыстың, жиналыстардың, митингілердің, шерулердің, пикеттер мен демонстрациялардың, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің салдары сияқты осы жағдайлардағы төтенше және бұлтартпас мән жағдайлардың салдарынан басталғанда;

3) осы баптың 6-тармағында көзделген құжаттардың толық пакеті ұсынылмағанда немесе шынайы емес құжаттар ұсынылғанда зиянды өтеу төлемдері және (немесе) жерлеуге арналған шығыстар өтемін жүзеге асырудан бас тартады.

Зиянды өтеу төлемдері және (немесе) жерлеуге арналған шығыстар өтемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры құжаттардың толық пакеті алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі бар хабарламаны жазбаша нысанда жіберуге міндетті.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңның 195-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асыруы үшін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан ақпарат сұратады.

Ақпаратты ұсыну тәртібі, көлемі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің актісімен және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен белгіленеді.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған мәліметтер жария етуге жатпайды.

  1. Зиянды өтеу төлемдерін жүзеге асыру үшін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры уәкілетті орган айқындаған тәртіппен деректер қорынан сақтандыру есептерін сұратады және алады.
  2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адамның не осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген адамдардың зиянды өтеу төлемдері және (немесе) жерлеуге арналған шығыстар өтемін жүзеге асыру туралы талабын қарауға байланысты Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жұмсаған шығыстар ескеріле отырып, зиянды өтеу төлемі және (немесе) жерлеуге арналған шығыстар өтемі шегінде көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде адамның өміріне, денсаулығына зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы бар.

 

206-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері

 

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының:

1) масс-медиада өзінің сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы мәліметтерді таратуға;

2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға қатысты ақпаратты алуға;

3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан оның қаржылық есептілігін ұсынуды талап етуге құқығы бар.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бастапқы, міндетті және төтенше жарналарды уақтылы және толық көлемде төлеуге, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;

2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына бастапқы, міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлерін есептеу, олардың мөлшерлемелерін бекіту, төтенше жарналардың мөлшерін есептеу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;

3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда көзделген функцияларды іске асыруы үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде өзінің сақтандырудың кепілдік берілген сыныптары (түрлері) бойынша міндеттемелері жөніндегі сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға;

4) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын өзінің төлемге қабілетсіздігінің және ықтимал төлемге қабілетсіздігінің туындағаны, сондай-ақ уәкілетті органның өзіне санкциялар қолдану фактілері туралы хабардар етуге;

5) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандырудың кепілдік берілген сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлауға;

6) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелінің берілгені, сол сияқты осындай сақтандыру портфелінің қабылданғаны туралы сақтандыру портфелі берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру портфелін беру туралы шарттың және сақтандыру портфелін беру туралы шарт бойынша құжаттарды қабылдау-беру актісінің көшірмелерін қоса бере отырып хабардар етуге;

7) осы Заңда көзделген жағдайларда өзіне тиесілі Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акцияларын иеліктен шығаруды жүзеге асыруға;

8) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қою арызының берілгені, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлауға;

9) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына өздері төлеген жарналар бойынша есеп айырысулардың дұрыстығын растайтын мәліметтерді ұсынуға;

10) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалын сақтандыру лицензиясынан айырғаны және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімінің жүргізілгені туралы хабарлауға;

11) осы Заңның 203-бабының 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қосымша жарналарды төлеуге міндетті.

  1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарында және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары бар және ол өзге де міндеттерді атқарады.
  2. Осы Заңның талаптарына сәйкес кепілдік төлемін жүзеге асыру мақсаттары үшін сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының сақтанушыларының (пайда алушыларының) дербес деректерін жинауды және өңдеуді Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.

 

207-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері

 

  1. Кредитордың:

1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жүзеге асыруды талап етуге;

2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының тарату комиссиясынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорынан алынған кепілдік төлемінен асатын мөлшерде талаптарды қанағаттандыруды талап етуге құқығы бар.

  1. Кредитор:

1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру жағдайының басталған фактісін және сақтандыру шарты бойынша шығындардың мөлшерін растайтын, осы Заңның 55-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде немесе сақтандыру шартында көзделген құжаттарды ұсынуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өзіне ауысқан кредитор құқықтарын іске асыруы үшін қажетті барлық құжаттарды беруге міндетті.

  1. Кредитордың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар және ол өзге де міндеттерді атқарады.

 

208-бап. Кепілдік төлемдерді және зиянды өтеу төлемдерін жүзеге асыру кезіндегі делдалдық қызметтерді реттеу

 

  1. Кепілдік төлемдерді немесе зиянды өтеу төлемдерін алуға арналған өтініш пен құжаттар Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына осындай төлем алу үшін делдалдық қызметтер көрсететін тұлғаның қатысуымен ұсынылған жағдайда, осындай құжаттарға қосымша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына аталған тұлғаның комиссиялық сыйақысының мөлшері көрсетілген делдалдық қызметтер көрсету туралы шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі ұсынылуға тиіс.
  2. Кепілдік төлемдерді немесе зиянды өтеу төлемін алу үшін делдалдық қызметтер көрсететін тұлғаның комиссиялық сыйақысының мөлшері:

1) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша осындай төлем сомасының он пайызынан;

2) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша осындай төлем сомасының бір пайызынан аспауға тиіс.

 

 

10-БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

 

32-тарау. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

209-бап. Уәкілетті органның құзыреті

 

Уәкілетті орган осы Заңның 3-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген мақсат пен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.

Нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген уәкілетті орган туралы ережемен айқындалады.

 

210-бап. Пруденциялық нормативтер және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының, сақтандыру топтарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында олар үшін белгіленетін экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер болып табылады.
  2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндетті түрде сақтауы үшін белгілейтін пруденциялық нормативтер құрамына мыналар кіреді:

1) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

2) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі;

3) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі;

4) активтерді әртараптандыру нормативтері.

  1. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі сақтандыру топтары үшін пруденциялық норматив болып табылады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің жай және (немесе) артықшылықты акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) бойынша дивидендтер төлемге мынадай:

1) егер осындай төлем:

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бір не бірнеше пруденциялық нормативінің бұзылуына;

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін фактордың (факторлардың) пайда болуына алып келетін;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы пруденциялық нормативтерді бұзған, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес шаралар қолданбаған;

3) cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне және сақтандыру тобының қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ерте ден қою шаралары көзделетін, осы Заңның 219-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес уәкілетті органға ұсынылған іс-шаралар жоспарының орындалмауына әсер ететін фактор (факторлар) болған жағдайларда жол берілмейді.

  1. 5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегергенде) жиырма бес пайызынан астамын тікелей немесе жанама иеленетін сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының акционерлері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының немесе Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының немесе Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының немесе Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, олардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының немесе Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

  1. Осы баптың 5-тармағында көзделген талаптар орындалмаған кезде уәкілетті орган сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына осы Заңның 223-бабында көзделген мәжбүрлі қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.
  2. Төлем қабілеттілігі маржасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелерінен активтердің асып түсуін білдіреді.
  3. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттілігі маржасы ең төмен белгіленген мөлшерден төмендеген жағдайға құрылады.
  4. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (ортақ қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті ұстап қалу мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органға қаржылық есептілікке кірмейтін туынды қаржы құралдарының болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді ұсынады.
  6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы үшін пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемелерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері белгілейді.
  7. Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін активтердің құнын айқындау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалынан, сақтандыру холдингінен олардың құнына бағалаушыда немесе бағалаушылар палатасы арқылы бағалау жүргізуді талап етуге құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру холдингі уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті актив пруденциялық нормативтердің кейінгі есептеуінен алып тасталады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру тобының қатысушысы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген қаржылық есептіліктегі, бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептіліктегі және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған ағымдағы шотқа орналастырған ақшасы және (немесе) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын алғаннан кейін сатып алатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері деп танылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдары үшін пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі мен олардың ең төменгі мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі белгілейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, оның филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерін белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру бойынша шаралар қолдануға міндетті.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын, осы тармақтың бесiншi бөлiгiнде көрсетілген шаралар жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған міндеттемелерді бұрын уәкілетті органға осы Заңның 17-бабының 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес орындайды.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру топтары халықаралық сақтандыру практикасында пайдаланылатын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының тәуекелдерін барынша азайту және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, соның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерін жабатын активтерді инвестициялау бойынша уәкілетті орган белгілейтін қосымша пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді сақтаған кезде уәкілетті орган оларды белгілеуге құқылы.

Капитал нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары үшін уәкілетті орган қосымша пруденциялық нормативтерді белгілеуге құқылы.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.
  2. Осы баптың талаптары бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы –
Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті органы) аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату) туралы шешім не аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға етіп ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру лицензиясын және қайта сақтандыру лицензиясын ерікті түрде тапсыруы туралы шешім қабылдағанда;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті органы) аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату) туралы шешім не аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға етіп ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру лицензиясын және қайта сақтандыру лицензиясын ерікті түрде тапсыруы туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында) сақтандыру портфелінің жоқ екенін растайтын құжаттардың болуы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына) қолданылмайды.

 

211-бап. Сақтандыру резервтері

 

  1. Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша актуарийлік есептеулер негізінде бағаланатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының штатындағы кәсіби актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервтері болуға міндетті.
  2. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттары және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттары және қайта сақтандыру шарттары бойынша актуарийлік есептеулер негізінде бағаланатын, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының штатындағы кәсіби актуарий уәкілетті органның осы Заңның 153-бабының
    1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптар ескеріле отырып есептеген көлемде жинақтау резервін қоса алғанда, қалыптастырылған сақтандыру резервтері болуға міндетті.

Жинақтау резервін қоспағанда, сақтандыру резервтері тек қана Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттары және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауына байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруына арналған.

Жинақтау резерві Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының қаражатын ұзақ мерзімді жинақтауға арналған.

  1. Жинақтау резервін қоса алғанда, сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігін (барабарлығын) бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.

 

212-бап. Сақтандыру міндеттемелері

 

  1. Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес актуарийлік есептеулер негізінде бағаланатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының штатындағы кәсіби актуарий есептеген көлемде сақтандыру міндеттемелері болуға міндетті.
  2. Тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттары және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының тұрғынжайды міндетті сақтандыру шарттары және қайта сақтандыру шарттары бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес актуарийлік есептеулер негізінде бағаланатын, Тұрғынжайды міндетті сақтандыру қорының штатындағы кәсіби актуарий уәкілетті органның осы Заңның 156-бабының
    1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптар ескеріле отырып есептеген көлемде сақтандыру міндеттемелері болуға міндетті.
  3. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына, оларды бағалауды автоматтандыруға қойылатын талаптар, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесі, оны келісу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қалыптастырған сақтандыру міндеттемелерінің жеткіліктілігін (барабарлығын) бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.

 

213-бап. Есепке алу және есептілік

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті жасауы, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыруы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары бухгалтерлік есепті жүргізуді және бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті жасауды халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері өздері жүргізетін операциялардың есебін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шынайы және толық қаржылық және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша шынайы және толық есептілікті және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті, соның ішінде шоғырландырылған негіздегі қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті және өзге де есептілікті ұсынады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органға оның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы мақсатында оның сұратуы бойынша өз мүлкі, соның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі мүлкі туралы, қабылданған тәуекелдердің, берілген кепілдіктер мен кепілгерліктердің мөлшері туралы, жасалған және жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі мәмілелер туралы мәліметтерді, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуы туралы мәліметтерді, соның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсынуға міндетті.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы анық емес (толық емес) есептілікті ұсынған жағдайда, уәкілетті орган қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті және өзге де есептілікті түзетуді талап етуге құқылы.
  3. Қадағалау, тәуекелдерді ерте анықтау, сондай-ақ ақпаратпен қауіпсіз алмасу мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өздерінің ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымында деректер сөресінің қалыптастырылуын, жүргізілуін және жаңартылуын, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жағдайларда, тәртіппен, мерзімдерде және форматтарда уәкілетті органға деректер сөресіне қолжетімділік ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Деректер сөресінде сақтандыру (қайта сақтандыру) және өзге де операциялар бойынша мәліметтер, соның ішінде сақтандыру портфелі, сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі ірі мәмілелер, ортақ сақтандыру (ортақ қайта сақтандыру) бойынша қызмет жөніндегі мәліметтер және тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін өзге де мәліметтер болуға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы айқындайтын, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптарға сәйкес келетін ұйымға деректер сөресіне қолжетімділік ұсынуға құқылы.

Деректер сөресін қалыптастыру, сақтау және оған қолжетімділік беру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, деректер сөресіне қолжетімділік алған өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес деректерді қорғауды және сақтандыру құпиясының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Сақтандыру резервтерін есептеу және сақтандыру міндеттемелерін бағалау жөніндегі міндетті актуарийлік қорытындылар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жылдық қаржылық есептілігінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілігінің ажырамас бөлігі болып табылады және уәкілетті органға ұсынылуға жатады.

 

214-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының және сақтандыру холдингтерінің  есептілігі

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.
  2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлға – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа, салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оның декларацияның салық органына ұсынылғанын растамасы бар көшірмесін ұсынуға тиіс.

 

215-бап. Аудит

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын ұйымның, сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың бір аудиторлық ұйымда қатарынан жеті жылдан артық не аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторда қатарынан бес жылдан артық өз қызметіне аудит жүргізуге құқығы жоқ.

Осы тармақтың талабы банк конгломератының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.

  1. Сақтандыру тобына бас ұйым ретінде кіретін ұйымдар мен оның Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын еншілес ұйымдарының аудитін бір ғана аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Сақтандыру тобының құрамына кіретін бас ұйым мен оның еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдарының аудиті осындай аудитті жүргізу олар резиденті болып табылатын ел заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда бір ғана аудиторлық ұйыммен жүзеге асырылуға тиіс.
  2. Аудиторлық ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін тәуелсіз актуарийге тарта отырып жүргізуге құқылы.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін өзге де ұйымдардың қаржылық есептілігіне жасалған аудиторлық есеп коммерциялық құпияны құрамайды.
  4. Қаржы жылының қорытындысы бойынша аудит жүргізу мынадай тұлғалар:

сақтандыру (қайта сақтандыру) лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған немесе ерікті немесе мәжбүрлеп тарату процесіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін;

өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру холдингі, оның ішінде сақтандыру холдингі – Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру холдингі үшін;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын ұйым үшін;

сақтандыру брокері үшін;

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры үшін;

орталық актуарий үшін міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар аудиторлық есептің және аудиторлық ұйым ұсынымдарының қазақ немесе орыс тілдеріндегі көшірмелерін уәкілетті органға осы құжаттарды алған немесе олар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға ұсынылған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде ұсынуға тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есептің және аудиторлық ұйым ұсынымдарының көшірмесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталға айтарлықтай қатысатын заңды тұлға оларды алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде ұсынуға міндетті.

  1. Шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингіне қатысты аудиторлық ұйым куәландырады;

Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру холдингі – Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру холдингіне қатысты өзі орналасқан елде қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландырады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры аудиторлық есепте және (немесе) аудиторлық ұйымның ұсынымдарында көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, сақтандыру брокерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді уәкілетті орган белгілеген мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысты – осы Заңның
225-бабында көзделген қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды;

сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты – осы Заңның 223-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлі қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.

  1. Аудиторлық есепте жазылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдардың, сақтандыру брокерлерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін тану бөлігінде қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты өзге де ақпарат туралы пікір мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерінің түсіндірмелерін талап етуге құқылы.
  2. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қаржы жылының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокері – Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру брокерінің қаржылық есептілігіне жасалған аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ немесе орыс тілінде аудиторлық ұйым оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокері – Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокеріне ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
  3. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда, одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес-модельге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, цифрлық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, киберқауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі – өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексеруге жататын мәселелер тізбесін, аудиттелетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну мерзімін көрсете отырып, талап етуге құқылы.

Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін міндетті.

Осы баптың 13-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады.

Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды.

Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін.

  1. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсіби ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын ұйым, сақтандыру брокері, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры аудит немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді.

Өзге ақпарат аудиті жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Осы бапта белгіленген өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады.

Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсініктемелерді, сондай-ақ сақтандыру құпиясын және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, олардың қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы.

Аудиторлық ұйым осы тармақтың алтыншы бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдау нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікір мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады.

  1. Сот аудиторлық есепті және (немесе) өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті.
  2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін жүргізген аудиторлық ұйымнан коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпарат ұсынуды талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісімімен ұсынылады.
  3. Осы баптың 11, 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген ережелер Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

 

216-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттер

 

Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, шығын коэффициенті, аралас коэффициент) сақтандырудың барлық немесе жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметінің шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады.

Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, шығын коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

217-бап. Құжаттарды сақтау

 

  1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушылары, сақтандыру агенттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру), сақтандыру делдалдығы жөніндегі деректердi қалыптастыруға және өз қызметiне байланысты құжаттардың есебiн жүргiзу мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімін жүргізуге міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты ол жасалған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізіліміне енгізілуге тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімінде қамтылатын сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының нөмірі, оның жасалған, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының күшіне енген және қолданылуы аяқталған күндері, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі) дерекқорда қамтылатын ақпаратқа сәйкес келуге тиіс.

  1. Мiндеттi түрде сақталуға жататын құжаттардың тiзбесiн және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агенттерiнiң оларды сақтау тәртібі мен мерзiмiн уәкiлеттi орган архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкiлеттi органымен келiсе отырып белгiлейдi.

 

218-бап. Сақтандырудың жекелеген сыныптарын сақтандыру лицензиясынан алып тастаған, сақтандыру ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын ерікті түрде қайтарған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратқан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырған кезде сақтандыру портфелін беру

 

  1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру лицензиясынан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған, сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру лицензиясы ерікті түрде қайтарылған және (немесе) ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға болып ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде:

1) осы Заңның 197-бабының 2-тармағына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін осы баптың 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше тұлғаға беруді жүзеге асыруға және сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды) сақтандыру портфелінің берілгені туралы және сақтандыру портфелін қабылдаған тұлғалар туралы хабардар етуге;

2) сақтандырудың өзге де сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруге сақтанушының келісімі болған кезде оны осы баптың
3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше тұлғаға беруді жүзеге асыруға не осы баптың 4-тармағында көзделген хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, онымен сақтандыру шартын бұзуға міндетті.

Сақтандыру лицензиясынан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған немесе сақтандыру саласы өзгерген кезде қайта сақтандыру лицензиясы бар сақтандыру ұйымы осы Заңның 32 және 34-баптарына сәйкес өзі қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылатын сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша қабылданған қайта сақтандыру шарттары бойынша да сақтандыру портфелін осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен беруді жүзеге асыруға міндетті.

  1. Қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру лицензиясын ерікті түрде қайтарған және (немесе) ерікті түрде таратылған және (немесе) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға болып ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде қайта сақтанушының (цеденттің) келісімі болған жағдайда сақтандыру портфелінің берілгені туралы қайта сақтанушыны (цедентті) міндетті түрде хабардар ете отырып, сақтандыру портфелін осы баптың 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше тұлғаға беруге міндетті.

Осы баптың 4-тармағында белгіленген талапқа сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қайта сақтанушының (цеденттің) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығы алынған жағдайда, қайта сақтандыру шарты бұзылуға жатады.

  1. Сақтандыру портфелі мынадай:

1) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелі берілген жағдайда – берілетін сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясы бар;

2) қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелі берілген жағдайда – қайта сақтандыру лицензиясы бар;

3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелі берілген жағдайда –сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын;

4) сақтандыру портфелін қабылдау сәтінде, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін және жоғары өтімді активтердің жеткіліктілік нормативін орындайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына беріледі.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды), қайта сақтанушыларды (цеденттерді) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін алдағы беру туралы хабарландыруды сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Хабарландыруда қарсылықтарды ұсыну тәртібі, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайтын ұсыну мерзімі және сақтанушылар, қайта сақтанушылар (цеденттер) осы баптың 1-тармағының
2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын және қайта сақтандыру шарттарын берумен келіспеген жағдайда олардың қарсылықтары қабылданатын мекенжайлар көрсетіледі.

Сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша қарсылығының болмауы оның осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру
(қайта сақтандыру) шарттарын беруге келісуі ретінде қаралады.

  1. Сақтандыру ұйымы осы Заңның 197-бабының 2-тармағына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелінің берілгені туралы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын осы Заңның 206-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде хабардар етеді.
  2. Сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына:

1) осы Заңның 250-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметі ерікті түрде тоқтатылған кезде;

2) осы Заңның 247-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған кезде қолданылады.

 

 

33-тарау. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

 

219-бап. Ерте ден қою шаралары

 

  1. Сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін талдауды жүзеге асырады.
  2. Сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру тобының қызметін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін талдауды жүзеге асырады.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсыну бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның ірі қатысушылары (сақтандыру холдингтері) болып табылатын тұлғаларға жазбаша нысанда талап жібереді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның ірі қатысушылары (сақтандыру холдингтері) болып табылатын тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдері мен жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның ірі қатысушылары (сақтандыру холдингтері) болып табылатын тұлғалар жоспарда белгіленген мерзімдерде оны орындау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның ірі қатысушылары (сақтандыру холдингтері) болып табылатын тұлғаларға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.

  1. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының қатысушыларын тексеру қорытындысы бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөнінде ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсыну бойынша сақтандыру холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғаға жазбаша нысанда талап жібереді.

Сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдері мен жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалар жоспарда белгіленген мерзімдерде оны орындау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушылары коэффициент болып табылатын тұлғаларға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық орнықтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған, осы жоспардың іс-шаралары орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру холдингіне) және (немесе) оның ірі қатысушылары болып табылатын тұлғаларға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін фактор (факторлар) тиісті жоспардың (жоспарлардың) мерзімдері және іс-шаралары аяқталғаннан кейін жойылмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру холдингіне) және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) басшы қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және (немесе) ірі қатысушы болып табылатын тұлғаның іс-шараларды өздеріне байланысты емес себептермен іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын орындау мерзімі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және (немесе) ірі қатысушы болып табылатын тұлғаның өтінішхаты бойынша уәкілетті органмен ұзартылуы мүмкін.
  2. Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

 

220-бап. Қадағалап ден қою шаралары

 

  1. Сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын, сақтандыру нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметімен және өзге де қызметпен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру брокерінің қатысушысына (акционеріне), сақтандыру холдингіне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына, орталық актуарийге, олардың басшы қызметкерлеріне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларға, кәсіби актуарийге қадағалап ден қою шараларын қолданады.
  2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады:

1) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, орталық актуарийдің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, кәсіби актуарийдің қызметінде уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) оның сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) мүдделеріне және (немесе) сақтандыру нарығының тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың жасалуына әкелуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, орталық актуарийдің басшы қызметкерлерінің олардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерін (әрекетсіздігін) анықтау;

4) басшы қызметкердің, лауазымды адамның (басшы қызметкерлердің, лауазымды адамдардың) әрекеттерін (әрекетсіздігін) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына, орталық актуарийге және (немесе) сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) залал келтіргенін куәландырады деп тану үшін жеткілікті деректер;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауы;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының (оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бақылау жасайтын ұйымдардың), сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың орнықсыз қаржылық жағдайы;

7) осы Заңға сәйкес қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау;

8) уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті немесе мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сұрататын өзге де ақпаратты ұсынбау не бұрмаланған есептілікті немесе мәліметтерді ұсыну;

9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғалардың, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, орталық актуарийдің, кәсіби актуарийдің тексеру жүргізуге кедергі келтіруі, бұл оны белгіленген мерзімдерде жүргізу мүмкіндігінің болмауына алып келген жағдайлар;

10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру брокерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының аудиторлық ұйымның есебі мен ұсынымдарында көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының, сақтандыру брокерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді осы Заңның 215-бабының 8-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы;

11) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына бастапқы, міндетті, қосымша немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық емес көлемде төлеу;

12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы омбудсманы қызметіне міндетті жарналарды және (немесе) өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы;

13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы омбудсманының шешімін осы шешімде белгіленген мерзімде орындамауы;

14) дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамау немесе тиісінше орындамау, оның ішінде оны бұрмалау және (немесе) толық емес және (немесе) уақтылы ұсынбау;

15) осы Заңның 219-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімдерде ұсынбау, оны уәкілетті органның мақұлдамауы, осы жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде жоймау;

16) осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау.

17) осы Заңның 223-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар;

18) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына бастапқы, міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерін есептеу, олардың мөлшерлемелерін бекіту, төтенше жарналардың мөлшерін есептеу үшін қажетті бұрмаланған ақпаратты ұсыну.

  1. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде мыналар ескеріледі:

1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;

2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;

3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;

4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;

5) таңдап алынған қадағалап ден қою шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;

6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі);

7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы;

8) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және (немесе) тәуекелдердің туындауына негіз болған себептер;

9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, орталық актуарийдің, кәсіби актуарийдің қызметінде анықталған бұзушылықтарды, тәуекелдерді және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, осыған байланысты қабылданған шараларды іске асыру жөніндегі нақты шараларды жүзеге асырудың (жүзеге асырмаудың) тиімділігі және (немесе) осындай шараларды қабылдауға әзірлігі.

  1. Уәкілетті орган мынадай қадағалап ден қою шараларын қолданады:

1) осы Заңның 221-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары;

2) осы Заңның 222-бабына сәйкес қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар;

3) осы Заңның 223-бабына сәйкес мәжбүрлі қадағалап ден қоюдың шаралары.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына, орталық актуарийге, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларға, кәсіби актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.
  2. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

 

221-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары

 

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаның, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, орталық актуарийдің, кәсіби актуарийдің қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығына қомақты әсер етпейтін, олардың қаржылық жағдайына, сақтандыру нарығының тұрақтылығына және (немесе) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.
  2. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары мыналарды қамтиды:

1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы, осы ақпаратты (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаның, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, орталық актуарийдің жекелеген органдарының назарына жеткізе отырып хабардар ету;

2) уәкілетті органның анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарын беру;

3) уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану ықтималдығы туралы ескерту.

  1. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы уәкілетті органның хатымен ресімделеді.
  2. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

 

222-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар

 

  1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді және (немесе) бұзушылықтарды жою мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру брокерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, орталық актуарийдің, кәсіби актуарийдің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғалардың қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды мыналар бойынша талаптар қою арқылы қолданады:

1) олардың қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіруді қамтамасыз ету;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын қоса алғанда, мәмілелердің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;

3) мыналар арқылы:

қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу;

жекелеген филиалдарды, өкілдіктерді, еншілес ұйымдарды жабу;

басшы қызметкерлер болып табылатын тұлғалардың ақшалай сыйақыларын және материалдық көтермелеудің өзге де түрлерін шектеу арқылы шығыстарды азайту;

4) активтердің белгілі бір түрлеріне инвестицияларды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;

5) сақтандыру резервтерін қосымша қалыптастыру;

6) жеке тұлғаны немесе ұйымды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру холдингімен ерекше қатынастармен байланысты тұлға деп тану;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру холдингімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен жеңілдікті жағдайларда жасалған мәміленің жағдайларын жеңілдікті жағдайлары бар мәміле жасалған күнге жасалған үшінші тұлғалармен осындай мәмілелердің жағдайларына ұқсас жағдайларға өзгерту;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру холдингімен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен операцияларды шектеу;

9) жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді, және (немесе) мерзімсіз және (немесе) субординацияланған қаржылық құралдар бойынша сыйақыларды есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтату;

10) ішкі саясат пен рәсімдерді, тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне қойылатын лимиттерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау рәсімдерін қайта қарау;

11) осы Заңның 160-бабында және (немесе) уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінде аталған тұлғаларды, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, орталық актуарий, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 160-бабында аталған тұлғаларды қызметтік міндеттерін орындаудан уәкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін шеттеткен жағдайда, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осындай қадағалап ден қою шарасы қолданылған кезде уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, орталық актуарий, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органның осы Заңның 160-бабында аталған тұлғаларды шеттету туралы қадағалап ден қою шарасын қолдану жөніндегі жазбаша хабарламасын алған күннен кейінгі күннен бастап алқалы органның шеттетілген тұлғаның қатысуымен болған барлық кейінгі шешімдері жарамсыз деп есептеледі;

12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына және (немесе) сақтандыру холдингіне тиесілі мүліктің құнына бағалау жүргізу;

13) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою;

14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) жою;

15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдағы немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталға айтарлықтай қатысатын ұйымдағы өз акцияларын, қатысу үлестерін, пайларын немесе үлестік қатысудың өзге де нысандарын азайтуы (иеліктен шығаруы) және (немесе) аталған ұйымдарды бақылауды жүзеге асыруды тоқтатуы;

16) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін және (немесе) жоғары өтімді активтердің жеткіліктілік нормативін уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден жоғары деңгейде ұстап тұру;

17) сақтандыру агентін сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тастау.

  1. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына, орталық актуарийге, кәсіби актуарийге, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағында белгіленген, орындалуы міндетті шараларды қабылдауға нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

Жазбаша нұсқамада уәкілетті орган белгілеген мерзімде уәкілетті органның осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) ұсыну туралы талап қамтылуы мүмкін.

Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын ол уәкілетті органға келіп түскен күннен кейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

Ұсынылған іс-шаралар жоспары бойынша уәкілетті органның ескертулері болған жағдайда және (немесе) егер жоспарланатын іс-шаралардың көлемі жиырма іс-шарадан асатын болса, іс-шаралар жоспарын қарау мерзімін уәкілетті орган тек бір рет қана он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

Іс-шаралар жоспарына ескертулер болған жағдайда уәкілетті орган ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалармен ортақ талқылаулар жүргізеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар пысықталған
іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органға ұсынады не осындай ескертулермен келіспеген жағдайда өз негіздемелерін ұсынады.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.

Уәкілетті орган ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар оны іске асыруға кіріседі.

Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды көрсете отырып, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолданады.

  1. Уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру брокері, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры немесе орталық актуарий арасында жасалған жазбаша келісім осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім болып табылады, онда анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді және (немесе) бұзушылықтарды жою мерзімдері және (немесе) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер және (немесе) бұзушылықтар жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесі көрсетіледі.

Жазбаша келісім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру брокері, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры немесе орталық актуарий тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру брокері, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, орталық актуарий, кәсіби актуарий уәкілетті органды жазбаша нұсқамада, іс-шаралар жоспарында және (немесе) жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру брокеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына, орталық актуарийге, кәсіби актуарийге байланысты емес себептермен жазбаша нұсқамада, іс-шаралар жоспарында және (немесе) жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы, іс-шаралар жоспарын және (немесе) жазбаша келісімді орындау мерзімі уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
  3. Филиалына уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарды қойған Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын, осы Заңның
    210-бабының 14-тармағында көзделген активтердің мөлшерін ұлғайту, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы тәуекелдерді барынша азайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған міндеттемелерді бұрын уәкілетті органға осы Заңның 17-бабы 11-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес орындайды.

  1. 8. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

 

223-бап. Мәжбүрлі қадағалап ден қою шаралары

 

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру холдингінің ірі қатысушыларына және сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру брокерінің қатысушыларына (акционерлеріне) мынадай жағдайларда:

1) осы Заңның 8-бабының 9-тармағында, 210-бабының 6-тармағында және 215-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларда;

2) егер өзге де қадағалап ден қою шараларын қолдану сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) заңды мүдделерін қорғауды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;

3) егер сақтандыру холдингінің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысының, және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының одан әрі нашарлауына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда мәжбүрлі қадағалап ден қою шараларын қолданады.

  1. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде уәкілетті орган:

1) ірі қатысушы белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;

2) сақтандыру брокерінің қатысушысынан (акционерінен) оның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын) иеліктен шығаруды талап етуге;

3) сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен оның тікелей немесе жанама иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге ұшырататын өзі мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;

4) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардан, сақтандыру холдингінен сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым немесе сақтандыру холдингі акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын өздерінің арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;

5) сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен өзінің иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарды не капиталында өздерінің қомақты қатысуы бар ұйымдарды бақылау белгілерін алып тастауды талап етуге;

6) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардан сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын өздері мен үлестес тұлғалары арасындағы операциялардың (тікелей және жанама) жүзеге асырылуын тоқтата тұруды талап етуге;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту мақсатында сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.

  1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға мәжбүрлі қадағалап ден қою шарасында белгіленген мерзімде уәкілетті органға жоспарланған
    іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының әрбір тармағын атқаруға жауапты қызметкерлер көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.
  2. Уәкілетті орган уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі
    іс-шаралар жоспарын ол уәкілетті органға келіп түскен күннен кейін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға ұсынған уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына уәкілетті органның ескертулері болған жағдайда, уәкілетті орган ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында ортақ талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі, уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімдерде ұсынады не мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.

Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға ұсынған уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды не ол бойынша жоспарланған іс-шараларды және (немесе) оларды атқару мерзімдерін түзету қажеттілігі туралы нұсқауды қамтитын өзінің қорытындысын жібереді.

 

224-бап. Санкциялар

 

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, кәсіби актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:

1) осы Заңның 225 және 229-баптарында белгіленген негіздер бойынша лицензиясының қолданылуын тоқтату;

2) осы Заңның 226, 229 және 231-баптарында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айыру;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бір немесе бірнеше пруденциялық нормативті және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп) бұзған және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда осы Заңның 197-бабының 2-тармағына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдау.

  1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалына бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:

1) осы Заңның 225-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысын тоқтата тұру;

2) осы Заңның 226-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру.

  1. Санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкцияларды таңдау кезінде мыналар:

1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;

2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;

3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;

4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;

5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, кәсіби актуарийдің қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензияны ерікті түрде қайтару (ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату) туралы шешім қабылдауы ескеріледі.

  1. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген санкция қолданылған жағдайда, берілетін сақтандыру портфелінің көлемі уәкілетті органның шешімімен міндеттемелердің мөлшері негізге алына отырып айқындалады, оларды беру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауын қамтамасыз етеді.

Уәкілетті органның сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешімінде сақтандыру сыныптары (түрлері) және (немесе) олар бойынша міндеттемелер берілуге тиіс сақтандыру шарттарының тізбесі, берілетін міндеттемелердің мөлшері және беруді жүзеге асыру мерзімі көрсетіледі.

Сақтандыру портфелі осы Заңның 218-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына беріледі.

Кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің бір немесе бірнеше қатысушысын таңдауды Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңның 228-бабының 6-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырады. Бұл ретте осы Заңның 228-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім уәкілетті орган сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап есептеледі.

Сақтандырушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беруге келісімі талап етілмейді.

Сақтандыру портфелі берілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандырушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды):

1) сақтандыру портфелін беру жоспарланғаны туралы – уәкілетті органның осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) сақтандыру портфелінің берілгені туралы және сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы – сақтандыру портфелін беру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

Сақтандыру портфелін беру жоспарланғаны туралы және сақтандыру портфелінің берілгені туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін масс-медиада, сондай-ақ сақтандыру портфелі берілуге тиіс (берілген) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

 

225-бап. Сақтандыру лицензиясының, қайта сақтандыру лицензиясының, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру

 

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің лицензиясының қолданылуын мынадай негiздердiң бiрi бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы:

1) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын орындамаған;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушы болмаған кезде сақтандыру холдингі, ірі қатысушы мәртебесі кері қайтарып алынған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;

4) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, міндетті сақтандыруды жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасын бұзу фактісі анықталған;

5) осы Заңның 166-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған;

6) осы Заңның 155-бабының 5-тармағының 6) тармақшасында белгіленген тыйым салуды бұзған;

7) сақтандыру брокері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген меншікті капиталдың ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамаған;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қоспағанда, сақтандыру шартын жасасуға байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға сақтандыру брокерінің қатысу фактісі анықталған;

9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін сақтамаған;

10) сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерінің қызметін тексеруге байланысты уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан;

11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге байланысты талаптарды бұзған;

12) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты заңнаманы бұзу фактiсi анықталған;

13) лицензия беруге негiз болған құжаттарда анық емес ақпарат беру фактiсi анықталған;

14) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған;

15) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған;

16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Заңда көзделген жағдайларда дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарты болмаған;

17) сақтандыру ұйымында осы Заңда болуы көзделген, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты болмаған;

18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Заңның 8-бабының
4-тармағына сәйкес ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі болмаған;

19) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның
223-бабының 2-тармағынасәйкес қойылатын талаптарды орындамаған;

20) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеген;

  1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру лицензиясының қолданылуы барлық сақтандыру сыныптары бойынша да, сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.

Сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін бір мезгілде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы сақтандыру лицензиясына және (немесе) қайта сақтандыру лицензиясына қатысты тоқтатыла тұруы мүмкін.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы лицензиясының қолданысы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін:

1) осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 20) тармақшаларында көзделген негіздер;

2) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының осы Заңның 27-бабының 3-тармағына және 210-бабының 14-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның осы Заңның 210-бабының 14-тармағына және 222-бабының 8-тармағына сәйкес қойылатын талаптарын орындамауы;

4) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін осы Заңның 35-бабында көзделмеген инвестициялық және өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалы қызметі процесінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды сақтамау;

6) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының (рұқсатының), Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданысын тоқтата тұруы.

  1. Сақтандыру лицензиясының қолданысын тоқтата тұру қолданылып жүрген шарттарды ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру ұйымы жауапкершiлiгiнiң көлемiн арттыруды көздейтiн өзгертуді қоса алғанда, лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған сақтандыру сыныптары бойынша жаңа сақтандыру шарттарын жасасуға тыйым салуға, ал қайта сақтандыру лицензиясының қолданысын тоқтата тұру екі жағдайда да қолданылып жүрген шарттарды ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, қайта сақтандыру ұйымы жауапкершiлiгiнiң көлемiн арттыруды көздейтiн өзгертуді қоса алғанда, жаңа қайта сақтандыру шарттарын жасасуға тыйым салуға, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.

Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.

  1. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.

Мұндай шешiм лицензиаттың атқарушы органының назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.

Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

  1. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша сақтандыру лицензиясының, қайта сақтандыру лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, уәкілетті орган лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының, соның ішінде әкімшілік шығыстарының ұлғаюын шектеуге құқылы.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына оның лицензиясының қолданысы осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатыла тұрған жағдайда қолданылады.

  1. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасының талаптары сақтандыру брокеріне қатысты қолданылмайды.

 

226-бап. Сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру

 

  1. Уәкілетті орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы:

1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;

2) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) орындамаған;

3) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті сыныптарын реттейтін заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi жүйелі түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамаған;

5) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;

6) осы Заңның 225-бабы 1-тармағының 15) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияны тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ақшаны жылыстатумен, терроризмді қаржыландырумен немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға міндетті мүшелік туралы талапты бұзған.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын барлық сақтандыру сыныптары немесе сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін бір мезгілде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру лицензиясынан және (немесе) қайта сақтандыру лицензиясынан айырылуы мүмкін.

  1. Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы:

1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер;

2) осы Заңның 225-бабының 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және
6) тармақшаларында көзделген жүйелі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзушылық;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің резиденттері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерін сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруы;

4) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;

5) осы Заңның 247-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелі болған кезде сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылуы мүмкін. Сақтандыру портфелі болмаған жағдайда сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын ерікті түрде қайтару жүзеге асырылады.
  2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс.
  3. Лицензиясынан айырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 227-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайда сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
  4. Жекелеген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айыру, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін бір мезгілде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тек сақтандыру лицензиясынан ғана немесе тек қайта сақтандыру лицензиясынан ғана айыру осы Заңның 227-бабында көзделген салдарларға әкеп соқпайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату үшін негіз болып табылмайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған сақтандыру сыныптары бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша ол өзі қабылдаған міндеттемелерді орындауға не осы Заңның 228-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешім күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылып жүрген шарттарды ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін арттыруды көздейтін оларды өзгертуді қоса алғанда, тиісті сақтандыру сыныптары бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады.

  1. Лицензиясынан айырылған сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, ол өзін ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру брокеріне келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім оны уәкілетті орган қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.

Лицензиядан айыру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

  1. Уәкілетті органның:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тек сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері ғана шағым жасауға құқылы;

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тек Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ғана шағым жасауға құқылы;

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тек Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері ғана шағым жасауға құқылы.

  1. Сақтандыру брокері лицензиясынан айырылған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру брокерінің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (оны тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.

 

227-бап. Сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырудың салдары

 

  1. Сақтандыру ұйымы барлық сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған не сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін бір мезгілде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы барлық сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан және қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған күннен бастап (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – лицензиядан айыру):

1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе олар (ол) уәкілеттік берген тұлғалар қатарынан тағайындалған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды жүзеге асыруды және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуді қоспағанда, оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе олар (ол) уәкілеттік берген тұлғалар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне билік етуге құқылы емес;

2) осы Заңда көзделген, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен орындалатын (орындалатын) кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру төлемін (төлемдерін) жүзеге асыру туралы соттардың шешімдерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты соттардың бұрын қабылданған шешімдерінің орындалуы тоқтатыла тұрады;

3) осы Заңның 226-бабының 6-тармағында көзделген шығыстарға, сондай-ақ осы Заңда көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша төлемдерге байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптары тарату өндірісінде қойылуы мүмкін;

4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары бойынша, соның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандырылуға тиіс талаптар бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкінен және сақтандырушының инвестицияларға қатысу шарты көзделген сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерден өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне өздеріне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек міндеттерін атқарудан шеттетілуге тиіс.

  1. Лицензиядан айыру туралы шешім күшіне енген күннен бастап уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық органдарының өкілеттіктері ауысады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын әрекет еткен органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.

Уақытша әкімшілікті уәкілетті орган өзінің қызметкерлері, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өкілдері қатарынан және (немесе) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 2-тармағында белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін өзге де тұлғалар қатарынан тағайындайды.

Уақытша әкімшілік басшысы мен мүшелерінің (уәкілетті органның, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлерін қоспағанда) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың еңбегіне ақы төлеу шарттары уәкілетті орган мен уақытша әкімшілік арасында жасалатын жеке шартпен белгіленеді.

  1. Уақытша әкімшілік өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда:

1) кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін осы Заңның 228-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен береді;

2) сақтандыру ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Заңға сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және таратылатын сақтандыру ұйымының дерекқорларынан таратылатын сақтандыру ұйымы шарттарының тізілімдерін қалыптастырады және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына береді;

3) осы Заңға сәйкес Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша төлемдерді жүзеге асыратыны туралы хабарландыру жариялайды. Бұл кепілдік төлемдерін жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін масс-медиада және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру портфелі берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
  2. Уақытша әкімшілік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылған күнге дейін бір жыл ішінде жасасқан мәмілелер бойынша, соның ішінде кредиторлардың өтінішхаты бойынша, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) осы Заңның 242-бабының 2-тармағында көзделген мәмілелердің жарамсыздық негіздері болған кезде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.

Осы тармақ шеңберінде мәмілелерді жарамсыз деп тануға осы Заңның 242-бабының 3, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылады.

  1. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.

Уақытша әкімшілік сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген рәсімдер аяқталғаннан кейін өзінің өкілеттіктерін тоқтатады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін тарату комиссиясының төрағасына береді.

Уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясының төрағасына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін қабылдау-өткізу төрт данада жасалатын актімен ресімделеді, оның бір данасы уәкілетті органға, екіншісі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Уәкілетті орган кез келген сәтте уақытша әкімшілік мүшелерін ауыстыруға құқылы.

Уәкілетті орган уақытша әкiмшiлiктің қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты анықтаған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жою және (немесе) белгiленген мерзiмде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы уақытша әкiмшiлiктер орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

Жазбаша нұсқамаға сәйкес ұсынылатын іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың сипаттамасы, себептері, жоспарланған іс-шаралар, оларды орындау мерзімдері және жауапты лауазымды тұлғалар көрсетіледі.

Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгінің орындалған жұмыс туралы есебі бекітілу үшін уәкiлеттi органға ұсынылады.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң өз қызметi кезеңiнде, осы Заңның 226-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс істеу, оның уақытша әкiмшiлiгін тағайындау тәртiбi, уақытша әкiмшiлiктің өкiлеттiктерi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң уәкілетті органға есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну тізбесі, нысандары, мерзімдері мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсінде айқындалады.
  4. Уақытша әкімшіліктің қызметіне байланысты шығыстар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі есебінен жабылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және Мемлекеттік корпорацияның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі шығыстарды қоспағанда, уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп таратуға байланысты шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы келтірген залал үшін уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Қалыпты өндірістік тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілікті уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелеріне жүктеуге жол беруге болмайды.
  2. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына осы Заңның 247-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, қолданылады.

 

228-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін беру

 

  1. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған жағдайда, уақытша әкімшілік лицензиядан айырылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Заңда көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің бір немесе бірнеше қатысушысына беруді жүзеге асыруға тиіс.

Уақытша әкімшіліктің немесе Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өтінішхаты бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімді уәкілетті орган оның шешімінде көрсетілген мерзімге ұзартуы мүмкін.

  1. Осы баптың 1-тармағына сәйкес сақтандыру портфелін беру сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) келісімінсіз жүзеге асырылады.
  2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес сақтандыру портфелін беру сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері есебінен, ал олар жеткіліксіз болған жағдайда - қосымша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының есебінен жүзеге асырылады.
  3. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін беру кезінде сақтандыру портфелімен бір мезгілде инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтер және оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістер (шығыстар) беріледі.
  4. Уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерге және оларды инвестициялаудан алынған (келтірілген) кірістерге (шығыстарға) билік етуді уақытша әкімшілік жүзеге асырады.

Егер уақытша әкімшілік сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзгеше шешім қабылдамаса, уақытша әкімшілікті тағайындау кастодиан банкпен және инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған шарттарды тоқтатпайды.

  1. Сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің бір немесе бірнеше қатысушысын таңдауды үйлестіру комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі жүзеге асырады.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушыны таңдау туралы шешімді Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру лицензиясынан айырылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей келісу үшін уәкілетті органға жіберіледі.

Уәкілетті орган осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының шешімін оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қабылдаған шешімін келісуден уәкілетті органның бас тартуына негіз болып табылады.

Уәкілетті органның Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының шешімін келісуден бас тартуы осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімді ұзарту үшін негіз болып табылады.

Уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры көрсетілген бас тартуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің басқа қатысушысын таңдайды және шешімді келісу үшін уәкілетті органға қайта жібереді.

Уәкілетті орган осы тармақтың алтыншы бөлігінде көрсетілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының шешімін бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Уәкілетті орган Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын және уақытша әкімшілікті Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының шешімін қарау нәтижелері туралы ол қаралған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырған жағдайда сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
  2. Уақытша әкімшілік уәкілетті органды сақтандыру портфелін берудің аяқталғаны туралы осындай беру аяқталған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
  3. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан айырылған жағдайда, сондай-ақ бір мезгілде сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін беруді уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімінде белгіленген мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асырады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтінішхаты бойынша көрсетілген мерзімді уәкілетті орган оның шешімінде көрсетілген мерзімге ұзартуы мүмкін.

Осы баптың 1, 2, 3, 5 және 8-тармақтарының ережелері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қолданылмайды.

Сақтандыру портфелін беру сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының), қайта сақтанушының (цеденттің) келісімінсіз жүзеге асырылады.

  1. Осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы жоғалған сақтандыру сыныптары бойынша және (немесе) қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін осы Заңның 218-бабы
    3-тармағының талаптарына сәйкес келетін бір немесе бірнеше тұлғаға беруді жүзеге асыруға міндетті.

Сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің бір немесе бірнеше қатысушысын таңдауды осы баптың
6-тармағында көзделген тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жүзеге асырады. Бұл ретте осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім уәкілетті орган сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап есептеледі.

Сақтандырудың өзге сыныптары бойынша және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелі берілетін тұлғаны (тұлғаларды) таңдауды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асырады және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін беруді аяқтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды), қайта сақтанушыларды (цеденттерді) сақтандыру портфелінің берілгені және сақтандыру портфелін қабылдаған тұлғалар туралы хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында сақтандыру портфелінің берілгені туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын осы Заңның 206-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелінің берілгені туралы хабардар етеді.

Осы тармақта көзделген жағдайларда сақтандыру портфелін беру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері есебінен жүзеге асырылады. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қаражаты осы мақсаттар үшін пайдаланылмайды.

Осы баптың 9-тармағында көрсетілген лицензиядан айыру туралы уәкілетті органның шешімінде белгіленген мерзімде сақтандыру портфелін беруді жүзеге асырмау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айыру үшін негіз болып табылады.

  1. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын филиалына осы Заңның 247-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

 

229-бап. Актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру

 

  1. Уәкілетті орган кәсіби актуарийдің актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын мынадай негіздердің кез келгені бойынша үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы:

1) уәкілетті орган өз құзыреті шегінде талап еткен актуарий қорытындысын және өзге де құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген немесе уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынбаған;

2) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын және уәкілетті органның өзге де талаптарын орындамаған;

3) осы Заңның 177-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған;

4) актуарлық қызметті Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;

5) уәкілетті органға жіберілген, оның ішінде лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат ұсыну фактісі анықталған;

6) уәкілетті орган анықтаған, оның ішінде дәлелді пайымдауды пайдалана отырып жүргізілген актуарлық есептеулердің және (немесе) кәсіби актуарий жасаған актуарлық қорытындылардың дұрыс еместігі және (немесе) дәл еместігі.

  1. Актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде көрсетілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негізі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

Актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы мұндай шешім лицензиаттың назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрған болып есептеледі.

Актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

  1. Уәкілетті орган кәсіби актуарийді мынадай негіздердің кез келгені бойынша:

1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар белгіленген мерзімде жойылмаған;

2) кәсіби актуарийдің сақтандыру ұйымының пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамауына алып келген Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасын бұзған;

3) көрінеу жалған актуарий қорытындысы берілген;

4) актуарий есеп айырысуларды жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыру барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия мәнін құрайтын мәліметтер жария етілген немесе үшінші тұлғаларға (уәкілетті органнан басқасына) берілген;

5) сот актуарийдің кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

  1. Актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешімде оны айырудың негіздемесі көрсетілуге тиіс.

Кәсіби актуарий оған көрсетілген шешім жеткізілген күннен бастап актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айырылған болып есептеледі.

Кәсіби актуарийді актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

 

230-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері 

 

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды, қағидалар мен стандарттарды сақтамаған жағдайда, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған кезде осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады.

Ықпал ету шаралары деп орындалуға міндетті жазбаша нұсқама және санкциялар түсініледі.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымды анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды жоюға бағытталған орындалуға міндетті шараларды қабылдауға нұсқау беру жазбаша нұсқама болып табылады.

Жазбаша нұсқамада осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсыну туралы талап қамтылуы мүмкін.

Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның жауапты басшы қызметкерлері көрсетіледі.

Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың және (немесе) осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

  1. Уәкілетті орган белгілеген мерзімде жазбаша нұсқама орындамаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерін қызметінен шеттету және (немесе) осы Заңның 185-бабында көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның барлық немесе жекелеген функцияларын орындауды тоқтата тұру туралы талап жіберуге құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері шеттетілген жағдайда, оны алмастыру тәртібі мен міндеттерін орындау мерзімдері сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында айқындалады.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға осы Заңның 189-бабы 3-тармағының 2), 4), 5) және
    6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен алып тастау түріндегі санкцияны қолдануға құқылы.

 

231-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызмет ету қабілетін бағалау

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызмет ету қабілетін бағалау уәкілетті орган, оның ішінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, бағалаушылар, аудиторлық және (немесе) өзге де мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, мынадай мақсатта жүргізетін кешенді талдауды білдіреді:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық, бухгалтерлік және экономикалық жағдайы, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қабілеті:

пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді сақтауға;

өзінің кредиторлары мен клиенттері алдындағы міндеттемелерді орындауға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін орнықты негізде жүзеге асыруға;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын төлемге қабілетсіз немесе әлеуетті төлемге қабілетсіз деп тану үшін негіздердің болуы.

  1. Уәкілетті органның Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұйымдарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызмет ету қабілетіне бағалау жүргізу үшін тартуға байланысты шығыстары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен төленеді (өтеледі).
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызмет ету қабілетін бағалау мынадай негіздердің кез келгені болған кезде жүргізіледі:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін және (немесе) жоғары өтімді активтерінің жеткіліктілігі нормативін уәкілетті орган белгілеген ең төменгі мәннен төмен деңгейге дейін төмендету;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды орындамауы;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын корпоративтік басқаруындағы және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде едәуір бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау;

5) уәкілетті органның қадағалау функциялары шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның кредиторлары мен клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің орнықтылығына қатер төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы;

6) осы Заңның 222-бабында көзделген қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралардың және (немесе) осы Заңның 223-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларының орындалмауы;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айыру үшін осы Заңда белгіленген негіздердің болуы;

8) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздердің кез келгені сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты келесі алты ай ішінде туындайтынын көрсететін мән-жайлардың (мәліметтердің) болуы.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызмет қабiлетiн бағалауды жүргiзу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
  2. Уәкілетті орган қызмет қабілеттілігін бағалау нәтижелері бойынша, егер мұндай ұйым өзінің қаржылық жай-күйінің нашарлауы немесе қаржылық орнықтылығының жоғалуы салдарынан кредиторлар мен клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындауға қабілетсіз не жоғары ықтималдықпен орындай алмайтыны анықталса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын төлемге қабілетсіз не әлеуетті төлемге қабілетсіз деп тануға құқылы.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабілеттілігі жоқ немесе әлеуетті төлем қабілеттілігі жоқ деп танылған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдайды.

 

 

11-БӨЛІМ. ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

34-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫН, САҚТАНДЫРУ ХОЛДИНГІН ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

232-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастырудың жалпы шарттары

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатымен акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) біріктіру немесе қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсаты әрбір қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (әрбір қайта ұйымдастырылатын сақтандыру холдингі) үшін талап етіледі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатты беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ерікті түрде қайта ұйымдастырылуын жүргізуге арналған рұқсат алуға өтінішхат беру үшін осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешімінің болуы негіз болып табылады, ал сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын біріктіру немесе қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырған жағдайда – қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органға осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым салу осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап қолданылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлер жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 17-бабы 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингін басқарудың жоғары органы) акционерлерінің жалпы жиналысының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімі, ал сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бірігу немесе қосылу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда – қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) қайта ұйымдастырылуын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаны ерікті түрде қайта ұйымдастырған жағдайда, іс-шаралар жоспарында осы Заңның 218-бабына сәйкес берілетін сақтандыру портфелі және сақтандыру портфелін беру жоспарланып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы мәліметтер, сондай-ақ оны жүзеге асыру мерзімдері қамтылады.

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) ерікті түрде қайта ұйымдастырылғаннан кейінгі оның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы.

 Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, бірігу немесе қосылу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге арналған уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішхатқа қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданған шешім негізінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қол қойылған бірігу немесе қосылу туралы шарт қоса берілуге тиіс.

  1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге арналған рұқсатты алу туралы өтінішхатты құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
  2. Қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (қайта ұйымдастырылатын сақтандыру холдингі) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде өзінің барлық сақтанушыларына алдағы өзгерістер туралы тікелей хабарлау және Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін кемінде екі бұқаралық ақпарат құралында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыруды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жариялау арқылы хабарлауға міндетті.
  3. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың біреуі орындалған кезде сақтандыру холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаларға қолданылмайды:

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің
А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының бейрезидент тұлғалары шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қаржылық қадағалау органы арасында қаржылық қадағалау саласында ақпарат алмасу туралы келісімнің, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, қадағалау ақпаратымен алмасу туралы хаттар және (немесе) хат-хабарлар түріндегі келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болуы. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

 

233-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту

 

  1. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатты беруден бас тарту кез келген мынадай негiз бойынша жүргiзiледi:

1) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиiстi шешiмдерiнiң болмауы;

 2) болжамды қайта ұйымдастыру нәтижесінде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерінің бұзылуы;

3) болжамды қайта ұйымдастыру нәтижесінде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің, сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің бұзылуы.

4)  Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының болжамды қайта ұйымдастыру салдарынан бұзылуы;

5) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;

6) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі.

  1. Уәкілетті орган өтініш берушіні бас тарту негіздерін көрсете отырып, оны ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.

 

 

12-БӨЛІМ. ТАРАТУ

 

35-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫН ТАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

234-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының түрлері және оларды таратудың негіздері

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

1) уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша (ерiктi түрде тарату);

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша (мәжбүрлеп тарату) таратылуы мүмкін.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.

 

 

36-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫН ЕРІКТІ ТҮРДЕ ТАРАТУ

 

235-бап. Ерікті түрде тарату

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

1) уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осындай шешімнің көшірмесін жіберуге міндетті;

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері оны ерікті түрде тарату туралы жалпы жиналысының шешімі осы тармақшаға сәйкес уәкілетті органға хабарланған күннен бастап жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға, оның ішінде қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының қолданылу мерзімін ұзартуға және оларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыйлықақыларын, жауапкершілік көлемін ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізуге тыйым салуға алып келеді, ал уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, осындай бас тартуға дейін қолданылады;

2) сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясы, қайта сақтандыру лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын бір немесе бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына беруге міндетті.

  1. Сақтандыру портфелі осы Заңның 218-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен берілгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатқа тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар қоса берілуге тиіс.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға рұқсат беру немесе көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы бұрын қабылданған акционерлердің жалпы жиналысының шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының хаттамасы жасалып, оған қол қойылған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде осы Заңның 17-бабы 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бизнес-жоспарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

Бұл ретте осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тыйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды уәкілетті орган мақұлдағанға дейін қолданылады.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат алуға арналған өтініш қабылданған күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органда қаралуға тиіс.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартуды уәкілетті орган мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүзеге асырады:

     1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;

      2) болжамды ерікті түрде тарату нәтижесінде сақтанушылардың (пайда алушылардың) және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерінің бұзылуы;

      3) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерінің өзі белгілеген мерзімде жойылмауы;

      4) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуы үшін қаражатының жеткіліксіздігі;

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінің болуы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бұл туралы уәжді шешім шығарады және оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының назарына жеткізеді.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратуға рұқсат алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде сақтандыру лицензиясын, қайта сақтандыру лицензиясын уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
  2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсаты алынғаннан кейін таратуды оның акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар тарату комиссиясын құру арқылы жүзеге асырылады.
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі тоқтатылғаны тіркелгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы ерікті түрде тарату процесінің аяқталғаны туралы уәкілетті органды он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
  4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, мәжбүрлеп таратылуға жатады.

Ерікті түрде тарату процесін аяқтаудың мүмкін болмауына байланысты уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы арызбен сотқа жүгінеді.

 

 

37-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫН МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТУ

 

 236-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратудың негіздері

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату:

1) осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру ұйымынан қайта сақтандыру лицензиясынан, сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін бір мезгілде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан және қайта сақтандыру лицензиясынан айырылуына;

  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінуіне;
  • ерікті түрде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату процесін аяқтаудың мүмкін болмауына байланысты заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізіледі.
  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сот бұл туралы уәкілетті органға және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына хабарлайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оларға осы шешімнің көшірмесін жібереді.

 

237-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өзге де негіздер бойынша тарату

 

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату сақтандыру ұйымын сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру ұйымын қайта сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешім болмаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінуі бойынша сот іс қозғаған жағдайда, осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
  2. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімді уәкілетті органға жібереді.

Осы Заңның 236-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қозғалған іс бойынша соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру ұйымы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, ал қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру лицензиясынан айырылады.

 

238-бап. Мәжбүрлеп таратуды жүргізудің шарттары мен тәртібі

 

  1. Соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап:

осы Заңның 227-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және
5) тармақшаларында көзделген салдар басталады;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс істеп келген органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы қызметкерлері, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады;

мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының қолданылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен, осы Заңда көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша жасалған шарттарды қоспағанда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

  1. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін бағалауды Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
  2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шетел валютасында көрсетілген міндеттемелері соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
  3. Аралық тарату балансын және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
  4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының комиссиясы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өткізуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.
  5. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметін бақылауды жүзеге асырады.
  6. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкілетті органға атқарылған жұмыс туралы есептерді беруге және оның жазбаша сұрау салуы бойынша өз қызметі туралы қосымша мәліметтерді және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректерді ұсынуға міндетті.
  7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын ұсынады.

Сот уәкілетті органнан және тарату комиссиясынан тарату ісін жүргізуге байланысты кез келген ақпаратты сұратуға құқылы.

Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтеді және тарату iсiн жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.

Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн Мемлекеттік корпорацияға және уәкiлеттi органға жiбередi.

Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оларды – Мемлекеттік корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртібі және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату аяқталғаннан кейін архивке құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.

  1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.

 

239-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитеті

 

  1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату рәсіміне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.

Кредиторлар комитетінің құрамын уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының ұсынуы бойынша бекітеді.

  1. Кредиторлар комитетін қалыптастыру және оның қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

 

240-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы

 

  1. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн тарату iсiн жүргізуді қозғайды және уәкiлеттi органға оның филиалдары мен өкiлдiктерiнің болуын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндет жүктейдi.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдайды.

  1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган:

1) уәкілетті органның қызметкерлері;

2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері;

3) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері (жалғыз акционері) немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген тұлғалар арасынан тағайындайды.

  1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау мен босату тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талап уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
  2. Тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, кредиторлар комитетімен жасасатын келісіммен реттеледі.

  Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетiн ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

 

241-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату массасы

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату массасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату рәсімі шеңберінде өндіріп алуға қолданылуы мүмкін мүліктік құқықтары (талаптары) құрайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату массасын қалыптастыру және түгендеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату массасына енгізілмейді.

 

242-бап. Мәмілелерді жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару

 

  1.  Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы, оның ішінде кредиторлардың өтінішхаты бойынша, соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнге дейін үш жыл ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) осы бапта көзделген, мәмілелердің жарамсыздығына негіздер болған кезде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендерден басқа, мәмілелерді жарамсыз деп танудың негіздері мыналар болып табылады:

1) екінші тараптың міндеттемелерді тең емес қарсы орындауы:

егер мәміленің бағасы және (немесе) оның өзге де талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін айтарлықтай қолайсыз жағына салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас мәмілелердің бағасынан және (немесе) өзге де талаптарынан айтарлықтай ерекшеленсе, егер мәміленің салдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының залал шегуіне әкеп соқса (әкеп соғатын болса);

егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген мүліктің немесе оның міндеттемелерді өзге де орындауы нәтижесінде жүзеге асырған орындаудың нарықтық құны осындай міндеттемелерді қарсы орындаудың талаптары мен мән-жайлары ескеріле отырып айқындалған алынған қарсы орындаудың құнынан айтарлықтай асып кетсе;

егер мәміле Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұза отырып, өтеусіз жасалса немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға қатысты жасалса;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жекелеген кредиторға немесе өзге тұлғаға қатысты есеп айырысуларды жүзеге асыруы, соның салдарынан талаптарды қанағаттандыру кезінде кредиторлардың біріне басқа кредиторлар алдында артықшылық көрсетілсе, егер мәміле жасалған кезде орындалу мерзімі әлі басталмаған бір кредитордың немесе бірнеше кредитордың талаптары қанағаттандырылған жағдайда, басқа кредиторлар алдындағы белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелер болған кезде.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылғанға дейінгі бір жыл ішінде жасалған мәмілелердің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзімі олар анықталған күннен бастап бес жылды құрайды.

  1. Мәмілені жарамсыз деп таныған кезде жауапкер мәміле бойынша алынғанның барлығын қайтаруға, ал заттай қайтару мүмкін болмаған жағдайда – қайтарылуға жататын мүліктің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын өтеуге міндетті.

Мүлікті қайтару мүмкін болмаған немесе мүлік оның жоғалуына, бүлінуіне байланысты не кейіннен оны үшінші тұлғалардың адал ниетпен иемденуіне байланысты өтеусіз берілген жағдайда, талап етілетін мүліктің бастапқы иеленушілері жоғалған, бүлінген немесе үшінші тұлғалар адал ниетпен иемденген мүліктің құны шегінде осыған байланысты туындаған залалдарды өтеу бойынша жауапты болады.

Мүліктің құнын бастапқы иеленушілердің өтеуі мүмкін болмаған жағдайда, мүлікті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған тұлға сот тәртібімен субсидиарлық жауапкершілікке тартылуға тиіс.

  1. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингтеріне дивидендтер есептеу және төлеу туралы шешімдеріне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу туралы келісімдер мен бұйрықтарға және осындай төлемдердің өздеріне де қолданылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингтеріне дивидендтер есептеу және (немесе) төлеу туралы шешімдерінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу туралы келісімдер мен (немесе) бұйрықтардың және осындай төлемдердің өздерінің жарамсыздығына Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданған қадағалап ден қою шараларында белгіленген дивидендтерді және (немесе) сыйақыларды есептеу және (немесе) төлеу тәртібіне және (немесе) негіздеріне қойылатын талаптар мен (немесе) шектеулердің бұзылуы негіз болып табылады:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне дивидендтерді;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне сыйақыларды.

  1. Осы баптың 2-тармағының ережелері мынадай жағдайларды қоспағанда, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қатысты қолданылмайды:

1) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейінгі бір ай ішінде жасалса;

2) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған күнге дейінгі бір ай ішінде жасалса;

3) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейінгі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған күнге дейінгі алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен немесе оның мүддесі үшін жасалса;

4) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейінгі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған күнге дейінгі алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы белгілерінің бар екенін білген (немесе білуге тиіс болған) тұлғамен жасалса;

5) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша тараптардың ауысуы (әмбебап құқық мирасқорлығы нәтижесінде тараптардың ауысуын қоспағанда) мынадай жағдайлардың бірінде жүзеге асырылса:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейінгі бір ай ішінде;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған күнге дейінгі бір ай ішінде;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейінгі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған күнге дейінгі алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейінгі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған күнге дейінгі алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы белгілерінің бар екенін білген (немесе білуге тиіс болған) тұлғамен.

  1. Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыз болуы, егер бас қаржылық келісімге және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тануға негіздер болмаса, бас қаржылық келісімнің өзінің және бас қаржылық келісім шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыз болуына алып келмейді.

 Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, егер олар бойынша неттинг аяқталмаған болса, мұндай мәмілелер неттингпен қамтылатын мәмілелер қатарынан шығарылады. Егер неттинг аяқталып, нетто-міндеттеме (нетто-талап) айқындалса, неттинг нәтижелері және олардың негізінде жүргізілген аяқталған есеп айырысулар қайта есептеуге жатпайды, ал мұндай мәмілелердің жарамсыздығының салдары «Капитал нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 70-бабының 9-тармағына сәйкес іске асырылады.

 

243-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі

 

  1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларының талаптары осы бапта белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.
  2. Тарату ісін жүргізуге байланысты, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі есебінен кезектен тыс жүргізіледі.
  3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:

1) бірінші кезекте сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

2) екінші кезекте мынадай талаптар қанағаттандырылады:

сақтандыру шарттары бойынша жауапкершілікке байланысты емес негіздер бойынша тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен олардың алдында мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болатын жеке тұлғалар;

жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттерді төлеу бойынша;

сақтандыру ұйымының басшы қызметкерлерін қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы және өтемақы төлеу бойынша;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу бойынша;

жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша;

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды төлеу бойынша;

авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша;

3) үшінші кезекте сақтандырылушының жеке басына байланысты жасалған сақтандыру шарттары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

4) төртінші кезекте кредиторлар - жеке тұлғалардың өздері жасасқан мүліктік сақтандыру шарттары және сақтандырылушының жеке басына байланысты емес сақтандырудың басқа да түрлері бойынша талаптары қанағаттандырылады;

5) бесінші кезекте осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгендерден өзге сақтандыру шарттары бойынша кредиторлардың талаптары, сондай-ақ сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жүзеге асырылған кепілдік төлемдері бойынша, Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда таратылатын сақтандыру ұйымының басқа сақтандыру ұйымына берілетін сақтандыру портфеліне ақы төлеуге байланысты шығыстар бойынша және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша талаптары қанағаттандырылады;

6) алтыншы кезекте осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда сақтандыру ұйымының акционерлері болып табылмайтын кепілді кредиторлардың кепілге қойылған мүліктің құнынан аспайтын мөлшердегі талаптары қанағаттандырылады;

7) жетінші кезекте салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару бойынша берешек өтеледі;

8) сегізінші кезекте, қанағаттандыру тоғызыншы, оныншы және он бірінші кезектерде жүзеге асырылатын талаптарды қоспағанда, сақтандыру ұйымының акционерлері болып табылмайтын өзге кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

9) тоғызыншы кезекте оныншы және он бірінші кезектерде қанағаттандыру жүзеге асырылатын талаптарды қоспағанда, сақтандыру ұйымының акционерлері болып табылатын, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының мүлік кепілімен қамтамасыз етілген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

10) оныншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының реттелген борышы бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

11) он бірінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.

  1. Қайта сақтандыру ұйымы кредиторларының белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:

1) бірінші кезекте мынадай талаптар қанағаттандырылады:

мәжбүрлеп таратылатын қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру шарттары бойынша жауапкершілікке байланысты емес негіздер бойынша өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиян үшін жауапты болатын жеке тұлғалардың тиісті мерзімдік төлемдерін капиталдандыру арқылы;

жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттерді төлеу бойынша;

қайта сақтандыру ұйымының басшы қызметкерлерін қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақы төлеу бойынша;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу бойынша;

жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша;

жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды төлеу бойынша;

авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша;

2) екінші кезекте «өмірді сақтандыру» саласы бойынша шарттардан туындайтын қайта сақтанушылардың (цеденттердің) талаптары қанағаттандырылады;

3) үшінші кезекте «жалпы сақтандыру» саласы бойынша шарттардан туындайтын қайта сақтанушылардың (цеденттердің) талаптары қанағаттандырылады;

4) төртінші кезекте осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда, қайта сақтандыру ұйымының акционерлері болып табылмайтын кепіл кредиторлардың кепілге қойылған мүліктің құнынан аспайтын мөлшердегі талаптары қанағаттандырылады;

5) бесінші кезекте салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару бойынша берешек өтеледі;

6) алтыншы кезекте, қанағаттандыру жетінші, сегізінші және тоғызыншы кезектерде жүзеге асырылатын талаптарды қоспағанда, қайта сақтандыру ұйымының акционерлері болып табылмайтын өзге кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

7) жетінші кезекте, қанағаттандыру сегізінші және тоғызыншы кезектерде жүзеге асырылатын талаптарды қоспағанда, қайта сақтандыру ұйымының акционерлері болып табылатын, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын қайта сақтандыру ұйымының мүлік кепілімен қамтамасыз етілген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

8) сегізінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын қайта сақтандыру ұйымының реттелген борышы бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;

9) тоғызыншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын қайта сақтандыру ұйымының мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.

  1. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.

Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.

  1. Бір кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезінде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі кепіл кредиторларының талаптарын қоспағанда, осы кезектегі кредиторлар арасында қанағаттандырылуға жататын талаптардың сомаларына пропорционалды түрде бір мезгілде бөлінеді.
  2. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепілге қойылған мүлкімен қамтамасыз етілген кредиторлардың талаптары бойынша тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде кепілге қойылған мүлікке бағалау жүргізеді.

Тарату комиссиясы кепілге қойылған мүлікті бағалау нәтижелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды тиісті кепіл кредиторына немесе синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кредиторлар синдикаты қатысушыларының атынан және олардың мүдделері үшін әрекет ететін банк-агентке осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес өтелуге жататын сомаларды көрсете отырып, кепілге қойылған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсыныспен жібереді.

Синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кредиторлар синдикаты қатысушыларының атынан және олардың мүдделері үшін әрекет ететін банк-агент тарату комиссиясының кепілге қойылған мүлікті заттай қабылдау туралы келіп түскен ұсынысы туралы кредиторлар синдикатының қатысушыларын хабардар етуге міндетті.

Кепіл кредиторы немесе синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кредиторлар синдикаты қатысушыларының атынан және олардың мүдделері үшін әрекет ететін банк-агент осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ұсынысты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, кепілге қойылған мүлікті заттай қабылдауға келісімін немесе одан бас тартуын жазбаша түрде білдіруге міндетті. Синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кредиторлар синдикаты қатысушыларының атынан және олардың мүдделері үшін әрекет ететін банк-агенттің келісіміне «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында немесе шетел құқығымен реттелетін синдикатталған қарыз шартында көзделген тәртіппен қабылданған кредиторлар синдикаты қатысушыларының тиісті шешімі қоса беріледі.

Кепіл кредиторы кепілге қойылған мүлікті заттай қабылдауға келісім берген жағдайда, тарату комиссиясына кепілге қойылған мүлікті заттай қабылдайтыны туралы жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап бір айдан кешіктірмей, оны қабылдағанға дейін кепілге қойылған мүлікті бағалауға және ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында белгіленген екінші кезектің құрамына енгізілген (сақтандыру ұйымы үшін) немесе осы баптың 4-тармағында белгіленген бірінші кезектің құрамына енгізілген (қайта сақтандыру ұйымдары үшін) еңбекке ақы төлеу жөніндегі кредиторлардың талаптарын көрсетілген талаптарды өтеу үшін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге мүлкі болмаған жағдайда өтеуге міндетті. Еңбекке ақы төлеу жөніндегі кредиторлардың талаптары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің шегінде, үш айдан аспайтын кезең үшін, бірақ кепілге қойылған мүліктің бағалау құнының он бес пайызынан аспайтын мөлшерде қанағаттандырылады.

Кепілге қойылған мүлікті заттай қабылдауға келісімді синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кредиторлар синдикаты қатысушыларының атынан және олардың мүдделері үшін әрекет ететін банк-агент білдірген жағдайда, кепілге қойылған мүлікті бағалауға және ұстауға байланысты әкімшілік шығыстар, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында белгіленген екінші кезектің құрамына енгізілген (сақтандыру ұйымы үшін) немесе осы баптың 4-тармағында белгіленген бірінші кезектің құрамына енгізілген (қайта сақтандыру ұйымдары үшін) еңбекке ақы төлеу жөніндегі кредиторлардың талаптары осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген мерзімде, мұндай мүлікті заттай қабылдағанға дейін, синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кепілмен қамтамасыз етілген олардың талаптарының мөлшерлеріне пропорционалды түрде кредиторлар синдикатының қатысушылары тарапынан өтелуге жатады.

Тарату комиссиясы кепіл кредиторы, кредиторлар синдикатының қатысушылары осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес кепілге қойылған мүлікті бағалауға және ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында белгіленген екінші кезектің құрамына енгізілген (сақтандыру ұйымы үшін) немесе осы баптың 4-тармағында белгіленген бірінші кезектің құрамына енгізілген (қайта сақтандыру ұйымдары үшін) еңбекке ақы төлеу жөніндегі кредиторлардың талаптарын өтеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кепілге қойылған мүлікті олардың талаптарын қанағаттандыру есебіне кепіл кредиторына, кредиторлар синдикатының қатысушыларына береді. Кредиторлар синдикатының қатысушылары кепілге қойылған мүлікті синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кепілмен қамтамасыз етілген олардың талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде үлестік меншікке қабылдайды.

Егер осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген өтелген кредиторлар талаптарын шегергендегі кепілге қойылған мүліктің бағалау құны:

кепіл кредиторының, кредиторлар синдикатының қатысушыларының талаптарының мөлшерінен артық болса – айырма кепілге қойылған мүлік кепіл кредиторына, кредиторлар синдикатының қатысушыларына берілген күннен бастап бір ай ішінде кепіл кредиторы немесе синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кредиторлар синдикатының қатысушыларының атынан және олардың мүдделері үшін әрекет ететін банк-агент тарапынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату массасына беріледі;

кепіл кредиторының, кредиторлар синдикаты қатысушыларының талаптарының мөлшерінен аз болса, кепіл кредиторының, кредиторлар синдикаты қатысушыларының талаптары айырма мөлшерінде тарату массасының құрамына енгізіледі және осы баптың 3-тармағында белгіленген сегізінші кезектің (сақтандыру ұйымдары үшін) немесе осы баптың
4-тармағында белгіленген алтыншы кезектің (қайта сақтандыру ұйымдары үшін) құрамында қанағаттандырылуға жатады.

  1. Осы баптың 3-тармағында белгіленген алтыншы кезек (сақтандыру ұйымдары үшін) немесе осы баптың 4-тармағында белгіленген төртінші кезек (қайта сақтандыру ұйымдары үшін) шеңберінде кепіл кредиторының талаптарын қанағаттандыру мынадай жағдайлардың бірінде жүзеге асырылады:

1) кепіл кредиторының немесе синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кредиторлар синдикатының қатысушыларының атынан және олардың мүдделері үшін әрекет ететін банк-агенттің осы баптың
7-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес кепілге қойылған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартуы;

2) кепіл кредиторының немесе синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кредиторлар синдикатының қатысушыларының атынан және олардың мүдделері үшін әрекет ететін банк-агенттің тарату комиссиясының ұсынысына осы баптың 7-тармағының төртінші бөлігінде көзделген мерзімде жауап бермеуі;

3) осы баптың 7-тармағының бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік шығыстар мен кредиторлардың талаптарын толық көлемде өтемеу.

Осы баптың 3-тармағында белгіленген алтыншы кезек (сақтандыру ұйымдары үшін) немесе осы баптың 4-тармағында белгіленген төртінші кезек (қайта сақтандыру ұйымдары үшін) шеңберінде кепіл кредиторының талап ету сомасын айқындау кезінде міндеттеме бойынша берешектің кепілмен қамтамасыз етілген бөлігі ескеріледі.

Кепіл кредиторының талаптары кепілге қойылған мүлікті өткізуден түскен сома мөлшерінде қанағаттандырылады.

Кепілге қойылған мүлікті өткізуден түскен сомадан асатын кепіл кредиторының талап ету сомасы осы баптың 3-тармағында белгіленген сегізінші кезектің (сақтандыру ұйымдары үшін) немесе осы баптың
4-тармағында белгіленген алтыншы кезектің (қайта сақтандыру ұйымдары үшін) құрамына енгізілуге жатады.

Егер кепілге қойылған мүлік синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету нысанасы болып табылса, кепіл нысанасын өткізуден түскен ақша, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, кредиторлар синдикатының қатысушылары арасында олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшерлеріне пропорционалды түрде бөлінеді.

Кепілге қойылған мүліктің жоғалуы немесе бүлінуі үшін сақтандыру төлемі алынған жағдайда, кепіл кредиторының талаптары кепілге қойылған мүліктің сақтандыру төлемімен өтелмеген, қалған құны мөлшеріндегі бөлігі бойынша қанағаттандырылуға жатады.

Кепілге қойылған мүлік жоғалған жағдайда, жоғалған кепілге қойылған мүлікпен қамтамасыз етілген талаптар осы баптың 3-тармағында белгіленген сегізінші кезектің (сақтандыру ұйымдары үшін) немесе осы баптың
4-тармағында белгіленген алтыншы кезектің (қайта сақтандыру ұйымдары үшін) құрамына енгізілуге жатады.

  1. Осы баптың 7 және 8-тармақтарының ережелері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері болып табылатын кредиторларға қолданылмайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері болып табылатын кредиторлардың мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін кепілге қоюмен қамтамасыз етілген талаптары осы баптың 3-тармағында белгіленген тоғызыншы кезек (сақтандыру ұйымдары үшін) немесе осы баптың 4-тармағында белгіленген жетінші кезек (қайта сақтандыру ұйымдары үшін) шеңберінде өтелуге жатады. Көрсетілген талаптарды қамтамасыз ететін кепілге қойылған мүлік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату массасының құрамына енгізіледі және тарату комиссиясы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларының талаптарын осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген кезектілікке сәйкес жалпы негіздерде өтеу үшін пайдаланады.

 

 

244-бап. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату процесіндегі өкілеттіктері

 

  1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:

1) тарату комиссиясының есептерді және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін белгілеуге;

2) тарату комиссиясынан атқарылған жұмыс туралы есептерді, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпарат алуға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тарату комиссиясының қызметіне тексеру жүргізуге;

4) тарату комиссиясының қызметінде сақтанушылардың (пайда алушылардың) және өзге де кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төндіретін жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған не сақтанушылардың (пайда алушылардың) және өзге де кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының бұзылуы анықталған кезде, тарату комиссиясының қызметіндегі анықталған кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді, бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы тарату комиссиясы орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалар көрсетіледі.

Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сот тәртібімен шағым жасау оның орындалуын тоқтатпайды;

5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, тарату комиссиясының мүшелерін ауыстыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ сақтанушылардың (пайда алушылардың) және өзге де кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге.

6) тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру мен бекіту ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;

7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу қағидаларын орындауы, қолма-қол ақшаның жұмсалуын, касса қалдықтарының лимиттерін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны салу мерзімдерін айқындауға құқылы.

  1. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

 

38-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕЙРЕЗИДЕНТ САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ

 

245-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы қызметінің түрлері мен оны тоқтатудың негіздері

 

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімі бойынша, бұл шешім Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының келісімі (рұқсаты) негізінде қабылданған не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұндай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растауы болған кезде және уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда (қызметті ерікті түрде тоқтату);

2) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын барлық сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешімі бойынша не осы Заңның 247-бабында көзделген жағдайларда соттың шешімі (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

246-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитеті

 

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсіміне олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.

Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитетінің құрамы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкілетті орган бекітеді.

  1. Кредиторлар комитетiнiң құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

 

247-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатудың шарттары мен тәртібі

 

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату жүзеге асырылады:

1) уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының осы Заңда көзделген негіздер бойынша барлық сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылуына байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан (рұқсаттан) айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты;

2)  Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату туралы уәкілетті мемлекеттік органның арызы (талап қоюы) бойынша соттың шешімімен.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы соттың шешімі уәкілетті органға жіберіледі.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы барлық сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату кезінде уәкілетті орган Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына хабарлайды және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оған осындай шешімнің көшірмесін жібереді.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айырылған күннен бастап уәкілетті орган осы Заңның 227-бабында белгіленген функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын және осы баптың ерекшеліктерін ескере отырып, осы Заңның 228-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру портфелін беретін уақытша әкімшілікті тағайындайды.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының қолданылуы осы Заңда көзделген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша жасалған шарттарды қоспағанда, мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру тек Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшасы есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда, кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беру Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру рәсімін және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуды аяқтағаннан кейін өз өкілеттіктерін тоқтатады және сақтандыру портфелін беруге және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты құжаттарды осы Заңның 248-бабына сәйкес уәкілетті орган тағайындайтын қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясына береді.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі осы Заңның 238-бабының 2, 4, 5 және 7-тармақтарына және 243-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты барлық шығыстар тек Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен, оның ішінде резерв ретінде қабылданған Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтері есебінен жүзеге асырылады.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шетел валютасында көрсетілген міндеттемелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын барлық сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясынан, қайта сақтандыру лицензиясынан айыру туралы уәкілетті органның шешімі қабылданған күнгі жағдай бойынша теңгемен есепке алынады.
  2. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын тиісті шет мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алмасу қаржылық қадағалау саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімде, оның ішінде өзара түсіністік туралы меморандум, хаттар және (немесе) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасындағы қадағалау ақпаратымен алмасу туралы хат-хабар нысанында көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.

 

248-бап. Қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының  тарату комиссиясы

 

  1. Осы Заңның 247-бабына сәйкес тағайындалған уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру рәсімін және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуды аяқтаған күннен бастап уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясын тағайындайды.

Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібі, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
  2. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақы алуға құқығы, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктерінің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және тарату комиссиясының кредиторлар комитетімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.

Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және тартылған өзге де жұмыскерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

  1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын тарату комиссияларының қызметін осы Заңның 244-бабына сәйкес бақылауды жүзеге асырады.

 

249-бап. Қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының  тарату массасын қалыптастырудың ерекшеліктері

 

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату массасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қалыптастырылады.
  2. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату массасына осы Заңның 241-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген активтер енгізілмейді.

 

250-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату

 

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы:

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы хаттамасын жасасқан және оған қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осындай шешімнің көшірмесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының келісімін (рұқсатын) не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұндай келісім (рұқсат) талап етілмейтіні туралы растауын қоса беруге;

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімі осы тармақшаға сәйкес уәкілетті органға хабарланған күннен бастап жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға, оның ішінде қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімін ұзартуға және оларды Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру сыйлықақыларын, жауапкершілік көлемін ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізуге тыйым салуға алып келеді, бұл уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, бұл тыйым осындай бас тартуға дейін қолданылады;

2) берілетін сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру лицензиясы, қайта сақтандыру лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын бір немесе бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезиденттер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына сақтандыру портфелін беруге міндетті.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру портфелін осы Заңның
    218-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен бергеннен, сондай-ақ барлық міндеттемелерін өтегеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге міндетті.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хаттамасы жасалып, оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы осы Заңның 17-бабы 13-тармағының
    2) тармақшасына сәйкес бизнес-жоспарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

Бұл ретте осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген тыйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды уәкілетті орган мақұлдағанға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатқа уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде тізбесі белгіленетін құжаттар қоса берілуге тиіс.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алу туралы өтінішхат уәкілетті органға барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қаралуға тиіс.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қайтарылады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін қызметті тоқтатуды Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе ол (олар) уәкілеттік берген тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату процесінің аяқталғаны туралы уәкілетті органға он жұмыс күні ішінде хабарлайды.

  1. Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша бас тартады:

1) осы Заңның 235-бабы 5-тармағының 1), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша;

2) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін болжамды ерікті түрде тоқтату нәтижесінде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерінің бұзылуы;

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін қаражатының жеткіліксіздігі.

 

 

13-БӨЛІМ. АРНАЙЫ, ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

39-тарау. АРНАЙЫ, ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

251-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

 

  1. Осы Заң кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін құрудың, лицензиялаудың, реттеудің, олардың қызметін тоқтатудың ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының ашылуының, лицензиялануының, реттелуінің, қызметін тоқтатуының ерекшеліктерін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметінің шарттарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің міндеттері мен сақтандыру қызметін бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
  2. Осы Заң Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қызметіне байланысты қатынастарды, осы Заңның 34-бабының 9-тармағы мен 175-бабын қоспағанда, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.
  3. Осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері сақтандыру нарығының барлық қатысушылары үшін міндетті.
  4. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген реттеудің ерекше режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің нормалары реттеудің ерекше режимінің талаптарында көзделген шектерде қолданылады.
  5. Сақтандыру нарығына қатысушыларға мемлекеттік бақылау және қадағалау «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

 

252-бап. Өтпелі ережелер  

 

  1. Тұрғынжайдың меншік иелері болып табылатын және меншік құқығы осы Заңның 130-бабы қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған жеке тұлғалар тұрғынжайды міндетті сақтандыру шартын 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін жасасуға міндетті.
  2. 2030 жылғы 1 шілдеге дейін жеке тұлғалардың тұрғынжайына жер сілкінісі, су тасқыны (су басу) және (немесе) табиғи сипаттағы орман өрті салдарынан келтірілген залалды өтеу Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Осы Заңның 169-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

 «1. Осы Заңда немесе сақтандыру қағидаларында көзделген жағдайларда сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу, бұзу және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату және ол бойынша сақтандыру жағдайын реттеу дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандыру ұйымы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында интернет-ресурсты және (немесе) сақтандыру ұйымының цифрлық жүйесін пайдалана отырып, цифрлық ресурстармен алмасу арқылы жүзеге асырылады.».

  1. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына берілген «жалпы сақтандыру» саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия, «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай тәртіппен қайта ресімделуге жатады:

1) «Жалпы сақтандыру» саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензияда көрсетілген сақтандыру сыныптары (түрлері) «жалпы сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияға енгізіледі;

2) «Өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыруға арналған бұрын берілген лицензияда көрсетілген сақтандыру сыныптары (түрлері) «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияға енгізіледі;

3) осы Заңның 30-бабының 4-тармағында көзделген, осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін «жалпы сақтандыру» саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензияда көрсетілген сақтандыру сыныптары шеңберінде жүзеге асырылған және жеке сақтандыру сыныптары болып табылмаған міндетті сақтандыру сыныптары «жалпы сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияға енгізіледі;

4) егер «жалпы сақтандыру» саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензия, «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын берген болса, бұрын берілген лицензия қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына қатысты бөлігінде қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияға қайта ресімделуге жатады.

  1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін кәсіби актуарийлерге берілген сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия қолданысын жалғастырады және осы Заңның қолданысқа енгізілуіне байланысты қайта ресімделуге жатпайды.
  2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сақтандыру брокерлеріне берілген сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қайта ресімделуге жатады. Бұрын берілген лицензияда көрсетілген брокерлік қызмет түрлері осы Заңның 155-бабының 2-тармағында көзделген атаулар бойынша қайта ресімделетін лицензияға енгізіледі.
  3. Осы баптың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген лицензияларды қайта ресімдеу уәкілетті орган тарапынан лицензиялық алым алынбай жүзеге асырылады.

Осы баптың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген лицензияларды қайта ресімдеуге арналған өтініштерді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, кәсіби актуарий осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде береді.

Уәкілетті орган осы баптың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген лицензияларды осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген өтініш берілген сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.

Лицензиялар қайта ресімделгенге дейін бұрын берілген лицензиялар оларда көрсетілген сақтандыру сыныптарын (түрлерін) және қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын растайды.

  1. Осы Заңның 66-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінің талабы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен басталған сақтандыру жағдайларына қолданылады.

Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша көлік құралына келтірілген зиянның мөлшері сақтандыру жағдайы басталған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

  1. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін сақтандыру сыныптары шеңберінде жүзеге асырылған және жеке сақтандыру сыныптары болып табылмаған сақтандыру түрлері бойынша осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған сақтандыру шарттары өздері жасалған мерзім аяқталғанға дейін осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданыста болған талаптармен күшін сақтайды.
  2. Сақтандыру лицензиясына осы баптың 4-тармағының
    3) тармақшасына сәйкес міндетті сақтандыру сыныптары енгізілуге жататын сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей, көрсетілген сыныптар бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы шарт жасасуға міндетті. Кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы шарт жасалған күнге дейін осындай сақтандыру сыныптары бойынша жасалған шарттарға кепілдік берілмейді.
  3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін туындаған міндеттемелері осы Заңда көзделген тәртіппен орындалады. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы шарттар қолданысын сақтайды.
  4. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған міндетті сақтандыру шарттары олар жасалған күні қолданыста болған үлгілік шарттар негізінде, өздері жасалған мерзім аяқталғанға дейін осындай шарттарда көзделген талаптармен қолданылуын сақтайды.
  5. Орталық актуарий актуарлық есептеулерді жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыра бастағанға дейін міндетті сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерін уәкілетті орган осы Заңның 49-бабының 3-тармағында көзделген орталық актуарий жүргізген актуарлық есептеулер туралы талап ескерілмей белгілейді.

 

253-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

 

  1. Сақтандыру нарығын реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
  2. Уәкілетті органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қоспағанда) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің әрекеттеріне шағым жасау шағым жасалған шешімнің немесе әрекеттің (әрекетсіздіктің) орындалуын тоқтатпайды.
  3. Уәкілетті органның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жасалған мәмілені сот жарамсыз деп таныған жағдайда, тараптардың осындай мәміле бойынша алғандарының барлығын қайтаруына жол берілмейді.

 

254-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

 

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

255-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

  1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң мына жағдайларды қоспағанда қолданысқа енгізіледі:

 1) осы Заңның 131, 135 және 136-баптары, 151-бабы, 152-бабының
1-тармағының 1) және 3) тармақшаларын қоспағанда, 153 және 154-баптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының жер сілкінісіне, су тасқынына
(су басуына) және табиғи сипаттағы орман өртіне байланысты сақтандыру тәуекелдерін Тұрғынжайларды міндетті сақтандыру қорына қайта сақтандыруға беруін реттейтін осы Заңның ережелері 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі;

2) осы Заңның 130, 132, 133, 134, 137, 138-баптары, 51-бабының
8-тармағы, сондай-ақ 153-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшалары
2030 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

  1. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап өзара сақтандыру қоғамдарын құруға және өзара сақтандыру қоғамдарының жаңа сақтандыру шарттарын жасасуына жол берілмейді.

Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған өзара сақтандыру қоғамдарының өзара сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ және 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін бұрын жасалған сақтандыру шарттарын бұзуға және өз атауынан «өзара сақтандыру» деген сөздерді, одан туындайтын және оның өзара сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыратынын білдіретін сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімінен өтуге не тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Мемлекеттік кірістер органдары өзара сақтандыру қоғамдары осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда, оларды мәжбүрлеп тарату туралы арызбен сотқа жүгінеді.

  1. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап:

1) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының;

2) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы
3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының;

3) «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының;

4) «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының;

5) «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының;

6) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

7) «Туристі міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының;

8) «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының;

9) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының;

10) «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы
13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының;

11) «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

Жарияланған күні

15 қыркүйек 2026 17:36

Жаңарту күні

15 қыркүйек 2026

Түрі
Жарияланды