Әлеуетті заемшының бюджетін есептеу
Әлеуетті заемшының бюджетін есептеу
Кредит алу туралы шешім – жауапты шешім. Барлық заемшылар кредитті өтегеннен гөрі оны алу оңай екенін түсінуі тиіс. Әрі өзіне және өзінің отбасына борыштық қамыт кигізбес үшін әлеуетті заемшы кредит алу туралы шешімді қабылдамастан бұрын:
1.өзінің оны алудағы мұқтаждығын және оны уақтылы төлеу (өтеу) мүмкіндігін бағалауы;
2.отбасылық бюджетінің кіріс және шығыс бөліктеріне қарай өзінің қаржылық мүмкіндіктерін есепке алуы;
3.кредит бойынша алдағы уақытта болатын төлемдердің шығыстары өсетінін ескере отырып, өз бюджетіне талдау жасауы;
4.кредит алу дегеннің шартта белгіленген мерзімде қарыздың негізгі сомасын (банктен алынған соманы) қайтару, сондай-ақ кредитті пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеті болатынын болжайтынын түсінуі қажет.
Отбасылық ай сайынғы бюджетті және кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау мүмкіндігін есептеу үшін бюджетті есептеу калькуляторын пайдалануды ұсынамыз.
Кірістер (теңгемен)
Шығыстар (теңгемен)