Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ақпараттық және киберқауіпсіздік

Заманауи технологияларды белсенді енгізу қаржылық қызметтерді тұтынушыларға да, оларды ұсынатындарға да жаңа мүмкіндіктер береді: әр түрлі қызметтерді алу жылдамдығы, қолжетімділігі, жайлылығы үнемі артып келеді. Алайда, жаңа технологиялар жаңа қауіп-қатерлерге – кибер тәуекелдерге алып келеді.

 

Кибер тәуекелдерге мыналар жатады:

— мобильді банктік қосымшаларды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан қаржы ұйымдары клиенттерінің қаражатын ұрлау,

— жеке бизнес-процестер мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігінің нашар ұйымдастырылуына байланысты қаржы ұйымдарындағы қаражаттың жоғалуы,

— қаржы ұйымдары тарапынан қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету процесінің сапасыз ұйымдастырылуы салдарынан туындайтын қаржылық қызметтерді ұсынудың сенімділігі мен үздіксіздігінің бұзылуы,

— жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарына және оларды қолдайтын инфрақұрылымдық сервистерге бағытталған кибершабуылдарға байланысты жүйелік тәуекелдерді дамыту.

Кибер тәуекелдердің орны толмас зардаптарға әкелмеуі үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының кибер тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, оларға шабуылдардың ықтимал жаңа типтері және оларға ден қою тәсілдері туралы ескертеді, нормативтік актілерде белгіленген ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылайды.

 

Байланыс

Телефон:

+7 (727) 237-10-28

Электрондық пошта:

cyberalarm@finreg.kz

Документы
Қаулы жобасы
09 сентября 2026
Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті
«Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қаулы жобасы
08 сентября 2026
Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қаулы жобасы
08 сентября 2026
Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 37 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
21 февраля
«Қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік негіздері» тақырыбындағы БАҚ-қа арналған хакатон-тренинг
08 октября
Қаржылық алаяқтыққа қарсы тұру: ақпараттық және киберқауіпсіздік департаментінің директоры Роман Перминовтің тезистері
29 сентября
Агенттік банктердің киберорнықтылығына қадағалауды күшейтеді
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қадағалау технологиялары және жасанды интеллект департаменті
Часто задаваемые вопросы
Қаржы нарығындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуде қаржы реттеушісінің рөлі қандай?

Бірнеше рөлінің бар екенін айта кеткен жөн.

Қаржы реттеушісі ретінде Агенттіктің бірінші рөлі – бұл қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау.

Екінші рөлі – бұл «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығы. 

 

Қаржы нарығында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптармен жағдай қалай?

Киберқауіпсіздікті реттеу бағыты қызмет еткен уақыт ішінде 2018 жылдан бастап қаржы нарығының қатысушылары – банктерге, сақтандыру ұйымдарына, кредиттік бюроларға, бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына және микроқаржы ұйымдарына қатысты ақпараттық қауіпсіздік бойынша талаптарды қамтитын нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау және өңдеу тәсілдері пысықталып, нормативтік тұрғыдан бекітілді. 

Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығы қандай міндеттерді іске асырады?

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Салалық орталық ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіптер, қаржы ұйымдары инфрақұрылымының осалдықтары, сондай-ақ қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, бағалауды және талдауды жүзеге асырады.

Қаржы нарығына қатысушыларға жіберілетін, оларға қауіптерге уақтылы ден қоюға және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік беретін ескертулер аталған жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы