Жалпы ақпарат

Жүнісов Талғат Тоқбайұлы
Ақмола облысының ветеринария басқармасы басшысы - облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері
Басқарма туралы
«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 13 қаңтардағы № А-1/12 қаулысымен құрылды.
Басқарманың миссиясы ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады. Басқарманың мiндеттерiне ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру кiредi.