
Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.
Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін);
2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жеті күн өткеннен кейін) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшін);
3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайлар үшін).
Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түріне қосымша келесі тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі:
электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар);
татуировка;
таңба басу.