Қорғалжын ауданы — Ақмола облысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Орталығы – Қорғалжын ауылы.. Аудан жерінде жабайы шошқа, қоңыр түлкі, қарсақ, борсық, қоян, күзен, ақ тышқан, қосаяқ, су тышқаны, ондатра; құстардан: қоқиқаз, қаз, үйрек, аққу, аққұтан, қызғыш, т.б. көптеген су құстары мекендейді. Көлдерінде мөңке, алабұға, оңғақ, лақа, торта, шортан, аққайран кездеседі. Аудан жері арқылы Нұра, Құланөтпес өзендері ағып өтеді. Көлдер өте көп: негізгілері Қорғалжын, Теңіз, Қоқай, Асаубалық, Сұлтанкелді,Есей, Шолақшалқар, Жәнібекшалқар, Шишалқор, Қарасор, Құмкөл, Алакөл, т.б.Аудан аумағында мемлекеттік Қорғалжын қорығы орналасқан.