Жалпы ақпарат

Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Басқарма туралы
Миссиясы: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Міндеттері: облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды, лицензиялауды және аттестаттауды жүзеге асыру; облыс аумағында салынып жатқан объектілерді инспекциялауды жүргізу.
Функциялары: салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингін жүргізу; объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау; техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізу; жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану; сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу; Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мен тұрғын үй құрылысы туралы заңнамалық акті талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру.