Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау

Басқарма мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы жүзеге асырырады:

1) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына;

2) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;

3) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоқтығына;

4) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;

5) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

6) атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне;

7) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;

8) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына.

Документы
Кесте
15 октября 2026
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
2026 жылдың 4-тоқсанында «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ азаматтарды қабылдау кестесі
Басқа
15 октября 2026
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС КОДЕКСІ
Кесте
05 августа 2026
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
2026 жылдың 3-тоқсанында «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ азаматтарды қабылдау кестесі
Новости
Полезные материалы
Азаматтарды қабылдау орталығы
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау
Медиагалерея
0
Жемқорлыққа - жол жоқ! Адалдық - әділ қоғамның негізі
1
Абайлаңыз, алаяқтар!
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қалай беріледі? Беру кезінде қандай құжаттарды жіберу қажет?

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама elicense.kz. порталы арқылы беріледі.

Бұл порталда толтыруға қажетті талаптар көрсетілген құрылыс-монтажды бастау туралы хабарламаны толтыру нысандары бар.

Өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет (заңды, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін):

Скан. сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі;
Скан. жер учаскесін таңдау актісінің көшірмесі;

Порталда толтыруға арналған 2 нысан бар:

  • Жаңа объектіні салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлама;
  • Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама.


Хабарлама дұрыс толтырылған жағдайда, қабылдау туралы талон Жүйемен автоматты түрде беріледі.

Социальные медиа

Instagram әлеуметтік желісінде "Ақмола облысы мемлекеттік сәйлет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ
Facebook әлеуметтік желісінде "Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы