
Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзғаны үшін құрылыс салушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту құқығы берілді.
Осылайша, Басқарма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттікті беру кезеңінде Ақмола облысының 5 құрылыс салушысы заң талаптарын бұза отырып, көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жарнамасын орналастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Басқарма құрылысы аяқталмаған үйлердегі пәтерлерді сату бойынша Жарнама орналастыру үшін хабарландыру сайттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және осындай фактілер анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады.