2022 жылғы 29 желтоқсанда тапсырманы орындау шеңберінде "Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрық қабылданды, ол жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% - бен шағын кредиттер беру тәртібін көздейді.