2023 жылғы 25 қаңтарда №40 Үкіметтің "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың бюджеттеріне жастардың 2023 жылға арналған кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге несие берудің негізгі шарттарын бекіту туралы" Қаулысы қабылданды.
Жас кәсіпкерлерге микронесиелер үздік бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның шешімі негізінде "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ ("Бәйтерек ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы) атынан сенім білдірілген агент арқылы берілетін болады.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар бүгінгі күні облыс, республикалық маңызы бар қалалардың және Астана әкімінің шешімімен бекітілетін бизнес - жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияны ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% - дан аспайды.
Қарыздың ең жоғары сомасы-кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 млн теңгеге дейін.
Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін (қызметтің осы бағыты үшін – 7 жылға дейін).
Сондай-ақ, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микронесиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бір бөлігінен) аспайды. Несие алудың негізгі шарттарының бірі салық заңнамасына сәйкес салық органдарында сенім білдірілген өкілге (агентке) микронесие алу үшін бес жылдан аз уақыт өтініш жасаған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркеудің болуы болып табылады.