«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2025 жылғы 18 наурызға дейін негізгі қызметкердің жұмысқа шығу құқығымен осы мерзім аяқталғанға дейін) «Е-3» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді жүзеге асыру. Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде міндеттемелердің қабылдануына бақылауды жүзеге асыру. Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшілерге және техникалық персоналға жалақы мерзімінде есептеу және төлеу. Мемлекеттік мекемелермен және жеке тұлғалармен қаржыландыру жоспарларын орындау барысында туындайтын есептеулерді уақтылы жүргізу. Ақша қаражаттарын, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу. Белгіленген мерзімде қаржылық есептілікті жасау және ұсыну. Мемлекеттік мекеме басшысымен қаржыландыру жоспарларын және оларға есеп айырысуларды жасау және келісу. Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу.
Блок-В, грейд-5
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы)
Келесі құзыреттіліктердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;