
2026 жылға арналған кредиттеу бағдарламаларының бюджеті 65,8 млрд теңгені құрады (2025 ж. – 57 млрд теңге).
Жалпы кредит сомасы 76,3 млрд теңге болатын 933 жоба қаржыландырылды.
Бизнесті қолдаудың негізгі бағдарламасы – «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы.
2026 жылы «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша субсидиялау бюджеті 4,5 млрд теңгені құрайды. Осы бағдарлама бойынша кредит сомасы 4,8 млрд теңге болатын 60 жоба қаржыландырылды.
Алматы қаласының әкімдігі «Даму» қорымен бірлесіп «Өрлеу»/«Jana Business» бағдарламасын іске асыруда.
«Jana Business» жеңілдікті кредиттері бойынша ең жоғары мөлшерлеме 12,6%-ды құрайды. Кредиттің ең жоғары сомасы 500 млн теңге, кредиттеу мерзімі – 7 жылға дейін. Бағдарлама ЖАО қаражаты (33,3%), «Даму» КДҚ (33,3%) және ЕДҚ (33,3%) есебінен қалыптасады.
Бағдарламаның бюджеті 15 млрд теңгені құрайды (ЖАО – 5 млрд теңге, «Даму» КДҚ – 5 млрд теңге, ЕДҚ – 5 млрд теңге). Сомасы 12,4 млрд теңге болатын 115 жоба қаржыландырылды.
«Өрлеу» жеңілдікті кредиттері бойынша ең жоғары мөлшерлеме 12,6%-ды құрайды. Кредиттің ең жоғары сомасы 7 млрд теңгеге дейін, кредиттеу мерзімі – 7 жылға дейін. Бағдарлама «Даму» КДҚ (40%) және ЕДҚ (60%) қаражаты есебінен қалыптасады. Сомасы 35,1 млрд теңге болатын 551 жоба қаржыландырылды.
Сондай-ақ, 2026 жылы «Алматы Бизнес – 2030» бағдарламасы бекітілді, оның аясында «Алматы Финанс» ЖШС және «Алматы» МҚҰ» ЖШС қаржы институттары арқылы кәсіпкерлер үшін жеңілдікті кредиттеу бағдарламалары қолжетімді болады. Кредиттеудің ең жоғары сомасы 1 млрд теңгеге дейін, мерзімі – 7 жылға дейін, экономиканың басым секторларында жылдық 6-9% мөлшерлемемен. Бағдарламаның бюджеті 10 млрд теңгені құрайды. 2 млрд теңгеге 5 жоба қаржыландырылды.
ҚР АӨК дамыту тұжырымдамасын 2021 – 2030 жж. іске асыру шеңберінде Алматы қаласының АӨК субъектілеріне субсидиялау жолымен мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Сонымен қатар, Алматы қ. ауыл шаруашылығы өңірі болып табылмайтындықтан, қала аумағында мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің болмауына байланысты, мемлекеттік қолдаудың негізгі алушылары ет, сүт, бакалея өнімдерін қайта өңдеушілер, сондай-ақ тұздықтар мен жартылай фабрикаттар өндірушілер болып табылады.
Осылайша, 2026 жылы Алматы қаласының АӨК субъектілерін субсидиялау үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд 616 млн теңге бөлінді. (игерілуі – 100%). Бөлінген қаражат қаланың 2 кәсіпорнына («Fruit Art» ЖШС, «Fruit Art Farms» ЖШС) жіберілді.
2025 жылы Жергілікті бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінді (игерілуі – 100%). Бөлінген қаражат қаланың 18 кәсіпорнына жіберілді («Fruit Art» ЖШС, «Fruit Art Farms» ЖШС, «МаслоДел» ЖШС, «BRB APK» ЖШС, «Цин-Каз» ЖШС, «Теплоинвест» ЖШС, «AgroLife Harvest» ЖШС, «Асыл тұяқ» ЖШС, «Алша» ЖШС, «Smart Agro Karkara» ЖШС, «Van-2005» ЖШС, «Жасулан» ЖК, «Нүсіпбай Ж.Ж» ЖК, «Сымбат» ЖК, «Махмутов» ЖК, «Жулдыз» ШҚ, «Ләйлә» ШҚ, «Дулат Нұр» ШҚ.)
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай – ақ «Бірауыл-бірөнім» бағдарламасының (БАБӨ)финалистерідеп танылған шағын және ортакәсіпкерлік субъектілеріне 5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде өтеусіз гранттар беруге конкурс өткізеді.
Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде бір рет өткізіледі. Қаржыландыру конкурстық негізде ұсынылады.
Алушылардың санаттары:
Грант алу тәртібі:
Конкурсқа қатысуға рұқсат белгіленген іріктеу рәсімінен өткеннен кейін және бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда ғана мүмкін болады.
Байланыс ақпараты:
Құжаттарды тапсыруға және конкурсқа қатысуға байланысты мәселелер бойынша мүдделі тұлғаларға тікелей Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жүгіну ұсынылады.