

Несиелеу бағдарламасының 2022 жылға арналған бюджеті 48,1 млрд. теңгені (2021 жылы – 47,8 млрд. теңге) құрады.
Несиенің жалпы сомасы 131,5 млрд. теңгені құрайтын 3 448 жоба қаржыландырылды.
Бизнесті қолдаудың негізгі бағдарламасы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба болып табылады.
Ұлттық жоба бюджеті 2022 жылы 22,5 млрд. теңгені құрайды. Аталған бағдарлама бойынша несие сомасы 105,2 млрд. теңгені құрайтын 3 164 жоба қаржыландырылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бюджеттік бағдарламасы 8,6 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде, несие сомасы 12,4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба қаржыландырылды. Алматы қаласының әкімдігі «Даму» қорымен бірлесіп, «Jana Business» өңірлік бағдарламасын іске асыруда.
«Даму» КДҚ» АҚ бірлесіп, «Almaty Business» өңірлік бағдарламасының шеңберінде «Jana Business» жаңа қосалқы өнімі құрылды. Сөйтіп, жеңілдетілген несиелер бойынша барынша мөлшерлеме 7%-дан 6%-ға дейін төмендетілді. Несиенің барынша сомасы 100 млн. теңгені құрайды, несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін.
Бағдарламаның тағы бір жаңалығы өнеркәсіптік парк субъектілеріне 7 жылға дейінгі мерзімге сомасы 500 млн. теңгеге дейін жылдық 6% мөлшерлемесімен несие алу мүмкіндігін ұсыну болды.
Сауда операцияларының тиімділігін арттыру мақсатында «Jana Business» бағдарламасы жылдық 8,5% мөлшерлемесі бойынша факторингтік мәмілелерді қаржыландыру мүмкіндігін көздеуде.
Бағдарлама бюджеті 6,5 млрд. теңгені құрайды. Сомасы 4,7 млрд. теңгені құрайтын 58 жоба қаржыландырылды.
Сондай-ақ, 2019 жылы «Алматы Бизнес-2025» кешенді бағдарламасы әзірленді және бекітілді, оның шеңберінде, «Алматы Финанс» ЖШС және «Алматы» МҚҰ» ЖШС қаржы институттары құрылды.
Бағдарлама бюджеті 8,5 млрд. теңгені құрайды. 202 жоба қаржыландырылды.
Қала кәсіпкерлерін қолдау және дамыту, кәсіпкерлік қызметке белсенді түрде тарту мақсатында, 2019 жылғы қыркүйекте «Бірыңғай орталық» қағидаты бойынша кеңес беру қызметінің кең тізбесін ұсынатын «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы өзінің қызметін бастады.
2022 жылғы қаңтардан бастап, 2022 жылғы 30 қараша аралығында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы тегін негізде 69 292 кеңес беру қызметін көрсетті; 1 090 бизнес жоспар/жобалар әзірледі; 45,3 млрд. теңге сомасына қаржыландыруға дейін 355 жобаны сүйемелдеді; 872 рұқсат құжаттарын берді. Бағдарламалар бойынша 6 863 тыңдаушы оқытудан өтті.
Алматы қаласы Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2022 жылы республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінді:
- несиелер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 522,5 млн. теңге бөлінді, ол 100% игерілді. Бөлінген қаражат 15 кәсіпорынның («AgroLifeHarvest» ЖШС, «Масло-Дел» ЖШС, «Van-2005» ЖШС, «Солнечный» сүт зауыты» ЖШС, «RG BRANDS KAZAKHSTAN» ЖШС, ЖК «Жұлдыз», «ТЕПЛОИНВЕСТ» ЖШС, «Макай» ЖШС, «PCD Group» ЖШС, «SMART AGRO KARKARA» ЖШС, «BRBAPK» ЖШС, «FRUIT ART» ЖШС, «Асылтұяқ» ЖШС, ЖК «Жасұлан», ЖК «Машучиван») бұдан бұрын мақұлданған шарттарын қамтамасыз етуге жолданды;
- инвестициялық субсидиялау бойынша – 400 млн. теңге бөлінді. Тапсырыстардың болмауына байланысты, сома республикалық бюджетке қайтарылды;
- Агроөнеркәсіп субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша – 175,1 млн. теңге бөлінді, ол 100% игерілді.