Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың ОКҚ брифингіндегі тезистері

Құрметті журналистер!

Құрметті брифингке қатысушылар!

 

Мен бүгін Мемлекет басшысының 2022 жылдың қарашасында қала жұртшылығымен кездесуде және осы жылдың 18 тамыздағы кеңесте берген Алматы қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы, сонымен бірге 2023 жылы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық  дамуының алдын ала қорытындылары туралы баяндаймын.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін  Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Ол 1,9 трлн. теңге сомасына 58 іс-шараны қамтиды, оның 1,6 трлн. теңгесі 2024-2026 жылдарға көзделген.

 

Ағымдағы жылдың басынан бері қала экономикасының серпінді өсуі қамтамасыз етілді. Осы жылдың 11 айында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 13%-ке өсіп, жетекші орынды иеленді.

Өңдеу өнеркәсібі 17,7%-ке ұлғайып, экономиканың драйверіне айналды.

Қараша айында жылдық инфляция 10,5%-ке дейін баяулады. Еңбек нарығындағы жағдай жақсарып келеді. 79,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 80%-ті - тұрақты жұмыс орындары.

Жалпы, биылғы жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы өсімінің 6,5%-ке дейін жеделдеуі күтілуде. Бұл адам басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімді 21,2 мың АҚШ доллары деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Осы жылдың 11 айында негізгі капиталға 1,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды.

Жеке инвестициялардың өсуі 30,3%-ке дейін жеделдеді.

IT-секторды, денсаулық сақтауды, өңдеу өнеркәсібін және туризмді дамытуға баса назар аудара отырып, инвестициялар құрылымы сапалы өзгеруде.

Жоғары инвестициялық белсенділік пен экономиканың серпінді өсуі осы жылдың 8 желтоқсанында Fitch Ratings тарапынан Алматының «Тұрақты» болжаммен «ВВВ» деңгейіндегі кредиттік рейтингіне растама алуға мүмкіндік берді.

Алматы қаласының бюджеті айтарлықтай өсті.

Осы жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке түсімдер 34,5%-ке өсе отырып, 4,9 трлн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет 35,3%-ке, жергілікті бюджет 32%-ке өсті.

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Мәслихат Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Ол Мемлекет басшысының қаланы орта мерзімді дамытудың негізгі бағыттары бойынша тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. 

Алматының 2024 жылға арналған бюджеті 1 трлн. 624 млрд. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 51,8%-ке немесе 553,4 млрд. теңгеге көп.

Жергілікті бюджет қаржыландыру көлемі 726 млрд. теңгеге дейін 26%-ке ұлғая отырып, әлеуметтік бағытын сақтап қалды, бұл бюджет шығыстарының шамамен 45%-ін құрайды.

 

Биыл Мемлекет басшысы қолдау көрсеткен мемлекеттік басқару жүйесін децентрализациялау жүргізілді. Өкілеттіліктерді беру және жауапкершілікті арттыру аудан әкімдіктері жұмысының тиімділігін едәуір арттырып, қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуді жеделдетті.

Осы жылдың 1 сәуірінен бастап 15 функция аудандық деңгейге берілді. 8 ауданның бюджеті 3 еседен астам ұлғайды.

Децентрализациялау шеңберінде аудандық әкімдіктер осы  жылдың 11 айында 326 мың м2 жол төсемін жөндеді. 177 км сумен қамту және канализация желілері салынды.

Балаларды қолдау бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Тегін үйірмелерге бару үшін 90 мыңға жуық ваучер берілді.

2024 жылы 8 ауданның бюджеті 196,4 млрд. теңгеге дейін 20,5%-ке ұлғаяды.  

 

Шағын және орта бизнесті қолдау мегаполистің экономикасында және алматылықтарды жұмыспен қамтуда ерекше рөл атқаратын негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. 2023 жылы шағын және орта бизнестің қала экономикасына қосатын үлесі 60%-ке ұлғаяды деп күтілуде.

Биыл бюджеттен субсидиялауға, кепілдік беруге және кредиттеуге 51,1 млрд. теңге бағытталды. Бұл 1 705 шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға мүмкіндік берді.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында ауданы 88 мың шаршы метр болатын, 10,2 млрд. теңге инвестиция сомасына
18 шағын өнеркәсіп парктің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл 2 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

 

Алматы экономикасын одан әрі әртараптандыру үшін туризмді дамыту үлкен рөл атқарады.

2023 жылдың 9 айында туристердің саны 17,4%-ке өсіп,
1,5 млн.
адамнан асты, оның ішінде шетелдік туристер - 1,5 есе ұлғайды. Биылғы жылдың соңына дейін туристер санының 2 млн. адамға дейін өсуі күтіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында туристік әлеуетті іске асыру үшін Алматы агломерациясының аясында Түргеннен Қаскелеңге дейінгі тау кластерін дамытудың негізгі тәсілдері айқындалды.

6 туристік қызығушылық орындарын біріктіру көзделуде. Бұл Қаскелең және Түрген шатқалдары, Үлкен Алматы көлі, Медеу-Шымбұлақ, Талғар-Есік, Ақ бұлақ.

 

Жол инфрақұрылымын модернизациялау Алматының жайлы қала ретінде дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Ағымдағы жылы 25 км жаңа жол 70 көшеде салынды және 200 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. 2024 жылы, жаңа жолдар салуды 70 км-ге дейін және орташа жөндеуден өтетін жолдарды 250 км-ге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл жұмыстарда басымдылық жаңа аудандарға беріледі.

Өкілеттіліктерді децентрализациялау шеңберінде аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуді аудан әкімдіктеріне беру жоспарланып отыр.

2024 жылға жаңа жолдар салу және орташа жөндеу үшін қаржыландыру 34%-ке ұлғайып,  33,1 млрд. теңгеден 44,5 млрд. теңгеге дейін көбейді.

 

Алматы қаласының Даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде қоғамдық көлікті басымдықпен дамыта отырып, қаланың тұрақты көлік қаңқасы құрылуда.

Ағымдағы жылы қаланың автобус паркі 1 150 экологиялық таза автобусқа жаңартылды. 2024 жылдан бастап жеке тасымалдаушылардың дизельмен жүретін автобустарды сатып алуына тыйым салу жоспарлануда.

Соңғы 11 жылда алғаш рет 100 троллейбус сатып алынды, 2024 жылы тағы 100 бірлік сатып алу жоспарлануда. Бұл троллейбус паркін 100%-ке жаңартуға мүмкіндік береді.

Алматыда метро белсенді дамып келеді. Биылғы жылы
3 қосымша жылжымалы құрам іске қосылды. Қозғалыс интервалы 5 минут 38 секундқа дейін азайды. Нәтижесінде метродағы жолаушылар легі 100 мың адамға дейін көбейді.

Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық көліктегі жолаушылар легі тәулігіне 1,5 млн. адамға дейін көбейді.

 

Мегаполистің көлік байланысын жақсарту үшін Бұқтырма - Құлжа трактісі көлік жолайрығы ашылды.

2024 жылы Құлжа трактісі 6 жолаққа дейін кеңейтіледі, Саин көшесі мен Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту, сондай-ақ Сейфуллин – Жансүгіров және Саин-Мөңке би жолайрықтарының құрылысы аяқталады.

Қоғамдық көлікті пайдалануды ынталандыру үшін
2024 жылы Алматыға қаланың солтүстік, батыс және шығыс жағынан кіреберісте 3 көлікке ауысып отыру торабының құрылысы басталады.

Сонымен қатар 2024 жылы Райымбек даңғылының бойымен Ахрименко көшесінен Пушкин көшесіне дейін ұзындығы 9 км BRT салынып, іске қосылады, 2025 жылы Ахрименко көшесінен Абай көшесі арасында тағы 8 км салынатын болады.

 

Жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі тұрғындардың сапалы коммуналдық қызметтерге қол жеткізуі болып табылады.

Осы жылы 231 км сумен қамту, су бұру және жылумен қамту желілері салынды және модернизацияланды. 13 канализациялық сорғы станциясы іске қосылды.

2 қазандықтың қуаттылығын ұлғайта отырып, реконструкциялау аяқталды. Олар «Южная» 1,5 есеге және «Премьера» 2 есеге қуаттылығы ұлғайды.

Жүргізілген жұмыстардың арқасында 2023 жылы сумен қамту желілерінің тозуы 54,3%-ке және су бұру желілерінің тозуы 57%-ке дейін төмендеді.

 

Биылғы жазда аптап ыстықтан Алматы қаласы Медеу ауданының жоғарғы бөлігінде сумен қамтамасыз ету бойынша күрделі проблемалар анықталды. Шілде айында Медеу ауданында су тапшылығы тәулігіне 20 мың текше метрді құрады.

Су тапшылығын жою үшін қуаты тәулігіне 32 мың текше метр резервтік сумен қамту схемасы құрылуда, 2024 жылғы маусымда аяқталады.

Негізгі су көздері Талғар жер асты сулары және 6 жаңа скважина болады, олардың қуаты 60%-ке ұлғайтылады.

Осы жылдың соңына дейін «Каменское плато» ауданындағы тұрғындардың сумен байланысты көпжылдық проблемасы шешіледі, ол үшін 7 су жинау құрылысы, оның ішінде 6,9 мың текше метр
5 резервуар салынады.

 

Мемлекет басшысының Алматы қаласының барлық тұрғындарын орталықтандырылған сумен 3 жыл ішінде қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында жүйелі жұмыс жасалуда. 4 жаңа су тоғаны жобаланып, құрылысы жүргізілуде.

Биылғы жылы 27 желтоқсанда Наурызбай ауданының шығыс бөлігіндегі Қарғалы өзенінде су тоғаны техникалық іске қосылады.

Ақсай су тоғаны жоспарланған мерзімдерге сәйкес салынуда.

Ерменсай және Барлық өзендеріндегі су тоғандары жобалау сатысында.

 

Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруінің басты факторларының бірі сапалы сыртқы жарықтандыру болып табылады. Ағымдағы жылдың 18 тамызында өткен кеңесте Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше назар аударып, әкімдікке тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Бүгінгі таңда қалада 180 мың жарық шамдары орнатылған және жұмыс істейді, оның 90 мыңына бұрын қызмет көрсетілмеген, оның ішінде 30 мыңы иесіз.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Алмалы ауданы әкімдігінің сыртқы жарықтандыруға қызмет көрсету бойынша пилоттық жобасы іске қосылды. Ол оң нәтиже көрсетті. Жанбайтын жарық шамдардың үлесі 47%-тен 25%-ке дейін төмендеді.

Алмалы ауданының оң тәжірибесін ескере отырып, ағымдағы жылдың қараша айында қалған 7 аудан «Алматы Қала Жарық»-пен шарт жасасты.

Сапалы жарықтандыруды қамтамасыз етуге 2024 жылы аудан әкімдіктеріне 9,9 млрд. теңге бөлінді.

Нәтижесінде сапалы сыртқы жарықтандыру үлесі
2024 жылы 85%-ке және 2025 жылы 100%-ке дейін жеткізілетін болады.

 

Медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін
2023 жылы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетудің бірыңғай стандартын енгізу басталды.

Жаңа стандарттар бойынша 2 медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы және
1 жаңа емхана ашылды. Тағы 4 медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде,
сондай–ақ 11 медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы мен емханалардың құрылысына жобалау -сметалық құжаттама әзірленуде.

4 жаңа стационар салуға, 5 аурухана мен жедел медициналық көмектің 5 подстанциясы модернизациялауға жобалау - сметалық құжаттама әзірленуде.

Кадрлық әлеуетті арттыру үшін республиканың ғылыми орталықтары, Германия, Израиль, Түркия клиникалары базасында 3 340 дәрігер қайта даярлаудан өтті. Резиденттер үшін 136 грант, орта медициналық персонал үшін 1 116 грант бөлінді.

Жалпы, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру
2023
жылы 36,5 млрд. теңгеден 2024 жылы 41 млрд. теңгеге дейін 12,3%-ке ұлғаяды.

 

Біз адами капиталды дамытуға ерекше назар аударамыз.

Биыл жыл басынан бері 5 920 оқушы орнына есептелген
21 мектеп және қосымша құрылыс пайдалануға берілді, оның ішінде 3 450 орындық 16 жеке-меншік мектеп, 1,5 мың орындық 1 мемлекеттік мектеп және 970 орындық 4 қосымша ғимарат салынды.

Бүгінгі таңда 138 мың оқушы және мектепке дейінгі ұйымдардағы 5,7 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап алғаш рет
8 258 баланы қамти отырып, 30 мектепте «Мектеп автобусы» жобасы іске қосылды. Ол үшін 100 автобус сатып алынды. Тағы 100 автобусты келесі жылы сатып аламыз.

2 инновациялық шығармашылық орталығы, мектепке дейінгі білім беру және инклюзивті білім беру орталықтары ашылды.

Біліктілікті арттыру үшін 4 405 педагог курстардан, 360 педагог халықаралық тағылымдамадан өтті.

Жалпы, білім беруді қаржыландыру 2023 жылы 416 млрд. теңгеден 2024 жылы 466 млрд. теңгеге дейін 12%-ке ұлғайды.

 

Ағымдағы жылы Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды.

Алматы қаласында 2024-2025 жылдары 37,1 мың орындық 22 мектеп ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда 23,1 мың орындық 13 мектептің құрылысы басталды.

12 мың оқушы орнына есептелген 8 мектеп салуға және сатып алуға жеке инвесторлармен меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша 2 мың орындық 1 мектеп салынады.

2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай оқушы орындарының тапшылығы «басқарылатын» деңгейге дейін төмендетілетін болады.

Алматы жастарын қолдауға ерекше көңіл бөлінуде.

Өзекті мамандықтарға 30 қысқа мерзімді оқыту курсы ұйымдастырылды. «Jobfair365» жұмысқа орналастыру бойынша цифрлық платформа жұмыс істейді. Бұл шаралар ағымдағы жылдың
11 айында 36,7 мың жас азаматтарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, оның 82% тұрақты жұмыс орындары.

Сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту үшін осы жылдың қазан айынан бастап 16,7 мың объектіні қамтитын қала ғимараттарына сейсмикалық аудит басталды. 2023 жылы 3,5 мың объект аудит жасалады, қалған 13,2 мың объектіні 2024 жылдың соңына дейін тексеру жоспарланған.

        Қала әкімдігінің бастамасымен мәслихатқа Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту жөніндегі құзыретін, сондай-ақ қаланың күрделі объектілерін техникалық сүйемелдеу және қабылдау үшін ғылыми-зерттеу институтын тартудың орындылығын көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізілуде.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға объектілердің сейсмикалық төзімділігі тұрғысынан қала құрылысын бақылау функциясын беру қарастырылуда.

28 жер сілкінісін ерте ескертетін сейсмикалық станцияны орнату толығымен аяқталды. Төтенше жағдай  кезінде зардап шеккен халықты қабылдайтын 545 пункт анықталды.

 

Бостандық ауданында өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды. 75 метрлік 2 өрт сөндіру сатысын және 90 метрлік 1 көтергіш сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылы төтенше жағдай кезінде жедел  ден қою үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 54,2%-ке дейін өсті.

 

 Қоғамдық кеңістіктерді дамыту назарда. Осы жылы 64,8 га аумағы бар 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

2024 жылы Сайран көлінде жаңа жасыл қоғамдық кеңістіктер құрылып, 2025 жылы аяқталады.

3 жаңа саябақ салу  және қолданыстағы 3 саябақ аймағын реконструкциялау және абаттандыру көзделуде.

2024 жылы 1 080 гектарға дейін ұлғайта отырып, 2022-2023 жылдары саябақ аумақтарының ауданы 397 гектарға 977 гектарға дейін кеңейтілді.

 

 

Осы жылдың қаңтар айында Алматы қаласы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жаңа Қағидаларды қабылдады. 2023 жылдан бастап суару жүйесі жүргізілгеннен кейін ғана кемінде 2-2,5 метр көшет отырғызуды көздейтін жаңа тәсіл қолданылды.

34 ұңғыма мен су тоғандарын салу есебінен автоматты суарумен қамту 4,4 есе 587 гектарға дейін ұлғайды.

Қаланы көгалдандыру үшін осы жылдың басынан бастап 291 мың ағаш пен бұта отырғызылды, биылғы жылдың соңына дейін 320 мыңға дейін жеткізіледі.  Санитарлық мақсатта 2,3 млн. ағаш өңдеуден өтті.

Нәтижесінде, 2023 жылы Іле Алатауы ұлттық паркінің жасыл желектерін есепке алмағанда, жасыл желектердің ауданы адам басына шаққанда 11,3-тен 12,3 шаршы метрге дейін ұлғайды.

2022 жылы зерттеу жүргізіліп, тұрақты су басатын 102 учаске анықталды. Оның ішінде 2022 жылы су басатын 46 учаске және биылғы жылы қалған 56 учаске жойылды.

Биыл қосымша 33 учаске анықталды, олар арық желілерін дамыту аясында жойылуда.

Соңғы 60 жылда алғаш рет алматылықтар арасында танымал Әуежай көлінің түбін механикалық тазарту басталды.

Жыл  басынан бастап мегаполистің Шығыс, Орталық және Батыс бөліктерінде 103,5 км арық желілері салынды және реконструкцияланды. 2024 жылдың соңына дейін арық жүйесін қалпына келтіру және дамыту су басу және суаруды қамтамасыз етуді шешуге мүмкіндік береді.

 

 

Цифрландыру қаланың тұрақты даму басымдықтарының бірі болып табылады.

Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі толығымен енгізілді. 206 мемлекеттік мектепте, 194 мемлекеттік балабақшада және 8 интернатта кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сергек» интелектуалды қауіпсіздік жүйесі 575 аппараттық-бағдарламалық кешенге кеңейтілді.

Жол-көлік оқиғалары санының 28%-ке және жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санының 48%-ке төмендеуі маңызды нәтиже болып табылады. Бұл ретте айыппұл түрінде қала бюджетіне 8,8 млрд. теңге түсті.

***

                            Құрметті журналисттер!

       Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына

қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін.

Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет пен қоғамның

әріптестігін нығайтуға үлкен үлес қосуда.

       Бүгінгі кездесуді пайдалана отырып, барлықтарыңызды

келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтаймын. Сіздерге және

отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
21 декабря 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы