

Сыртқы жарықтандыру
Сыртқы жарықтандыру мәселесі әкімдіктің ерекше бақылауында тұр.
Жаңғырту
МЖӘ шарты аясында 2023 жылдың соңына дейін 44 000-нан астам ескі шамдарды жаңа энергия үнемдейтін LED шамдарға ауыстыру жоспарлануда.
Мәселен, 2019-2020 жылдары қаланың 14 магистралды көшелері бойынша 11 161 шам ауыстырылды, бұл қалалық шамдардың жалпы санының 8%-ын құрайды. Бұл шамдарды ауыстыру жыл сайын электр энергиясының 20% үнемдейді.
2023 жылдың соңына дейін тағы 33 145 LED шам орнату жоспарланған.
Ағымдағы жөндеу
Әкімнің тапсырмасы бойынша "Шетсіз қала" тұжырымдамасы аясында 2020 жылы 1 423 көше толығымен жарықтандырылды.
2021 жылдың 11 айында Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы жоспарланған 601 көшенің 540 көшесінде (90%) жұмыстар орындалды.
Жартылай жарықтандырылмаған көшелер
2022 жылы қалған 1 066 жартылай жарықтандырылмаған көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.
Аула аумақтарын жарықтандыру
Қаланың аула аумақтарын жарықтандырумен қамтамасыз ету бойынша жоба әзірленді. Қазіргі уақытта 486 аула аумағы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2022 жылдың соңына дейін.