Шалқар аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Сары Батақұлы атындағы мәдениет үйінің сахнасында Ұлы Қазақ Елінің киелі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, Қазақстан Журналистер Одағының және Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-журналист, аудармашы, әуесқой сазгер «Мәдениет саласының үздігі» , киелі поэзия әлемінде сырлы да, нәзік өлеңдерімен жыр тербеп жүрген жерлесіміз Гүлсамал Төрединқызының 60 жас мерейтойына «Гүл-самалдың сыр-жыры» атты жасөспірімдер арасында мүшәйра өткізілді.