
Бүгін мемлекетіміздің мәртебелі символы – мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың биік рухын, ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін бейнелейтін, дархан даламыздың өткені мен бүгінін және келешегі арасындағы сабақтастықты бір арнаға сыйдыратын айрықша құндылықтар.
Бүгінде мемлекеттік нышандарымыз еліміздің басты символдарына айналып, көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық беделді ұйымдарда желбіреп, дүниежүзілік олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жеңіске жеткен кезде Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады.
Ендеше Тәуелсіздігіміздің бірден бір айнымас нышаны болып табылатын Рәміздер күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын! Көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін!