«Талап. Еңбек. Терең ой» атты облыстық интеллектуалдық байқауы

«Талап. Еңбек. Терең ой» атты облыстық интеллектуалдық байқауы

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері арасында «Талап. Еңбек. Терең ой» атты облыстық интеллектуалдық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға деген өзіндік үлесін айқындау, отансүйгіштікке баулу.

Байқау қатысушылары алдымен «Кім жылдам?» іріктеу кезеңіне қатысып, іріктеу кезеңінен жоғары ұпай жинаған 15 қатысушы сол бойда негізгі бөлімге жолдама алды. Қатысушылар байқаудың негізгі бөлімінде «Сіз білесіз бе?», «Тарих тағылымы» және «Ақтөбе ономастикасы» кезеңдері бойынша бақ сынады.

Байқауға Ақтөбе қаласының әкімдігі мен Ақтөбе облыстық әкімдігінің мамандары, сондай-ақ, Әйтеке би, Байғанин, Қобда, Мұғалжар, Мәртөк, Ойыл, Темір, Шалқар, Ырғыз, Хромтау, Қарғалы аудандық әкімдіктерінің мамандары және орталық атқарушы органдардың Ақтөбе облысы бойынша инспекциясы мен департаменттерінен барлығы 25 мемлекеттік қызметші қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау нәтижелері төмендегідей болды:

1 дәрежелі диплом - Абекенов Максат Данаевич - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе бойынша департаментінің бас маманы

2 дәрежелі диплом - Оразалин Айбар Абдуллаевич - Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының жетекші маманы

3 дәрежелі диплом - Кудайбергенова Айдана Болаткызы - Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы

Арнайы жүлде - Курпебаев Бекжан Аманжолулы - Байғанин ауданы әкімі аппаратының бас маманы

Арнайы жүлде - Бақытжанова Жазира Әлімжанқызы - Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Сондай-ақ, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Роман Рахиұлының арнайы сыйлығына Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Арыстанбаев Асхат Нұрланұлы ие болды.