
Түпқараған ауданы – Маңғыстау облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Аудан Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Орталығы – Форт-Шевченко қаласы. Жер аумағы 13,3 мың км2. Аудан 1 қала, 4 ауыл және 1 ауылдық округке біріктірілген. Жалпы халық саны - 38289 адам.
Форт-Шевченко - 8273.
Сайын Шапагатов - 9673.
Ақшұқыр - 12528.
Баутин - 3534.
Таушық - 3332 .