
Өз отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және азаматтарын тыңдауға;
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардан қажетті құжаттар, материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне әйелдер істері және отбасылық –демографиялық мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық келісімдерді бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізу қажеттігі туралы өтініш жасауға;
Аудан әкімдігі мен әкіміне әйелдер істері және отбасылық-демографиялық мүдделерін қозғайтын кесімдерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің және заңды тұлғалардың өкілдерін Комиссияның жүргізуіне жатқызылатын мәселелерді қарау үшін комиссия отырыстарына шақыруға құқығы бар.
Комиссия азаматтардан келіп түскен өтініштерін,бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша материалдарды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдараумақтық бөлімшелерінің қарауына мәні бойынша шешім қабылдау үшін жолдай алады.