Құрылым
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) аудан әкімі мен аудан әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мониторингілеу және ақпараттық технологияларды енгізу саласында қызмет атқарады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі міндеттері аудан әкімі қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, аудан әкімдігі қызметін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу, тапсырмалардың орындалуын үйлестіру және бақылау, сайлау және марапаттау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және бақылау, сондай-ақ ақпараттық технологияларды дамыту және енгізу болып табылады. Бөлімнің функциялары аудан әкімі мен басшылықтың қатысуымен өтетін кеңестерді, жұмыс сапарлары мен іс-шараларды ұйымдастыру, талдамалық, ақпараттық және анықтамалық материалдарды дайындау, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметін мониторингілеу, сайлау процестері мен марапаттау рәсімдерін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.
Бөлім басшысы:
Болатова Мәдина ДулатқызыТелефон:
8 747 310 97 38Электрондық пошта:
m.bolatova@akimatabai.gov.kzПерсоналды басқару қызметі
Персоналды басқарудың қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) мемлекеттік органның персоналды басқару саласындағы қызметті жүзеге асырады.
Кадр қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, персоналды басқару қызметі туралы Үлгілік ережені, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілерін, Абай облысының әкімі мен әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Кадр қызметінің негізгі міндеттері мен функциялары: персоналды басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, мамандықтар мен біліктіліктер бойынша кадрларға қажеттілікті талдау және жоспарлау, кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру, кадрлық мониторинг жүргізу және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Бөлім басшысы:
Қайрканов Саят СейтқанұлыТелефон:
8 778 405 27 13Электрондық пошта:
s.kairkanov@akimatabai.gov.kzЖалпы бөлім
Жалпы бөлім (бұдан әрі – Бөлім) аудан әкімі және аудан әкім аппаратының қызметін құқықтық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету саласында қызмет атқарады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ аппарат регламентін, осы Ережені басшылыққа алады.
Мемлекеттік орган қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету, әзірленіп жатқан құқықтық актілер жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қадағалау, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтау және түсіндіру, құқықтық насихат жұмыстарын ұйымдастыру, құқықтық актілер, келісімдер, процессуалды және басқа да заңдық құжаттар жобаларын дайындауға қатысу, аудан әкімі және әкім аппараты қызметін құжаттық қамтамасыз ету, құжат айналымын ұйымдастыру және жетілдіру бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру, Президент, Үкімет, облыс әкімі және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау, құжаттаманы цифрландыру және автоматтандыруға қатысу, аудан әкімдігі және аудан әкімі актілерін есепке алу және сараптау, облыс әкімі мен аппарат қызметкерлерімен азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке қабылдауын ұйымдастыру, өтініштердің қаралуын және құжат айналымы талаптарының сақталуын бақылау.
Бөлім басшысы:
Шолтанов Айдын ТоқтарбекұлыТелефон:
8 747 789 97 67Электрондық пошта:
a.sholtanov@akimatabai.gov.kzҚаржы-шаруашылық бөлімі
Қаржы-шаруашылық бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қызметі бойынша қаржылық, шаруашылық және бухгалтерлік қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асырады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі міндеттері аудан әкімі аппаратының бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, бюджеттік жоспарлау және бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылау, жалақыны және міндетті төлемдерді уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және шарттардың орындалуын бақылау болып табылады.
Бөлім басшысы:
Серикжанова Асем СерикжановнаТелефон:
8 701 109 04 42Электрондық пошта:
a.serikzhanova@akimatabai.gov.kz