Құрылым
Экономика және қаржы бөлімі
«Абай облысы Жаңасемей ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Бөлім) ауданның экономикалық және бюджет саясаты саласында, сондай-ақ нәтижеге бағытталған тиімді мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және іске асыру арқылы ауданның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөнінде басшылықты жүзеге асырады.
Бөлім сондай-ақ бюджетті орындау, бухгалтерлік және бюджеттік есеп жүргізу, бюджетті орындау бойынша есептілік құру, ауданның коммуналдық мүлкін басқару және пайдалану, аудан коммуналдық мүлкіне мемлекет құқығын іске асыру, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп саласының мамандарына, сондай-ақ ауыл, кент және ауылдық округ әкім аппараты қызметкерлеріне, ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Ахметжанова Айсулу КабировнаТелефон:
8 775 391 03 30Электрондық пошта:
ai.akhmetzhanova@akimatabai.gov.kzТұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
«Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс саласында басшылықты жүзеге асырады, сонымен қатар Жаңасемей ауданының аумағында тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңасемей ауданы аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылыс, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй қорын, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын басқарудағы мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Бөлім басшысы:
Нәбиев Төлеубек МырзабекұлыТелефон:
8 775 459 71 04Электрондық пошта:
t.nabiev@akimatabai.gov.kzЖұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
«Абай облысы Жаңасемей ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жаңасемей ауданы аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асырады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі міндеттері: халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау жасау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға және кәсіби оқытуға жәрдемдесу, әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау болып табылады. Сонымен қатар Бөлім еңбек нарығының жай-күйін талдау және болжау, бос жұмыс орындарын есепке алу, әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды тіркеу және рәсімдеу, сондай-ақ мүгедектерді және соғысқа қатысушыларды қоса алғанда, жеңілдікті санаттағы азаматтарды есепке алуды жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Сыздыханова Гульжан АманжоловнаТелефон:
8 747 518 09 96Электрондық пошта:
g.syzdykhanova@akimatabai.gov.kzІшкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
«Абай облысы Жаңасемей ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт салаларында басшылық ететін мемлекеттік орган болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын, мәдениет пен тілдерді қолдау мен дамытуға, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жұзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Вакансия .Жер қатынастары бөлімі
«Абай облысы Жаңасемей ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының жер қатынастары бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және аудан бюджетін әзірлеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ауданның жер қатынастары саласындағы қызметін үйлестіреді. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясат және жер реформасының негізгі бағыттарын жетілдіру және терендету. Аудандық атқарушы органның құзыретіне жататын жер телімдерін беру және қайтарып алу құжаттарын дайындау. Жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын жоғарылату, жер ресурстарын қорғау жөніндегі бағдарламаларды жасау болып табылады.
Бөлім басшысы:
Букабаев Кайыртай ОрынтаевичТелефон:
8 701 106 40 03Электрондық пошта:
k.bukabaev@akimatabai.gov.kzКәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
«Абай облысы Жаңасемей ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) ауыл шаруашылығын дамыту, тамақ өңдеу өнеркәсібі мен техникалық қызмет көрсету, индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, өнеркәсіптік әлеуетті дамыту және жеке кәсіпкерлікті дамыту салаларында басқару қызметін жүзеге асырады.
Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім ауыл шаруашылығы саласының тұрақты экономикалық дамуын, жеке кәсіпкерлікті, тамақ өңдеу өнеркәсібі мен техникалық қызмет көрсетуді, индустриалды-инновациялық даму мен өнеркәсіп саласын, мемлекеттік сауда саясатын қолдай отырып, өзінің қызметін қолданыстағы заңнама шеңберінде қамтамасыз етеді.
Бөлім басшысы:
Жоламанов Жанат ЖоламанұлыТелефон:
87471491345Электрондық пошта:
zh.zholamanov@akimatabai.gov.kz