Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Азаматтарды қабылдау орталығы
Өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЖан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінің белгіленген мөлшерінен аспайтын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты - ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
Қалалар мен аудандар мәслихаттарының шешімдерімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары негізінде азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға Атаулы және мерекелік күндерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген.
Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары аз қамтылған отбасыларға «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 67-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 74-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, осы елді мекенде тұрақты тұратын және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға өтініш берілген сәттен бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. Аталған тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан осы тізімге енгізілгендердің басқалардың алдында тұрғын үй алуға ешкімнің басым құқығы жоқ.