Алғабас ауылдық Кеңесі 1928 жылы Семей губерниясы Каркаралы уездінің құрамынан Абыралы ауданы құрылғанда орталығы Киікқашқан ауылы болып ұйымдастырылған .
1955 жылы 22 қаңтардағы Қазақ ССР - і Жоғарғы Кеңесінің Жарғысымен Қарағанды облысының құрамына беріледі . 1976 жылы Талды ауданы құрылып Алғабас ауылдық кеңесі осы аудан құрамына беріледі . 1988 жылы Талды ауданы таратылып қайтадан Егіндібұлақ ауданының құрамына беріледі . 1990 жылы Абыралы ауданының құрылуына байланысты өз тарихи отанына қайтарылады . 1997 жылы Абыралы ауданы таратылған соң Семей қаласының құрамына енеді . Қазіргі таңда Абай облысы Жаңасемей ауданына қарасты Алғабас ауылында 888 халық саны бар .