2025 жылдың 10 айында әлеуметтік қолдау шараларымен 1326 дәрігер қамтылды, оның ішінде 801 - ауылдық жерлерде. Ең тиімді мысалдардың бірі - Жетісу облысы, онда ауылға келген дәрігерлерге 10 млн теңгеден төленеді, бұл өңірдің кадрлық тұрақтылығын айтарлықтай күшейтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Өңірлер мамандарды кадр жетіспеушілігі анағұрлым қатты сезілетін елді мекендерге тарту үшін ынталандыру шараларын белсенді түрде енгізуде.
Әсіресе, ауылдық жерлерде аса тапшы мамандарды қолдау бойынша өңірлердің ТОП-5 жоғары төлемдерді ұсынады: Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Атырау облыстары, онда дәрігерлерді жұмысқа орналастыру кезінде әлеуметтік көмек мөлшері 8,5 млн теңгеге жетеді.
2025 жылғы қаңтар-қазандағы қолдаудың негізгі нәтижелері:
417 жас маман оқуды бітірген соң жұмысқа кірісті;
287 дәрігер республикалық бюджеттен көтерме ақы алды;