Кеңгірбай би ауылдық округінің қысқаша тарихы
1928 жылы Сарыкөл атындағы мойынсерік болып атанды.
1931 жылы Үш мойынсерік колхоз болып бірікті. Сырғыбаев Мойын сергі Бидайық болып атанды
1937 жылы Сарыкөл колхоз болып құрылды. Төрағасы Омашев Бұршақбай кейіннен Телібаев Ермұса болды. Олжабай колхозын Жарылғапов Нүкіш. Бидайық колхозын Ақмолдин Төлеубай басқарды.
1950 жылы үш колхоз бірігіп Абай атындағы колхоз болып атанды. Төралығына Лдибаев Кәкітай сайланды.
1992 жылы ұжымдық кәсіпорын болып құрылды.
1995-1996 жылдары Олжабай ауылында Жарасбаев Асқар әкім болды.
1997 жылдың 27 тамыздан бастап Кеңгірбай би ауылы болып атанды.
2002-2017 жылдары Боранжанова Гүлнар әкім қызметін атқарды.
2018 жылдан бастап Амангелдин Дархан әкім қызметін атқарып келеді.
Қазіргі Кеңгірбай би ауылы (бұрынғы Абай атындағы совхоз) құрылу тарихы бір төбе. Өзіндік елі, жері, суы бар табиғаты Алатауға бергісіз Шыңғыстауы бар бай өлке.
Ең алғашқы 1950 жылы күз айында Сарыкөл колхозы төрағасы Омашев Бұршақбай, кейіннен Телібаев Ермұса, Олжабай колхозы Лдибаев Кәкітай, Бидайық колхозы төрағасы Ақмолдин Борис қызмет жасаған.
1950 жылдың күз айынан кейін осы үш колхоз бірігіп Абай колхозын құрған, колхоз председательдігіне Лдибаев Кәкітай сайланып, 1955 жылға дейін жұмыс жасаған.
1955-1962 жылдары аралығында колхоз председательдігіне Түзелбаев Қайрош сайланып жетекшілік жасаған.
1963 жылы Абай колхозы, Абай атындағы совхоз болып құрылып директорлығына алғаш Әубәкіров Медет сайланып, 1964 жылға дейін жұмыс жасаған.
Кеңгірбай би ауылы тарихы тасы мен тауы шежіре хан тауының бөктеріне Қарауыл өзені бойына орналасқан. Бұрынғы ұжымшарлар негізінде 1963 жылы Абай атындағы совхоз құрылып 1995 жылға дейін жоспарлы экономикалық жүйеде жұмыс жасады
Бүгінгі күні Кеңбгірбай би ауылы Абай ауданындағы 9 ауылдық округтің ішінде өзіндік орыны іргелі ауылдардың бірі. Кеңгірбай би ауылдық округі аудан орталығынан 5 км, облыс орталығынан 185 км қашықтықта орналасқан. Жылдан-жылға мал басы өсіп, ауыл келбеті түзеліп, қалаға көшу азайып, халық тұрақтанып келеді.