
Кеңгірбай би ауылдық округіндегі «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ
БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
Шәкерім атындағы орта мектебі 1933 жылы Қарашоқыда бастауыш мектеп болып ашылған. 1940 жылы Абай колхозының орталығында бастауыш мектеп салынды.
1954 жылы Абай колхозында жеті жылдық мектеп болып құрылды. 1976 жылы Шыңғыстау орта мектебі, 1989 жылы “Шәкерім орта мектебі” болып өзгерді.
Жаңа типті мектеп 1986 жылы пайдалануға берілген.
Бүгінгі таңда 2025-2026 оқу жылына 97 оқушы, мектеп алды даярлық тобына 10 бүлдіршін қабылданды. жалпы мектеп бойынша 33 ұстаз еңбек атқаруда.
Мектеп қысқы жылыту маусымына толық дайын.
Мектеп директоры Балтиева Лазат Құдайбергенқызы.