Қала туралы ақпарат
Аягөз қаласы аудан орталығы болып саналады. Жалпы халық саны бүгінгі күні мөлшермен 37899 адам. Аягөз қаласының аумағы 16073 мың гектар жерді алып жатыр. Қаланың ірге тасы 1930 жылы қаланып, ресми түрде қала статусы берілген. Аягөз қаласы облыс орталығы Семей қаласынан 360 км қашықтықта орналасқан.
Түрксіб магистралы Аягөз қаласынан өтеді. Сонымен қатар көптеген адам және тауар тасымалдайтын поездары Аягөз қаласының темір жолы арқылы жүреді. Аягөз Алматы қаласынан 710 км және Өскемен қаласынан 310 километрге жуық қашықтықта орналасқан. Аталған қалаларға автомобиль, поезд және автобус арқылы қала тұрғындары қатынасуға мүмкіндігі бар.