Сарыағаш ауданы 1939 жылы құрылған. Түркістан облысының оңтүстігінде орналасқан аудан. Сарыағаш ауданында: 1 қала, 1кент және 12 ауылдық округ бар.Ауданның жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты болып келеді, аудан аумағынан сулы Келес және Құркелес өзендері ағып өтеді. Суы мол ауданның ылғалыда мол болатыны белгілі. Ал ылғалы мол өңірдің егінінің түсімі мол. Сондықтан Сарығаш ауданы егістік егуге соңғы жылдары ерекше көңіл бөліп келеді. Жылыжайымен еліміздің көшін бастайтын Сарыағашта бау өсіру де қолға алынған.
Ауданда жалпы халық саны -192600 адам турады. Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі казақтар.
Ауданның және бір табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас суы болып табылады. Қазiргi кезде 55 термальды су скважиналарының барлығы аудан мекемелерi мен тұрғындарына қызмет көрсетуде. Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлiм «Сарыағаш шипажайы» МҚК, «Алтын-Бұлақ», «Арман» санаториясы, «Ана мен бала» шипажайы сияқты 47 демалыс аймағы бар. Сарыағаш ерте кездерден-ақ белгілі, себебі Ұлы Жібек жолы осы аймақпен өткен.